Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


37
24
Секіргіш кесіртке – Lacerta agilis
38
25
Көл бақа – Rana ridibunda 
26
26
Құрбақа – Bufo bufo
24
27
Бақбақыл – Hyla arborea 
24
28
Тритон – Triturus vulgaris
24
29
Алабұға – Perca fl uviatilis
48
30
Сазан – Cyprinus carpio
104
31
Карась – Carassius arrutus
94-100
32
Үй шыбыны – Musca domestica
12
33
Жеміс шыбны – Drosophila melonogaster
8
34
Маса – Culex pipiens
6
35
Ара Apis mellifera
аналық
аталық
32
16
36
Тұт жібек көбелегі – Bombyx mori
56
37
Шабдалы биті – Muzus persicae
12
38
Бит – Pediculus capitis
12
Кестенің жалғасы

Ағза
2n
39
Сары тарақан – Blattella germanica
аналық
аталық
24
23
40
Азия шегірткесі – Locusta migratoria
23
41
Ит кенесі – Ixodes ricinus
28
42
Өзен шаяны – Astacus fl uviatilis
116
43
Краб – Eupagurus ochotensis
254
44
Жылқы аскаридасы – Ascaris megalo-
cephata
2, 4
45
Бақша ұлуы – Helix pomatia
24, 48
46
Жауын құрты –Lumbricus terrestris
36
47
Планария – Dugesia gonocephala
16-32
48
Тұщы су гидрасы – Hydra oligactis 
32
49
Малярия плазмодиясы – Plasmodium 
malarie
2

38
4-кесте
Кейбір өсімдіктердің хромосомаларының диплоидты саны 
(С.Г. Инге-Вечтомов, 1989 ж. бойынша)

Ағза
2n
1
Қара самырсын – Abies
24
2
Шырша – Picea
24
3
Қарағай – Pinus
24
4
Сағыз қарағай – Larix
24
5
Кəдімгі емен – Quercus robur
24
6
Кəдімгі шетен –Fraxinus excelcior
46
7
Орман бук – Fgus silvatica
24
8
Ұсақ жапырақты жөке – Tilia cordata
82
9
Қара терек – Populus nigra
38,   57
10
Көк терек – P.tremula
38,   57
11
Ақ тал – Salix alba
76
12
Құлақты тал – S.aurita
38,   76
13
Бакко талы – S.bakko
38,   76
14
Жабысқақ қандыағаш – Anlus glutinosa
28,   56
15
Қайың – Betula cosa
28,   42
16
Кəдімгі қайыз тектес бұта – Corylus avellana
22
17
Шетен – Sorbus aucuparia
34,   51,  68
18
Грек жаңғағы – Juglans regia
32
19
Құлмақ – Humulus lupulus
20
20
Кендір – Cannabis sativa
20
21
Сəбіз – Daucus carota
18
22
Цикорий – Cichorium intybus
18
23
Салат-латук – Lactuca sativa
18
24
Картофель – Solanum tuberosum
48
25
Томат – Lycpoersion esculentum
24
26
Бір жылдық бұрыш – Capsicum annuum
24
27
Жұмсақ бидай – Triticum aestivum
42
28
Қара бидай – Secale cereal
14+(1-8)B
29
Кəдімгі арпа – Hordeum vulgare
14
30
Сұлы – Avena sativa
42

39
Кестенің жалғасы

Ағза
2n
31
Күріш – Oryza sativa
24
32
Жүгері – Zea mays
20+(2-12)B
33
Нағыз темекі – Nicitiana tabacum
48
34
Львиный зев – Antirrhinum malus
16,32
35
Пияз  - Allium cepa
16
36
Ақ қараған – Robinia pseudoacacia
20
37
Тошала – Ribes grossularia
16
38
Қызылқат – R.rubrum
16
39
Кəдімгі таңқурай – Rubus idaeus
14,  21,   28,   35,  42
40
Бақ шиесі –  Cerasus vulgaris
32
41
Шие – Cerasus avium
16
42
Үй қара өрігі – Prunus domestica
48
43
Өрік – P armeniaca
16
44
Шабдалы – P.persica
16
45
Кəдімгі алмұрт –Pyrus communis
34,   51
46
Жабайы алма – Malus silvestris
34,   51
47
Ақ тұт ағашы – Morus alba
28
48
Мəдени жүзім – Vitis vinifera
76
49
Көкнəр – Papaver somniferum
22
50
Брюква – Brassica napus
38
51
Бақша қырыққабаты  – B. oleracea
18
52
Дала қырыққабаты – B.campestris
20
53
Сарепт қышасы – B.juncea
36
54
Бақша шомыры – Raphanus sativus
18
55
Бақша саумалдағы – Spinacia olrracea
12
56
Кəдімгі қызылша – Beta vulgaris
18
57
Кəдімгі зығыр – Linum usitatissimum
30
58
Қияр – Cucumis sativus
14
59
Шабындық жоңышқасы – Trifolium pretense
14
60
Люцерна – Medicago tiva
32
61
Бұршақ – Pisum sativum
14
62
Кəдімгі бадана – Phaseolus vulgaris
22
63
Жұпар ұсақ бұршақ – Lathyrus odoratus
14
64
Мақта – Gossypium hirsutum
52

40
Кейбір қосқанаттылар (Diptera) мүшелерінің жасушаларынан 
алып (политенді) хромосомалар табылған. Мұндай хромосомаларды 
бірінші рет 1881 жылы Италия ғалымы Е.Бальбиани хирономустың 
(масаққұрттың) сілекей бездері жасушаларынан тапты. Одан кейін 
осындай алып хромосомалар қосқанаттылардың дернəсілдерінен 
(мысалы, дрозофиланың), ішек жасушаларының, мальпиги түтікше-
лерінің жасушалары ядроларынан табылды. 
Алып хромосомалар, сол сияқты кейбір өсімдіктер синергидте-
рінің ядроларына, қарапайым жануарлардан да табылды, соны-
мен қатар кейбір өсімдіктерде синергид жасушаларында, мысалы, 
бұршақта. Интерфазалық сомалық жəне жыныс жасушаларындағы 
хромосомаларға қарағанда, алып хромосомалар олардан 100-200 
есе ұзын жəне 1000 есе жуан. Алып хромосомаларды қарағанда, 
олардан көлденең жолақтар көрінеді. Ондай жолақтар ашығырақ 
жəне күңгірттеу дискілердің кезектесуінен түзіледі. Ол жолақтар –
дискілер бір-біріне тығыз жанасқан, күшті ширатылған хромоне-
малар учаскелері немесе хромомерлер болып табылады. Бұл хромо-
мерлер  политенді хромосомалар деп аталады. Дискілердің көлемі 
мен морфологиясы өте өзгергіш келеді, бірақ əр хромосома үшін 
ол тұрақты жəне оны ұқсастыру (идентификациялау) үшін маркер 
қызметін атқара алады. 
Алып хромосомаларға тəн аса үлкен көлемділік пен пішіндер, 
олардың барынша көп тарқатылуы жəне хромосомалардың ажырап 
кетпей ұдайы өзін-өзі өндіруі нəтижесінде пайда болады.
Ядро мен жасушаның бөлінуінсіз-ақ, өзін-өзі өндіру есебінен 
хромосомалар санының көбеюін эндомитоз деп атайды. Осының 
арқасында өндірілген хромотидтер ажырап кетпейді жəне бір-біріне 
тығыз жанасып қала береді.
Сонымен, митоз барлық, ядросы бар эукариотты, ағзалардың өсуі 
мен вегетативті жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Митоздың басты 
маңызы бірдей жасушаларды қалыптастыру, тұрақты хромосома-
лар санын сақтау жəне генетикалық ақпаратты тасымалдау. Осыған 
орай ағзалар бірдей даралар немесе клондар арқылы көбейе алады. 
Клондану төменгі сатыдағы эукариоттарға: саңырауқұлақтар, бал-
дырлар, қарапайымдылар жəне көптеген өсімдіктерге тəн. Клонда-
ну төменгі сатыдағы жануарлардың арасында – омыртқасыздардан 
ішекқуыстылар мен құрттарда да бар, олар денесінің біраз бөліген 
бүкіл ағзаны қалпына келтіре алады. Омыртқалы жануарларды клон-
дау тек эмбриональды дамуының алғашқы сатыларында ғана мүмкін. 

41
Мысалы, біржұмыртқалы егіздер ұрықтанған бір жұмыртқаның 
митоздық бөлінуі нəтижесінде пайда болған бір-бірінен аумай-
тын ұрпақтар. Кейбір жануарлар, мысалы, сауытты аңдардың 
Dasipus hibridus аналығы, бір жолы 12 дейін бір жынысты ұрпақ 
əкеле алады.
2.3 Мейоз
Мейоз – бірінен кейін бірі жүретін, нəтижесінде гаплоидты (п) 
хромосомалар жиынтығы бар гаметалар пайда болатын  жасушаның 
бөлінуі. 
Жасушалар мейоздық жолмен бөлінгенде хромосомалардың 
тұрақты саны сақталады. Онда да, бастапқы жəне жаңа екі 
жасушалардағы хромосомалар жинақтары өзара ұқсас болады. Егер 
жыныс жасушаларының түзілуі де осындай жолмен жүрсе, онда 
ұрықтанғаннан кейін хромосомалар саны əруақытта еселеніп ар-
тып отырған болар еді. Мейоз нəтижесінде гаметалар – жұмыртқа 
жасушалары мен сперматазоидтар, яғни жыныс жасушалары пайда 
болады. Гаметалар түзілуі кезінде редукциялану немесе гаметалар 
санының екі есе азаю үрдісі жүреді. Редукциялық бөліну жануарлар-
да гаметалар түзілуі кезінде (генетикалық редукция), өсімдіктерде 
споралар  (споралық редукция) түзілуі кезінде байқалады. Мейоз 
нəтижесінде пайда болған гаметаларда хромосомалардың бір ғана, 
яғни гаплоидты жиынтығы (п) болады. 
Мейоз барлық ағзаларда ұқсас жолмен жүреді. Мейоздың екі 
бөлінуі шартты түрде бірінші мейоз (мейоз І, редукциялық) жəне 
екінші мейоз (мейоз ІІ, эквациялық) деп аталады (4-сурет). Митоз 
сияқты мейоздық бөліну де профаза, метафаза, анафаза, телофа-
за стадияларынан тұрады. Мейоздың алдында интерфаза үрдісі, ал 
онда хромосомалар редупликациясы – ДНҚ-ның синтезі жүреді. 
Редкуциялық бөліну І профазадан басталады жəне ол митоздың 
профазасынан принципті түрде өзгеше болады. І профаза күрделі 
стадия. Ол бес кезеңге бөлінеді: лептотена, зиготена, пахитена, 
диплотена жəне диакинез.
Мейоздың ретпен жүретін стадияларын ең бірінші Уиниуортер 
1900 жылы үй қояны жұмыртқа бездерін зерттеу барысында сипат-
тап жазған. 
Лептотена (нəзік жіпшелер стадиясы) – митоздың алғашқы 
профазасын еске түсіреді. Хромосомалар əлсіз, өте нəзік əрі ұзын, 

42
метофазадағыдан 2-5 рет ұзынырақ, жіпшелер түрінде көрінеді. 
Электронды микроскоппен бұл кезде хромосомалардың центромера 
арқылы қосылған екі хромотидтен тұратындығын көруге болады. Ал 
бұл жағдай, мейоздың алдындағы интерфазада хромосомалардың 
екі еселенуі болып кеткенін байқатады.
Зиготена (қосарлы жіптер стадиясы) – көлемі бірдей хромо-
сомалар коньюгацияланып қосылады. Ең басында жекелеген го-
мологты хромосомалар коньюгациялары жүреді. Бұл гомологты 
хромосомалардың қосылуын синапсис деп атайды. Зиготенаның 
соңына қарай олардың қосылуы бүкіл ұзындығы бойынша аяқта-
лады. Коньюгацияланушы гомологты хромосомалардың əр жұбы 
бивалент түзеді. Бұл стадияға синоптемалық комплекстің көрінуі 
тəн. Электрондық микроскоппен қарағанда синоптемалық комплекс 
коньюгацияланушы хромосомалар арасында орналасқан жіпше 
түрінде болады.
Пахитена (жуан жіпшелер стадиясы) – ширатылу жəне кон-
денсациялану есебінен хромосомалардың жуандауы мен қысқаруы 
арқылы сипатталады. Биваленттердің, яғни əрқайсысы екі хрома-
тидтен тұратын коньюгацияланған хромосомалардан пайда болған 
пішін, саны хромосомалардың гаплоидты санына (п) тең. Бұл ста-
дияда хромосомалардың хромомерлік бейнесі жақсы көрінеді. Па-
хитенада синоптемалық комплекстің түзілуі аяқталады. Пахитена 
мен зиготенада шамамен 0,3 жəне 0,1% құрайтын қосымша ДНҚ 
синтезделеді.
Диплотенада биваленттер жəне олардың əрқайсысын құрайтын 
төрт  хромотидтер анық көрінеді. Бұл стадияда гомологтардың 
серпіліп жіберілуі басталады жəне хиазмалар деп аталатын 
гректің «хи» əрпіне ұқсас əртүрлі фигуралар пайда болады. Хиаз-
малар – биваленттегі хромосомалардың гомологты учаскелерінің 
алмасуының дəлелі. Диплотена стадиясында көптеген ядрошықтар 
пайда болады. Диплотена стадиясында зиготенада жүрген үрдістерге 
қарама-қарсы үрдістер жүреді, яғни тартылудың орнына гомологты 
хромосомалар сыртқа тебіледі. 
Диакинезде  ширатылу күшейе түседі, хиазмалардың саны аза- 
йып, биваленттер ядроның шет жағына орналасады. Ядроның қабығы 
мен ядрошықтар жойылады жəне ұршықтың толық түзілуімен 
І профаза аяқталады.
І метофазада ядрошықтар жойылады. Биваленттер метафаза -
лық пластинканы құра отырып, жасушаның экватор жазықтығына 

43
орналаса бастайды. Хромосомалар толық жуандайды жəне қыс-
қарады. Ағзаның  сомалық жасушасындағы хромосомалар санынан 
биваленттер саны екі есе кем, яғни гаплоидты санға тең болады.
4-сурет. Мейоздың І профазасы, редукциялық бөліну
І анафазада бір центромераға бекіген екі хромотидтен тұратын 
хромосомалар қарама-қарсы полюстерге тартылады. Митоздың ана-
фазасынан мейоздың І анафазасының басты айырмашылығы осы бо-
лып табылады. Əр биваленттің аталық жəне аналық центромерала-
ры қарама-қарсы полюстерге тарайды жəне олар бір-біріне тəуелсіз 
қозғалады.  
Одан əрі қарай центромералардың редукциясы жүреді. 
І телофаза ядролық мембрананың түзілуімен жəне ядро құры-
лымының қалпына келуімен сипатталады.
Содан кейін қысқа стадия интерфаза немесе интеркинез бас-
талады. Кəдімгі интерфазадан интеркинездің айырмашылығы сол, 
интеркинезде хромосомалар екі еселенбейді жəне ДНҚ синтезі 
жүрмейді.
Интеркинездің ізінше мейоздың екінші бөлінуі – эвкациялық 
бөліну басталады. Ол бөліну митоз типімен жүреді.
ІІ профазада хромосомалардың ширатылуы есебімен олар 
жақсы көріне бастайды. Осы уақытта крест пішінді бейнелер пайда 
болады, өйткені апалы-сіңлілі хроматидалар əлі бөлінбеген центро-
мерамен бекініп тұрғандықтан, бір-бірінен тебіліп тұрады. Ядролық 
қабықша, ядрошық жойылады, ұршық тəрізді жіпшелер түзіледі.
ІІ метафазада митоздық жолмен өтеді. Морфологиялық жағы-
нан митоздық хромосомалардың осы кездегі мейоздық хромосома-
лардан айырмашылығы екі хроматидтен тұратындығы мен тығыз 
ширатылуында. Барлық хромосомалардың центромералары экватор 
жазықтығына орналасады. Полюстен қараған кезде, жасушалардың 
хромосомалар саны гаплоидты. 

44
ІІ анафазада екі еселенген центромералар бір-бірінен ажырай-
ды, нəтижесінде жаңа түзілген хромотидтер əр полюстерге тарайды.
ІІ телофазада гаплоидты төрт ядролар түзіледі. Содан соң цито-
кинез жүреді де, нəтижесінде төрт жасуша пайда болады.
Сонымен, екі бөлінуден редукциялық жəне эвкациялық тұратын 
мейоз бастапқы жасушаға қарағанда саны екі есе кем болатын төрт 
жасушаның пайда болуын қамтамасыз етеді. 
Мейоз жасушаның хромосомалар санының редукциясына
n

2
 негізделген бөліну. Мейоздың биологиялық маңызын 
ең алғаш рет А.Вейсман саралаған, ол мейоз барысында хро-
мосомалар санының редукцияға ұшырауы ұрпақтар арасында 
хромосомалардың тұрақтылығын сақтау деген болатын. Сонымен 
қатар мейоз комбинативтік өзгергіштікті қалыптастыруда маңызды 
орын алады, яғни əртүрлі биваленттер І нафазада бір-біріне байла-
ныссыз ажырайды, бұл ата-аналық хромосомалардың рекомбина-
циясына əкеледі. Мейозда гомогтық хромосомаларының редукция 
үрдісі жүреді. 
Əр ата-анадан келген гаплоидтық гаметалардың ядрода қосылуы 
гомологиялық хромосомаларды қалыптастырады, ал олар аллелдері 
бойынша ажыратылатын болса гетерогаметалардың түзілуіне 
əкеледі. 
Митоз бен мейозды салыстыру кестесінен жасушаның екі 
бөлінуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көруге болады 
(4-кесте). 
4-кесте
Митоз бен мейозды салыстыру
Кезең
Митоз
Мейоз
Интерфаза ДНҚ-ның 
синтезделуі, 
хромосомалардың екі 
еселенеуі
ДНҚ-ның синтезделуі, 
хромосомалардың екі 
еселенеуі
І профаза
Хромосомалардың 
тығыздалуы
Хромосомалардың 
тығыздалуы. Гомологты 
хромосомалардың 
коньюгациясы-биваленттердің 
түзілуі, хромосомалардың 
гомологты бөліктерінің 
алмасуы.

45
І метафаза  Хромосомалардың экватор 
жазықтығына орналасуы
Биваленттердің экватор 
жазықтығына орналасуы
І анафаза 
Жаңа түзілген хроматид-
тердің полюстерге таралуы
Гомологты хромосомалардың 
полюстерге таралуы. Əр 
биваленттерге жататын 
хромосомалардың тəуелсіз 
таралуы.
І телофаза 
Жасушаға ұқсас екі 
диплоидты ядролардың 
түзілуі
Гаплоидты ядролардың 
жасушада түзілуі (екі ядро)
ІІ профаза 
-
Хромосомалардың 
тығыздалуы
ІІ метафаза  -
Центромераның экватор 
жазықтығына орналасуы
ІІ анафаза 
-
Жаңа түзілген хроматидтердің 
əр полюстерге таралуы
ІІ телофаза  -
Төрт гаплоидты ядроның 
пайда болуы
2.4 Гаметогенез
Жануарлар мен өсімдіктердің жыныс жасушаларының 
түзілуі
Жыныс жасушаларының даму үрдісі гаметогенез деп атала-
ды. Аталық жыныста бұл үрдіс сперматогенез, ал аналық жыныс-
ты ағзаларда оогенез деп аталады. Гаметогенез барысында жыныс 
жасушасы көбею, өсу, жетілу жəне қалыптасу сатыларынан өтеді. 
Сомалық жасушалардағы екі еселенген диплоидты хромосома-
лар санымен салыстырғанда, жетілген жыныс жасушаларда – га-
металарда олардың гаплоидты саны болады. Аталық жəне аналық 
жыныс жасушаларының ұрықтануы нəтижесінде жұмыртқа жа-
сушасы хромосомалардың толық жиынтығын алады, олардың бір 
жартысы (шығу тегі бойынша) – аналық жасушаның хромосома-
лары да, екінші жартысы – аталық жасушаның хромосомалары. 
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының бірінші бөлінуінің өзінде  əр 
хромосоманың екі еселену үрдісі жүреді. Келесі бөлінулер де дəл 
осылай болады. Сонымен дамушы ағзаның барлық жасушаларында 

46
екі еселенген хромосомалар саны сақталады. Тіпті кейінірек гапло-
идты хромосомалары бар жетілген жыныс жасушалары – гаметалар 
дамитын алғашқы жыныс жасушаларында да хромосомалар саны 
дəл осылай диплоидты болады. Хромосомалар санының азаюы жы-
ныс жасушаларының жетілу үдерісі – оогенезде  жəне сперматоге-
незде  жүреді. 
Эмбрионалдық ұрық жасушасының бірнеше есе бөлінуі 
нəтижесінде одан сомалық та, сол сияқты алғашқы жыныс жасу-
шалары да пайда бола алады. Алғашқы жыныс жасушалары ба-
сында едəуір интенсивті түрде көбейеді жəне сперматоогоний мен 
оогонидің 
гоонийдилік жасушаларын түзеді. Гонийдийлік 
жасушалардың немесе аналық жəне аталық жыныс жасушаларының 
бастапқы даму стадиялары ұқсас болып келеді.  Бұл кезеңді жы-
ныс жасушаларының көбею кезеңі деп атайды жəне бұл көбею 
кəдімгі митоздық жолмен жүреді. Одан соң бөліну тоқталады, 
жасушалардың көлемдері ұлғаяды. Жасуша дамуының бұл кезеңін 
өсу кезеңі деп атайды. 
Сперматогенез жəне оогенез үрдістерінің сызбанұсқасы 5-сурет-
те көрсетілген. 
Тұқым жолында сперматагонилар, ал аналық безінде өсу кезеңі 
аяқталғаннан кейін бірінші қатарлы сперматоциттар мен бірінші 
қатарлы ооциттерге айналады. 
Өскен аталық жасушаларды бірінші қатардың сперматоцит-
тері (І сперматоцит), ал аналық жасушаларды бірінші 
қатардың  ооциттері (І ооцит) деп атайды. Одан əрі аталық жəне 
аналық жыныс жасушаларының түзілуінде мүлде өзгешелік 
болмайды.   
Бірінші сперматоциттерде хромосомалардың диплоидты 
жиынтығы болады. Одан соң І сперматоциттер жетілу фазасы-
на кіріседі жəне екінші қатардың сперматоциттік (ІІ сперматоцит) 
екі бөлінуі жүреді. Екінші сперматоциттердің хромосомалар саны 
тіпті екі есе кем гаплоидты жиынтық  болып шығады. Екінші 
сперматоциттер тағы да бөлінеді, нəтижесінде əрқайсысында га-
плоидты хромосомалар жиынтығы бар екі сперматоциттер пай-
да болады. Сонымен, мейоздық екі бөлінудің нəтижесінде бірінші 
сперматоциттердің əрқайсысында төрт гаплоидты сперматоциттер 
пайда болады.
Сперматидтердің одан əрі сперматозоидтарға айналу үрдерісін 
спермиогенез деп атайды.

47
5-сурет. Сперматогенез жəне оогенез
Сперматогенезде өткен фазалар, негізінде оогенезде де жүреді, 
бірақ біршама өзгешеліктері болады. Мысалы, І сперматоциттен 
айырмашылығы І ооциттің өсу стадиясы айқын көрінеді. І ооциттің 
көлемдері екі жасушаға бірдей емес: бір үлкен (екінші ооцит) – ке-
лешек жұмыртқа жасушаға жəне бір кіші – бірінші редукциялық не-
месе полярлы денешікке бөлінеді.
Бұл бөлінуде хромосомалар санының редукциясы жүреді, 
жəне түзілген екі ооцитте де гаплоидты жиынтық болады. Сонан 
соң екінші бөліну жүреді: нəтижесінде іріректеу жұмыртқа жасу-
шасы жəне екінші редукциялық денешік пайда болады. Бірінші 
редукциялық денешік те екі жасушаға бөлінеді. Оогенез нəтижесінде 
бірінші ооциттен жетілген бір жұмыртқа жасушасы жəне аналық 
гаметалардың функциясын атқаруға жарамсыз үш редукциялық 
денешіктер пайда болады да, соңында олар өліп қалады. Соны-
мен, аталған өзгешеліктерге қарамастан сперматогенез бен оогенез 
үдерістерінде өте ұқсастықтар байқалады. Бұлардың ең бастысы 
хромосомалар санының екі есе кемуі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің мейозы үдерісі кезінде пайда 
болатын аталық жəне аналық жыныс жасушаларын микроспоралар 
жəне мегаспоролар деп атайды. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер-

48
дегі тозаң түтігі, сол сияқты тұқым бүрінің ұрық қалтасы жыныс 
жасушалары емес, қатты редукцияға ұшыраған гаметофит болып 
табылады. Жануарлардағы жыныс жасушаларына өсімдіктердің 
ұрық қалтасындағы жұмыртқа жасушасы жəне тозаң түтігіндегі 
генеративтік ядро сəйкес келеді. Бұл жағдайда хромосомалардың 
редукциясы тұқым бүріндегі аналық гаметофиттердің жəне тозаң-
дықтағы аталық гаметофиттердің пайда болуы кезінде өтеді.
Сонымен гаметофиттік ұрпақ гаплоидты болып шығады. 
Нəтижесінде өсімдіктердің жыныс жасушаларында хромо 
со 
ма-
лардың тек жартысы ғана, яғни гаплоидты жиынтығы болады. 
Ұрықтану үдерісінде гаметалардың қосылуынан зигота түзіледі де, 
ол бөлшектеніп одан əрі қарай дамиды.
Өсімдіктер мен жануарлардың жынысты жəне жыныссыз көбею 
үдерісі кезінде жасушаның бөлінуі, жыныс жасушаларының дамуы 
жəне ұрықтануы ұрпақтар арасындағы материалдық жалғастықты 
қамтамасыз етеді.
Ұрықтану – аналық жəне аталық гаметалардың гаплоидты хро-
мосомалар жиынтығының қосылу үрдісі. Екі гаметаның ядролары 
пронуклеуске: сперматазоидтар – аталық, аналық жұмыртқаның 
ядросы – аналық пронуклеуске айналады. Пронуклеустердің 
қосылуы кариогамия деп аталады. Бұл кезде хромосоманң диплоид-
ты саны қалпына келеді, ал ұрықтаған жұмыртқа зигота деп атала-
ды. Бұдан кейін ағзаның жеке дамуы немесе онтогенез басталады. 
Біржасушалы зиготаның ары қарай дамып, көпжасушалы ұрыққа, 
одан соң ересек ағзаға айналуы митоз бен мейоздың нəтижесінде 
іске асады. Жыныстық жолмен көбейетін ағзалардың тіршілік айна-
лымы ұрпақтан-ұрпаққа осылайша қайталана береді. 
Ұрықтану негізіне жынысты көбею жəне ата-анасынан ұрпағына 
тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген 
өсімдіктерге де тəн. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар да-
митын жыныс мүшелерінің түзілуі (гаметангий) əсер етеді. Кейде 
бұл үрдісті жыныс үрдісі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бакте-
рияларда, көк жасыл балдырларда жəне саңырауқұлақтарда болмай-
ды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс үрдісі əр алуан. Кейбір 
жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ, екі бір ағзалардың 
қосылуы нəтижесінде жүзеге асады, оны гологамия деп атайды. 
Пішіні мен көлемі бірдей талшығы бар гаметалардың қосылуы изо-
гамия деп аталады. Бұл көптеген балдырларға тəн. Бір жасушалы 
балдырлар мысалы, хламидомонадалар өздері гамета түзе отырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет