Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
k090620154


 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Өзі  шұғылданатын  спорт  түрінде  спорттық  нəтиженің 
құрылымы мен мазмұнын дəптерге жазыңыз.  
2. 
Оқулықтарға, 
мақалаларға 
сүйеніп, 
өзінің 
шұғылданатын спорт түрінде спорттық нəтиженің динамикасын 
сипаттаңыз. Оларды анықтайтын факторларды дəлелдеңіз. 
 
ОСӨЖ 
3.3Тақырып: 
Олимпиялық 
спорттың 
жəне 
Олимпиялық  қозғалыстың  қазіргі  мəселелері  жəне  даму 
тенденциялары. 
Мақсаты  –  қазіргі  таңда  олимпиялық  спорттың  жəне 
олимпиялық  қозғалыстың  қазіргі  мəселелері  жəне  даму 
тенденцияларын анықтау. 
Жоспар:  1.  Қазіргі  танда  олимпиялық  спорттың  жəне 
олимпиялық қозғалыстың қазіргі мəселелері. 
2.  Олимпиялық  спорттың  жəне  олимпиялық  қозғалыстың 
қазіргі мəселелерін шешу жолдары. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Қазіргі  таңда  олимпиялық  спорттың  жəне  олимпиялық 
қозғалыстың қазіргі мəселелерін дəптерге жазыңыз.  
3. 
Оқулықтарға, 
мақалаларға 
сүйеніп 
олимпиялық 
спорттың  жəне  олимпиялық  қозғалыстың  қазіргі  мəселелерін 

 
61 
шешу жолдарын сипаттаңыз. Оларды анықтайтын факторларды 
дəлелдеңіз. 
 
4. СӨЖ 
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау
1.Өзінің 
шұғылданатын 
спорт 
түрінен 
спорттық 
жаттықтыру, техникалық дайындықтың ерекшеліктері. 
2.Өзінің 
шұғылданатын 
спорт 
түрінен 
спорттық 
жаттықтыру,тактикалық дайындықтың ерекшеліктері. 
3.Өзінің 
шұғылданатын 
спорт 
түрінен 
спорттық 
жаттықтыру дене дайындықтың ерекшеліктері. 
4.Өзінің  шұғылданатын  спорт  түрінен  жарысты  өткізудің 
ережесін құрастыру жəне оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 
5.Өзінің  шұғылданатын  спортының  түрінен  жарыстық 
нəтижелердің соңғы 10 жылдың ішінде талдау жəне қорытынды 
шығару. 
6.Қазіргі кезеңде  Олимпиялық спорттың жəне  Олимпиялық 
қозғалыстың даму тенденциялары. 
7.Өзінің  шұғылданатын  спорт  түрінен  жаттықтыру  үрдісін 
жоспарлау ерекшеліктері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
62 
Дəріс  №3.  Спорт  түрлерінің,  қызметтерінің,  спорттық 
жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, 
техникасы мен тактикасының даму перспективалары 
 
Жоспар 
 
1.  Спорттың  қызметтері  мен  қасиеттері  арасындағы  өзара 
қатынасы туралы. 
2.  Спорттағы  басымды  бағыттары:  олардың  ерекшеліктері 
мен байланыстары. 
3.  «Спорттық  жекпе-  жек»  жəне  «спорттық  жарыс»  өзара 
қатынасының логикасы. 
4. Спорттық əрекеттің сипаттамасы. 
5. Спорттық жаттығу құрылымы жөнінде қазіргі көзқарас. 
6. Спорттық жарыстың техникасы мен тактикасы. 
 
Əдебиет 
 
1.  Теория  спорта  //Учебное  пособие.  –  Под  ред. 
Ф.П.Суслова, Ж.Холодова. – М.,2000. -  
2. Мамытов А. Теория спорта //Учебное пособие. – Бишкек, 
2001. – 253 с. 
3.  Аманбаев  Р.Р.  Спорт  теориясы  мен  əдістемесінің  жалпы 
негіздері // Оқу құралы. – Алматы, 2001. – 107 б. 
4.  Уанбаев  Е.Қ.,  Уанбаева  Ф.Ж.  Дене  мəдени  еті  жəне 
спорттың  ілімі  мен  əдістемесі//  Оқу  құралы.  2-ші  басылым. 
Өңделіп  толықтырылған.  -  Өскемен:  С.Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ баспасы, 2009. – 260 б. 
 
1. Спорттың қызметтері мен қасиеттері  
арасындағы өзара қатынасы 
 
Спорт  «полифункционалдық»  оқиға  ретінде  сипатталады. 
Арнайы əдебиетте спорттың біршама функциялары ұсынылады. 
Оларды  дұрыс  түсіну  үшін,  олардың  ішінде  тек  қана  спортқа 
тиісті  арнайы  функцияларды,  сонымен  қатар,  қоғамдық 
оқиғалармен 
процесстердің 
шекарасында 
спорттың 
фукционалдық байланыстарын айыру қажет. 

 
63 
Спорттың  əлеуметтік  қызметі.  Спорт  –  күрделі  көп 
қызметті  құбылыс.  Оларды  төмендегідей  жүйемен  бөлуге 
болады:  1)  жарыстық;  2)  сауықтыру-реактивті;  3)  ақпаратты-
болжамды  4)  адамгершілік;  5)  бағдарламалы-мөлшерлі  жəне 
ұйымдастырушы. 
Спорттың  жарыстық  қызметі.  Бұл  спорттың  негізгі 
белгісі  мен  ерекшеліктерін  көрсетеді  жəне  спорттық  жарыс 
категорияларымен,  спорттық  дайындықпен  жəне  спорттық 
машықтанумен  тығыз  байланысты.  Бұдан  келіп  спорттық 
мөлшері,  диагностикалық  жəне  тартымдылық  қызметтері 
туындайды. 
Мөлшерлі  қызметі.  Спортта  ең  басты  тұлға  –  спортшы. 
Оған  қоса  мұндай  құндылықтарға  ұйымдастыру-басқару 
жұмыстары,  спортшылар  мен  мамандар  дайындау  жүйесі  тағы 
басқалары жатады.  
Диагностикалық  қызметі.  Спорт  ойынымен  шұғылдана 
алудың жолы ретінде қолданылатындығын көрсетеді. 
Тартымдылық қызметі. Спорттың адамдарды тəрбиелеуге 
жəне  білім  беруге,  демалыста,  спорт  жəне  дене  мəдениетімен 
белсенді шұғылдануға тарту мақсатымен айқындалады. 
Сауықтыру-реактивті  қызметі.  Спорт  ағзаны  шыңдап 
қана  қоймайды,  сонымен  бірге  машықтанушыны  қалыптастыру 
қызметін  де  атқарады.  Адамның  дене  күйінінің  бірқалыпты 
болуы,  оның  толыққанды  өмір  сүру  əрекетін  қалыптастырады. 
Мұның  өзі  спорттық  сауықтыру-реактивті  қызметінің  ерекше 
маңыздылығын көрсетеді. Бұл қызметтен келіп сауықтыру жəне 
дайындық қызметі туындайды. 
Сауықтыру  қызметі  спортты  сауқтырудың,  ғылыми-
техникалық жүйесінің кері əсерлерінен (гиподинамия жəне т.б.) 
қорғанудың  тиімді  құралы  ретінде  қолдануға  байланысты,  яғни 
бұл жерде сауықтыру қызметі қорғаушы сипатына ие болды. 
Дайындық 
қызметі 
адамды 
өмірге 
дене 
жағынан 
дайындайды жəне қажетті дене дамуына жеткізуді мақсат етеді. 
Ақпаратты-болжамды  қызметі.  Бұл  қызмет  өзінен 
туындайтын ақпаратты, танымдылық, ағартушылық, болжамды-
эвристикалық жəне парасаттылық қызметтерінен көрінеді. 
Спорттың  ақпаратты  қызметі  спорттық  қозғалыс 
бүгінгі  дүниеде  спорттың  алатын  орны  мен  атқаратын  қызметі, 

 
64 
спорттық  дайындық  пен  жарысты  ұйымдастыру  мен  əдістеме 
туралы хабарлар етіп отыратындығымен айқындалады. 
Танымдылық  қызметі  спорттың  бірқатар  əлеуметтік 
мəселелерді  əсіресе,  денсаулықты  шыңдау  халықтың  еңбек  ету 
мүмкіндігін көтеру мəселелерін шешу құралы ретінде пайдалану 
заңдылықтарын танып білуге байланысты. 
Спорттық  дайындық  жүйесінің  өзі  бірқатар  əлеуметтік, 
биологиялық, 
психологиялық 
жəне 
педагогикалық 
заңдылықтарды,  спорттық  шеберлікті  қалыптастыруды  танып-
білуді  қажет  етеді.  Спорт  əрқашан  да  спортшы  бойында 
парасаттылықты тəрбиелеп, дамытып отырады. 
Ағартушылық  қызметі  тұрғындар  мен  спортшылар  үгіт-
насихат, басқа да шаралар өткізіп отыру жолымен іске асады. 
Болжамды-эвристикалық қызметі спортты адамның жан-
жақты  дамуы  мен  рухани  дамуын  зерттеу  жолы  ретінде 
қосымша мүмкіндіктері ашылады. 
Спортты  парасаттандыру  қызметі  ғылыми-техникалық 
жəне  спорттың  даму  жолдарымен  анықталады.  Қазіргі  заманғы 
спорттық  машықтану  жүйесі  жəне  оны  басқару  ғылым  асуы 
мүмкін емес.  
Адамгершілік  қызметі.  Бұл  ең  негізгі  қызмет  ең  алдымен 
адамгершілік 
туралы 
ілімнің 
жалпы 
категорияларымен 
байланысты. 
Спорттық 
сауықтырушылық 
бағытының 
адамгершілік  сипаты  бар,  бірақ  онымен  бірге  біз  спортты  ең 
алдымен адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынастар 
орнату  құралы  ретінде  қарастырамыз.  Бұл  жерде  төмендегідей 
қосымша қызметтерді бөліп қарастыруға болады: идеологиялық, 
саяси,  əлеуметтендіру,  адамгершілік-тəрбиелік,  пайдалы  жəне 
интернационалды-интегративті.  
Идеологиялық  қызметі  спортта  өзі  өмір  сүріп  отырған 
қоғамдық көзқарас байқалып отыратындығымен анықталады.  
Спорттың 
саяси 
қызметі 
интернационализмнің, 
бейбітшілік, жалпы даму жəне халықтар арасындағы достықтың 
маңызды факторы болып есептелетіндігінен көрінеді. 
Əлеуметтендіру  қызметі  тағы  да  сол  адамды  жан-жақты 
дамыту  жəне  жалпы  тəрбие  мəселелерін  əлеуметтендіруге 
байланысты. 

 
65 
Адамгершілік-тəрбиелік  қызметі  спорттың  адам  жəне 
мəдениетінің жоғарғы тиімді құралы екендігінен көрінеді. 
Пайдалылық  (сəнділік)  қызметі  спорт  мен  спорттық 
жетістіктер сипатының өсуіне көмектеседі. 
Интернационалды-интегративті 
қызметі 
спорт 
саласындағы халықаралық байланыстың жоғарғы дəрежеде өсіп, 
жүйелілік  пен  тұрақтылық,  бейбіт  қатар  өмір  сүрудің  ең 
маңызды  формаларының  бірі  болып  қалыптасқандығынан  жəне 
халықаралық  қысымның  төмендігінен  байқалды.  Ал  бұл 
олимпиадалық  қозғалыста  өте  айқын  көрінеді.  Спорттағы 
интеграция  əр  халықтың  ерекшеліктерін  ескеріп  отыр  атын 
бірқатар  елдердің  спорт  дамуын  бір  мақсат  етіп  қойып 
отырғандығы. Спорт интеграциялау нəтижесінде көпшілік жəне 
қосымша  спортты  дамытуда,  жетістіктерді  көтеруде,  ғылымда 
жəне т.б. салаларда бірігіп шешер міндеттер пайда болды. 
 Спорттың  функционалдық  қасиеттеріне  келесілер 
жатады: 
а) 
Жеке 
тұлға 
мен 
қоғамның 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен 
сипатталатын 
спорттың 
өсіп 
келе 
жатырған  маңызы.  Бəрімізге  мəлім,  спорт  білім,  тəрбие 
салаларында,  əлеуметті-сауықтыру  шаралардың  кешендерінде, 
мəдениетті  жəне  халықаралық  қарым-қатынастар  əртүрлі 
өрістерінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  жерде  мынандай  жағдайды 
түсіну  керек.  Спорттың  жеке  тұлға  мен  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастарға əсер етуі тек онын жекеменшік қызметтері 
ретінде  есептеуге  болмайды.  Қорытынды  нəтиже  жарыстық 
əрекетінің өзінің шекарасынан тыс шығатын əлеуметтік қарым-
қатынастар жүйесіне спорттың бірыңғай əсер етуіне байланысты 
жүзеге  асырлады.  Сондықтан,  бұл  жерде  спорттың  жеке  жəне 
арнайы 
қызметтері 
жөнінде 
емес 
айту 
керек, 
оның 
функционалдық байланыстары (қасиеттері) туралы. 
Осыған 
байланысты, 
спортты 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруына  жəне  дамуына  бағытталған  факторы  ретінде 
қарастыру қажет.  
б)  Халықтың  дене  тəрбиесінде  спорттың  өсіп  келе 
жатырған рөлі. 

 
66 
Спортпен  шұғылданатын  адамдардың  саны  көбейіп  бара 
жатыр. Ел басының үндеуінде халықтың 30 % дене шынықтыру 
мен спортпен айналысуға тарту қажет деп айтылған. 
в)  Əр  түрлі  контингентінің  ерекшеліктеріне  сүйене 
отырып  спорттың  дифференциалдық  қолдануы.  Бұл  жерде 
жеке 
кондиция 
мен 
спорттың 
сауықтыру-рекреативтік 
қасиеттерін қамтамасыз ететін спорттың модификациялары бар. 
г)  Спорттың  көрініс  ретінде  рөлін  жоғарлату.  Бұл 
жағдай спорттың эстетикалық əдемілігіне байланысты. 
д) 
жеке 
тұлғаны 
əлеуметтендіру, 
халықаралық 
байланыстарды 
интеграциялау 
жəне 
жақсартудың 
факторы 
ретінде 
спорттың 
рөлінің 
жоғарлауы. 
Спортшымен  əртүрлі  мəдениеттерге,  дəстүрлерге  сүйене 
отырып  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастардың  əлеуметтік 
тəжірибесін игеру спорттың жеке тұлғаға əсерін күшейтеді. 
е) Спорттың коммуникативтік қасиеттері. Олар бəріне 
түсінетін 
«спорттық 
тілдің» 
интернационалдық 
түрімен 
сипатталады. 
ж)  Спорттың  экономикалық  маңызы.  Бір  жағынан,  зор 
байлық  -  нацияның  денсаулығы,  екінші  жағынан  –  спорттық 
көріністерден  үлкен  табыстар  пайда  болатынымен  бұл  жағдай 
сипатталады. 
 
