Жаттығу – 1.
Тақырыбы: “Тазару” (5 минут).
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну.
Бұл күнделікті проблемамен жайсыздықтан құтылудың
жақсы тәсілі. Жаттығуды сабақтың басында өткізген қолайлы.
Топтың мүшелері жағымсыз жайларын айтып, уақытша оны
ұмытады. Жұмысқа толығымен кірісулері үшін осы жаттығудан
бастау маңызды.
Жаттығудың барысы:
1. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі 2 минут ішінде
әріптесіне өзінің проблемалары, жайсыз жайлары, сонымен бірге
ойлары, сезімдері және қуаныштары жайлы әңгімелейді.
2. Біреуі сөйлеп жатқанда, екіншісі сөзді бөлмейді және
айтылғандарға өз сезімін білдірмейді. Екі минуттан соң жұптар
рольдерін ауыстырады.
Жүргізушіге нұсқау: Осы кезде қолыңызға себет ұстап
жүрген сияқты кейпіңізбен бөлме ішінде жүресіз. Әр жұптың
жанына барасыз және барлық жайсыз жайларын себетке
“Салуын” сұрайсыз. Мұны әркім ишараның және ымның
көмегімен жүктің ауырлығын көрсете отырып істейді. Басқалары
оны көрулері және бағалаулары керек. Егер жағымсыз жайдың
104
жүгі тым ауыр болса, онда оны себетке салмай, бірден айту керек.
Барлық жағымсыз жайлар себетке “түскен” соң, сабақ соңында
қатысушылардың тағы да оны қайталауларын ұсынып көріңіз.
Әрине, олар оны орындағысы келсе қайталасын.
Талқылау: Жағымсыз жайларды айту оңай тиді ме?
Қиындығы неде болды? Қандай әсер алдың? Қазір өзіңді қалай
сезінудесің?
Жаттығу – 2.
Тақырыбы: “Өзіне хат ”.
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғалық даму
тәсілдерін таба білу. Бұл жаттығу адамға өзі үшін ең маңызды
нәрсені жасауға, өзін сүюге, оған өзіне рұқсат беруге, өзінің
махаббатын сезінуге көмектеседі.
Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен
отырады, жүргізуші бәрінен бір парақ пен қалам алуларын
сұрайды.
Нұсқау: “Қазір сіздер өздеріңізге хат жазасыздар. Сіз бұл
хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адамдар не істейді? Хатқа
жауап береді. Сондықтан қазір өздеріңіздің хаттарыңызға жауап
жазатын 10 минут уақыттарыңыз бар. Өздеріңіз алған хатқа
нақты жауап жазыңыздар.”
Талқылау: Хат жазу оңай тиді ме? Әлде жауап жазу оңай
болды ма? Жазу кезінде не туралы ойладыңыз? Өзіңізді қалай
сезінудесіз?
Жаттығу – 3.
Тақырыбы: “Өзін-өзі бағалау” медитациясы.
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту.
Жаттығудың барысы: “Жүргізуші дауыстап оқиды. Өзінің
жоғары бағалануына өзін сендіру үшін, қатысушылар ақырын
дауыспен қайталап отырады”.
Мен ол мен. Бүкіл әлемде дәл мен секілді ешкім жоқ... Маған
бір нәрсесімен ұқсас бар, бірақ дәл мен секілді, ешкім жоқ. Маған
тиістінің бәрі менде бар: менің денем, оған қоса, оның
жасайтындары; барлық ойым мен жоспарымды қоса алғандағы
менің санам; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім;
қандай болмасын, менің сезімдерім – үрей, қанағаттану, күш
түсіру, махаббат, ызалану, қуаныш. Барлық сөздерді - әдепті,
105
мейірімді немесе дөрекі, дұрыс немесе дұрыс емес сөздерді айта
алатын менің аузым; қатты немесе ақырын болатын менің
даусым; басқа адамдарға немесе өзіме деген қатынасым, яғни
менің барлық әрекетім. Менің барлық қиялым, менің арманым,
менің барлық үмітім мен менің қорқыныштарым маған тиісті.
Менің барлық жеңістерім мен жетістіктерім, менің барлық
жеңілістерім мен қателерім өзіме тиісті. Осының бәрі маған тән,
себебі мен оны таңдадым. Бұл бар. Бұл өзіңді сүю мен өзіңе
қызығуға негіз болуға жеткілікті.
Әрине, мені таң қалдыратын, менде бір нәрсе бар. Мен
лайықты емес нәрселерден бас тарта аламын, өте қажет
дегендерді сақтай аламын және менің өзім де жаңа бірдеңелерді
аша аламын.
Мен көре, ести, ойлай, сезе, сөйлей және әрекер ете аламын,
яғни менде өмір сүру үшін бәрі де бар. Басқа адамдармен жақын
болатындай менде бәрі бар. Мен өз әрекеттеріме жауап беремін,
сондықтан мен өзімді өзгерте аламын.
Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Нені көз алдыңызға
елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?
Қазір не сезіп тұрсыздар?
Жаттығу – 4.
Тақырыбы: “Өмірлік мақсаттар” .
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму
тәсілдерін таба білу, өзі туралы ойын дамыту.
Жаттығудың барысы:
1. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар:
“Менің өмірлік мақсаттарым қандай?”.
2. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар:
“Алдағы үш жылда мен қандай табысқа жеткім келеді?”
3. 5
минутта жауап беріңіз: “Емделмейтін ауруыма
байланысты маған алты ай ғана өмір сүру қалғанын естігенде,
мен не істер едім және қалай істер едім?”.
4. Барлық ертеректе жазылғандарды зейін қойып оқыңыз
және сіздің мақсатыңыз үшін маңызды болатын ең басты үшеуін
таңдап алыңыз.
5. Осы мақсаттарға шынында да жетуге тырысасыз ба және
ол қаншалықты сәтті (сәтсіз) болатынын бағалаңыз.
106
6. Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы өз бетіңізбен
салмақты түрде үнемі ойланасыз ба, соны бағалаңыз.
7. Балалық шақта (4-6 жас) сіз қандай болдыңыз, әсіресе,
балалық шақтың есте қалған эпизодтарын есіңізге түсіріңіз және
суретін салыңыз.
8. Осы кездегі сіздің өміріңіздің эпизодтарын, яғни қазір сіз
қандайсыз, суретін салыңыз.
9. Болашақта сізді не күтіп тұр, сіз қандай боласыз, суретін
салыңыз.
10.
Сіздің өміріңізді, тағдырыңызды өзгерткен, өмірде
болған жағдайларыңызға қатты әсер еткен жайларды еске
түсіріңіз және онв суреттеп жазыңыз.
Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені
көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық
туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені
сезінудесіз?
Арт-терапия арқылы топтағы қарым-қатынасты
дамыту тренингтері
Жаттығу - 1.
Тақырыбы: “Танысу”.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.
Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер құрып
отырады, (нұсқау), осындай қойылым қатысушылардын өз
қасиеттеріне, жеке ерешеліктеріне әр түрлі жағынан келуді
ұсынады және ойдың икмділігін, тапқырлығын талап етеді.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз
есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің үш
қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік
кредосын айтады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
Жаттығу – 2.
Тақырыбы: “Біз қандаймыз?”.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен
жете танысу.
107
Жаттығудың барысы: Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ
алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі
жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен
бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына “Плюс”, оң жағына
“Минус”белгісін
қоямыз.
“Плюс”
жазылған
бөлікке,
қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез-
келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану
үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару,
суда жүзу, кітап оқу т.с.с. “Минус” белгісі бар оң жаққа, әркім
ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап
шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен
оқып шығады. Жүргізуші де өз жауаптарын жазады және бәрімен
бірге жаттығуды орындауға қатысады.
Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады.
Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің
парақтарына жазылғандарын оқиды.
Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық
келтірді? Алған әсерің қандай? Қазір көңіл-күйің қандай?
108
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. А.Л.Венгер «Проективный метод»; 2000г.-320с.
2. Зульфия Байсакова «Арт-терапия» метод-пособие,2004 год;
3. Грабенко Т.М. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. «Чудеса на
песке», «Песочная терапия»;
4. «Қызықты психология» №1, 2010 жыл;
5. Нұрмұхамбетова Т.Р. «Тәжірибелік психология ІІ» -
Шымкент, жыл;
6. Копытина А.И. «Системная арт-терапия» -изд. «Питер», 2001год;
7. Копытина А.И. «Фототерапия: использование фотографии
в психологической практике» -М.Когито
8. Журнал-Школьный психолог «Функций фототерапии» -
Москва, 2009год;
9. Иманбекова Б.И. Мектеп оқушыларына арналған
«Ойындар» жинағы.
10. К.Э. Рудестам "Групповая психотерапия", СПб, 1998г.-372с.
11.
Психотерапевтическая
энциклопедия.
Под
ред.
Б.Д.Карвасарского. СПб, 2000г.-708с.
12. Ирвин Я. Теория и практика групповой психатрии. СПб,
2000г.-515с.
13. Копытин А.И. Арт-терапия. Хрестоматия. СПб, 2001г.-514с.
14. Бердібаева С.Қ. «Интеллект-адамның творчестволық іс-
әрекетінің шарты ретінде»//Хабаршы №2.
15.
Янышин
П.В.
Психосемантические
механизмы
рисуночный проекций. Москва, 1990г.-310с.
16. Анцупов А.Я. Шипилов А.И. Конфликтология. М,
Юнити, 2004г.-577с.
17. Ахметова Л.С. Конфликтология. Алматы, 2003г.-168с.
18. Психологические тесты-1. М, 1996г.-204с.
19. Подросток и конфликт. Пособие для волонтеров. Алматы,
2002г.-387с.
20.
Тренинг развития жизненных целей. Под ред.
Трошихиной. СПб.
21. А. И. Копытин “Арт- терапия. Хрестоматия”: учебное
пособие; ст 45-51.
22. http://stud.kz/ интернет сайты;
109
23. http://journal.kzu.kz/ интернет сайты;
24. Арт-терапия в работе с детьми: Руководство для детских
психологов, педагогов, врачей и специалистов, работающих с
детьми. — СПб.: Речь, 2006. — 160 с, илл. Киселева М.В.
25.Арт-терапия. Раскраска для детей. 126 с. 2015 г.
Lauren farnsworth.
110
Көлемі 6,8 б.т. Таралымы 100 дана. Офсет қағазы.
Тапсырыс № 54
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
Редакциялық баспа орталығы.
Орал қаласы, Достық даңғылы, 162.
Достарыңызбен бөлісу: |