Білім беру үдерісін жобалау
Дамулары ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру түзете-
дамыту жұмыстарының түрлеріне өзгерістер енгізуді меңзейді. Көптеген
балаларға қозғалыс қиындықтары, қозғалыстың баяулығы, жұмыс жасау
қабілетінің төмендігі тән, бұл білім беруді жоспарлауға өзгерістер енгізуді
талап етеді. Ең алдымен, кіріктірілген сыныптарда (мектептерде) түзете-білім
беру жұмыстарының түрлі үлгілерін түрлендіруді қарастыру орынды: жеке,
топшада және жаппай. Топшаларды жиынтықтау және түзете-дамыту
сабақтарының ұзақтығы балалардың жастарына, жеке ерекшеліктеріне
байланысты және алға қойылған міндеттермен, даму деңгейлерімен,
бұзылулардың ауырлығымен және оқушылардың жастарымен анықталады.
Білім берудің мейлінше тиімді әдістері мен тәсілдері білім алу қажеттіліктері
ерекше балалардың мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады: көрнекілік,
тәжірибелік, сөздік. Әдістер мен тәсілдерді тиімді таңдау мәселесі әрбір
нақтылы жағдайда мұғаліммен жеке шешіледі. Сабақ барысында талдағыштар
саны қаншалықты көп болса, білімнің толығырақ және мықтырақ болатынын
есте сақтаған жөн. Балама әдістерді таңдау білім беру үдерісінің тиімділілігіне
38
ықпал етеді. Балалардың көңілдері, олардың психологиялық күйлері нақтылы
жағдайларда сабақтардың әдістерін, тәсілдерін және құрылымын түрлендірудің
себебі бола алады.
Мұғалімнің балалармен жақсы, түсінікті қарым-қатынас жасауы үйрету
мен білім беруде өте маңызды.
Мұғалімдер тырысулары керек:
қарапайым, түсінікті тілде сөйлеуге, оқу материалдарын қисынды және
ретімен жеткізуге;
ыммен сөйлесу әдістерін білуге және дұрыс қолдануға, қимыл тілін
түсінуге, түрдің, дауыстың өзгеруін түсінуге және т.б.;
қарым-қатынастың бақылау, бағалау түрлерінен гөрі көбіне құптау,
қолдау түрлерін пайдалануға;
сөйлей алмайтын, нашар естейтін немесе басқа тілде сөйлейтін
қажеттіліктері ерекше балаларға көмек көрсету үшін қарым-қатынас
жасау әдістерін таңдауда икемді болуға;
қарым-қатынас барысында балалардың шаршап қалмаулары үшін үнемі
үзілістер жасап тұруға;
оқу материалының мейлінше естіп-көруге қолжетімді (аудиовизуалды)
болуын қадағалау [24].
Қажеттіліктері ерекше балаларға деген
оң қарым-қатынас қалыптастыру
Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру кеңістігінде
тәрбиелеу және оқыту мәселесі түсіністік пен икемділікті қажет етеді, себебі
дамуларында ауытқулары бар балалардың бәрі бірдей дендері сау
қатарларының ортасына жеңіл бейімделе бермейді. Зерттеушілердің айтулары
бойынша [16], қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне
тиімді енгізудің маңызды шарттарының бірі – мұғалімдердің де,
сыныптастардың да, ата-аналардың да жалпы оң икемделулері болып
табылады. Егер мұғалім «ерекше балаға» «қалыпты балаға» жасағандай қарым
–
қатынас жасаса, бұл «ерекше баланың» сыныптастарына да беріледі. Бұл
кезде қандай да бір қиындықтары бар балаға сыныптастары қолдарынан келген
көмектерін береді, сонымен қатар арнайы архитектуралық қондырғылар мен
құрылғыларға да түсіністікпен, күтіммен қарап, олардың ұзақ уақыт қызымет
етулеріне жағдай жасайды. Осыған байланысты, мұғалімдердің алдында
«қалыпты балалардың» ата-аналарын қажеттіліктері ерекше балаларды дұрыс
қабылдауға дайындау міндеті тұрады. Балаларда адамдармен, олардың
ерекшеліктеріне қарамастан, дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін
тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ата-аналармен мақсатты
жұмыстар жүргізу қажет. Ата-аналарды қайта тәрбиелеу мүмкін еместігі,
әрине, түсінікті, дегенмен де, біріккен және арнайы ұйымдастырылған
жұмыстардың нәтижесінде, олардың қажеттіліктері ерекше балаларға қатысты
іс-әрекеттерін реттеуге, қарым-қатынастарын өзгертуге әбден болады. Бұл
39
үшін мұғалім инклюзивтік білім беру негізін түсіндіретін және балаларды бірге
оқытудың оң жақтарын ашатын кеңес беру жұмыстарын үнемі өткізіп тұруы
керек. Ата-аналардың балаларды бірге оқыту алдындағы үрейлерін жоққа
шығару және олардың бірге табысты еңбек етуге деген ниеттерін ынталандыру
қажет. Бұл әрекеттесудің негізінде төмендегілерді білдіретін адамгершілік ой-
сана жатуы тиіс:
бірге әрекет ету және қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру барысында
әрекеттесушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін анықтау және ескеру;
ата-аналар мен балалардың жақсы жақтарына сүйену;
ата-аналардың сенімдері;
ата-аналарды бала тәрбиесіндегі өздерінің ниеттестері, мүдделестері
ретінде қабылдау;
отбасымен, ата-аналармен, баламен жұмыс жасауға, пайда болған
қиындықтарды шешуге сеніммен қарау;
баланың тағдырына, отбасының мәселелеріне жанашырлықпен қарау,
баланың және отбасының мүдделерін қоғау, түрлі мәселелерді шешуге
көмектесу;
ата-аналардың «ерекше балаларға» құрметпен, мейірімділкпен,
адамгершілікпен қарауларын қалыптастыруға ықпал ету.
Мұғалімдер шыдамды, дәйекті, тыңдай білетін, әр баланы жеке оқыту
түріне құрметпен қарайтын болулары керек. Бұлармен қатар оларға
төмендегілер де қажет:
балалардың сабақты қабылдауларының әртүрлі болатынын мойындау,
сабақты осыған байланысты жоспарлау;
бекітілген сабақ жоспарынан гөрі жағдайға қарай әрекет етуді жоспарлау;
балаларды сабаққа толық қатыстыру және оқу үдерісін тиімді ету
мақсатында, ата-аналармен ынтымақтасу;
сыныптағы барлық балалармен қатар, жекелеген балалардың да
сұраныстарына шығармашылықпен және икемді жауап беру;
әр сыныптағы оқушылардың белгілі бір бөлігі сабақ оқуда
қиыналатындарын білуі керек.
Бұл кезде сабақ берудің келесі әдісін – балаға бағытталған белсенді
әдістерді қолдану. Бұл әдістер мыналар:
балаларға бірге оқуға, ойнауға және жауапкершілікті бөлісуге көмектесу;
білім алудағы қиындықтардың ауыртпалықтарын және дәрежесін
төмендету және бұл қиындықтардың дамуына жол бермеу;
тәртіп мәселелерін шешу;
күнделікті өмірде қолданылатын дағдыларды сабақ жоспарына енгізу;
сабақты қызғылықты етіп құру;
өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру;
балалардың қызығушылықтарын тудыру және оларға өз шамаларына
қарай оқуға мүмкіндік беру үшін, білім беру әдістерін және сабақ
жылдамдығын түрлендіріп отыру;
сыныптағы қарым-қатынасты жақсарту;
40
мұғалімге өз біліктілігін жетілдіруге көмектесу.
Қажеттіліктері ерекше баланың жеке білім беру бағыты, оны
қатарларының ұжымына ересек адамның көмегімен біртіндеп қосуды білдіреді,
ол қажеттіліктері ерекше баларда бірыңғай балалар ұжымында әрекет ету
дағдысын қалыптастыру үшін, мұғалімнен жаңа психологиялық ұстанымды
талап етеді. Білім беру және тәрбиелеу үдерісі, қалыпты дамып келе жатқан
балалардың ортақ сұраныстарымен қатар, психикалық дамуының бұзылу
сипатына қарай қажеттілікетері ерекше болатын балалардың да жеке
сұраныстарын қанағаттандыратындай, дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана,
білім алу қажеттіліктері ерекше балалар өздерінің жасырын мүмкіндіктерін
жүзеге асыра алады. (Н.Н.Малофеев, О..И. Кукушкина. Е.Л Гончарова,
О.С.Никольская және басқалар).
Қажеттіліктері ерекше балаларға инклюзивтік білім берудің түрлі
нұсқаларын үлгілеудің қазырғы кезде қалыптасқын тәжірибесі және олардың
әрқайсысына әдеттегі жалпыға білім беру мектептерінде білім алудың тиімді
жағдайларын жасау, балалардың түрлі әлеуметтік топтармен бірігудің алуан
түрін игеруге және қарым-қатынас барысында қалыптасқан әлеуметтік-мәдени
талаптарға сәйкестенуге қабілетті дегенді білдіреді.
41
5
Кіріктіре оқыту тиімділігінің көрсеткіштері
Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне кіріктіру
тиімділігін бағалау үшін белгілі көрсеткіштерге бағытталу қажет, олар барлық
білім беру жүйесін, білім берудің түрлі деңгейлерін және жекелеген білім беру
ұйымдарын бағалауда да қолданулары мүмкін. Келесілер осындай көрсеткіштер
бола алады:
1.
Орта сапасы – инклюзивтік білім беру үшін барлық жағдай жасаған
жалпыға білім беру ұйымының жалпы санға шаққандағы үлесі. Бұл
көрсеткіштерге
кіретіндері:
кедергісіз
ортаның
сапа
көрсеткіші,
инфроқұрылымның, әлеуметтік және медициналық- психологиялық-
педагогикалық
қолдау
көрсетудің
қолжетімділілігі,
білім
беру
бағдарламаларының және бағалау жүйесінің бағыттылылығы, тең құқықтылық
жағдайы.
2.
Қамту сапасы – білім алу қажеттіліктері ерекше тұлғалардың жалпы
санына шаққандағы инклюзивтік білім берумен қамтылған тұлғалардың үлесі
(білім берудің түрлі деңгейлерінің және білім алу қажеттіліктері ерекше
тұлғалардың түрлі санатарының (мүмкіндіктері шектеулі адамдар, оралмандар,
жетімдер және басқа санаттар) кесіндісінде).
3.
Кіріктіру деңгейі – білім алу қажеттіліктері ерекше тұлғалардың немесе
олардың өкілетті уәкілдерінің білім беру сапасымен қанағаттану деңгейлерін
және олардың жалпыға білім беру ұйымдарына мұқтаждық деңгейін өлшеу.
4.
Қолайлылық деңгейі – бағытталған, қолайлы білім беру кеңістігін құру,
кемсітуді, шеттетуді болдырмау, білім беру үдерісіне қатысушылардың
араларындағы шиеленістің алдын-алу бойынша шаралардың тиімділілігі; қоғам
мен ата-аналар комитеті арасында бағалау мен мониторинг жүргізудің
ашықтығын қамтамасыз ету. Білім алу ортасының қолайлылығын анықтау
сұрау және сауалнама жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.
Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу
тиімділілігінің осы жалпы көрсеткіштерінен басқа, кіріктіре оқытуды
жүзеге асыратын нақтылы жалпыға білім беру ұйымындағы жұмыстың
тиімділілігін бағалаудың маңызы өте зор.
Бұндай көрсеткіштер бола алады:
-
Оқушылардың оқу үлгерімдері туралы мәліметтер. Сонымен,
оқушылардың оқу материалдарын табысты меңгерулері оқу үдерісінің
дидактикалық қамтамасыз етілуінің куәсі.
-
Психофизикалық даму деңгейлері әртүрлі балалардың тұлғааралық
қарым -қатынастары туралы мәліметтер. Мысалы, қажеттілігі ерекше
оқушының басқа балалармен тұрақты және ұзақ байланыста болуы, оның
сынып (мектеп) ұжымына табысты енуінің белгісі.
Келтірілген белгілер мен көрсеткіштер негізінде қажеттіліктері ерекше
балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу үлгілерінің тиімділілігін және
42
инклюзивтік білім беру міндеттерін жүзеге асырудың табыстылылығын
бағалауға болады.
Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу
деңгейін анықтаған кезде келесі өлшемдерге бағытталған жөн: көпсубъектілі
(мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, мекеменің қызметкерлері мен өкілдері),
нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, ведомствоаралық әрекеттесу,
әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қорлар, ақпараттық
қамтамасыз ету, ұйымдастыру - мазмұндық компонент (2 - кесте).
2 –
Кесте. Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне
енгізу деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері
Өлшемдер
Көрсеткіштер Деңгейлер
Ұйымдастыру жағдайлары
Көпсубъектілі
(
мұғалімдер,
ата-аналар,
оқушылар,
мекеменің
қызметкерлері
мен өкілдері)
-
Кіріктіре білім беру үдерісі
субъектлерінің төзімділіліктері
В – инклюзия үдерісіне
толығымен төзімділік
С – жекелей қабылдау, заңдық
–
құқықтық қарым-қатынас
негізіндегі құндылықтар
Н - қабылдамау
-
«Инклюзивтік білім беру»
бағыты бойынша қайта
даярлаудан өткен мұғалімдер
туралы мәліметтер банкін
қалыптастыру
В – мәліметтер банкі жыл
сайын жаңартылады
С - мәліметтер банкі
жаңартылмайды
Н - мәліметтер банкі жоқ
-
Инклюзивтік білім беру
мәселесі бойынша оқыту
семинарларын өткізу
В – үнемі өткізіледі
С – анда-санда өткізіледі
Н - өткізілмейді
Педагогикалық жағдайлар
Нормативтік-
құқықтық
қамтамасыз ету
-
Инклюзивтік білім беру
бойынша нормативтік
материалдардың болуы
В - бар
С – ақпараттардың аз көлемі
Н - жоқ
Ведомствоарал
ық әрекеттесу
-
Басқа ведомстволардың
ұйымдарымен және
мекемелерімен, қоғамдық
бірлестіктермен әрекеттесу
В – тығыз байланыс
С – болмашы байланыс
Н – байланыс жоқ
Әдістемелік
қамтамасыз ету
-
Анықтамалық – ақпараттық
басылымдармен, оқу-
әдістемелік құралдармен
қамтамасыз ету
В – толық қамтамасыз ету
С – ішінара қамтамасыз ету
Н – қамтамасыз етілмейді
43
-
Диагностикалық
құралдардың, арнайы түзету
әдістемесінің, мультимедиялық
оқулықтардың базасы
В –база үнемі жаңартылады
С - база жаңартылмайды
Н – мәліметтер базасы жоқ
Материалдық-
Техникалық
қорлар
-
Материалдық - техникалық
базаның жабдықталуы
В – толық жабдықталған
С - ішінара жабдықталған
Н - жабдықталмаған
Ақпараттық
қамтамасыз ету
-
Кіріктіре білім беру
мәселелері туралы
тұрғындарды ақпараттандыру
В – бұқаралық ақпарат
құралдарындағы (БАҚ) үнемі
шығатын басылымдар
С – эпизодтық басылымдар
Н – БАҚ басылымдар жоқ
Диагностика (анықтау)
Ұйымдастыру-
мазмұндық
компоненті
-
Қос деңгейлі анықтау
жүйесінің болуы (ПМПК -
қалалық / облыстық, мектеп
ішілік психологиялық-
медициналық-педагогикалық
консилиум)
В – жүйе толық көлемде
жұмыс жасайды
С – жүйенің бір компоненті
бар
Н – анықтау жүйесі жоқ
Дидактикалық жүйе
-
Медициналық -
психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсетудің болуы
В – мамандармен толық
жабдықталған қолдау көрсету
бар
С - мамандармен ішінара
жабдықталған қолдау көрсету
бар
Н – қолдау көрсету жоқ
-
Қажеттіліктері ерекше
балаларды білім беру үдерісіне
біртіндеп енгізу технологиясын
пайдалану
В – технологияларды меңгеру
С – технологияларды ішінара
пайдалану
Н – технологиялар
пайдаланылмайды
-
Білім беру
бағдарламаларының
вариативтік құрамы
В - түзету компонентін енгізу
С - түзету компонентін
ішнара енгізу
Н - түзету компоненті жоқ
-
Сабақтан тыс кіріктіруді
ұйымдастыру
В – шаралар жоспары толық,
қажеттіліктері ерекше
балаларды кіріктірудің
қазырғы заманғы талаптарына
44
жауап беретін
С – жоспар үстірт
Н – жоспар жоқ
-
сирек кездесетін арнайы
саладағы мамандармен
қосымша сабақтар
ұйымдастыру
В – сабақтар өткізіледі, сирек
мамандар штаты
жабдықталған
С – сабақтар өткізіледі,
мамандар штаты ішінара
жабдықталған
Н – мамандардың болмау
себептерінен сабақтар өтпейді
45
Қорытынды
Инклюзивтік білім беру – жалпы білім беруді жетілдіру үдерісі, ол даму
мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алу мүмкіндігін беру үшін, барлық
балалардың түрлі мұқтаждықтарына бейімделу арқылы, білім алуды қолжетімді
етуді білдіреді. Қазақстандық көрнекі дефектолог ғалым, профессор Р.А.
Сүлейменованың ойынша, инклюзивтік білім беру (inclusive–включающее,
inclusion –
включение) – бұл, баланың жеке мұқтаждықтарына әлеуметтік қолдау
көрсетумен және отбасының, түзету педагогикасының белсене араласуымен,
барлық балаларды, олардың даму кемшіліктеріне, жастарына, жыныстарына,
ұлтына, діни көзқарастарына қарамастан, білім беру үдерісіне қатыстыруға,
әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивтік білім беру –
бұл амал және философия, ол барлық балалар (дамуларында кемшіліктің болу
немесе болмауына қарамастан) әлеуметтік жағынан және білім алуда өзін –өзі
тануға мейлінше мол мүмкіндік алады дегенді меңзейді. Инклюзивтік білім
беру – бұл амал, бұнда балалардың әртүрліліктері ескеріледі, бұнда білім беру
мақсаттары, ұйымдастыру және педагогикалық жағдайлары, психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету және диагностика, барлық дидактикалық жүйе
қажеттіліктері ерекше балалардың мүмкіндіктерін ескереді және солардың
ерекшеліктері мен талаптарына қарай бейімделеді.
Инклюзивтік білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім
беру сыныбына немесе мектебіне қарапайым ауыстыруды білдірмейді,
шындығында, ол әр баланың өзінің қатарларымен және мұғалімдермен
қабылданғанын сезінуіне, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріліп,
мейлінше дамуына және орынды бағалануына ықпал етеді.
46
Әдебиеттер тізімі
1.
Назарова Н.М. Арнайы педагогикадағы интеграция түсінігі // Педагогика
мен білім беру ұғымдарының аппараты. – Екатеринбург, 1998. – Шығ. 3.
–
С. 264.
2.
Коркунов В.В., Брызгалова С.О. Арнай білім алу қажеттіліктері бар
баланы жалпыға білім беру ортасына енгізудегі арнайы білім берудің
қазырғы заманғы үлгісі //Арнайы білім беру. – №7 шығарылым. – 2006.
–
С.7-12.
3.
Малофеев Н.Н. Инклюзивтік білім беру мәселелері және денсаулық
мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын қорғау //Жаңа мектеп. -
12
сәуір 2011.
4.
Мустафина Л.Н.Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіріп
оқыту туралы мәселеге//Педагогиканың өзекті мәселелері: халықаралық
ғылыми конф. материалдары - Чита: «Жас ғалым» баспасы, 2011. — С.
164-166.
5.
Думбаев А.Е., Попова Т.В. Мүгедек, қоғам және құқық. - Алматы:
«Верена» ЖШС, 2006. – 180 с.
6.
Ярская-Смирнова Е. Р., Наберушкина Э. К. Мүгедектермен әлеуметтік
жұмыс.- Саратов: СМТУ, 2003.
7. Pfeiffer D.A Comment on the Social Model(s)//Disability Studies
Quarterly.2002./http://www.afb.org/dsq/articlesJitml/2002/Fall/dsq_2002_Fall
_24.html.
8. Campbell F. Disability As Inherently Negative? Legal Fictions and Battles
Concerning the Definitions of Disability // Disability With Attitude: Critical
Issues 20 Years After the International Year of Disabled Persons. Conference.
Sydney. February 2001. P. 1-11.
9. Hahn H. Toward a Politics of Disability: Definitions, Disciplines and Policies.
Unpublished paper. University of Southern California, 1994 //
http://www.independentliving.org/docs4/ hahn.html.
Обращение
к
ресурсу 17.11.2003.
10.
Тарасенко Е. Мүгедектік қалыптары (әлеуметтік саясаттың ұлттық
тұжырымдамаларын құру) // Денсаулық сақтау басқармасы.- 2003. - № 1. -
С. 51-62.
11. Garland-Thomson R. Integrating Disability, Transforming Feminist Theory. P.
1-20 // NWSA Journal (an official publication of the US National Women's
Studies Association), feminist Disability Studies.
Fall 2002. Vol. 14. № 3.
12.
Малофеев Н.Н., Шматко Н.Д. Кіріктіре оқытудың негізгі үлгілері//
Дефектология, 2008, №1. – С. 71-78.
13.
Малофеев Н.Н. Кіріктіру және арнайы білім беру мекемелері: өзгерістер
қажеттілігі/ Н.Н. Малофеев // Дефектология. – 2008. – № 2. – С. 86-93.
14.
Мовкебаева З.А., Оралканова И.О., Денисова И.А., Жакупова Д.С.
Инклюзивтік білім беру. Оқулық. - Алматы: ЖК «Сагаутдинова М.Ш.»,
2013. –
200 с.
47
15.
Инклюзивтік білім беру: білім беру саясаты мен жүйесін жетілдіру
мәселелері: халықаралық конф. материалдары, 19–20 маусым 2008 ж. –
СПб.: А.И. Герцен атындағы РМПУ баспасы, 2008. – 215 с. 1, с. 70
16.
Мовкебаева З.А., Оралканова И.О. Даму мүмкіндіктері шектеулі
балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу. Оқулық. - Алматы: ЖК
«Сагаутдинова М.Ш.», 2014. – 241 с.
17.
Алехина С.В. Инклюзивтік білім беру: Білім беру саясатынан білім беру
тәжірибесіне // Инклюзивтік білім берудің психологиялық-педагогикалық
негіздері: ұжымдық монография / Жауапты ред. С. В. Алехина. М.:
ММППУ, ООО «Буки Веди». 2013. С. 5–19.
18.
Малофеев Н.Н.,
Достарыңызбен бөлісу: |