15.Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы рухани
құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне
енгізген шығармасы — «Мен – қазақпын» поэмасы (1964). Өткен ғасырдың 70-ші
жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы
болды. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы
лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы,
адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, —
деген өлең жолдарынан — ақ ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық
намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен
жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ
халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске
түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп
беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын
мақтана, асқақтата жырына қосады.
…Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдай сан тіріліп,
«Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым, —
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға
қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан
даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән — күйінің құдіретін
өзгеше бір үнмен суреттейді:
….Күй емес пе, ботасыз нар идірген?
Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?
Жыр емес пе жүрекке жел бітірген?
Олар барда қалайша тарылды іргем? –
деп, қазақ халқының ән — күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш
етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады.
Поэманың келесі бір шумағында ақын:
Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,
Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.
Кең далаңда керіліп, атыңды атап,
Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді… —
деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті
сақтауға үндейді. Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып,
олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын
суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете
жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі.
Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы «мың өліп, мың
тірілген» кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады.
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті,
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең.
«Қазақ болу — зор бақыт» дер күн тіпті… —
деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын
болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле
жырлайды. Енді бірде ақын:
Мен — қазақпын қаныммен, сүйегіммен.
Сән — салтанат, салтымды сүйемін мен, —
… Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып.
Қазақстан гербі де, жалауы да, —
деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз
жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады.
Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —
Айта бергім келеді, айта бергім, —
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын
көтере түседі.
16.С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген
махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы өлең үлгілерін әкелгендердің
ортасында Сырбай Мәуленовтің орны ерекше. Сырбай Мәуленов – қазақтың ұлттық
әдебиетінің классигі. Ақын өмірдің сан түрлі құбылыстарына мән беріп,
талғампаздығының арқасында әсерлі жырлар жазды. Әрбірімізге Отанымыз
қаншалықты қымбат болса соншалықты ақынға да туған жері қымбат. Осыған
орай ақынның «Шөңге», «Қаратау» өлеңдерінде туған жерге деген махаббаты
сипатталады. «Шөңге» өлеңінде туған жеріне деген сағынышын бірғана тікенек
арқылы сипаттайды. Оны біз:
Сағыныппын, дариға, туған жердің,
Гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін де,-
деген жолдардан біле аламыз. Ақын үшін туған жер дүниедегі ең ұлы, ең асылдардың
бірі. Себебі, ол – кіндік қаны тамған жер, бақытты балалық шақ өткен жер.ақын
бұл туралы:
Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім,
О, туған жер, сен күнсің балаң үшін.
Қалтама сол шөңгеңді салып алдым,
Бала күнді еске алып қарау үшін, -
деп жырлайды. Расул Ғамзатовтың:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы, -
деген өлең шумақтары сияқты Сырбай ақын да Атырау мен Алтай арасындағы
байтақ табиғатқа арнаған құрметі ретінде «Қаратау» өлеңін жазды. Ақын ойынша
қазақ тауының бабасы – Қаратау. Шексіз махаббатқа ие ақын жүрегі Қаратауды
бірде бақ-берекеге теңесе, бірде алтын қазынаға, мол кен-құрышқа теңейді.
Қаратау – кен-құрыш,
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Қаратау – өндіріс.
Халқымның бақ-құты,
Қаратау – мол ырыс.
Қортындылай келе, ақын екі өлеңде де туған жерін, елі, оның табиғатын асқан
шеберлікпен, нәзік сезімімен жырлайды. Өлеңдерді оқу арқылы сағыныш
шебін,жүрегіне мейірім ұялатқан табиғат перзентін көрдім, сезіндім. Сырбай
Мәуленовтің сырлы да, әуезді, мол махаббатқа толы осы шығармалары арқылы
«Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» деп бекер айтылмағанын түсінесің.
Оның әдебиет әлемінде орны зор. Оның сырға толы өлеңдері әрдайым халық
жадында.
17.Әбдіжәміл Нұрпейісовтің Соңғы парыз романында Арал теңізі
экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз
Бүгінгі қазақ әдебиетінің ардагері ,қазақ прозасының ұас шебері Әбдіжәміл
нұрпейісов өз туған жері туралы жазған керемет романының бірі Соңғы парыз
романына 20 жылға жуық уақытын сарп еткен туындысы .Қазақ Әдебиетінде
жарық көрген бұл роман осы күнге дейін жарық көріп келген романдардан жазылу
үлгісімен де ,көркемдік әлеміменде ерекшеленеді.