 
2. Спорттағы басымды бағыттар:  
олардың ерекшеліктері мен байланыстары 
 
Спорттың 
даму 
процесінде 
міндетті 
түрде 
оның 
дифференциациясы пайда болады. Қазіргі танда спорттың екі ірі 
бағыттары  жүзеге  асырылады.  Олар  «көпшілік  спорт»  жəне 
«жоғары жетістіктер спорты».  
Көпшілік спорт 
Ол келесімен сипатталады: 
- көп адамдарды спортқа тартады; 
- барлығына қол жетерлік нəтижені қамтып көрсетеді; 
-  адамның  жеке  өмірінде  спорттық  əрекет  басымды 
болмайды; 
- уақытты, күшті, энергияны көп талап етпейді. 

 
67 
Қандай 
əлеуметтік 
салаларда 
жүзеге 
асырылуына 
байланысты   оның келесі модификациялары болу мүмкін: 
-  мектептегі  спорт  –  жалпы  білім  мен  өсіп  келе  жатқан 
ұрпақтың тəрбиесі жүйесінде қолданатын спорт;  
-  кəсіптік-қолданбалы  спорт  -  өнеркəсіптің,  ауыл 
шаруашылықтың  салалары  бойынша  мамандарды  дайындау 
барысында қолданылатын спорт; 
-  физкультурашылық-кондициялық  спорт  -  ересек 
адамдардың бұрын қалыптасқан спорттық кондицияны сақтауға 
арналған спорт; 
-  сауықтыру-рекреативтік  спорт  -  белсенді  демалыс  пен 
бұрыңғы 
қалпына 
келуін 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында 
ұйымдастырылған спорт. 
б)  Жоғары  жетістіктер  спорты.  Ол  келесімен 
сипатталады. 
-  абсолютті  жоғары  спорттық  нəтижелері  көрсетуге 
бағытталған; 

уақыттың, 
энергияның 
жəне 
күштің 
көпжылдық 
шығындығын талап етеді; 
- адамның жеке өмірінде спорттық əрекет басымды болады; 
-  ерекше  спорттық  дарындығы  мен  таланты  бар  адамдар 
үшін арналған. 
Соңғы  жылдардағы  жоғары  жетістіктер  спорты  кəсіптік 
жəне  коммерциялық  спортқа  айнала  бастады.  Сондықтан 
спорттың  қазіргі  теориясында  спорттың  екі  түрі  бар:  кəсіптік-
супержеткізу жəне кəсіптік-коммерциялық. 
Кəсіптік-коммерциялық  спорт  бизнестің  ерекше  саласы 
болып табылады. Ол ақша табу жəне коммерциялық пайдалығы 
бар заңдары бойынша жүзеге асырылады. Бұл спорттың түрімен 
бұрын  коммерциялық  емес  спортта  жоғары  нəтижелерге  ие 
болған 
адамдар 
айналысады. 
Əр 
түрлі 
шоуларды 
ұйымдастыруға  нақты  көріністері  бар  спорт  түрлері  осы  салаға 
ыңғайлы (бокс, кикбокс, каратэ, бокс). Спорттың бұл бағытында 
жоғары нəтижелерді көрсетуге болмайды, себебі ол басқа заңдар 
бойынша жүзеге асырылады. 
Бұл  жерде  сол  зандарды  түсіну  үшін  спортшының 
спорттық  бапына  назар  аударайық.  Спорттық  бапының 
зандылықтары  бойынша  спортшы  үш  кезеннең  өтуге  тиісті. 

 
68 
Бірінші  кезең  –  бұл  спорттық  баптың  қалыптасу  жəне  жетілу, 
сондай-ақ  тұтас  компоненттер  жүйесі  ретіндегі  алғашқы  көріну 
кезеңі.  Мұнда  ағза  мүмкіндігі  қызметтерінің  жалпы  деңгейін, 
бұлшық  еттерді  жəне  психикалық  қасиеттерді  жан-жақты 
жетілдіру, қозғаушы күш-ептілік пен дағдыларды қалыптастыру 
жəне  қайта  құру  қамтамасыз  етіледі.  Осы  негізде  спорттық 
баптың  алғашқы  түрі  қалыптасады.  Оның  нақты  параметрлері 
бəрінен  бұрын  негізінде  сіңірілген  еңбекке  байланысты  болуы 
табиғи нəрсе. 
Екінші  кезең  –  көп  мерзімді  орындалған  істер  жиынтығы 
макроциклдер  (аумағында  жетістіктерге  жетудегі  спортшы 
дайындығының 
орнықтылығын 
қамтамасыз 
ететін 
компоненттер  жүйесінің  тұтастығы  ретіндегі  спорттық  баптың 
біршама  тұрақтылығымен  сипатталады).  Компоненттерді  бұл 
кезеңде  түбірімен  қайта  құру  мақсат  емес,  олай  ету  спорттық 
бапты  жоғалтумен  бірдей.  Сондай-ақ  сақтау  қарсаңында 
спорттық  жетістіктер  өзіне  тікелей  тəуелді  оны  белгілі  бір 
деігейде  əрі  қарай  дамыту  жүзеге  асырылады.  Сондықтан 
көрсеткіштер  жақсарады,  бірақ  ол  қол  жеткен  спорттық  бапты 
сақтау заңдылықтары шеңберінде жақсарады. 
Спорттық  бапты  уақытша  жоғалту  –  оның  даму  жүйесінің 
алдыңғы кезеңдеріндей заңды кезең болып саналады. Спорттық 
бапты  иелену  жəне  сақтау  экзогендік  сипатын  елеулі 
қиыншылықтармен: 
жоғарғы 
спорттық 
нəтижелерге, 
психикалық  ширығуға  жəне  т.б.  жету  үшін  спорттық 
жүктемелерді  өсуімен,  əлденше  есе  шегіне  жеткізе  өзін-өзі 
жұмылдыруына байланысты болады. Бұл қиындықтар спорттық 
бапты  өте  ұзақ  сақтауды  көздеген  жағдайда  шектен  тыс  теріс 
зардапқа ұрындыруы мүмкін. 
Спорттық 
жатығудың 
мерзімделуі 
(даярлық, 
жарыстық,  өтпелі)  спорттық  баптың  аталған  кезендеріне 
байланысты. 
Кəсіптік-коммерциялық 
спортта 
спорттық 
баптың 
аталған  кезендері  жөнімен  іске  асырылмайды.  Неліктен?  Бұл 
спорттың  күнтізбелік  жоспары  тұрақсыз,  спорттық  жатығудың 
мерзімделуінде 
бар 
кезендеріне 
бейімделмейді. 
Себебі, 
жарыстарды 
ұйымдастыру 
бизнестің 
зандылықтарына 
бейімделген:  жарыстар  жие  бөлу  мүмкін,  ақша  табудың 
ыңғайына байланысты. 

 
69 
Кəсіптік-супержеткізу спорты.  
Ол  табиғи  дарындылықтың  жəне  жекелік  қасиеттердің 
кəдімгі  дамуы  барысында  тексерлетін  адамның  тек  өзінің 
жарыстық əрекеті объектісі ретінде болып табылады.  
Мысалы,  шетелдегі  НХЛ  тағы  сол  сияқты  ірі  спорттық 
ұйымдардағы спортшылардың спорттық жаттығудың құрылымы 
спорттық  баптың  зандылықтарына  бағынады.  Себебі,  спорттық 
жаттығудың  күнтізбелік  жоспары  спорттық  баптың  үш  кезеңін 
ескере  отырып,  спортшылардың  жоғары  жұмыс  қабілетін 
сақтауға бейімделеді.  
Жоғары  жетістіктерге  арналған  спорттың  жəне  көпшілік 
спорттың арасында байланыс келесімен сипатталады: 
-  жоғары  жетістіктерге  арналған  спорт  көпшілік  спортқа 
сүйене  отырып  арттады.  Пъер  де  Кубертеннің  пирамидасы 
мынандай  девизді  насихаттайды:  көп  адамдар  пирамиданың 
астында көпшілік спортпен айналысса біртіндеп олар бір қатары 
жоғары жетістіктерге арналған спортқа көшеді; 
-  жоғары  жетістіктерге  арналған  спорттағы  прогресске 
байланысты  көпшілік  спортта  позитивті  өзгерістер  болады 
(сонғы  Қазақстанда  өткен  7  қысқы  Азиаттық  ойындары 
өткеннен кийін жастардың көбі шанғымен т.с.с. спорттың қысқы 
түрлерімен айналасуға көңіл бөле бастады); 
Бірақ,  қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  жəне  басқа  елдерде 
кездесіп  жатырған  оқиғалар  бұл  байланыстың  тура  емес 
екендігіне  дəлел  болып  отыр.  Яғни,  көпшілік  спортта 
жетістіктердің 
жоғарлауы 
халықаралық 
аренада 
елдің 
жетістіктердің  өсуіне  кейбір  жағдайда  əкелмейді.  Қазақстан 
Республикасында жасөспірім спорт мектептері бар болғанымен, 
халықарылық  аренада  легионерлер  (басқа  елдің  өкілдері) 
жарыстарға қатысады.  
 
3. «Спорттық жекпе-жек» жəне «спорттық жарыс»  
өзара қатынасының логикасы 
 
Спорттың  сипаттамасы  жарыстық  əрекеттің  өзі  ретінде 
оның  ішінде  жарыстық  бастамалармен  өзара  қатынастардың 
ерекше рөлін көрсетеді. Осыған байланысты жарыс пен жекпе -
жек  бір-  біріне  сай  болып  тұр.  Бірақ,  «спорттық  жарыс»  деген 

 
70 
терминді  практикада  кең  ұғыммен  байланыстырады.  Бұл 
терминге келесілер жатады: 
-  спортшылардың  жарыстық  əрекеті  (олардың  жекпе- 
жектері); 
-  жекпе-жекпеге  қатысуы  бар  адамдар  (жаттықтырушылар, 
төрешілер, жауынкерлер) 
- спорттық жекпе жекпемен анықталатың қатысушылардың 
жəне қатынасы бар адамдар арасындағы өзара қатынасы; 
-  жарыс  əрекетін  ұйымдастыру  түрлері,  қатысушылардың 
жəне қатынасы бар адамдардың жүріс тұрысы. 
Сонымен,  «спорттық  жарыс»  деген  термин  тек  қана 
спортшылардың  спорттық  əрекетін  емес,  сонымен  қатар 
сонымен байланысты мəселелерді қамтамасыз етеді.  
Аталған  жағдайларға  сүйене  отырып  «спорттық  жарыс» 
ретінде  «жаттығатын  старттар»,  «тексеру  жарыстар»  бола 
алмайды.  
Спорттық жарыстар жүйесі өзіндік даралық мəнге ие ресми 
жəне  ресми  емес  бірқатар:  өзіндік-спорттық,  дайындық, 
мамандық  насихаттылық  басқа  да  жарыстарды  қамтиды.  Ресми 
жарыстар 
біртұтас 
спорттық 
күнтізбегі 
шеңберінде 
жоспарланады.  Оған  жəне  басқа  спортшы  дайындығының 
ерекшеліктеріне  қарай  жарыстардың,  жеке  басының  күнтізбесі 
жасалады.  Ол  əдетте  жаттығу  жүйесі  логикасынан  туындайтын 
жалпы күнтізбесінің бөлшектерінен ерекшеленеді. 
Жарыстың  жалпы,  сондай-ақ  жеке  басылық  күнтізбесінен 
жоғары  деңгейдегі,  яғни  жеке  басылық  жəне  қоғамдық 
қатынастағы  жарыстар  басты  орын  алады.  Мұндай  негізгі жəне 
мақсатты  жарыстар  спортшы  дайындығын  ұйымдастыруға 
елеулі  əсер  етеді.  Осыған  орай  оларға  жоғары  спорттық 
жетістіктерге 
жету 
жолындағы 
үйлесімді 
дайындықты 
қамтамасыз  етерлік  мерзім  есептеледі,  жаттығу  кезеңдері 
жоспарланады.  Барлық  басқа  жарыстар,  мейлі  алдына  шешімін 
күткен нақты мақсаттарды қойса да, мейлінше əртүрлі болса да 
(дайындықты  тексеру,  жарыстық  тəжірибе  жинақтау,  құрама 
командаға  іріктеу  жəне  т.б.)  дайындық  жарыстары  ретінде 
саналады.  Бұл  бағыттағы  дайындық.  жарыстары  спортшы 
дайындығы  жүйесіне  тұтастай  енеді  жəне  спорттық  жаттығу 
құрылысы заңдылығына бағынады.  

 
71 
Қазіргі 
танда 
спорттық 
жарыстардың 
бірізділік 
топтастырылуы (типологиясы) əлі аяқталмаған. Сондықтан, осы 
бағытта  «спорттық  жарыстардың  өзі»  жəне  «субспорттық 
жарыстар»  (спорттық  жарыстардың  өзіне  жақын)  жарыстарды 
басшылыққа алады. 
Спорттық 
жарыстардың 
өзі 
– 
бұл 
спорттық 
жарыстардың  өзіне  тəн  барлық  белгілермен  сипатталатын 
жарыстар  аталады.  Бұл  шаралар  спорттық  жарыстардың  ресми 
күнтізбесі, ережесі бойынша өткізледі. 
Спортшылар  дайындау  жүйесіндегі  жарыстар  –  дайындық 
деңгейін  бақылау,  женімпазды  анықтау  спорттық  шеберлікті 
жетілдіру  анықтау  спорттық  шеберлікті  жетілдіру  мен 
машықтану  деңгейін  көтеру  амалдарының  ең  маңызды  бөлігі 
болып 
есептеледі. 
Жарысқа 
қатысу 
жарыстың 
қатаң 
талаптарына 
сай 
спортшы 
ағзасының 
бейімдеушілік 
мүмкіндіктерін  жетілдіру,  ерік-жігер  қасиеттерін  жинақтау 
қабілетін  дамытуға,  кездейсоқ  қиын  жағдайларда  табанды 
болуға  ықпал  етеді.  Мұндай  жағдай  жаттықтырушылар  мен 
спортшыларды дайындаудың жалпы жүйесінде жарыстарды кең 
қолдануға  ынталандырады.  Дайындық  жүйесінде  жарыстардың 
мынадай түрлері бар, олар: бақылау, үлгі (жтелеу), іріктеу жəне 
негізгі  жарыстар.  Əр  түрлі  жарыстарда  спортшы  қол  жеткізген 
жетістіктер  оған  спорттық  атақ-дəреже  алуға  мүмкіндік  береді. 
Жарыстың  рөлі  мен  орны  көпжылдық  дайындық  сатысына 
байланысты өзгеріп отырады. 
Қазіргі 
заманғы 
жарыстар 
тəжірибесінде 
үш 
түрлі 
əдістемелік  жолын  бөліп  алуға  болады.  Олардың  біріншісі 
спортшылардың  жарысқа  жиі  қатысуына  деген  ынтасына 
байланысты  болса,  екіншісі  қарқындылығы  төмен  жарыс 
тəжірибесінде  құрылады  жəне  мұнда  спортшының  бар  назары 
мезгілдің  ең  басты  жарысына  аударылады.  Үшіншісінде  жарыс 
əрекеті  кең  көлемде  өтуі  жəне  қатаң  түрде  бағаланып  отыруы 
керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет