Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу
мүмкіндіктеріне қоғамның қарым-қатынас үлгілері
Инклюзивтік білім беру саласындағы жетекші маман Н.Н. Малофеевпен
[12]
, әдебиеттерге және дереккөздеріне жүргізілген талдаулар негізінде,
Ресейдегі және шетелдегі инклюзивтік білім беруді дамытудың мерзімдік
өлшемдері анықталды, өткен тарихи жағдайлардың ортақтығына байланысты,
оларды Қазақстан Республикасына да толығымен жатқызуға болады. Бұндай
өлшемдерге жататыны: қоғам мен білім беру жүйесінің құндылықтар
бағыттарының динамикасы, білім беру ұйымдарының және қажеттіліктері
ерекше оқушылар санатының саны, инклюзивтік білім беру жүйесіндегі сапалы
өзгерістер. Көрсетілген өлшемдерді пайдалану Н.Н. Малофеевке келесі
мерзімдерді бөлуге мүмкіндік берді: 1 саты – білім беру жүйесіндегі
құндылықтар бағыттарының динамикасы; 2 саты – арнайы білім беру жүйесін
қалыптастыру; 3 саты – халықаралық заңды жетілдіру; 4 саты – интеграциялық
үдерісті дамыту, арнайы білім беру жүйесінің дағдарысы;
5 саты – инклюзивтік білім берудің туындауы.
Осы сатыларды сараптай келіп, атақты ресейлік ғалым бірінші және екінші
мерзім бойына біртіндеп соқырлар мен саңырауларды оқытуды
ұйымдастырудың бастамасы қалыптасады, алғашқы арнайы мектептерді құру
талпынысы мүгедектерге қарым-қатынас жасау эволюциясының үшінші
мерзіміне келеді деп пайымдайды. Төртінші мерзім арнайы білім беру жүйесін
қарқынды күшейту мен саралауға сәйкес келеді. Н.Н. Малофеев тура осы
сатыда арнайы білім берудің ұлттық жүйелері өзінің құрылымдық кемеліне
және мұқтаждарды барынша көп қамтуға жетеді деп көрсетеді. Арнайы білім
беруді дамыту және жетілдіру адам құқығын түсінудің жаңа мәнінде
жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырылады.
Н.Н. Малофеевтің ойынша [3], түлектерге берілетін академиялық білім мен
еңбек дағдыларының жоғары деңгейін арнайы білім берудегі советтік жүйенің
басты жетістігі деп санауға болады. Көрулерінде, естулерінде, тілдерінде
кемістіктері бар көптеген жастар арнайы мектепті бітіргеннен кейін ООО мен
ЖОО табысты түсті. Полиомиелиті немесе балалар ми параличінің салдары бар
жастардың жоғары білім алып, диссертация қорғаған жағдайлары да белгілі.
Қосымша мектептің түлектері (ақыл-естері кемдер), әдетте, мектепте алған
мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылатын.
Инклюзивтік білім беру жүйесін дамытуда Н.Н. Малофеев бөлген
эволюцияның бесінші мерзімі мейлінше маңызды болып көрінеді, ол арнайы
(түзету) білім беру ұйымдарының желісін дамытумен, арнайы білім берудің
ұйымдастыру негіздерін қайта құрумен, біріктіруді қарқынды енгізумен,
әлемдік және еуропалық қауымдастықтың азшылық құқығын жаңаша
түсінуімен, жаңа мәдени ереже – адамдар арасындағы айырмашылықтарға
құрметпен қарауды - қалыптастырумен қатар келеді.
Сонымен, арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасуында
Н.Н. Малофеев барлық елдер үшін ортақ үш сатыны бөледі:
16
0 –
бастаманың және алғышарттардың қалыптасуы,
I –
арнайы білім беру ұйымдарын өрістету және жүйелерді заңды түрде
рәсімдеу,
II –
жүйені дамыту және саралау,
III –
арнайы ұйымдарды қысқарту және арнайы білім беру жүйесінің жаңа
ұйымдастыру негіздерін құру.
Білім берудегі инклюзивтік түрдің артықшылығы жарияланады:
мүгедектер «арнайы білім алу қажеттіліктері» бар адамдар ретінде қарастырыла
бастайды. Жаңғырған көзқарасқа сәйкес, оқушының даму деңгейі мектептің
оған қоятын талаптарына сай келуі тиіс емес, жалпыға білім беру жүйесі, әр
оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін,
икемділікпен және түрленуімен ерекшеленуі тиіс. Сонымен, бірге оқытудың
қазырғы заманғы жаңа түрі – «инклюзивтік білім беру» пайда болды, ол даму
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім беру жүйесіне барынша
көптеп енгізу үшін жағдай жасауға бағытталған.
Инклюзивтік білім беру «қалыптандыру» тұжырымдамасына сүйенеді,
оның негізінде келесі жағдайлар туралы ойлар жатыр: даму мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың өмірі мен тұрмысы өздері өмір сүріп жатқан қоғамның
тұрмыс салты мен жағдайына мейлінше жақын болуы керек. Балаларға
қатысты бұл келесілерді білдіреді:
1. Даму мүмкіндіктері шектеулі баланың жалпыға ортақ қажеттіліктері
бар, соның ішіндегі бастысы — сүйіспеншілікке және дамуға ынталандыратын
жағдайға деген қажеттілік.
2.
Бала қалыпты өмірге барынша жақын келетін жағдайда өмір сүруі
керек.
3. Бала үшін ең жақсы жер – өзінің туған үйі, және жергілікті үкіметтің
міндеті – даму мүмкіндіктері шектеулі баланың өз үйінде тәрбиеленуіне ықпал
жасау.
4. Барлық балалар оқи алады, демек, дамуындағы ауытқулардың
қаншалықты ауыр болуына қарамастан, олардың бәріне білім алуға мүмкіндік
берілуі тиіс.
Білім берудегі инклюзивтік амалды жүзеге асыру арқылы өмір сүру
сапасын жақсарту келесілерді білдіреді:
-
бала мен ата-ана арасындағы байланыстарды сақтау және балаға өз
отбасының күнделікті тыныс-тіршілігіне толық араласуына мүмкіндік беру;
-
келешекте еңбек нарығында бәсекеге жарамды және әлеуметтік жинақы
болуға мүмкіндік беретін сапалы білім алуды;
-
қатарларымен және ересектермен әлеуметтік әрекет етудің оң
тәжірибесін игеруді;
-
қоғамдастықта әлеуметтік осал топқа жататын балалар мен ересектерге
қолдау көрсету бойынша әлеуметтік дағдылар қалыптастыруды, бұл барлық
қоғамды мейлінше орнықты және біртұтас етеді.
Жаңа типтегі инклюзивтік білім беру жүйесінің негізгі сипаттамасына
келесілерді жатқызуға болады:
17
–
білім беру ұйымының нысаны және оқу орнының түрін еркін таңдауды;
–
аралас түрдегі білім беру ұйымдарын құру, онда даму мүмкіндіктері
әртүрлі этиологияда шектелген балалар бірге оқи алады, соның ішінде
қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен де;
–
арнайы және қалыпты білім беру арасындағы шекараның өтімділігін
қамтамасыз ететін, арнайы және жалпы білім берудің әрекеттесулерінің жаңа
механизмі.
Әлеуметтік-философиялық мағынадағы инклюзивтік білім беру қалыпты
балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалардың бірігіп өмір сүру түрін
білдіреді, оны қоғам және білім беру институттарының жүйелері қолдап,
дамытып отыр. Бұл мәндегі инклюзивтік білім беру - әр бір оқушының білім
алу түрін, орынын және тілін таңдау құқығы, білім беру ұйымында
мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуы мен дамуы үшін қажетті
жағдайлар жасау және оларды жалпыға білім беру ұйымының оқу үдерісіне
толық енгізу реттерінде қарастырылады. Инклюзивтік білім беру барлық
оқушыларға балабақша, мектеп, институт ұжымдарының өміріне толық
көлемде қатысуға мүмкіндік береді, ол барлық оқушылардың тең құқықтарын
қамтамасыз етуге және олардың ұжым мен қоғам өміріне қатысуларын
ынталандыруға қабілетті.
Инклюзивтік білім беру негізінде келесі ережелер жатыр:
1. Барлық адамдардың құқықтық теңдіктерінің қағидасы (олардың жеке
қасиеттерін сақтаумен қатар ерекшеліктерін де ескеріп).
2. Кемсітушіліктің кез-келген түрін болдырмау, демек, мүмкіндіктері
шектеулі тұлғалардың білім алуға және әлеуметтік өмірге қатысуға байланысты
кез-келген құқығын шектеуді.
3. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік - қоғамдық өмірдің
барлық салаларындағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырудағы ерекше
құқықтарын мойындау, жекелегенде, білім алу (білім берудің арнайы
жағдайлары, әлеуметтік инфроқұрылымдарға қолжетімділік және басқалар).
4. Мүмкіндіктері шектеулі баланың табысты әлеуметтенуі үшін барлық
қажетті жағдайды жасаудағы қоғамның міндеттері.
5. Барлық балаларды жалпыға білім беретін мектептерге және мектепке
дейінгі ұйымдарға қабылдау мүмкіндігі.
Инклюзивтік білім беру Англиялық зерттеушілермен келесі түрде
қабылданады:
Инклюзивтік білім беру әрбір жекелеген оқушының мектептің
академиялық және әлеуметтік өміріне қатысу дәрежесін ұлғайту үдерісі болып
табылады, сонымен қатар оқушыларды мектеп ішінде өтетін барлық
үдерістерден оқшаулау дәрежесін төмендету үдерісі.
Инклюзивтік білім беру, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері бар
түрлі оқушыларды толық қабылдау үшін, мектептің мәдениетін, оның
тәртіптерін, ішкі ережелері мен тәжірибелерін қайта құруға шақырады.
Инклюзивтік білім беру тек мүмкіндіктері шектеулі балаларға ғана
емес, мектептің барлық оқушыларына тікелей қатысты.
18
Инклюзивтік білім беру мектепті тек оқушылар үшін ғана емес,
сонымен қатар мұғалімдер мен қызметкерлер үшін де жетілдіруге бағытталады.
Жекелеген оқушыларға білім беру ортасы мен үдерісіне жол беру
ниеті, шешімі жалпы және тұжырымды көзқарасты талап ететін мәселелерді
анықтауы мүмкін.
Әр баланың өз үйінің жанындағы мектепте білім алуға құқығы бар.
Балалардың саналуандығы мен бір-біріне ұқсамаулары шешуді қажет
ететін мәселе емес, білім беру үдерісінде пайдалануға болатын маңызды қор.
Инклюзивтік білім беру мектеп жұмыс жасайтын қоғам және мектеп
арасындағы достық қарым-қатынасқа негізделген жақын, тығыз байланысты
білдіреді.
Инклюзивтік білім берудің негізгі ойы - білім беру жүйесіне енуге бала
дайындалуға тиіс емес, кез-келген баланы енгізуге жүйенің өзі дайын болуы
тиіс дегенді меңзейді. Бұл инклюзивтік білім беру жалпыға білім беретін
мектептер мен балабақшаларға ашылған есік қана емес, сонымен қатар білім
беру нәтижесіне жауап беру екендігіне барлық мұғалімдер мен ата-аналардың
түсіністікпен қараулары керек дегенді де білдіреді. Оның сапасы ұсынылып
отырған білім беру қызметінің даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім
алу қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келуіне тікелей байланысты.
Инклюзивтік білім беру мүмкіндіктері шектеулі балалар жалпыға білім беру
стандарттары аясында берілетін білімді дамуы қалыпты балалармен бір
мезгілде меңгереді деп болжайтындықтан, бұндай көзқарас психофизикалық
даму деңгейі жасына сәйкес немесе соған жақын келетін балаларға ғана
қатысты болуы мүмкін. Н.Н. Малофеев[13] нұсқағандай, инклюзивті білім
беруді мектепке дейінгі кезеңде ұйымдастыру мейлінше тиімді. Білім беру
ұйымдары оларға дұрыс көңіл бөлуі үшін тиімді білім беру стратегияларын
іздеу, оларды одан әрі тәжірибеге енгізу үшін үлгілеу және сипаттау қажет.
ЮНЕСКО түсінігіндегі инклюзивтік көзқарас бұл:
мектеп жасындағы барлық балалардың білім беру үдерісіне белсене
қатысулары,
барлық балалардың мектепте сапалы білім алуға тең мүмкіндіктері,
барлық балалар үшін, олардың ерекшеліктеріне қарамастан, бірге оқу
мүмкіндігі,
балалар үшін бірге өмір сүруді үйрену мүмкіндігі,
инклюзивтік қоғам мен оның әл-ауқатын дамыту үшін негіз [17].
Сонымен, инклюзивтік көзқарас балалардың әртүрлі білім алу
қажеттіліктерін түсінеді және осы қажеттіліктерге сәйкес білім беру үдерісіне
толық қатысу бойынша қызмет көрсету, қоғам назарын аудару, білім берудегі
бөлектеу мен кемсітуді жою дегенді меңзейді. Қалыпты оқушылар үшін
инклюзивтік білім беру инклюзивтік сынып пен қалыпты сынып арасындағы
еркін таңдауды білдіреді, алғашқы нұсқаны таңдаған жағдайда – ол үшін білім
беру стандартында қарастырылған сапа мен қарқынды қамтамасыз етуді,
оқушының инклюзивтік білім берудің бекітілген әлеуметтік ережелері мен
тәртіптерін қабылдауы мен сақтауын білдіреді. Осы жағдайда «инклюзивтік
19
білім беруге» ауысу жүзеге асырылады, демек балалар арасындағы
айырмашылықтар бірін-бірі толықтырудың қоры ретінде қаралатын әлеуметтік
қарым-қатынас түріне ауысу [14].
Инклюзивтік амалдың артықшылықтары айқын:
Мүмкіндіктері шектеулі оқушының әлеуметтенуі үшін мейлінше
қолайлы жағдайлар жасалады.
Әртүрлі ауытқулары бар балалардың сабақта және сабақтан тыс уақытта
барынша тығыз араласуларына мүмкіндік жасалады.
Мұғалімдердің білімдері жетілдіріледі.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары жасалады
және қабылданады.
Арнайы (түзету) ұйымдармен, әлеуметтік және медициналық
мекемелермен ынтымақтастық орнатылады.
Инклюзивтік білім беруді дамыту әдіснамасының негізгі бағыттарының
арасында бөлінетіндері:
–
балалардың ерекшеліктеріне қарамастан олардың теңдігін қабылдауға
қоғамды дайындау; инклюзивтік білім берудің мақсаттарын, міндеттерін және
негізгі бағыттарын бұқаралық ақпарат құралдарында және білім беру
ұйымдарының веб-парақшаларында кеңінен тарату;
–
әр баланың қабілетін дамытуда кемшілікке бағытталған көзқарастан
оны қолдауға көшу;
–
барлық санаттағы оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтары
мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, мектептегі білім беру
мазмұнын түрлендіру;
–
әр баланың сапалы білім алуға тең қолжетімділілігін қамтамасыз ету
үшін ақпараттық технологияларды пайдалану және қашықтықтан білім беруді
жетілдіру;
–
педагог мамандарды инклюзивтік білім беру жағдайында жұмыс
жасауға дайындау [15].
Қоғамның ақпараттық дәуіріндегі инклюзивтік білім беру — бұл
болашаққа апарар шынайы жол, онда бәрі, әрқашан, өмір бойы, өзі үшін және
қоғам үшін оқи алады, алған білімдерінің негізінде планетадағы адамдардың
жаңа өмір сапасын жасай алады. Сонымен қатар, Н.Н. Малофеев [3] және оның
ізбасарлары инклюзия, қазырғы білім беру жүйесін жетілдірудің жетекші үрдісі
бола тұрып, арнайы білім беру жүйесін толық алмастыруға тиіс емес екендігіне
сенімді. Бұл басқа да дәстүрлі және инновациялы түрлермен қатар жүретін
түрлердің бірі ғана. Кіріктіре білім беру арнайы білім беруге қарсы
қойылмайды, оның бір түрі ретінде ғана жүреді. Интеграция/инклюзия —
арнайы педагогиканың «баласы», себебі жалпыға білім беру ортасына
«енгізілген» мүгедек бала оның бақылауында болады: ол не жалпыға білім беру
ұйымының жанындағы арнайы сыныпта (топта) оқиды, мектепке дейінгі
аралас топта тәрбиеленеді, не қалыпты сыныпта (топта) оқып, міндетті түрде
түзету көмегін алады. Интеграция/инклюзия жалпы және арнайы білім беру
жүйелерін, олардың араларындағы шекараны өтімді ете отырып,
20
жақындастырады. Мүгедек баланың өзінің білім алу құқығын білім беру
ұйымының кез-келген түрінде жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы тиіс және бұл
кезде өзіне қажетті педагогикалық-түзету көмегін алуы керек. Бұл кезде
инклюзивтік білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарына келесілер жатады:
Мүмкіндіктері алуан түрлі барлық балаларды, олардың бойларында
ауытқушылықтары болмаған жағдайда қатысуға болатын, білім беру
ұйымдарына енгізу мүмкіндіктері.
Білім беру ұйымында оқитын мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны
білім беру ұйымы орналасқан мөлтекауданның немесе ауданның барлық
балаларының санына тең келеді.
Балаларды қандай да бір белгі бойынша бөлудің, сұрыптаудың орын
алмауы, керісінше, бәрін бірге оқыту.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар өздерінің жастарына сәйкес келетін
топтарда (сыныптарда), демек қатарларымен бірге тәрбиеленеді және
оқытылады.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеу
үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз ету.
Н.Н. Малофеевтің ойынша [3], жаңа заманның педагогикалық жүйесі даму
мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне қоғамның
қарым-қатынасының өзгеруіне қарай, қоғамның мүгедектерге деген бұрынғы
қарым-қатынасына бағытталған алдыңғы білім беру жүйесін мойындамау
ретінде пайда болады. Арнай білім берудің ұлттық жүйелерінің қазырғы
заманғы барлық даму үрдістерінің тереңде жатқан әлеуметтік-мәдени
тамырлары мен белгілі «тарихи жасы» бар. Инклюзивтік білім беру Қазақстан
Республикасы үшін жаңа жүйе екенін атап өткен дұрыс болады, бұнда
оқушылар мен мұғалімдер ортақ мақсатта жұмыс жасайды — барлық
балаларға бөлмей қолжетімді және сапалы білім береді. Қазырғы заманғы
педагогикадағы интеграция үдерісінің дамуына білім берудің адам мен
қоғамның дамуы үшін жағдай жасайтын әлеуметтік орта ретіндегі жаңа
құндылықтарды мойындауы үлкен әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі
маңызды өзгерулер білім беру жүйесінің реформалануы мен қайта құрылуының
қарқынды үдерісіне бастама болады:
-
оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі, өктем түрінен гуманистік, тұлғаға
бағытталған түріне ауысу,
-
білім беру жүйесінде даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың негізгі
құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға бағытталған әлеуметтік жағдайлар,
оларды қоршаған ортаның түрлі байланыстары мен қарым-қатынастарына және
дендері сау қатарларымен біріге әрекет ету үдерісіне енгізу белсенді түрде дами
бастайды,
-
әр адамның тұлғалық қасиетін бірегей және қайталанбас құндылық
ретінде қабылдауды бейнелейтін педагогикалық жаңа ойлау барған сайын
орныға бастайды,
21
-
психофизикалық бұзылулар адамның сезуге, уайымдауға, әлеуметтік
тәжірибені меңгеруге қабілеттілігін жоққа шығара алмайтындығы мейлінше
терең мойындалады,
-
қоғам біртіндеп адамзаттың парызы - әрбір адамның дамуы үшін
жағдайлар жасау - деген ойға келе бастайды, оның негізгісі, өзінің барлық
мүшелеріне өмірден өзінің орынын табуға және қоғамның толыққанды мүшесі
болуға мүмкіндік беретін, сапалы білім беру болып табылады. Бұл қоғам мен
мемлекеттің мүмкіндіктері шектеулі балаларға қарым-қатынастарын өзгертуге
алып келді,
бұл олардың қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен тең
жағдайда білім алу құқықтарын қамтамасыз етуге сайып келеді.
Қазақстан Республикасы үшін мүмкіндіктері шектеулі балалар дәстүрлі
білім беру жүйесінде арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде, үйде немесе
арнайы мектеп-интернаттарда білім алды. Елімізде арнай білім беру
ұйымдарының (арнайы (түзету) мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдары,
оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және
басқалар) желісі қалыптасқанына қарамастан, Республикада соңғы онжылдықта
объективті және субъективті себептермен қоғамның мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларға қарым-қатынасы мейлінше өзгерді. Психофизикалық бұзылулар
адамның сезуге, уайымдауға, әлеуметтік тәжірибені меңгеруге қабілеттілігін
жоққа шығара алмайтындығы мейлінше терең мойындалады.
Әр баланың даму үшін білім алуға деген жеке қажеттілігі мен қабілетін
ескеретін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі түсіністік тапты. Келесі ұстаным
қалыптасады: әр балаға ол бойындағы кемшілікке байланыты нені атқара
алмайды деген тұрғыдан емес, ол бойындағы кемшілікке қарамастан не істей
алады деген тұрғыдан қарау.
Сонымен, Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бері
білім алу қажеттіліктері ерекше балалардың сапалы білім алуларын қамтамасыз
ету бағытындағы елеулі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кең таралған арнайы
(түзету), интернаттық оқу ұйымдарының орындарына жаңа, әлемнің көптеген
жетекші елдерінде қолдау тапқан, әр балаға қажетті барлық жағдайларды жасай
отырып, оның тұрғылықты орнындағы жалпыға білім беру мекмесінде білім
алу құқығын қамтамасыз ететін, білім берудің инклюзивтік түрі келді.
Қазақстан Республикасында білім берудің бұл түрі негізінен 90-шы жылдары
тарала бастады, әсіресе – мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім
беру үдерісіне енгізудің мемлекеттік жүйесін жасау бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын ұйымдастырған түрлі халықаралық ұйымдардың қолдауымен,
профессор, п.ғ.д. Р. А. Сүлейменованың бастамасымен. Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізудің өзекті мәселелерін анықтау
осы шаралардың нәтижесі болып табылады. 2000 жылдан бастап Қазақстан
Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты жаңа білім беру
саясаты қалыптаса бастады, балаларды әлеуметтендірудің, тәрбиелеудің,
оқытудың, әлеуметтік қолдау көрсету мен бейімдеудің тиімді жолдары белсенді
түрде қарастырылуда. Арнайы білім беру саласына, балаларды дендері сау
қатарларының білім алу ортасына кіріктіру бойынша, инновациялық үдерістер
22
кеңінен енгізіле бастады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік
бейімдеу және қоғамға кіріктіру үшін тиімді жағдайлар жасаудағы
инновациялық бағыттарды үйрену жұмыстары жетілдіруде. [16].
Арнайы психологияның және түзету педагогикасының теориясы мен
практикасын дамыту үшін арнайы білім беру жүйелерінің әлеуметтік-мәдени
қалыптасуының негізін білу және түсіну қажет, ол арнайы білім берудің
әдіснамалық негіздерін, философиялық постулаттарын, және оның көздейтін
мақсаттарын қайта-қайта сараптауға және қайта қарауға мәжбүр етеді. Бұл
білім отандық тәжірибені, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім
берудің қазырғы заманғы шетелдік үлгілерін, әлеуметтік-мәдени алғышарттар
мен «тарихи жасты» ескермей, тікелей көшіріп алуға байланысты әдіснамалық
қателіктерден қорғап қалуға қабілетті.
23
|