Шығармадағы идеялық эстетикалық әлем күрделі .Арал теңізінің тартылуы
күллі еліміз үшін экологиялық әлеуметтік апат болса ,кейіпкерлер үшін өмірлік
,әлеуметтік моральдық сынық .Аралдың тартылуы кейбіреулер үшін қызметтің
өсуіне қажетті мүмкіншілік ,тартылған теңіздің орнына ,мақта егіп ,пайдаға кенелу
.Ол үшін туып өскен жер бәріде тасының өрге домалауы үшін аз күндік өмірінің
қызығын көру үшін ғана қажет.
Ал кейбіреулері үшін теңіздің тартылуынан зардап шеккен ауыл аймақтың азып
тозуы .Халықтың жатса да ,тұрсада толғандыратыны теңіз тағдыры ,оның
болашағы ,сол теңізді. мекендеген елдің ертеңі.
Арал теңізінің тартылуы жергілікті халыққа көлдей зардап әкелді .Арал
теңізінің тартылуы балықтың жойылуына ,сол балықпен тамақтанатын көптеген
құстардың жойылуына , балық аулайтын жандардың жұмыссыздануына себеп
болуда .Ең маңыздысы Арал теңізі адам тағдырымен сабақтас болуда ,яғни
денсаулықтың нашарлауы .
Қортындылай келе ,талғампаз жазушының Соңғы парыз атты бұл романы
суреткердің жаңа да батыл ұмтылысы қоғаммен заман ,адам табиғатына толғана
қарап,қәзіргі қазақ әдебиетінің әлемге танытқан асқар биіктігіміз .жалпы ,адам
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
үшін бірінші байлық денсаулық .Сондай ақ ,ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен
халқының саулығын ойлады .Қәзіргі кезде аралды құтқару үшін жұмыстар
жүргізілуле .Жай ғана Аралым өлеңінің өзі бар дүниенің ащы шындық етіп айтып тұр
деп ойлаймын.
Арал ,сен туралы айттым ән
Арал,ақ айдыным аңсаған
Арал,оралсаңгы қайтадан
Арал!!!!!!!
18.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері
арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
Батыр – қайсар, ерен күш иесі. Адамның батырлығы сан қилы жағдайлар
кезінде танылады. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын ерекше
рухтанбай, әсер алмай оқып шығу мүмкін емес екен. Шығармада Бауыржан
Момышұлының ерлігі мен өрлігі суреттеледі. Оны қан майдандағы батыр ретінде
ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
Роман-диалогте Б.Момышұлы ұлтжандық қасиетке тән мінезімен
көрінеді. Оны автордың: «Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал
Отанды сүю өз үйіңнен басталады. Ата-анаңды сыйлаудан басталады», - деген
ойларынан аңғарамыз. Меніңше, азғантай сөзбен ұрпаққа қандай үлкен ой айтқанын
көреміз. Батырдың елі үшін қасық қаны қалғанша күрескендігін көре отырып, оның
Отан алдындағы жауапкершілік қасиетін байқаймыз.
Жазушы шығармасында батырдың тек белді қолбасшы ғана емес, өз
жауынгерлеріне әкедей зейіл, әділ, қамқоршы екенін тамаша мысалмен суреттеген.
Оны жазушы: «Бауыржанға «батялап» кіріп келе жатқан адамның артынан бүкіл
полкы жамырай еріп келе жатқандай көрінді». Осы үзіндіден-ақ батырдың қаһарлы
да қатал жүректі саналатын қолбасшы ғана емес, ақ жүректігі, бауырмалдығы
айқын сезіледі деп ойлаймын. Соынмен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің
бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда
Б.Момышұлының кемеңгерлігімен таныстырады. Автордың «... не бары жаудың екі-
ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы 2 танктен
қирата берсе, ол осал іс пе екен!?» - деген сөзі арқылы жазушы батырдың
ақылдылығын, кішіпейілділігіе, кеңпейілділігін көрсетті.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, Баукеңнің даңқы,
рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Елдік пен
ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен
жасындықтың үлгісіндей болған баһадүр батыр Бауыржан ағамыздың даңқымен,
рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген біз осал ұрпақ болмайтынымызға мен
нық сенімдімін!
19.Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы
мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап
жазыңыз.
Зейнолла Қабдоловтың “Жалын” романында санадағы тартыстың дамуы
арқылы қаһарманның рухани шыңдалуы, азаматтық сезімінің тереңдеуі жақсы
көрсетілген. Романның басты қаһарманы – жоғары білімді жас маман Қабен Оразов
Ембі мұнай өнеркәсібі жөнінде кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Зерттеу
тақырыбына байланысты жинаған көп сала ғылыми дерегі, мол мағлұматы бар.
Еңбегі жазылып біткен.
Қабен оңай даңқ іздеген атаққұмар жігіт емес, диссертация қорғауды жалаң
мақсат тұтпаған, ісін есепке құрмаған. Тындырған жұмысым қоғамның кәдесіне
асса екен деп қана тілеген жақсы арманы бар. Міне енді сол арманы жүзеге асқалы
қалды. Қабеннің диссертациясы оқыған оппоненттері, оның еңбегін мадақтай
бастады. Ғылым жолына адал берілген жігіттің жастығына, тәжірибесіздігіне
байланысты, әуелгі беттегі жүрексінуі, қобалжуы бәсеңдеп, көңіліне бір сенім ұялай
бастаған еді. Өзіне өзінің сенімі арта түскендей болған. Кенет бір күдік кеп килікті
де, көңілді нілдей бұзды, ойнап қорғасындай ауырлатып жіберді. Бейтаныс біреу
мұның пәтеріне телефон соғып, - өзің Ембіде болып па ең? Мұндай кәсіпшілігінде
жұмыс істеп пе ең? – деп оқыс сауал берді де, Қабеннің диссертациясының өзгелер
мақтап жатқан жақсылығына шүбәланғандай болды. Бірақ кім екенін, аты-жөнін
айтқан жоқ.
Бұл – біреудің қоқан лоқысы ма? Әлде жасаған бопсасы ма? Сырт көзге солай
көрінуі мүмкін ғой. Ал, Қабеннің басына мұндай ой жоламады. Телефон соққан адам
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
есер кісі болмауы керек, Қабенді шошытайын деген ниеті де жоқ шығар; қойған
сауалы орынды; кім де болса, іске жаны ашыған азамат болар. Қабен, міне, тек
осылай ойлады.
Өндіріс саласына байланысты ғылыми еңбек жасау үшін өндірістің өзіне барып,
ондағы жұмыстарға тікелей араласып, бүге-шігесін қалдырмай мұқият зерттеу
керек. Ғылыми еңбек сонда ғана, шын мәнісінде, сыннан өтіп, суарылып шығады. Бұл
– белгілі ақиқат. Қабен мұны біледі. Ол Ембінің мұндай өндірісіне келіп жұмыс
істеген жоқ, бірақ, диссертация тақырыбына байланысты Ембіге бір-екі рет
командировкаға барып қайтқан. Әрине, мұның аздық ететіні рас. Қабен бұны да
біледі. Және оның жинап әкелген материалдарының негізінде диссертациясын жазып
бітіргенше біраз уақыт өтті. Ал қазіргі техникалық өрлеу заманында жаңалықтар
күнбе-күн туып жатады. Бүгін ғана ұсынған жаңа үлгіңіз ертеңіне-ақ ескіріп қала
береді. Қабен өз диссертациясында тың ұсыныстар айтады. Бірақ сол ұсыныстары
уақытына кешігіп қалмас па екен? Қабен мұны да ойлап қоятын. Енді мына бейтаныс
адамның телефон соғып, тұтқиылдан қойған сұрауы Қабеннің сол ойын көсеп
жіберіп, қоздатып кетті.
Қабен дүдәмалданады. Жан дүние әлемінде сезімдер тартысы басталады. Сол
тартыс Қабенді біресе оң жағына қарай, біресе сол жағына қарай аудара жаздап,
шайқалтады, бірақ, Қабен ілгері қозғала береді. Көңіліне күдік кіргенмен, бұрынғы
сенімі мұны қолынан ұстап, алға қарай жетелейді.
Диссертация қорғалатын күні, ғылыми кеңес мәжілісінде Қабенді сол сенім
мінбеге жетелеп шығады. Қабен тиісті өзін мүдірмей айтып шықты. Одан соң
ғылыми жетекшісі, оппоненттері мұның диссертациясын мақтап сөйлеп жатты.
Бірақ Қабеннің ойына кірген күдігі тарқамады, көңілді қобалжытты да тұрды.
Бейтаныс адамның телефонмен қойған сұрағы есінен шықпады. Расында да Ембінің
мұнай өндірісінде жұмыс істемеген Қабен, сол өндірісті бес саусағындай білемін деп
айта ала ма? Жоқ, айта алмайды. Ендеше осы өндіріс жөнінде диссертация жазуы
қалай? Қабенді қинай берген ой осы болды.
Бұған телефон соққан бейтаныс адамның кім екені де анықталды. Ол – атақты
мұнайшы Сардар Сұлтанов боп шықты, Ембінің еңбек ері, әйгілі кісі. Ғылыми
кеңестің мәжілісінде сөз сөйледі. Ол Қабеннің диссертациясын сынаған жоқ, Ембі
мұнай өндірісінің бүгінгі жетістігін, еңбек технологиясындағы жаңалықтарды
айтты да, өз көкейінде қорытылған пікірлерін алға тартып, ғалымдардың
талқысына ұсынды.
Қабеннің күдігі де өзіне дәл осы арада айқындалды. Ол енді толқыған ойын
азаматтық сезімнің еркіне бағындырды да, шұғыл шешім жасады. Ғылыми кеңес
кешірім өтініп, диссертациясын қорғауды тоқтату жөнінде ұсыныс қылды. Оның
бұл қылығына таңырқаған ғылыми жетекшісінің де, жақын достарының да сөзіне
көнбеді, диссертациясын мәжілістің күн тәртібінен алдыртып тастады.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Ол мұны қорқып жасады ма? Жоқ, оның диссертация қорғауына жұрттың бәрі
де тілектес боп отырған. Диссертациясы бекімейді деп қауіптенді ме? Жоқ, мұның
диссертациясын ғылыми кеңес құптаған, қарсы айтылған пікір болмаған. Ол
диссертацияны ойдағыдай қорғап та шығатын еді, мәртебесі де зораятын еді,
кандидаттық дипломды алған соң, жалақысы да өсетін еді. Қабен осының бәрін де
кейін ысырып тастады. Сардар Сұлтановтың сөзінен кейін диссертациясына көңілі
толмады, олқылықтарын сезді. Еңбегін толықтырып, қайта жазуға бекінеді. Және
бұл істі Ембінің өзіне барып, мұнай өндірісінің қайнаған ортасында жүріп жазуға
аңсары ауады. Қабеннің осы шешімінен оның азаматтық сезімінің тереңдігі
танылады.
20.С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың
Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап
жазыңыз.
«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр
шертеді.Мұнда жетпіс үшке толған,мүшел жастағы әже Балзия мен оның немересі
Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген.Себебі,әңгіменің негізгі бөлімі осы екі
кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты Жетісуды іздеп тау аспақшы
болады.Бірақ қаусаған кәрі адамға Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі
Аманайға «Сәукеле» тауы жайлы айтты?Әрине,оның бір ғана себебі бар.Ол –
Балзияның туылған жері.Аманай да Жетісуда туылған болатын.Томар – Омар неге
Балзияның елге жетуіне күмәнданды?Ол Балзия әжейге кім болып келеді?..
Жалпы туындының негізгі ой түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген
сағыныш,туған жерге деген ыстық сезім.Қойылған сауалдарға оралар болсақ.Томар-
Омар Балзияның көршісі,жақын араласып жүретін қарт досы десек те
болады.Томар-Омар күмәндәну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы әже бір өзі
кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең тұрып,әрең жүргеніне
қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға
барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сәукеле тауы.Оның басын адам өте
алмайтындай мәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық
танытып бұл асуды да бағындырады.Аманай тек батыл ғана емес,сөзге
берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп
әжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген
махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр асыл,тау басты...
«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі
жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз
айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне
мойымай төтеп беріп,өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын
тапқандылығынан оның табандылығын,қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға
соңында оның жартастан құлап,су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы
баяндалады.Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің бірі Томар-Омардың да
қорыққаны осы болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |