II. Бөлім. Арт-терапия түрлеріне тоқталу.
II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка
терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі.
Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер,
бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп,
тапсырманың тақырыбы баяндалады. Тақырыбы: «Менің
бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр
топтың жұмысы қорғалады.
II.2. Сергіту сәті. «Африкадағы жаңбыр».
II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына
арналған ойын-жаттығу.
Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту
арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға
арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші
мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады.
III. Бөлім. Рефлексия
Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған
әсерлерімен бөлісу.
ІІ. Тақырыбы: «Арт-терапия құндылығы»
Мақсаты:
93
а) Білімділігі: Психоэмоционалдық үдеуін болдырмау;
балалардың ішкі сезімі мен көңіл - күйінің жақсарту; балалардың
бір – бірімен байланысын орнатуға үйрету
ә) Түзету: Зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту
б) Тәрбиелігі: Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі
бақылауға үйрету.
Көрнекіліктері: Ергежейлердің суреттері, оларға сәйкес
жануарлардың бейнелері, сиқырлы шеңбер тормен қапталған,
арома шамы, релаксация әуені, алаңқайға арналған кілем, әдемі
құстардың бейнелері, құрғақ бассейн
Әдісі: психологиялық тренинг
Түрі: қиял-ғажайып сабақ
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.
Орынымыздан тұрып қонақтармен амандасайық.
ІІ. Амандасу рәсімі
Енді бір-бірімізбен амандасайықшы. Қазір мен оң жақтағы
адамға
бұрылып,
оның
атын
атаймын,
көргенімізге
ризашылығымызды білдірейік.
- Марат, бүгін сені көргеніме өте қуаныштымын.
- Аслан, бүгін сені көргеніме өте қуаныштымын.
ІІІ. Қиял-ғажайып әлеміне кіру рәсімі.
Қазіргі сабағымыз ерекше түрде өтеді, өйткені біз қиял-
ғажайып әлеміне барамыз. Қиял-ғажайып әлемінде көптеген
қызықтар бар. Онда жануарлармен құстар, өсімдіктер адам
тілінде сөйлейді. Дайынбыз ба? Олай болса, менің қолымда
сиқырлы шеңбер бар. Бірақ ол шеңбер тормен қапталып тұр. Сол
шеңбердің ішінен өтуіміз керек. Дайынбыз ба?
ІV. «Эмоция әліппесі» жаттығу
Балалалар, біздің сиқырлы елімізді ергежейлер күзетуде.
Олар бізді мұнда тектен-тек кіргізбейді.
- Бұлар өздері нешеу екен, санайықшы?
- Тіпті көңіл күйлері әртүрлі. Әрқайсысының көңіл- күйін
анықтайықшы.
- Балалар, сиқырлы елге қалай кіру керек екенін мен білемін.
Ергежейлерге сыйлық жасайық. Осылардың ішінде әр
94
жануарлардың достары бар екен, тек олар өз достарын адастырып
алған. Олардың көңіліне сай жануарларды табайықшы.
V. Ароматерапия
- Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі қиял ғажайып елі.
Көптеген әр түрлі құстар, әп-әдемі теректер. Иісі қандай
тамаша...
- Балалар терең дем алып иісті иіскейікші. Жарайсыңдар .
- Ал енді иісті мұрынызбен дем алып, а а а а... деген
дыбыспенен ауаны жіберейік.
VІ. «Гүл болып өсеміз» жаттығуы
- Балалар, қараңдаршы не деген керемет алаңқай. Тек
өкінішке орай онда гүлдер жоқ. Ендеше, сол гүл өзіміз болайық.
- Гүлдер қалай өседі?
- Олай болса, біз тұқымға айналайық . Әуенді тыңдайық. Енді
біз кішкентай тұқымбыз, тұқым жайлап жапырағын шашады ,
енді екінші жапырағы ашылады. Сабақтары басын көтерді ,
гүлдің жапырағы ашылып, күнге күліп қарайды, жайлап бір
жапырағы күнге қарай созылады,екінші жапырағы да созылады,
басын көтеріп күнге қарай ұмтылады.
VII. Битерапиясы
- Балалар, алаңқайымыз әдемі гүлдерге толды, гүлдер қуана
биледі. Біздер де бірге билейік.
VIIІ. Алаңқайда демаламыз
- Балалар, біздің алаңқайымызда құрғақ бассейн бар. Құрғақ
бассейнге кіріп орналасайық. Көзімізді жұмайық, біз сиқырлы
әлемде ұйықтап қалайық. Ол сиқырлы әлем болған соң, біз бірдей
түс көреміз. Түсімізде бізді сиқырлы әлемде ергежейлер қарсы алды,
оларға жануарларын тауып беруге көмектестік, алаңқайда гүл болып
биледік. Енді мен үшке дейін санағанда ұйқыдан оянамыз.
- Балалар! Қиял ғажайып елінде біздер бірталай болдық. Енді
өзіміздің елімізге қайтайық. Ол үшін бізге мына шеңбер
көмектеседі. Кәні, шеңбердің ішінен өтсек өзіміздің елімізге
ораламыз.
IX. Сурет салу
- Балалар, орынымызға отырып, қиял-ғажайып елінде алған
әсерімізді параққа сурет арқылы бейнелейік. Біздер бүгін көп
жұмыс жасадық.
95
Х. Қорытындылау
- Қиял-ғажайып елінде біздер кімдерді көрдік?
- Ергежейлерге қалай көмектестік?
- Тағы қиял-ғажайып елінде кімге айналдық?
ІІІ. Тақырыбы: « Құм терапиясы арқылы түзету сабағы»
Мақсаты: Баланың қоршаған табиғатты қаншалықты, қалай,
қабылдайтынын зерттеу, дамыту.
Міндеттері:
1) кинестетикалық – жанасу сезімділікті дамыту;
2) біреудің кеңістігінде өзара әрекет жасау;
3) психофизикалық қысымды төмендету;
4) құммен жұмыс жасауда тәртіп ережелерімен танысу.
Қатысушылар: Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптар
Кіріспе бөлім.
Баланы құм салғышпен таныстыру.
Психолог: «Қараңыз, біздің құмсалғыш жартылай құммен
толтырылған, сондықтан шеткі бөлігі, борттары көрініп тұр.
Қалай ойлайсыз бұл неге керек. Құм сыртқа төгілмеуі керек.
Майда ойыншықтармен таныстыру. «Қараңыз мұнда көптеген
әртүрлі жануарлар бейнесі. Оларды мұқият қарап шығыңыз,
қолыңызға ұстап көріңіз.
Құм салғышпен жұмыс барысында кейбір ережелер бар:
- Құмды әдейі құмсалғыштан лақтырып тастауға болмайды.
- Оны ауызға салуға болмайды.
- Ойын аяқталғаннан кейін, бар ойыншықтарды орнына қою
керек.
- Ойыннан кейін қолды жуу керек.
Жаттығу: «Сәлем құм»
Алақаныңызды құмға қойыңыз. Оны алақаныңыздың ішкі
жағымен, содан кейін, сыртқы жағымен сипап көрейік. Құм
қандай? (кедір-бұдыр, жұмсақ, құрғақ, жылы, шашыраңқы).
Енді қолымызға құмды алып қатты қысып, жайлап оны жіберейік.
Ал, енді бір-біріміздің алақанымызды құммен көмеміз.
«Құм жасырынбағы» жаттығуы
Құмның үстінде орналасқан жан-жануарлардың бейнесіндегі
ойыншықтарды атап қолымен ұстап көреді. Өзіне ұнайтын
96
жануардың атын атап, сипаттап береді. Психолог балаға көзін
жұмуды өтінеді. Ойыншықтар құм астына жасырынады. Баланың
көзін ашып құм астынан өзі жақсы көретін жануардың бейнесін
табуын өтінеді. Психолог айтқан басқа да ойыншықтарды табады.
Құмды саусағымен қазып, қылқалам қолдануға, құмды үрлеуге
болмайды. Психолог пен бала орындарын ауыстырады. (Бала
ойыншықтарды жасырса, психолог ойыншықтарды табады.
Қорытынды бөлім:
* Ойын сізге ұнады ма?
* Әсіресе есте не қалды?
* Құм қандай?
Қорытынды барысында әр адам өз құм суретін салып алып
кетуін, ойыншықтарды орнына қоюды, құмды тегістеуді,
қолдарын жууды сұрау.
ІV. Тақырыбы: «Бой жазу жаттығуы» сауықтыру сабағы
Мақсаты: Оқушының ойлау, есту, қабылдау қасиеттерін
дамыту, қимыл-тірек жаттығуларын үйрету.
Әдісі: гимнастикалық жаттығулар, арттерапия (әуенді тыңдау)
І. Ұйымдастыру жұмысы.
а) Сәлемдесу. Оқушымен әңгімелесу, көңіл-күйін білу.
ә) Оқушының зейінін жаттығуларға аудару.
ІІ. Бой жазу жаттығуы. Мұғалім қозғалысты көрсетіп,
қайталауын сұрайды.
1.Оң
қолымызды
көтереміз,
сол
қолымызды
көтереміз,қолымызды шапалақтаймыз.(3 рет)
2. Басымызды оңға, солға бұрамыз (3рет)
3. Қолымызды иығымызға апарып, сол жаққа, оң жаққа
бұрыламыз.(3 рет)
4. Қолымызды бүйірімізге қойып, солға бір,оңға бір
бұрыламыз. (3 рет)
5. Қолымызды алға созып, жоғары көтеріп,төмен түсіреміз. (3 рет)
ІІІ. Қолға арналған жаттығу, арттерапия (әуенді тыңдау).
- Алақанды жұмып, сол қолдың білегін бүгу, осы жағдайда 10 сек.
ұстап тұру. Қолды босатып, төмен түсіру.
97
- Алақанды жұмып, оң қолдың білегін бүгу, сол жағдайда 10
сек. ұстап тұру. Қолды босатып, төмен түсіру.(3-4 рет қайталау)
ІҮ. Аяққа арналған жаттығу, арттерапия (әуенді тыңдау).
-Денені бос ұстап, аяқты кезектестіріп, бүгіп-жазу (5-10 сек.)
-Аяқты өзіңе қарай бүгу, балтырдың бұлшық еттерін 5-10
сек. ұстау, түсіру.
-Велосипед тебу қимылы.
Ү. Сабақты қорытындылап, аяқтау (формативті бағалау).
1. Шығармашылық ойлауды қалыптастыру блогы.
1.
Таныстыру. Топта жұмыс жасау принциптері және
ережелерімен танысу.
2.
Өздері таңдап алған шығармалары бойынша нені
елестететінін айтып беру.
3.
Эмоция мен сезімдерді белгілі ұсынылған музыка
арқылы көрсету.
4.
"Әуенді аяқта" тапсырмасы.
5.
Нәтижелерді талдаужәне қорытындылау.
2. Арттерапиялық блок.
Мақсаты – эмоциялық қалпын түзету.
1 сабақ.
Кіріспе. Музыкалық жаттығулар. Сол сәттегі көңіл-күйіңізді
музыкамен көрсету.
Тақырыпты орындау. Топқа сөзді қолданбай тек музыка
(дайын әуен) арқылы өзіңізді таныстырыңыз. «Әуенмен
ассоциациялар»: сөзсіз ыңылдап "қуаныш", "тыныштық",
"мазасыздық" күйлерін бейнелеңіз. Бұл тапсырма эмоциялық
кернеулікті жою үшін қолданылады. Психикалық қалыпты реттеу
әдістеріне студенттерді үйрету салауатты өмір салтын
қалыптастыруға көмектеседі, өйткені олар өздерінің эмоциялық
күйін басқара білуді және осы біліктілікті әр түрлі өмірлік
жағдайларда пайдалануды түсіне бастайды.
Теориялық
және
тәжірибелік
зерттеу
нәтижелері
төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды:
-біріншіден, функциялық музыкаға арналған материалдарды
жоғары білікті маман іріктеу қажет;
98
-екіншіден, зерттеуді топтық түрде жүргізу қажет;
-үшіншіден, адамның психикалық қалпы және музыканың
эмоциялық мазмұны туралы мәліметтерді эмоциялық қалыпты
көрсететін музыкалық терминдерді жүйелеу және талдау арқылы
алуға болады. Музыкалық терминдердің жиынтығын ғасырлар
бойы аса талантты өнер өкілдері жасады және адам
эмоцияларының түрлі эмоцияларын көрсетеді;
-төртіншіден, музыка мүмкіндіктерін тек аудиториядан тыс
емес, сонымен қатар лекция және практикалық сабақтарда
қолдануға болады. Егер студенттердің логикалық ойлауына
эмоциялық ойлауды қосатын болсақ оқу материалын игеру тез әрі
берік болады. Басқаша айтқанда вербалды мәлімет музыкалық
сүйемелдеу арқылы эмоциялық мәліметпен бекітіліп отыруы қажет.
Тақырыбы. “Көңіл-күйді саламыз”.
1. Танысу. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – адам ешқандай
сөзді пайдаланбай-ақ, тек қана сурет арқылы өзін топқа
таныстыру. Немесе шеңбер жасай отырып танысу ритуалын
бастау. Мұнда әртүрлі ойын элементтерін пайдалануға болады.
2. “Күн сәулесі” атты графикалық тапсырма. Мұнда
жүргізуші арттерапияға қатысушы студенттерге бағыт-бағдар,
нұсқау бере отырып, атмосфераға ендіреді. Оларға өздеріңмен
өздерің бола отырып, өздеріңді күнмін деп санаңдар дейді.
Егерде сендердің көңіл-күйлерің қуанышты болса сәулелер
қуанышты, ал көңілсіз болсаңдар – көңілсіз сәулелер
шашырайды. Енді көңілсіз, таңқалушы, қуанышты, ашулы
сәулелері шашырап тұрған күн саламыз.
Бұл тапсырма қатысушыларды кейінгі шығармашылық іс-
әрекетке
бағыттайды,
белгісіздіктің
әсерінен
болатын
психологиялық қысымнан арылтады. Содан кейін жүргізуші
әрбір автордың туындысына комментарий береді.
3.”Көңіл-күй түстері” атты диагностикалық тапсырма.
Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-
күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз
қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз.
Тақырыбы. “Қамығу”.
1. Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері,
“қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу
99
болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып
тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің
арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін
талқылайық.
2. Графикалық тапсырма.
Студенттерге қамығып тұрған бір нәрсенің суретін салу
ұсынылады. Олар салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтеді
және оған тиісті сұрақтар пайдаланылады. Бұл олардың
жағымсыз сезімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.
3. “Бөлме кеңістігіне бейімделу” тапсырмасы.
Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп
тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген
пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады.
Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге
көмектеседі.
4. Диагностикалық тапсырма.
“Шеңбер ішіндегі сурет”. Бұл тапсырмада қатысушыларға
жабырқау тақырыбындағы мандала салу ұсынылады. Бұл сурет
арттерапия сабағының соңына дейін сақталынып қойылады.
Өйткені соңғы сабақта еркін тақырыпта қайтадан мандала
салынып бірінші мандаламен салыстырылады. Қатысушылар
өздеріне ұнаған мандаланы таңдап алады.
5. “Жетістікке жетуге жағдай жасау” тапсырмасы.
Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін
жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры
көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда
жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан
себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды
қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына
қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен
қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз
бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді.
Нәтижелі картина шыққанша қайталайды.
Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды
белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады.
100
Арт-терапия әдістері
“Танысу”
Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.
Суретте
өз
қызығушылықтарыңызды,
құндылықтарыңызды,
отбасыңызды,
айналысатын
іс-
әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.
Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен
өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.
“Автопортрет”
Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.
Автопортрет – 2 минутта.
Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді
қабылдағанын салыңыз.
Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің
бейнелеңіз.
“Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты
адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді.
Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады
және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын
айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз
қалауынша пайдаланады. Содан соң олар рольдерін ауыстырады.
Ал топ болып осы жұмысты жасағанда бірінші топ бастап,
екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын
екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші
топ талқылайды.
“Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді
(абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне
қандай
сезім
екені
белгілейді.
Содан
соң
суреттер
араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация
жүргізіледі.
Суреттер
кезекпен
алынады.
Жүргізілген
интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен
салыстырылады.
“Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің
болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш
сурет салыңыз.
Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.
101
Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі
өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.
Өткен
өміріңізде
жоғалтқандарыңызды
және
болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.
Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше
маңызды адамдарды суреттеңіз.
“Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.
Жеті параққа мына жеті сөздің суретін салып
шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер,
мәңгілік өмір.
Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға
көпірдің суретін, ал қалған суреттерді қалауыңыз бойынша
қойып шығыңыз.
“Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында
кездесетін сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын,
жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.
Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан
соң, олардың арасында әңгіме құрамыз.
“Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді
парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді
анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.
Сіздің қатынастарыңызды көрсететін заттар мен
адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.
Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің
өміріңіздің рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін
көрсететін символдарды суреттеңіз.
“Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен
байланыстыру қажет, мысалы:
Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).
Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік
кезең, қарттық кезең).
Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.
“Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді
көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.
“Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе
жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз. Оның фонын да салуға
болады.
102
Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің
атыңыздан айтып беріңіз.
Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін
зат түрінде бейнелеңіз.
Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп,
суреттеңіз.
Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп,
көрсетіп отырыңыз.
“Балауызбен бейнелеу”. Шамды пайдаланып, қағаз бетіне
қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір
туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп
болады.
“Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың
суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне
олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені
білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп
жатқаны туралы жазып қоюға болады.
“Жануарлар” фрескасы. Әрбір қатысушы жеке параққа бір
жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан
барлық қырқылған фигуралар бір форматқа жабыстырылады.
“Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың
суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-
бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен
жекелік қасиеттерін қосып отырады.
“Сараң телефон”. Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут
аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға
көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі
параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның
салған суретін бірінші суретпен салыстырады.
Арт-терапиядағы тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-
өзі тану тренингтері
Ұсынылып отырған жаттығуларда адамдардың эмоциялық
дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне
әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады.
Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен
103
қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады.
Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру
керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет
жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия
дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады.
Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не
ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең
танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде
дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына
бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір
адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне
көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін
танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі
тануға
байланысты
жаттығулардың
негізгі
мақсаты:
жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін
зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |