МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке
байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі.
Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге,
индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор
көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген.
Пифагорлықтар күннің шығысын, батысын әнмен бастаған.
Таңертеңгі ән миды оятып, сергітуге, күні бойғы жұмысқа
дайындайды, кешкі ән демалуға, ұйқыға арналады. Мыңдаған
жылдар бойы аналар балаларын бесік жырын айтып ұйықтатады.
Ұйқысыздық ауруына шалдыққан граф Кастзерлинг (Россядағы
посол) өзінің пианисті Иоганн Гольдбергты шақыртып, И.С.
Бахтың шығармаларынан ойнатып барып қана тәтті ұйқыға
батады екен. И.С. Бахқа риза болғаны соншалық оған граф
салмағы өте ауыр алтын бұйым силайды. Музыкада бірлестіктің
(біріктірудің) қуатты күші бар. Ұлы скрипкашы И.Менухин:
музыка аласапыранды үйлесімділікке айналдырады; ырғақ қалай
барлық элементті біртұтастыққа әкеліп жинаса, әуен жеке
фразаларды біріктіреді, ал үйлесімділік біріктірілмейтінді
біріктіреді.Аласапыран, яғни ешқандай жүйесіз белгілі тәртіппен
орналаспаған
үйлесімділікке,
айғай-шу
әуенге,
сазға
алмастырылған кезде, және біз осы музыка арқылы
математикалық
тепе-теңдіктердің
негізінде
қалыптасқан
табиғаттың жоғарғы тәртіптегі заңдылықтармен ұштасқан кезде
кәдімгі қарапайым музыкалық қайталану өзіне белгілі бір бағыт
алады, оның шексіз көбейетін элементтері күш алады, ал
кездейсоқ ассоциациялар (құрама, одақ) белгілі бір мақсатқа ие
болады. Жаңа заман оқу әдістемесі әр түрлі музыкалық
элементтерді қолдануды қарастырады. Мысалы: барокко
дәуірінің музыкасы мәліметтерді қабылдау және меңгеру
барысында ақыл-ой қабілетін күшейтеді. Осы әдістемемен
оқитын студенттер шет тілін бар жоғы екі ақ айда меңгеріп
алады, әрі оқу процесінен рахат алады. Шейла Острандер және
Менн Игредер «Найлучшее обучение» деген кітабында
суггестология , софлогия, аутогеник а тәсілдері туралы жазады.
Музыканың сенімнің және ырғақтық тыныстың үндестігі
60
оқытушының
дауысындағы
әр
түрлі
интонациялармен
қолданылады. Өйткені бұл тәсіл оқушыларды локсациялық
жиналу (концентрация) күйіне енгізеді. Осындай тәсіл мидың сол
және оң жартышарлардың қосымша жұмыс істеуіне әкеп
соқтырады және санаасты сезімдердің арақатынастардың жаңа
мүмкіншілігін ашады. Музыка позитивтік сеніммен (сендірумен)
қатар жан мен рухтың бірігуіне ықпал етеді. Оқу барысында
пайда болатын шаршау мен жағымсыз сезімдерден арылтады,
бағыт-бағдарлы
іс-әрекеттерді
атқаруына
ықпал
етеді.
Зерттеушілердің байқауы бойынша Бах, Вивальди, Темман,
Корелли, Гендельдердің баяу пассаждық шығармаларының
ырғақтық қасиеттері қан тамырының соғысын баяулатады,
адамды босаңсытып, оның сана-сезімін үйлесімділік күйге
әкеледі. Осылайша адам шаршаудан арылады. Осы жаңа әдістер
оқушыларды еркін тәрбиелеу мен тиімді оқытудың қомақты
бөлшегі болып табылады. Олар босаңсыту, жинақыландыру және
барынша ықыластарын арттыру (музыкаға деген көңілін
арттыру). Осындай музыканың ырғақтық мүмкіншіліктерін
пайдалану әдістері тіл үйрену, спортшыларды жаттықтыру, қатты
аурудан (остр боль) айықтыру барысында қолданады. Атақты
поляк пианисті Артур Рубинштейн жас кезінде өзінің бірінші
концерттік турнесіне (айналып сапар шегу) Америкаға аттанады.
Бірнеше ұйқысыз түндерден және теңіз ауыруының бірнеше
приступынан (дерт қозу) кейін жоғарғы палубаға бой жазып,
серуендеп келу үшін Рубинштейн қапырық, тыншу каютадан
шығып кетті. Серуен алаңына шығытын есік жабық болып
шоықты да ол біраз пианино ойнамақ болып салонға өтті. Ойын
барысында ол өзінің тынысының музыкалық ырғаққа үндесіп,
кеменің шайқалуынан қозған аурудың бірте-бірте кете
бастағанын байқады. Бұл жаңалығана әбден сену үшін ол
салоннан шықпастан ойынын жалғастыра берді. Көп кешікпей
теңіз шайқалысынан қорлық көрген жолаушылардың барлығы
Рубинштейн ойынын есту үшін музыкалық салонға жиналады.
Олардың барлығына сезім әуен біркелкі әсер етті. Әуен естіген
жолаушылардың холдері жақсара бастады.
Музыкалық психология жас ғылым делінгенмен, оның
қайнар көзі ертеде деп жоғарыда айтылды. Сол кездің өзінде ақ
61
музыканың тірі жанның, тіршіліктің сезіміне, көңіл-күйіне әсер
ететіндігін білген. Антикалық (көне) аңыздар мен мифтерден
музыкалық терапияны қолдану туралы көптеген мысалдар
келтіруге болады. Ежелгі грецияда бұл Апполон өнер
қорғаушысы (покровитель), жақтаушысы мен оның ұлы
Аскеплия
емдеуді
жақтаушы
есімдерімен
байланысты.
Музыканың адамға әсері негізінде ежелгі гректер ладтарды
былайша бөлді:
1.
фригийлік – ынтықтыратын, жігерлендіретін;
2.
медийлік – қайғы-мұңға батыру;
3.
дорийлік – қатал, сұрапыл.
4.
эолийлік.
Философтар
музыкалық
шығармалардың
медицинаға
пайдалылығын зерттеп, классификациялады. Атақты Гиппократ
ауруларға музыкатерапия курсын белгілеген. Ибн Сина жақсы ән
аурудың қозуын бәсеңсітіп, оның ойын бөліп, тіпті тәтті ұйқыға
да батырады дейді. Европалық медицинада музыканың емдік
факторына ерекше көңіл бөлінді. ХІІІ ғ ауруханаларда арнайы
музыка қолдану арқылы емдеуге жеке бөлмелер бөлген.
ХХ ғ екінші дүние жүзілік соғыстан кейін осы сала кеңінен
дами бастады. Англияда Ж. Альвин Музыкалық терапия мен
емдік музыка қоғамын құрады. Венада «музыка және медицина»
атты симпозиум өтті. АҚШ музыка мен медицина арсындағы
қарым-қатынасты зерттейтін комитет құрды. Музыканы
хирургияда, кардиологияда, акушерлікте, стомотологияда,
нервтік психикалық ауруларды емдеуде қолданады.
Ресейде музыкалық терапияның анықталуы мен дамуы
И.Догель, И.Тарханов, В.Мострицкий, Ц.Спиртов сияқты ірі
ғалымдардың есімімен байланысты.
Музыкальная жизнь (№4 1991) журналында «Исцеление
музыкой» деген Д.Левипаның статьясынан үзінді келтірейік.
Москвадағы
№
9
мектеп
санаториясындағы
психоневрологиялық аурумен ауыратын балаларға музыканы
емдік фактор ретінде қолдануға мүмкіндік туды. Мұнда туа
қалыптасқан травма, инфекциялық аурулардан, ауыр тұрмыс
салдарынан психика жүйесі бұзылған 300-дей оқушы бар.
Балаларда ұйқының бұзылуы, үнемі бас ауру, тез шаршау сияқты
62
сиптомдар тән. 1965 жылдан бастап мен олармен музыкалық
терапия
сеансын
жүргізе
бастадым.
Дәрігерлердің
ұсыныстарымен балалардың талғамын ескере отырып, бірдей
жасарлықтағы 10-12 адамнан тұратын топ ұйымдастырдым.
Сеанс аптасына 2 рет түскі астан кейін дүйсенбі және жұма
күндері өтті. Яғни, аптаның басында, балалардың апта бойғы
еңбегіне дайындық ретінде ал аптаның соңына олар шаршаған,
еңбек ету қабілеті төмендеген кезде, ойы үйіне қайтуға елеңдеп
тұруына байланысты өтті. Сабақ 20-30 мин. тұрады. Сеанстың
нәтижелі болуы дұрыс таңдалған музыкалық материалға және
ретіне байланысты. Бетховен, Бах, Шопен, Григ,Шуберт,
Моцарт,Чайковский, Грибоедовтердің шығармалар жинағынан
тұратын 11 программа құрылды.
Музыкалық терапия сеансына қатысатын балаларға дәрі-
дәрмек мөлшері азайды, тәрбиешілер баланың тәртібінде бір-
біріне деген қамқорлық пайда болғанын, шыдамдылық таныта
бастағанын байқады. Оның математика, орыс тілі сияқты қиын
сабақтарға зейіні артты; сабақты бұрынғыдан жақсырақ
меңгеретін болды. Сеанс барысында педагогтың сөзі, даусының
күші, интонациясы, сондай ақ музыка маңызды.
Екінші статья «Скажите доктору» «А-а-а» (Журнал «Не
может быть» № 3, 1993). Физикадан дыбыс-вибрация екені
белгілі. Біз вибрацияны тек құлағымызбен емес, бүкіл денемізбен
қабылдаймыз. Әйнекті пышақпен тырнағанда шығатын дыбыс
өте жағымсыз. Ғалымдар бұны апатты ескертетін маймылдың
дауысына ұқсас екенін дәлелдеген. (вибрация-ішкі ырғақпен
үйлеспейді). Ал егер вибрация ішкі ырғақпен үйлесетін болса, ол
шынында да адамдарға жағады. Мысалы: ән айтатындардың
гландылары тезірек жазылады. Бірақ барлық адамның қолынан ән
айту келе бермейді. Еж. Индустар ән айтуды күліп тұрып
дауысты дыбыстарды айтумен теңестіреді. «И-и-и» деп ұзақ,
біркелкі, бір тыныста, бір биіктікте айтылса ми жақсы жұмыс
істейді, бүйрек қызметі жақсарады; «Э-э-э» -ішек құрылысына
әсер етеді; «А-а-а» — жұтқыншақ пен көмейге массаж; «О-о-о»-
кеуденің орта бөлігін қалыпқа келтіреді; «О-и-о-и-о-и»- жүрекке
массаж ретінде, бұл жаттығуларды күні бір рет 3-4 рет
қайталаумен жасауға болады.
63
Музыкалық психология-музыканың адамға әсер етуін
зерттейтін өнер психологиясының бір саласы. Музыкалық
психология музыкалық қабілеттің, музыка жазу, орындау,
қабылдау және музыкаға оқып үйренудің психологиялық
механизмінің; музыканы көпшіліктік қатынаста қолданудың
(концерт, спектакль, кино); жұмыс өнімділігіндегі музыкалық
әсердің, музыканың адамға есемдік әсерінің (муз. терапия);
музыканттың кәсіптік шеберлігінің (профессионалдығының)
артистік қасиетінің көрерменге әсері ,көрерменмен байланысы,
қарым-қатынасы (общение с публикой) жасөспірімдердің
қалыптасуындағы
эстетикалық,
өнегелік,
тәрбиелік
маңыздарының, жеке адамның творчествалық потенциалының
жоғарлауындағы музыка әсерінің қалыптасуындағы, дамуындағы
,анықталуындағы мәселелерді зерттейді. Музыкалық әрекеттің
(муз. ой деятельности) психологиясы музыкалық психологияның
бір бағыты болып саналады. Ол музыканы тыңдай білу, орындай
білу және жаза білуді қарастырады. Музыкалық психология білім
саласы ретінде 19 ғасырдың ортасынан басталып жеке, өз алдына
дербес ғылым болып бөлініп шықты. Бастапқыда ғалымдар
дыбыстың жеке қасиеттерін (высоты, тебра, громкости) және есту
мүшелерінің күрделі психологиялық құбылыс деп зерттеп
бастаған. Зерттеулердің болымды нәтижесі сезім мүшелерінің
қызметінің әр түрлі физикалық объект арқылы әсер етуінің
объективті (ақиқатты әділ)мәліметті анықтауы болды.
Гигиена дәрігерлері мен экологтар адам жанын бірте-бірте
қажытатын зиянның ең бастыларының бірі түрлі дыбыстар деп
есептейді. Ол негізінен, айқай-шу, автокөліктің гүрілі,
музыканың қатты дауысы, желі, құбырлардың сан алуан
толқынды дыбысы, үй техникаларының ызыңы, мезгілсіз
уақыттағы үй жануарларының дауысы және тағы да басқасы.
Алайда дыбыстың бәрі зиянды емес. Онымен адам жанын
сауықтыруға, иммунитетін нығаутуға да болады. Бұлар:
музыканың әдемі ырғағы, табиғат аясындағы тіршіліктің (аң,
құстың үні, судың сылдыры, тал, ағаш жапырақтарының
сыбдыры, сарқыраманың гүрілі, балықтардың шолпылы
дегендей) таңғажайып үні және адамның әр ағзасын
сауықтыратын қуатты тербелістегі өзіндік дыбыстар.
64
МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
«Айқай-шу шектен шықпасын»
Адамның басынан шу кетпесе, есту қабілеті төмендеп,
күндердің күнінде ауыр еститін, тіпті, саңырау болып қалатын да
кездері көп, дейді дәрігерлер. Кез-келген кісінің ұйқысының қашуы,
басының айналып, жүйкесінің тозуы, ашушаң болуы да жағымсыз
айқай-шудан екен. Медициналық сараптама деректеріне назар
аударсақ, жүйкесі шаршап, ауырған адамдардың тең жартысының
сырқатына кінәлі ұзақ уақыт бойы миын жеген бастағы шу. Олай
болса, ең бірінші әркімнің өз алтын шаңырағы-үйіндегі айқай-шуды,
жағымсыз барлық дыбыстарды мейілінше азайтқан жөн. Біз енді
адам ағзасына дыбыстың қандай түрі, мөлшері зиянды, залалсыз
соған тоқталсақ.
1. Санитарлық талап бойынша, тұрғын үйдегі шу түнде 20-30,
күндіз 40 децибалдан аспауға тиісті.
2. Әлсін-әлсін қайталана беретін екпінді соққының (қалада
көп қабатты үлкен үйдің іргетасы үшін сына қағу тәрізді
соққының) дабылы тұрақты шудан да өте зиянды.
3. Шу мөлшері 117 децибалдан асса қандай әсері болады?
Онда бір жарым сағаттан соң реактивті двигательдерді сынайтын
сынақшының да жүйкесі сыр береді: ашушаңдық танытады,
қатты шаршайды, кірпіктері тартып, саусақтары қалтырап
мазасызданады.
4. 140 децибалдан асқан шу адамның орта және ішкі
құлақтарын зақымдап, саңырау етеді.
5. Жиілігі 4 мың гилогерцтен асатын қазіргі рок топтары
музыкасының залалы бәрінен де адамға өте айрықша.
6. Керісіншіе, нәп-нәзік ойланатын классикалық әуен дыбысы
адамның есту қабілетін жаттықтырып, жақсарта түседі.
7. Өндіріс орынындағы шу 80 децибалдан асса, залалды.
8. Қысқа мерзімді кейбір шулар адамға залалсыз саналады.
Олар: адамның орта дауыспен сөйлеуі (60-70 децибал
шамасында),
теледидардың
орташа
дыбысы
(70-80),
шаңсорғыштың дыбысы (70-80 децибал).
9. Алайда үйдегі техникалардың тұрақты шуы зиянды.
Ғалымдардың
анықтауынша,
үйдегі
шудың
80
пайызы
радиоэлектроникалық аспаптардың үлесінде. Үйдегі телевизор,
65
музыкалық орталық, шаңсорғыш, компьютер басқа да құрал-
саймандар (бозалатаңнан дырылдайтын шаш кептіргіш) үнемі іске
қосылатындықтан, олар әсіресе, сенбі, жексенбі күндері миыңды су
етіп жіберердей кері әсер етеді. Әрбір үйдегі радионүктелер бұрын
60-85 децибалға дейін дыбыс шығаратын. Қазіргі бес колонкадан
тұратын акустикалық жүйелі дауыс зорайтқыш кемінде 100-120
децибалға дейін қатты дыбыс шығара алады. Ол реактивті
двигательдің дауысына пара-пар. Мұндай шу үйіңді азан-қазан
қылып тұрғанда басыңның ауырмауы мүмкін бе?
10. Дәрігерлер африко-американдықтардың поп-музыкасын ұзақ
уақыт тыңдаудың да зиянды екендігін ескертеді. Бұл әуен оларға
жаққанымен басқа нәсілді адамдарға жаға қоймайды. Американдық
нейрохирургтер мұны «Әуендік токсикоз» деп атайды.
11. Үйде жас бала, жүкті әйел, сырқат адам бар болса,
музыкалық аспаптарды, теледидарды қатты қоюға, айқай-шу
шығаруға мүлдем болмайды. Мұндай үйде бапты да байыпты,
жағымды дыбыстағы әуенді тыңдау қажет.
12. Шу естілетін қабырғаны оны басатын материалмен
қаптаған немесе оған кілем ілген оңды. Санитарлық стансада
дыбыс өлшейтін арнайы аспап бар. Көршіңіз меломан болса,
сондай аспаппен оны өлшеп, шағындауыңызға болады.
13. Үйдегі шуды ретке келтіру-жақсы тынығу, жүйкені азып-
тозудан сақтау. Жаңа баспана алғанда, үйіңізді жөнедегенде
осыны еске алыңыз.
«Әзіл-қалжың» терапиясы
Айқай-шудан азып-тозған жүйкені емдеп жазуда әзіл-қалжың
терапиясының шипасы мол. Ұлыбританияның бір ауруханасында
емдеу-сауықтыру жұмысын жақсару мақсатында әзіл-қалжың
терапиясын (юморотерапия) қолданады. Осындай емдеу тәсілі
кезінде кинокомедиялардан үзінділер, клоундардың ойындары
көрсетіледі, әзілкештер концертінен жазылып алынған таспалар,
жанға жағымды ән әуендері тыңдалады, басқа да көңіл көтеретін
шараларды ұйымдастырады. Емдеп-сауықтырудың бұл тәсілін
жүзеге асырып жүрген әзілкеш терапевт-дәрігердердің айтуынша,
айығу нәтижесі әсіресе, жүйкесі жұқарған, түрлі психологиялық
дерттерге шалдыққан адамдарда айрықша жақсы.
66
«Ой қуаты мен дыбыс қуаты біріккенде»
Ежелгі Қытайдың даос даналары адамның әр ағзасының өз
дыбысы болатынын, сол арқылы сырқатынан сауықтырудың
мүмкін екендігін танып, білген. Олар ең бірінші, әрбір адамнан
сөйлегенде, қуанғанда, ренжігенде, риза болғанда шығатын
дыбыстардың жай ғана үн, дауыс емес, белгілі бір ой қуаты бар
тербеліс екендігін анықтаған. Содан олар ой қуаты мен дыбыс
қуатын біріктіріп, адамдарды емдеу ілімін қалыптастыра
бастаған. Тек, Тан династиясы дәуірінде, Сунь Сымяо (581-682)
деген қытай дәрегері бұл ілімді бір жүйеге түсіріп, ол әр дыбысты
адамның белгілі бір ағзасына және акупунктура меридианына
қатыстырып, оның нәтижесінде «Шипалы алты дыбыс» атты
емдік тәжірибе өмірге келген.
Осы ілімді дамытушы даостықтардың таным-түсінігінше,
біздің жағымды, жағымсыз әсерлеріміз (эмоцияларымыз) ішкі
ағзаларымызға да әсер етіп, олармен тығыз байланыс орнатады,
сөйтіп, бұл әсерлер ағзамыздың белгілі бір мүшесінде шөгіп,
сақталады. Өз кезегінде осы ағза мүшесінің тербелісі жаңағы
әсерлерге нәр береді. Сол себепті, көңіл күйдің әсерін тепе-
теңдікте ұстап тұруға айрықша көңіл бөлуіміз қажет. Біріңғай
қамығып, ашулана берсек, оның қуаты жан-дүниемізді одан
сайын улай түседі.
Даос даналарының ұсынысы: ішкі ағзаларды сауықтыру үшін
бір мезет терең зейінде әрқилы дыбыстар шығарып, «гуілдеу» өте
пайдалы. Бұл тәсіл қазір көптеген қытайлықтардың күнделікті
әдет-салты. Негізінен, бұл жаттығуды ешкім мазаламайтын
тыныш жерде жасаған жақсы. Мұнда қолдағы сағат пен
көзілдірік шешіп алынады, тамақ ішкеннен кейін кемінде бір
сағат өткенде қозғалуға, тыныс алуға қолайлы кең киіммен
жаттығу жасау басталады. Жаттығудың бастапқы қалпы:
орындықтың шетіне отырып, арқаны тік ұстау, алақандарды
жамбасқа қойып, көзді жұму. Сосын ойша белгілі бір ағзаға ден
қойылып, стресс кезінде оған шөгетін эмоциялар еске алынады.
Одан арылу үшін демді сыртқа шығарамыз. Сол сәт жаңағы
ағзаға толатын пайдалы қасиеттер де еске алынып, ойша түсі
елестетіледі, бірте-бірте санамызда түсін айқындай, тазарта
түсеміз. Осы жаттығулармен бір мезетте жаңағы ағзаларға сәйкес
67
келетін дыбыстар айтылуға тиісті. Тербелістің оған жеткені, әлгі
ағза дыбыспен бірге дірілдей бастайды. Біз осылайша ерекше
дыбыстардың көмегімен өз ағзаларымызбен сөйлесеміз (сондай
әсерде боламыз). Тыныс алу мен дыбыс қуаттардың алмасуына
әсер етеді: жақсы қуат ауру қуатын сыртқа шығарады, ағзаны
өзіне толтырады. Әр дыбысты 3 және 6 рет қайталауымыз қажет.
Бұл тәжірибе төрт қадамнан тұрады.
Шипалы дыбыстар тәжірибесін жасағанда көп адамның
денесі босап, олар есінейді. Кейде ағзасы шанышқандай, тамыры
соққандай, кеңігендей әсерге бөленеді. Осындай сезімдер кейде
баста, қолда, аяқта да байқалуы мүмкін. Тіпті ешнәрсенің де
сезілмеуі ғажап емес.
МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯДАҒЫ
ДЫБЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
«Шипалы алты дыбыс»
1. Өкпе дыбысы. Тәжірибе осы дыбыстан басталады. Өкпеде
өмір сүретін жағымсыз көңіл-күй: қамығу, күйзелу. Өкпеде өмір
сүретін жағымды қасиеттер: адамгершілік, қайрат, ерлік. Өкпені
қалпына келтіру үшін жағымсыз көңіл-күйді «Сссссс…» - деген
дыбыспен қуып шығады. Бұл қайнаған шәйнектің буы
шыққандағы дыбысқа ұқсас. Дыбысты белсенді түрде күшейте
түсеміз. Өкпенің түсі сәл металға ұқсаған ақшыл. Қиялымызда
өкпеміздің ашық ақ түсті мөлдір болғанын елестетуіміз қажет.
Жағымсыз эмоциялардың одан біртіндеп шығып жатқанын
елестетіп, оны тазарта түсеміз. Өкпе дыбысы суық тигенде де ем.
2. Бүйректер дыбысы. Оған сәйкестісі көгілдір түс пен
«Чууууу…» дыбысы. Оны балауыз шамды өшіргендей әйтпесе,
саусағымызға үрлегендей жасағанымыз дұрыс. Бүйректе ылғалды
салқын қуат жиналатындықтан, оны үрлеп шығаруға тиістіміз.
Бүйректе тұрақтайтын әсерлер: қорқыныштар, сабырлылық пен
нәзіктік және сенім. Бүйректер дыбысын жасау арқылы
мазасыздық пен қорқыныштан құтылуға, шаршағанды басуға, бас
ауруын жазуға болады.
3. Бауыр дыбысы. Бұл ағзаға ашық жасыл түс,
«Шшшшш…» дыбысы сәйкес. Мұнда ашу-ыза тәрізді жағымсыз,
мейірімділік, қайырымдылық сияқты жағымды көңіл-күйлер
68
орнығады. Бауыр дыбысын айтқанда да ашу-ыза басылмаса,
ауызды кермек дәм ашытса, жаттығуды тоғыздан 36 ретке дейін
жасау керек. Даос ұстаздары айтады: «Егер бауыр дыбысын 36
рет қайталағанда да өзіңізді ренжіткен адамға деген ренішіңіз
басылмаса, ол адамды ұялмай ұрып алуыңызға болады», - деп.
Әрине бұл қалжың ғой. Әйтпесе, 36 рет жаттығу жасағанда
барлық ашу-ыза сейіледі де.
4. Жүрек дыбысы. Оның жағымсыз эмоциясы – қатігездік,
менмендік. Жағымды эмоциясы – қуаныш, махаббат. Дыбысы:
«Хааааа…». Қыста қырауланған терезенің мұзын еріту үшін
үрлегеніңізді елестетіп, дыбыс шығарыңыз. Сонда жүрегіңіздің
де артық әсерден мұз ерігендей арылып жатқаны қиялыңызда
көрініс тапсын. Мұнан кейін жүрегіңізді қуаныш сезіміне толы
қызыл түстің жайлап алатыны анық Бұл жаттығу тамақ
ауырғанда, салқын тигенде, қызылиек ісінгенде, жүрек
ауырғанда, жүйке қозғанда аса пайдалы.
5. Көкбауыр дыбысы. Ден қою, тұрақтылық, адалдық тәрізді
жағымды, мазасыздық сияқты жағымсыз көңіл-күйдің мекені.
Дыбысы аздап алқыммен айтылатын «Хууууу…». Ашық сары түсті
көкбауырды елестете отырып, демді сыртқа шығарғанда осы дыбыс
айтылады. Сол сәт көкбауырымызбен сөйлесіп, өзімізге деген
сенімділік пен сабырлықты орнықтырамыз. Жаттығу әсерін үдете
түсу үшін ішке қолды қояды. Бұл дыбыс қорыту бұзылғанда, жүрек
айнығанда да шипалы.
6. Ең соңғы ағза – «Үш есе қуаты бар жылытқыш». Дыбысы –
«Хиииии…». Бұл құрамдас ағзаны белсенді ету үшін қолдар
жоғары көтеріліп, төбеден тізеге дейін денені сипап өтеді. Бұл
кезде қол денеге тигізілмейді. Яғни, денені салқын леппен
тазартқандай, тәнді артық қозудан арылтқандай сезімге бөлену
қажет. Мұнан кейін тыныққандай сезіну басталады.
Бұл
дыбыс
жаттығуы
тәннің
барлық
деңгейіндегі
температураны реттеуші. Денеге жылуды бірыңғай етіп бөлу ағзаны
тыныштандырады, ұйқыны жақсартады, стресті жояды. Осы дыбыс
арқылы ішкі қозудан, ұйқысыздықтан құтылуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |