Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


Құм терапиясының әдістерінің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата17.01.2020
өлшемі1,06 Mb.
#56039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ергалиева Г.А., Жантуреева А.А., Мақсотова Т.Т. Арт-терапия мүмкінтіктері


Құм терапиясының әдістерінің маңыздылығы: 
Құм  терапиясында   стандартты  өлшемде  (50  х  70  х  80  см) 
ағаш  тақтай,  құм,  су  және  ұсақ  пішіндер  жиынтығы 
қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, 
ол аспан мен суды  модулдеуге  мүмкіндік береді.  Адам қолымен 
және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және 
тартымсыз пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану 
табиғатпен  байланысты  сезінуге  қолданылады,  ал  қолдан 
жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі. 
«Қиялдау-ол  барлық  мүмкіндіктердің  анасы,  онда  қарама- 
қарсы   сыртқы  және  ішкі  дүние  бірге  қосылады»  (К.Г.Юнг.) 
К.Г.Юнгпен  ұсынылған  белсенді  қиялдау  техникасы  құм 
терапиясының  теориялық  негізі  ретінде  қарастырыла  алады.Бұл 
әдістің  авторы  швейцар  аналитигі  Дора  Калфф  –  «дербес  және 
қорғалған  кеністікті  болдыруды»  деген  негізгі  жұмысына 
салынған  басты  принципі  деп  санайды,  онда  бала  немесе  ересек 
адам  өз  дүниесіндеге  тәжірибесі  мен  қобалжуларын,  жиі 
мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді көрсетеді. 
Бүгінгі 
таңда 
психология 
ғылымының 
практикалық 
мәнділігіне  ерекше  назар  аударылуда.  Осы  орайда  психология 
ғылымының  терапиялық  бағыты  қарқынды  түрде  даму  үстінде. 
Солардың  бірі  музыкалық  терапияның  мәні  болып  табылады. 
Көптеген  әдебиеттерге  сүйенсек,  музыка  жермен  бірге  жаралған 
іспеттес.  Табиғаттағы  табиғи  дыбыстардың  барлығы  осы  ұлы 
музыканы құрайды. Судың, шөптің, тау-тастың сыбдыры, желдің 
гуілі, күннің күркіреуі, жаңбырдың тарсылы әуезді іспеттелген.  
 
 

82 
 
ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСІ ТУРАЛЫ  
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 
 
Физиотерапия
 
  (гректің  physіs  –  φύσις  -  табиғат  және 
θεραπεία  -  емдеу)  –табиғи  және  жасанды  түрде  жасалынатын 
физикалық  факторлардың  физиологиялық  пен  емдік  әсерін 
тигізетінін  зерттейтін  және  профилактикалық  және  емдік 
мақсаттармен  оларды  пайдалану  әдістерін  әзірлейтін  медицина 
саласы;  физикалық  емдеу  әдістерінің  жиынтығы  және  олардың 
қолдануы. 
Физиотерапияда  электрмен  емдеу,  сумен  емдеу,  жылумен 
емдеу,  механикалық  әсерін  тигізіп  емдеу  түрлері  болады. 
Физиотерапияның  жеке  бөлімі  болып  курортология  болып 
табылады.  Осы  немесе  басқа  физикалық  фактордың  қолдануына 
негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар. 
Еңкөпәдістерэлектрменемдеугекіреді (электр өңірін, тұрақты, 
айнымалы,  үздіксіз  және  үзік  электр  токтарын,  айнымалы 
электрмагнитті өңірін қолдануымен бірге әдістер): 
1. 
- амплипульстерапия 
2. 
- диадинамотерапия 
3. 
- гальванизация 
4. 
- дәрілік электрофорез 
5. 
- электростимуляция 
6. 
- флюктуоризация 
7. 
- интерференцтерапияж.б. 
Жарықпен  емдеуге  жарықтың  энергиясын,  соның  ішінде 
ультракүлгін  және  инфрақызыл  сәулеленулерді  қолданатын 
әдістер кіреді.  
Су  және  бальнеология  емдеу  әдістері  тұзсыз  суды,  сонымен 
қатар  табиғи  және  жасанды  түрде  жасалатын  минералды  суды 
қолдануға негізделген.  
Жылумен  емдеуге  жылытылған  парафинның,  озокерит, 
балшықпен  емдеу,  құмның,  құрғақ  ауаның  жылуын  организмге 
беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді.  
Механикалық  әсер  тигізумен  емдеуге  ультрадыбыс  терапия, 
вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді.  

83 
 
Физиотерапияның  қолданылуы  физиотерапиялық  шаралар 
перифериялық,  аймақтық  және  орталық  қан  айналымын 
жақсартуға,  ауруды  басуға,  ұлпаның  трофикасын  жақсартуға, 
бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әрекеттеріне негізделген.  
Физиотерапияны  тынышсыз  жағдайларда,  ісіп  қызару 
үрдісінде,  организм  қатты  жүдеген  кезде,  инфекциялық  ауру 
асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік 
және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары 
бар  кезде,  қансырау  және  қанауға  бейім  жағдайларда,  жүрек 
ауруларында,  аорта  және  ірі  тамырлардың  аортасы,  орталық 
жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды.  
Физикалық  факторлардың  емдік  және  профилактикалық 
қолданылуы  физиотерапиялық  кабинеттер  мен  ауруханалардың 
бөлімшелерінде,  емханалар  мен  басқа  емдеу-профилактикалық 
мекемелерінде,  қажет  болса  ауруханалардың  палаталары  мен 
үйде жасалынады. 
Клиникалық  медицинаның  табиғи  (су,  ауа,  күн  сәулесі,  күн 
шұғыласы)  және  жасанды  (электр  тогы,  сәуле  қуаты,  т.б.) 
факторлардың  адам  организмінетигізетін  әсерін  зерттеп,  осы 
факторларды  емдеу,  аурудан  сақтану  мақсаттарына  қолдану 
әдістерін іздестіретін бөлімі. 
 
ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІНІНІҢ БІРІ –
ФОТОТЕРАПИЯ 
 
Жарықпен  емдеу  (фототерапия)  –  тірі  организмге 
жарықтың әсерімен, энергиясымен әсер ететін ем әдісі. 
Жарықпен  емдеуге  жарықтың  энергиясын,  соның  ішінде 
ультракүлгін  және  инфрақызыл  сәулеленулерді  қолданатын 
әдістер кіреді.  
Жарық-ағзаның негізгі қызметтерін реттеудегі өте маңызды 
факторлардың  бірі  болып  табылады.  Күн  радиацияның  48% 
көрінетін  жарық  диапазонынан,  ал  45%  инфрақызыл  және  7% 
ультракүлгін сәулелерден тұрады. 
Жарықпен  емдеу  –  физикалық  терапияның  ертеден  келе 
жатқан  және  көптаралған  әдістерінің  бірі.  Ертедегі  Мысырда, 
Римде  және  Орталық  Азияда  ақжарықпен  емдеу  қолданылған. 

84 
 
Мысырлықтар күн сәулесінің шипалы күшін білген және арнайы 
орналастырылған террасаларда күн сәулесімен емделген. 
Ертедегі  римдіктерде  күн  сәулесі  қабылдауын  кең 
қолдауымен  қоса  гимнастикалық  жаттығаларды  жасайтын  кун 
алаңдары  болған.  Барлық  уақыттарда  дәрігер  дарындылығы 
қуатты  ғарыш  факторын  қалай  пайдаланатынымен  бағаланған. 
Ежелгі  үнді  Чакшу  Девоя  жинағында  күн  құдайдың  көзі  секілді 
деп  қаралған,  ал  Библияда  «Күнді  көру  көз  үшін  жағымды  әрі 
әсерлі» делінген. 
Жарықпен  емдеудің  жаңа  кезеңі  ХVIII  ғасырдан  басталды. 
1774  жылы  француз  дәрігері  Фор  аяқтың  ашық  жараларын  күн 
сәулесімен  емдеуді  ұсынды.  Деберейнер  (1816)  мәліметтерінде 
сәуленің  әсері  термо-және  хромотерапия  деп  екіге  бөлінді,  яғни 
жылудың  әсері  мен  түстік  жарық  спектріне  деген  бөлек  түсінік 
қалыптасты. Гершель ультракүлгін сәулелердің химиялық әсерін 
ашты. Ниль Фринзен (1899) ұмытылуға айналған өзінің шешекті 
емдеу  жолын  қайтадан  жаңғыртты.  1981  жылы  орыс  дәрігері 
Минин көк түсті шам рефлекторын ұсынды (Минин лампасы), ал 
1894 жылы америкалық  дәрігер  Келлг  жалпы тәжірибеге жарық 
ваннасын енгізді. 
Жарық өте күшті белгі беретін қоздырғыш. Жарық сәулелері, 
көздердің 
тор 
қабықтары 
арқылы 
интеррорецепторлар 
байланыстарының  жәрдемімен  ми  қабына  үздіксіз  әсер  етіп,  сол 
арқылы ағзалардың қызметтеріне рефректорлы ықпалын тигізеді 
және  белгілі  бір  мөлшерде  зат  алмасу  процесін  арттырып  не 
төмендетіп  тұрады.  Жарық  организмге  терінің  кілегей 
қабықтарының  интеррорецепторлары  арқылы  биологиялық 
әсерін тигізеді. 
Жарықтың 
энергиясын 
дұрыс 
пайдаланыпауруларды 
нәтижелі сақтандыруды және емдеуде  тәулік ішіндегі жарықтың 
жеткілікті мөлшерін, оның ұзақтығын және жарық көзінің күшін 
дұрыс анықтау өте маңызды жағдай. 
 
Хромотерапияның медико – биологиялық қасиеттері 
 
Хромотерапия 

(түстіктерапия, 
кванттық 
терапия, 
жарықтерапия,  фототерапия  және  т.б.)  –  белгілі  бір  түс 

85 
 
жарығымен  теріге  немесе  тінге  әсер  етуін  айтамыз. 
Хромотерапия  нұсқалары-хромопунктура  (жарықпен-пунктура, 
түстік  рефлексотерапия)  –  Белгілі  түс  жарығымен  биологиялық 
белсенді нүктелерге әсерету (ББН). 
Көрінетін  сәуле  дәрігерлер  мен  биологтардың  назарын 
әрқашан  тартқан,  себебі  электромагнитті  спектрдің  дәл  осы 
аймағы  биосфераның  барлық  өкілдерінің  жоғары  дәрежедегі 
ақпараттық,  биоэнергетикалық,  биосинтетикалық  процессін 
қамтамасыз етеді. 
Көрінетін  сәулелерге  жалпы  жасанды  сәулеленудің  15% 
тиеді.  Табиғи  жағдайда  ағза  еш  уақытта  тек  қана  көрінетін 
сәуленің 
әсеріне 
душар 
болмайды, 
себебіқыздырушамдарындаинфрақызылсәулебасымболады.   
Сондықтан  көрінетін  сәулеленудегі  адам  ағзада  жүретін 
реакциялар  инфрақызыл  сәулеленудегі  реакциялармен  бірдей 
болады.  Бірақ  адам  тіршілік  әрекеті  барысында  көрінетін  сәуле 
арқылы  сыртқы  ортадан  90%-  тен  жоғары  ақпарат  алады. 
Эволюция  барысында  сүтқоректілерде  көрінетін  сәулені  арнайы 
қабылдағыш  пайда  болды  –  көру  мүшесі.  Көрінетін  сәуленің 
ақпараттық  функциясы  көптеген  ғылымдармен  зерттелуде. 
Физиотерапевтерді көрінетін сәуленің көру мүшесіне емдік әсері 
емес,  сонымен  қоса  басқа  да  мүшелер  мен  тіндерге  әсері 
қызықтыруда. 
Жарық призма арқылы өткенде, жеті негізгі түстен құралған 
белгілі  ретпен  орналастырылған  спектр  түзеді:  қызыл,  қызғылт-
сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. 
Көрінетін  сәуле  -  толқын  ұзындығы  760  нм-ден  400  нм 
дейінгі,  ену  тереңдігі  2-3  см  болатын  электромагниттік  аймақ 
болып табылады.  
Жылулық  әсерінен  басқа  көрінетін  сәуле  молекулалардағы 
электрондардың  энергия  қорын  жоғарылата  отырып,  олардың 
химиялық  реакцияға  түсу  қабілетін  күшейтеді.  Құрамында  бір 
толқын ұзындығы бар оптикалық сәуле – монохроматикалық деп 
аталады.  Ал  құрамында  әр  түрлі  ұзындықтағы  толқыны  бар 
оптикалық сәуле – күрделі немесе аралас деп аталады.  
Әрбір  түс  келесі  түсіне  көшпелі  түстер  арқылы  ауысады 
(мыс:  көк-жасыл,  сары-жасыл  т.б.).  Негізгі  түстер  мен  реңдер 

86 
 
хроматикалық 
деп 
аталады. 
Ал 
ақ, 
сұр, 
қара 
түс 
терахроматикалық түстерге жатады. 
Хромотерапияны өткізу әдістері
Хромотерапия  үшін  400  –  760  нм  толқын  ұзындығының 
диапазонында  сәулеленетін  құрамы  әр  түрлі  спектрлі  көзге 
көрінетін жарықтың көздері қолданылады.  
Жарықпен емдеудің емдік қасиеттері. 
Жарықпен емдеудің емдік  қасиеттері: тері мәселелірін, «Кеш 
ұйықтау  синдромын»,  псориаз,  экзем,  нейродермит,мезгілдік 
деппресияны, баланың «сарғаюын» алдын алады. 
Физиологиялық 
сарғыштану 
кезіде 
баланы 
фототерапиямен емдеу: 
Фототерапияны жүргізу: 
- нәресте толық жалаңаш болуы қажет
- көзі жарық түспейтін пердемен жабылуы қажет; 
- лампаны өндіруші нұсқамасына сәйкес орнату қажет

фототерапияны 
үздіксіз 
амалмен 
жүргізу 
қажет 
(тамақтандыру үзілісінен басқа). 
Фототерапияны тоқтату 
1. Мерзімінде туылған нәрестелердің фототерапиясы: 
-  қан 
сарысуындағы  жалпы  билирубиннің  бастапқы 
деңгейімен  салыстырғанда  төмен нәтиже  алынған  жағдайда 
тоқтатылады. 
2. Мерзімінен ерте туылған нәрестелердің фототерапиясы: 
-  ол  басталған  кездегі  билирубин  деңгейінен  төмен  болған 
жағдайды  ұстап  тұру  кезінде  тоқтатылады  және  қауіп  қатерлі 
факторлардың болу болмауы. 
3.  Егер  нәрестеде  ашық  стул  немесе  қошқыл  зәр  болса, 
фототерапия көрсетілмеген 
Қазіргі таңда ақ дақ ауруы тым көбейіп келе жатқан секілді. 
Витилигоның  пайда  болуына  ең  алдымен  ішкі  ағзалар 
қызметінің  бұзылуы,  әсіресе,  гармондардың,  бауыр  қызметінің, 
сонымен  қатар,  күйзелістер,  қажу,  торығу,  күйгелектік  және  күннің 
көзі, химиялық, инфекциялық токсиндік агенттер себеп болады.  
Қазірақ дақты фототерапиямен емдеу қолға алынған. 
Фототерапия  әдісі  несімен  тиімді  дегенге  тоқталсақ,  ол  ең 
алдымен,  ультракүлгін  сәуленің  көмегімен  дақтың  түсін  қоңыр-

87 
 
латып,  оның  ұлғаюын  тежейді.  Мұнымен  қатар,  Өлі  теңіз  тұзы 
араласқан «WALDMANNUV 7002 К» қондырғысының да ықпалы 
көп  болыптұр.  Қазір  бұлтерапияны  кеңінен  қолданудың  нәти-
жесінде  науқастар  ақдақтың  көзге  қораш  көрінуінен,  төңірегіне 
тигізетін кері әсерінен арылуда.  
 
БИБЛИОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
"Библиотерапия"  термині  ХХ  ғасырдың  басында  Америка 
Құрама  штаттарында,  ғалымдар  кітаппен  емдеу  әдісін  ойлап 
шығарғанда  пайда  болды.  Ежелгі  Египетте  фараон  ІІ-Рамзестің 
кітап  қоймасына  кіре  берісте  "Жан  дәріханасы"  деп  жазылған. 
Ежелгі  Грецияда  әдебиет  жан  саулығымен  байланыстырылып 
айтылған.  Кітап  оқуды  емдік  мақсатта  қолдану  ХІХ  ғасырда 
Ресейде 
бастау 
алған. 
1927 
жылы 
И.З.Вельвовский 
библиотерапияны  психотерапевттік  диспансерде,  содан  соң 
Харьковтың  психоневрологиялық  госпиталінде  психикалық 
ауруларды  емдеу  үшін  қолданған.  Профессор  М.П.Кутанин  осы 
жаңа әдісті насихаттай отырып, әлемдік ғылымға библиотерапия 
терминін енгізді.  
Қазіргі 
таңда 
кітаппен 
емдеуді 
психологтар 
мен 
психотерапевттер  қарқынды  қолданып  жүр.  Шығарманың 
сюжеті,  кейіпкерлердің  айтқан  сөздері,  белгілі  бір  жағдайда 
жасаған  әрекеттері  пациентке  дұрыс  бағыт  беріп,  шешім 
қабылдауына  көмегін  тигізеді.  Әдеби  шығармаларды  оқығанда 
адам  өмірге  деген  көзқарасын  жақсартып,  стресстен  арылады, 
адамның  көңілі  бөлініп,  алдынан  жарқын  мүмкіндіктер 
ашылатындай  сезінеді.  Сонымен  қатар  емделу  мақсатында  тек 
оқып  қана  қоймай,  шығармалар  жазуға  да  болады.  Пациент 
кітапты қашан оқығысы кесе, сонда оқиды.  
Библиотерапия  -  арнайы  таңдап  алынған  әдеби  шығарма 
арқылы  адам  өмірі  мен  ойларын  жақсы  жағына  қарай 
қалыптастыруға 
көмектесетін 
психотерапевттік 
әдіс. 
Библиотерапия - арнайы таңдап алынған әдеби шығарма арқылы 
клиенттің  психикасын  қалыпқа  келтіруге  және  жақсартуға 
көмектесетін  терапия.  Бұл  терапияда  әртүрлі  психикалық 

88 
 
жағдайға,  процесстерге  және  адамның  жеке  бас  қасиеттеріне 
байланысты бағытталған коррекциялық оқыту қолданылады. 
В.М.Мясищев:  "Библиотерапия  әдісі  -  бұл  кітаптану, 
психология, 
психотерапия, 
психокоррекцияның 
үйлескен 
жиынтығы",-  деп  жазған.  Библиопсихологиялық  теорияның 
негізінде  автор  -  мтін  -  оқырман  арасындағы  қарым-қатынасты 
ескеру  жатыр.  Оқырман  мәтінді  оқи  отырып,  кейіпкерлер  үшін 
қуанады,  мұңаяды,  қобалжиды.  Әдеби  шығарма  оқырманды 
алдына  мақсат  қоюға  және  сол  мақсатқа  жету  жолдарын  іздеуге 
үйретуі керек. 
Библиотерапевт-маман пациентке әдебиетті тек таңдап беріп 
қоймай,  емделушісінің  мінез-құлқын,  психикасын  бақылауы  өте 
маңызды жайт. Психолог клиенттің өзіне ғана тән жан-дүниесінің 
ерекшелігін  ескере  отырып,  пациенттің  оқып  шыққан 
шығармасын бірге талдап, қорқынышын жеңуге көмектеседі.  
Бұл 
әдістеме 
педагогика-дидактикалық 
принципке 
негізделген  және  кітап  көмегімен  жүзеге  асады.  Осы  терапия 
эмоцианалды  және  жеке  басына  тән  мінезінде  проблемасы  бар 
ересектер  мен  балаларға  ұсынылады.  Кітапты  таңдаған  кезде 
мыналарды басшылыққа алу керек: 

 
Кітапта  айтылған  жағдаяттар  пациенттің  өміріндегі 
жағдайларға максималды түрде ұқсас болуы

 
Кітап  тілінің  пациентке  түсінікті  болуы,  яғни  кітап 
мәтінін  оқығанда  пациент  түсіну  үшін  оның  соған  сәйкес  ойлау 
қабілеті, білімі болуы; 

 
Шығарманың кейіпкері клиентке түсінікті болуы керек. 
 
БИБЛИОТЕРАПИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН 
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 
 
Библиотерапияның 3 негізгі міндеті бар: 
1. 
Психотерапевттік  -  невроз  және  психикалық  аурумен 
ауыратын адамдарды психотерапевттік емдеудің бір компоненті. 
Оны кітапханашы емес, психоневролог немесе психиатор дәрігер 
жүргізеді; 

89 
 
2. 
Кітаптанушы. Кітапхана пациенттер үшін өз аурулары 
туралы ойдан бір сәт алаңдататын, физикалық қиыншылықтарды 
жеңе білуге көмектесетін фактор рөлін атқаруы керек; 
3. 
Көмекші.  Невроз  және  соматикалық  аурулар  кезінде 
қолданылатын емдік процесс. Ол психотерапевт дәрігер мен арнайы 
дайындықтан өткен кітапханашының көмегімен жүзеге асады. 
Бұл 
терапияның 
артықшылығы: 
күшті 
әсері, 
ұзаққа 
созылатындығы,  тыныштандырып,  ләззат  пен  қуанышқа  бөлеуі,  өз-
өзіне деген сенімді арттырып, қолынан көп нәрсе келетініне сендіруі, 
адамның  үнемі  психикалық даму  үстінде  болуы  мен  өз-өзіне  көңілі 
толуы, ерік жігерін нығайта отырып, білімін арттыру, т.б. 
Сонымен  қатар  психикасы  қатты  бұзылған  клиентке  кітап 
оқытқызбайды,  ал  депрессиядағы  адамдарға  әдеби  шығарманы 
аса ұқыптылықпен таңдайды. 
Библиотерапия: 

 
белгілі  бір  тақырыбы,  кезектілігі,  талдауы  бар  оқу 
жүйесі ескерілетін негізгі әдіс; 

 
арнайы  бағытталған  проблемаларды,  атап  айтсақ,  бала 
мен ата-ананың қарым-қатынасын реттеу, эмоцианалдық жағдайды 
түзету сынды мәселелерді шешуге арналған көмекші әдіс; 

 
адамның көңіл-күйін көтеруге, өз науқасы туралы жаман 
ойды бір сәт ұмыттыруға негізделген арнайы мақсатсыз әдіс; 

 
өз  бойына  ерік  жігерін,  өз-өзіне  деген  сенімді, 
белсенділікті тәрбиелейтін арнайы мақсатты әдіс; 

 
бір ғана клиентке арналған индивидуалды әдіс;  

 
топ  мүшелерін  қызығушылығы  мен  оқу  дәрежесіне 
байланысты бөлуді талап ететін топтық әдіс. Топ құрамында 5-8 
клиент  болады,  топтық  жұмыс  кезінде  оқуға  арналған  көлемі 
жағынан  шағын  шығармалар  оқылады.  Пікірталас  барысында 
топтағы адамдардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста екенін, 
олардың  әдеби  шығармаларды  оқуға  бейімділігі  аңғарылады, 
оқуға  деген  қызығушылық  туады.  Шығарма  кейіпкерлерін 
сипаттай  отырып,  олардың  жасаған  іс-әрекеттерін  талдай 
отырып, пациенттер өз проблемаларымен қалай күресетіні жайлы 
мағлұмат береді. 
Библиотерапия  -  жанама  диагностика  әдісі.  Библиотерапия 
кезінде белгілі бір образдар мен сезімдерді, қажеттіліктер мен жақсы 

90 
 
нәтиже  беруге  бағытталған  ойларды  жақсырақ  түсіну  үшін  оқу 
күнделігін жүргізген жөн. Осылайша жан дүниенің тыныштығы мен 
қоршаған ортамен үйлесімі қарқынды қалыпқа келеді. 
Әдебиетті таңдау анағұрлым ыңғайлы болуы үшін психогенді 
реакциялардың  арнайы  схемасы  жасалды,  ал  оның  негізінде 
сәйкес шығармалар каталогтары шығарылды.  
 
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН 
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЖӘНЕ ТРЕНИНГТЕРІН, САБАҚ 
БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ 
 
І. Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық 
терапиясы»  
Мақсаты:  
•  Қатысушыларға  Арт-терапия  туралы  ұғым  беру, 
маңыздылығын ашу.  
•  Арт-терапияның  түрлерімен  таныстыру,  тиімділерін 
тәжірибеде пайдалану.  
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу.  
•  Қатысушылардың  достық  қарым-қатынасын,  ұжыммен 
жұмыс жасауды арттыру.  
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  
• Шығармашылық тапсырмалар.  
• Дамытушы ойындар.  
• Пікір алмасу.  
Құрал-жабдықтар:  Үнтаспа,  ватман,  маркер,  ақ  парақ 
қағаздар,  қалам,  қарындаш,  краска-бояулар,  кубиктер,  шарлар, 
доп, эмблемалар, әр топқа арналған куверткалар.  
 
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі 
 
I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат».  
 
-Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  тәрбиешілер!  Біз  сіздерді 
тағатсыздана  күттік  және  сіздермен  кездескеніміз  үшін 
қуаныштымыз.  Сіздерді  ортаға  шеңберге  тұруға  шақырамын. 
Баяу музыка қосылады.  

91 
 
Қайырымды жандар айнала,  
Шеңберге келсін жайлана.  
Жалықпастан қайта біз,  
Махаббат сөзін айтамыз.  
Сүйеміз барлық әлемді,  
Әлемдегі бар елді.  
Бақыттымыз осы біз  
Қасымызда  досымыз!-  тәрбиешілер  шеңбер  бойына  тұрады, 
жүргізуші  шеңберде  нұсқау  береді:  «Қазір  бір  сәтке  балалық 
шағымызға  саяхат  жасаймыз.  Сіздерді  жақын  туыстарыңыз  бала 
кездеріңізде  еркелетіп  қалай  атады,  соны  есімізге  түсірейік. 
Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал 
сізді  ше?»,  деп  допты  келесі  адамға  береді.  Ойын  ары  қарай 
жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!  
I.2.  Топқа  бөлу.  Шеңбер  бойында  тұрған  тәрбиешілерді  үш 
топқа  балабақшадағы  топ  аттарымен  бөлу.  Эмблема  тарату. 
«Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру.  
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу.  
I.3.  Шығармашылық  тапсырма:  Арт-терапия  туралы  әр 
топтың  өзіндік  ассоцациясы.  Әр  топқа  ассоцация  картасы 
беріледі.  Берілген  уақыт  2  минут.  Әр  топтан  бір  адам  шығып 
топтың жұмысын қорғайды.  
Арт-терапиясы  туралы  түсінік.  Психотерапияның  маңызды 
салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-
терапия  даму  үстіндегі  психотерапиялық  әдістердің  жаңа  түрі 
болып  табылады.  Аталған  терапияның  түрі  қазіргі  таңда  үлкен 
жетістіктерге  ие.  Алғашқы  Арт-терапия  түсінігі  енгізілген  кезде 
оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана 
қолданған  болса,  қазіргі  кезде  оның  қолданыс  аясы,  шеңбері 
кеңеюде.  Яғни  бұл  терапия  адамның  шығармашылық  жағдайын 
дамытып  қана  қоймай,  адамның  бойындағы  қасиеттердің 
мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.  
Арт-терапия-  бұл  емдеу  ғана  емес,  сонымен  креативтің 
дамуы,  тұлғаның  дамуы  мен  үйлесімділігі,  кез-келген  жағдайды 
шешуге көмек.  
Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің 
табиғи  және  қолайлы  әдісі.  Арт-терапия  терминин  ғылымға  1938 

92 
 
жылы  Адриан  Хилл  енгізді.  Арт-терапия  ағылшын  тілінен 
аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.  
Арт-терапия  шектеусіз  және  психотерапияның  барлық 
бағыттарында, 
педагогикада, 
әлеуметтік 
жұмыста 
т.б. 
қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, 
дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар 
үшін  бұл-  әлемге  өзі  туралы  өзінің  шығармашыл  адам  екенін 
танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге 
мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.  
Сіздерді енді Арт-терапия түрлерімен таныстыру үшін ортаға 
Әйгерімді шақырамын.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет