Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
k090620154


2. Семинарлық сабақтар 
2.1.  Қазіргі  кезеңде,  спорттық  жарыстар  теориясының, 
спорттық 
жаттығу 
құрылымының, 
техникасы 
мен 
тактикасының жүзеге асыру ерекшеліктері. 
Мақсаты – қазіргі кезенде спорт түрлерінің, қызметтерінің, 
спорттық 
жарыстар 
теориясының, 
спорттық 
жаттығу 
құрылымының,  техникасы  мен  тактикасының  жүзеге  асыру 
ерекшеліктері  туралы  жаңа  қөзқарастары  туралы  ептіліктермен 
дағдыларды қалыптастыру. 
Жоспар:  1.  Спорт  түрлерінің,  қызметтерінің  ерекшеліктері 
жəне олардың арасындағы байланысы. 

 
87 
2. Спорттық жарыстар теориясының негізгі мəселелері жəне 
оларды шешу жолдары. 
3.  Қазіргі  кезеңде  спорттық  жаттығу  құрылымына  жаңа 
көзқарастар. 
4.  Қазіргі  кезеңде  спорт  техникасы  мен  тактикасының 
негізгі ерекшеліктері.  
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Спорт  түрлерінің,  қызметтеріне  тиісті  терминдердің 
анықтамаларын дəптерге жазып, олардың қазіргі кезеңде негізгі 
ерекшеліктерін анықтаңыз.  
2.  Спорт  түрлерінің,  қызметтерінің  мазмұнына  қарап, 
олардың бір- бірімен байланысын анықтау қажет. 
3.  Спорттық  жарыстар  теориясының  негізгі  мəселелерін 
дəптерге  жазыңыз.  Қазіргі  таңда  ғалымдардың  пікірлері 
бойынша осы салада қандай перспективалар болып тұр. 
4.  Спорттық  жаттығу  құрылымына  жаңа  көзқарастар 
көрсетіңіз. /Өзіңіздің шұғылданатын спорт түрі арқылы/. 
5.  Дəрісте  немесе  өзіңіздің  шұғылданатын  спорт  түрінен 
қазіргі  кезеңдегі  спорт  техникасы  мен  тактикасының  негізгі 
ерекшеліктерін дəлелдеңіз. 
  
3. ОСӨЖ 
3.1. Тақырып: спорттық жаттығу құрылымының негізгі 
мəселелері 
Мақсаты 
– 
Қазіргі 
кезеңде 
спорттық 
жаттығу 
құрылымының негізгі мəселелерінің ерекшеліктерін анықтау. 
Жоспар: 
1. 
Спорттық 
жаттығу 
құрылымының 
ерекшеліктері. 
2.  Қазіргі  кезенде  спорттық  жаттығу  құрылымын  жүзеге 
асырудың негізгі мəселері. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Спорттық  жаттығу  құрылымының  ерекшеліктерін 
дəптерге жазыңыз.  
2. 
Қазіргі 
кезеңде 
спорттық 
жаттығу 
құрылымын 
анықтайтын факторларды дəлелдеңіз. 

 
88 
ОСӨЖ 
3.2 Тақырып: Спорттық əрекетті талдау мəселелері. 
Мақсаты  –  қазіргі  кезенде  спорттық  əрекетті  талдау 
мəселелерін жəне оларды шешу жолдарын анықтау. 
Жоспар:  1.  Өзінің  шұғылданатын  спорт  түрінде  спорттық 
əрекетті талдау. 
2. Қазіргі кезенде спорттық əрекетті талдау мəселелері жəне 
олардың шешу жолдары. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Өзінің  шұғылданатын  спорт  түрінде  спорттық  əрекеттің 
ерекшеліктерін дəптерге жазыңыз.  
2.  Оқулықтарға,  мақалаларға  сүйеніп,  қазіргі  кезенде 
спорттық  əрекетті  талдау  мəселелерін  жəне  оларды  шешу 
жолдарын дəлелдеңіз. 
 
ОСӨЖ 
3.3  Тақырып:  Спорттық  техникасы  мен  тактикасының 
даму перспективалары. 
Мақсаты  –  қазіргі  танда  спорттың  техникасы  мен 
тактикасының даму перспективаларын анықтау. 
Жоспар:  1.  Қазіргі  танда  спорттың  техникасы  мен 
тактикасы. 
2.  Қазіргі  танда  спорттың  техникасы  мен  тактикасының 
мəселелерін шешу жолдары. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Қазіргі  танда  спорттың  техникасы  мен  тактикасын 
дəптерге жазыңыз.  
2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп қазіргі танда спорттың 
техникасы  мен  тактикасының  мəселелерін  шешу  жолдарын 
сипаттаңыз. Оларды анықтайтын факторларды дəлелдеңіз. 
 
ОСӨЖ 
3.4  Тақырып:  «Көпшілік  спорт»  жəне  «жоғары 
жетістіктер спорты» мəселелері. 

 
89 
Мақсаты  –  қазіргі  танда  «көпшілік  спорт»  жəне  «жоғары 
жетістіктер спорты» мəселелерін анықтау. 
Жоспар:  1.  Қазіргі  танда  «көпшілік  спорт»  жəне  «жоғары 
жетістіктер спорты» ұғымдардың ерекшеліктері. 
2. Қазіргі танда «көпшілік спорт» жəне «жоғары жетістіктер 
спорты» мəселелерін шешу жолдары. 
 
4. СӨЖ 
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 
1. Спорт қызметтерінің ерекшеліктері. 
2. Спорт қасиеттерінің ерекшеліктері. 
3.  Спорттық  жарыстың  техникасы  мен  тактикасының 
ерекшеліктері. 
4.  «Спорттық  жекпе-жек»  жəне  «спорттық  жарыс» 
ұғымдардың өзара қатынасының логикасы. 
5. Спорттық əрекеті сипаттамасының ерекшеліктері. 
6.  Спорттық  жаттығу  құрылымы  жөнінде  ғалымдардың 
қазіргі көзқарасы. 
7.  Спорттағы  басымды  бағыттар:  олардың  ерекшеліктері 
мен байланыстары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
90 
Дəріс  №  4.  Жоғарғы  оқу  орындағы  спорттың  өзекті 
ғылыми-əдістемелік мəселелері 
 
Жоспар 
 
1. Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға 
кедергі факторлары.  
2. Спорт дене тəрбиесінің құрамдас бөлігі жəне студенттерді 
жеке тұлға ретінде қалыптастыру факторы.  
3. 
Студенттік 
спортты 
жетілдірудің 
ұйымдастыру 
аспектілері. 
4. «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы емес жоғары 
оқу  орындары  студенттерінің  спортпен  шұғылдануының  кейбір 
ерекшеліктері (жеңіл атлетика, күрес). 
 
Əдебиет 
 
1.  Физическое  воспитание  студентов  //  Учебное  пособие  / 
Под  общ.ред.  Л.С.Дворкина.  –  Ростов  н/Д:  Феникс;  Краснодар: 
Неоглори, 2008. – С. 540-573. 
2.  Тайжанов С., Караков А. Дене тəрбиесі. 4-кітап / жоғары 
оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. – 
Б. 11-20. 
3.  Иванов  Г.Д.,  Кульназаров  А.К.  Физическое  воспитание 
студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.90-117. 
4.  Нуржанов  С.Г.  Современное  состояние  и  перспективы 
физического воспитания в вузе // Вестник физической культуры. 
– 2007. - № 1-2 (13-14). – С. 31-34. 
5.  Караваева  Е.Л.  Научно-методическое  обеспечение 
физического  воспитания  учащейся  молодежи  в  средних  и 
высших  профессиональных  учебных  заведениях:  автореф… 
дис.докт.наук.- 13.00.04.- Алматы:КазАСТ, 2008. – 40с. 
6.  Сағымбаев  Н.Б.  Жоғары  оқу  орындарындағы  спорт 
жүмысының  оқу-тəрбиелік  үрдісінде  ұйымдастырылуы  // 
Вестник физической культуры. – 2007. - № 1-2 (13-14). – С. 28-
31. 
7.  Досмухамбетов  Т.М.  Студент,  физическая  культура, 
спорт – Монография. – Алматы,1997. – С. 31- 108. 

 
91 
8.  Хлыстов  М.С.,  Белиспаев  К.М.  Физическая  культура  и 
спорт  в  ВУЗах  Казахстана//  Вестник  физической  культуры.  – 
2001. - № 2. – С. 138-140. 
9. Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға 
кедергі факторлар. 
 
2007-2011  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасында 
дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасында келесі мəселерге назар аударылған: Қазақстан 
Республикасын  бəсекелестікке  қабілетті  елу  елдің  қатарына 
енгізу  үшін  біздің  спортшылардан  əлемдік  аренада  өте  жоғары 
көрсеткіштерге  жету  міндеті  талап  етіліп  отыр.  Спорттық 
резервті  дайындау  мен  əлемдік  деңгейдегі  спортшыларды 
тəрбиелеудегі  мəселелерді  жемісті  шешу  үшін  алдымен  басты 
факторларды  ескеріп  отыру  қажет,  нақты  көрсеткішке  жетуге 
күш  салу  қажет.  Спортшыларды  тəрбиелеу  əлем  жəне  Азия 
чемпионаттарында  жəне  Олимпиада  ойындарында  орын  алу 
үшін керек…» [4, 17].  
Қазіргі  танда  Қазақстан  Республикасында  студенттік 
спортты дамытуға кедергі факторлары.. 
А) 
Министрлік 
тарапынан 
спорт 
түрінен 
жаттықтырушы-оқытушыларға 
оқу 
жүктеменің 
нормативтік негіздерінің жоқтығы. Жоғарғы оқу орындарында 
жаттықтырушылардың  оқу  жүктемесі  басқа  оқытушылармен 
(міндетті  түрде  өтетін  дене  тəрбиесі  сабағын  өткізетін)  бірдей 
есептелінеді.  
Бұрын,  КСРО  уақытында,  спорттық  оқу  бөлімшесінде 
сағаттарды бөлудің төмендегідей үлгісі болған (кесте 5). 
Яғни, спортшылардың шеберлігіне байланысты сағаттардың 
саны əр түрлі болады. 
Б) 
Республикалық 
жəне 
жергілікті 
бюджеттен 
студенттік  спортты  қаржыландыру.  Əрбір  жоғарғы  оқу 
орнында бірнеше приоритетті спорт түрлері бар. Олар бойынша 
Республикамызда  республикалық  студенттік  ойындар  өтеді 
(қысқы жəне жазғы). Оларға барлық жоғары оқу орындарыннан 
командалар  қатысады.  Себебі,  кейбір  ЖОО-да  жарыстарға 
қаржыландыру  мəселесі  шешілмейді.  Осыдан,  біздің  пікіріміз 
бойынша,  біріншіден  республикадағы  студенттік  спорттың 

 
92 
деңгейін  толық  айқындауға  мүмкіндік  болмайды,  екіншіден 
ЖОО-да 
спортшылардың 
квалификациялық 
денгейі 
жоғарламайды (республикалық жарыстарға қатыспағасын). 
 
Кесте 5 - Спорттық оқу бөліміндегі оқулардың сағаттарын бөлу 
 
Оқу топтары 
Аптасына 
оқулар  сағаттар 
саны 
Бір 
оқытушыға 
айналасушылардың 
саны 
Жаңадан  келгендер 
жəне  III  разрядтың 
спортшылары 

10-12 
II разрядтың 
спортшылары 

8-10 
I разрядтың 
спортшылары, 
спорт шеберлігіне 
үміткер жəне спорт 
шебері 

4-8 
 
В)  Кəсіподақтармен  қаржыланатын  «Буревестник»  деген 
еркін  спорттық  студенттік  қоғамының  болашағы.  Спорт 
агенттігі  тарапынан  оның  орнына  «Сұңқар»  деген  спорттық 
қоғамды  ашуды  талап  етеді.  Бұл  мəселені  жергілікті  спорттық 
əкімшілік  қарастыруда.  Ақтөбе  облысында  қазіргі  таңда 
осындай  спорттық  қарастырылуына  байланысты  студенттік 
спорттың  ұйымдастырылуы,  қалада,  облыста  жарыстарды 
өткізу,  бұл  өрісте  пайда  болатын  ғылыми-əдістемелік,  басқа  да 
мəселерді шешу өзінің орнын болашақта таппақ. 
Г) 
Ұлттық 
спорттық 
күнтізбелікте 
студенттік 
жарыстар.  Қазіргі  танда  республикадағы  студенттік  жарыстар 
«республикалық студенттік ойындардың» күнтізбелігі бойынша 
өткізледі.  Бірақ  олар  екі  жылда  бір  рет  өткізіледі.  Бұл 
жарыстарды 
ұйымдастыратын 
Ұлттық 
дене 
тəрбиесінің 
ғылыми-практикалық  орталығы  Алматы қаласында.  Студенттер 
республикадағы 
жарысқа 
бір 
рет 
қатысып 
шығады 
(қаржыландыру мəселесі шешілген жағдайда).  

 
93 
Жоғарғы  оқу  орындарда  жоғары  дəрежелі  спортшылардың 
спорттық өмірі келесімен сипатталады. Олар бəрі ірі қоғамдарда 
(Динамо,  Локомотив,  жеке  спорттық  клубтар  –  Ақтөбеде 
(Жанибек  т.с.с.),  немесе  спорткомитет,  ОДО  (олимпиялық 
дайындықтың  орталығы)  басқаратын  ұйымдарда  тіркелген. 
Жарыстарға да олар сол ұйымдардың атынан қатысады. Себебі, 
сол  ұйымдар  оларды  қаржыландырады.  Бұл  жерде  пайда 
болатын  қайшылық  -  əрбір  спортшы-студент  жеңіске  жеткенде 
соны  қаржылындырған  ұйымның  намысын  қорғап  шыққандай 
болады.  Ол  оқып  жатырған  университтетке  кейде  ұпайлар 
берілмейді,  аты  аталмайды.  Бұл  жағдайда  спортшы-студент 
кінəлі  болып  шығады.  Сондықтан,  қазіргі  танда  спорттық 
үйірмелердің жəне жоғарғы оқу орындарының арасында келісім 
шарттар  ұйымдастырылуы  қажет.  Себебі,  қазіргі  таңда  студент 
кредиттік  технология  бойынша  оқиды.  Бұл  жағдай  студентке 
үлкен  талап  қояды,  яғни  студент  күн  сайын  сабақта  болуы 
керек.  Ал  жоғарғы  дəрежедегі  спортшы-студент  оны  орындай 
алмайды.  Сондықтан,  университет  тарапынан  сол  студенттерге 
арнайы жеке жоспарды жасап оқыту керек. 
Осы 
мəселеге 
Е.Л.Караваева 
өзіннің 
докторлық 
диссертациясында, жəне С.Нуржанов өзіннің мақаласында көңіл 
аударды.  Қазақстан  Республикасы  білімінің  мемлекеттік 
жалпыға 
міндетті 
стандартында 
«дене 
тəрбиесі» 
пəні 
эллективтік  курс  ретінде  қарастырылған  жəне  бұл  пəнге 
кредиттер берілмейді. Бұл жағдай дене шынықтыру жəне спорт 
туралы Казақстан Республикасының заңына қарсы келеді, себебі 
жоғарғы оқу орнында дене тəрбиесі аптасына төрт рет жүргізілу 
керек 
деген. 
Осыған 
байланысты 
студенттердің 
дене 
потенциалының  оптималды  деңгейі  қамтамасыз  етілмейді.  Бұл 
жерде,  біздің  пікіріміз  бойынша,  дене  тəрбиесі  жүйесінің 
үшсатылық 
бірізділігі 
бұзылады 
(дене 
тəрбиесінің 
бағдарламасы, 
дене 
дайындылығының 
президенттік 
сынамалары,  бірыңғай  спорттық  классификация).  Яғни,  дене 
тəрбиесі 
пəнініне 
дұрыс 
қатыспайтын 
студенттің 
дене 
дайындылығының 
деңгейі 
өспейді, 
ол 
спортпен 
шұғылданбайды,  осы  өрістегі  дене  шынықтыру  мен  спорттың 
құндылықтарын игере алмайды. 
 

 
94 
1. Спорт дене тəрбиесінің құрамдас бөлігі жəне студенттерді 
жеке тұлға ретінде қалыптастыру факторы 
 
Бұрын  жəне  қазіргі  студенттерінің  дене  тəрбиесінің 
бағдарламасында спорт оның құрамдас бөлігі болып табылады.  
Студенттердің  спорттық  əрекеті  спорттық  секцияларда, 
спорттық оқу бөлімінде жəне жарыстарда жүзеге асырылады.  
Жоғарғы  оқу  орнында  дене  тəрбиесін  бағалаудың  ен  басты 
белгілерімен  студенттердің  дене  дайындылығы  деңгейінің 
динамикасы  болып  табылады.  6  кестеде  əл-Фараби  атындағы 
Қазақ  Ұлттық  мемлекеттік  университеті  студенттерінің  4 
жылдың  бойында  дене  дайындылығы  деңгейінің  динамикасы 
көрсетілген.  Төрт  жылдан  кейін  жоғарғы  курстарда  дене 
тəрбиесі  пəні  өткізілмегеніне  байланысты  студенттердің  дене 
потенциалы 
төмендейді. 
Сонымен 
қатар, 
спортпен 
шұғылданатын студенттердің ең соңғы курста да өзінің жоғарғы 
дене  дайындылығын  сақтайды.  Бұл  факт  оларға  оқу  жəне 
өндірістік  практикалардың  бағдарламасын  жақсы  игеруге 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  олар  еңбектің  жоғарғы 
кəсіптік тиімділігін көрсете алады. 
Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  спортпен  шұғылданатын 
студенттердің  жалпы  оқу-тəрбиелік  процеспен  байланысы 
болуы  қажет.  8  кестеде  студенттердің  емтихан  сессиясының 
нəтижелері көрсетілген. 
Ұсынылған 
мысалдан 
белсенді 
түрінде 
спортпен 
шұғылданатын  студенттердің  сабаққа  үлгерімі  жоғары  болып 
тұр.  Бұл  жағдай  олардың  жақсы  денсаулығымен,  ой  жүұмыс 
қабілетін  қамтамасыз  ететін  ағзаның  негізгі  жүйелердің 
функционалдық  дайындығымен  анықталады.  Сонымен  қатар, 
студент-спортшылар  жинақталған,  оқуға,  демалысқа  жəне 
спортпен  шұғылдануға  жойылатын  уақытты  жөнімен  таратуды 
біледі. 
 
 
 
 

 
95 
Кесте  6  –  Университет  студенттерінің  дене  дайындылығы 
динамикасының 
статистикалық 
мəліметтері 
(Т.М.Досмухамбетов бойынша, 1997 ) (қыздар)  
 
1975 
жылы 

курсқа 
түскен 
студенттер (157) 
Оқудың 

жылдан 
кейін 
(150) 
Оқудың 

жылдан 
кейін 
(120) 
Бақы-
лау 
сынақ-
тары 
М 
±m 
±V 
Мı 
±mı  ±Vı 
М2 
±m2  ±V2 
 100м 
жүгіру, 
сек 
18,87  0,13  1,69  16,74  0,05  0,81  18,91  0,16  1,57 
300м 
жүгіру, 
сек 
72,81  0,69  8,67  67,54  0,43  7,09  71,98  0,56  7,57 
Бір 
орыннан 
ұзын-
дыққа 
секіру 
м,см. 
1,53  0,02  0,02  1,69  0,01  0,12 



 
Кесте 7 – Университет студенттерінің (спортпен шұғылданатын, 
n=92)  дене  дайындылығы  динамикасының  статистикалық 
мəліметтері (Т.М.Досмухамбетов бойынша, 1997) (қыздар) 
 
Бақылау 
сынақтары 
М3 
±m3 
±V3 
t1 
P1 
t 2 
P2 
 100 м 
жүгіру, сек 
14,5 
0,11 
1,0 
15,3 
<0,001  0,18 
>0,05 
300 м 
жүгіру, сек 
49,85  6,13 
10,16  6,5 
<0,001  0,94 
>0,05 
Бір 
орыннан 
ұзындыққа 
секіру, 
м,см. 
2,13 
0,02 
0,21 
7,25 
<0,001  - 

 

 
96 
t1  P1  –  оқуға  түскен жəне  екі  жылдан кейінгі орташа  нəти-
желерін салыстыру. 
t2 P2 – төрт жылдан кейінгі орташа нəтижелерін салыстыру. 
 
Кесте  8  -  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  мемлекеттік 
университеті студенттерінің 1976-1977 оқу жылындағы емтихан 
сессияларының нəтижелері 
 
Спортпен шұғылданатын 
Спортпен 
шұғылданатын 
Көрсеткіштер 
Универ-
ситет 
бойынша 
Спортшылар 
(1 разряд ) 
Универ-
ситет 
бойынша 
 
Үлгерім (%) 
91,04 
100 
92,7 
99,2 
Өте жақсы бағаға 
тапсырғандар 
13,6 
10,24 
15,02 
8,6 
Өте жақсы жəне 
жақсы бағаға 
тапсырғандар 
36,6 
48,4 
34,8 
51,0 
Өте жақсы, 
жақсы жəне 
қанағаттанарлық 
бағаға 
тапсырғандар 
38,7 
35,6 
43,1 
33,4 
Тек қанағатта-
нарлық бағаға 
тапсырғандар 
7,4 
5,3 
6,5 
6,2 
Қанағатта-
нарлықсыз 
бағаға 
тап-
сырғандар 
А) 1 пəнінен 
Б) 2 пəнінен 
В)  3  жəне  одан 
көп 
 
 
6,5 
1,1 
0,5 
 
 



 
 
5,2 
1,1 
0,5 
 
 
0,8 


 

 
97 
2. Студенттік спортты жетілдірудің ұйымдастыру 
аспектілері 
 
Ғылыми-əдістемелік 
əдебиеттерге 
жəне 
жоғары 
оқу 
орындарындағы  пайда  болған  тəжірибесіне  сүйене  отырып 
студенттік  спортты  жетілдірудің  ұйымдастыру  аспектілеріне 
келесілер жатады. 
А) Студенттердің ірі жарыстарға қатысуы. 
Қазіргі  танда  əлемде  студенттік  спорттың  жетістіктерің 
бағалайтын ең ірі жарыстар – бұл бүкілəлемдік универсиадалар.  
ССРО  студенттік  командалардың  құрамында  Қазақ  дене 
шынықтыру институтының студенттерінен басқа да жоғары оқу 
орындарының  өкілдері  болды  (əл-Фараби  атындағы  Қазақ 
Ұлттық  мемлекеттік  университеті,  К.Сатпаев  атындағы  Қазақ 
политехникалық институты, Қарағанды жəне Усть-Каменогорск 
педагогикалық  институттардың  жəне  басқалары).  Мысалы, 
Европалық  чемпиондардың  кубогін  жеңіп  алған  «Буревестник» 
деген  ерлер  волейболдық  командасының  құрамында  негізінен 
Қазақ  политехникалық  институтының  студенттері  болды,  ал 
«Университет» 
деген 
қыздар 
баскетбол 
командасының 
құрамында негізінен Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің 
студенттері болды.  
Қазіргі танда ірі университеттерде студенттік спортқа қөңіл 
бөлуде.  Мысал  ретінде,  Н.Б.Сағымбаевтың  мақаласында 
көрсетілген  М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  көлік  жəне 
коммуникациялар  академиясында  дене  тəрбиесін  оқудан  тыс 
уықытта  ұйымдастыру  мақсатында  құрылған  спорт  клубының 
жұмысы бола алады.  
Екі  жылда  бір  рет  өтетін  Бүкілқазақстандық  Универсиада 
нəтижесі арқылы ҚР Білім жəне Ғылым Министрлігі жоғары оқу 
орындарының спорттық жұмысын бағалайды (кесте 9).  
9  кестеден  көрініп  тұр,  жыл  сайын  академияда  жетістіктер 
жоғарлауда.  
Студенттердің  ірі  жарыстарға  қатысуы  бірнеше  маңызды 
факторларды  қамтамасыз  етеді.  Біріншіден,  бұл  жоғарғы  оқу 
орнының 
рейтингін 
көтереді. 
Екіншіден, 
студенттердің 
арасында 
спортқа 
тартуды 
үгіт-насихаттау 
жұмыстарын 
жүргізуге көмектеседі. 

 
98 
Кесте 

– 
2001-2005 
жылдардың 
аралығында 
өткен 
Бүкілқазақстандық Универсиада нəтижелері. 
 
Медальдер 
№ 
п/п 
Бүкілқазақ-
стандық 
жазғы 
Универсиада 
Иеленген 
орыны 
алтын  күміс  қола 
Барлығы 

1-
Универсиада 
2001 




13 

2-
Универсиада 
2003 




22 

3-
Универсиада 
2005 

21 

19 
49 
 
 
Бұл  жерде  спортклубтың  жұмысы  жақсы  жолға  қойылған 
болу қажет. Мысалы, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне 
коммуникациялар 
академиясында 
30-дан 
астам 
спортсекциялары  жұмыс  жасайды.  «Салауатты  өмір  салты  – 
ҚККА  студенттерінің  өмір  салты»  деген  ұранмен  спорттың  14 
түрінен  спартакиада  өтеді.  Сонымен  қатар,  курстардың, 
топтардың,  жатақханалардың  арасында  жарыстар  өткізілуі 
керек.  
В)  «дене  тəрбиесі»  пəнін  міндетті  компонентке  кіргізіп, 
студенттерден  дифференциалдық  сынақты  қабылдау.  Қазіргі 
таңда  бұл  орындалуда.  Студенттердің  дене  тəрбиесі  пəніне 
қызығушылығы болса, олар спорт түрін таңдап өздері əрі қарай 
өзінің дене шынықтыру əрекетін құруға жұмыстанады.  
Г) студенттік спортты дамытудың нормативтік базасын 
қалыптастыру.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында 
студенттік  спорттық  федерация  бар.  Оның  президенті  Қазақ 
спорт  жəне  туризм  академиясының  президенті,  педагогика 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Қайрат  Қайруллаұлы 
Закирьянов  болып  табылады.  М.С.Хлыстов,  К.М.Белиспаевтың 
пікірлері  бойынша  спорт  түрлерінен  студенттік  федерациялар 

 
99 
бөлек  университеттер  мен  академияларға  бөлінген  (яғни,  қай 
жерде сол спорт жақсы дамиды). Мысалы, қысқы спорт түрлері 
Павлодармен Усть-Каменогорскіде дамылған т.с.с.  
Д) 
Жоғары 
оқу 
орындарда 
спортты 
дамытуға 
бағдарламаны құрастырып, оны жүзеге асыруда жұмыстану. 
Қазіргі  танда  бірнеше  факторлар  жоғары  оқу  орындарда 
спортты дамытуға бар. Бірінше, ол Қазақстан Республикасының 
дене  шынықтыру  жəне  спорт  туралы  заңы.  Екінші,  бұл  ел 
басының  халыққа  арналған  үндеуінде  аталған  «халықтың  30  % 
дене  шынықтырумен  спортқа  тарту».  Сондықтан,  дене 
шынықтыру  мамандары  бірігіп,  жоғарғы  оқу  орнының 
ерекшеліктеріне  байланысты,  спортты  дамытуға  арналған 
бағдарламаны  құрастырып,  оны  жүзеге  асыру  жолдарын  ашып 
көрсету керек. 
Е)  Спорттық  бағыттағы  дене  тəрбиесін  жоғары  оқу 
орындарға енгізу.  
Технологияның негізі – студенттер спорты əр түрлі түрлері 
бойынша  оқу-жаттығатын  топтарға  бөлінеді.  Бұл  технологияда 
келесі қағидалар жүзеге асырылады: 
- оқу процесстің спортизациясы; 
- дене шынықтуру пəнінің теориялық компонентін күшейту 
(таңдалған  спорт  түрінің  тарихына,  төрешіліктің  ережелеріне 
назар аударуды қамтамасыз етеді).  
- бақылау нормативтеріне талаптарды жоғарлату. 
Сабақтар  кестеден  тыс  жəне  спорттық  жаттығудың 
қағидалары бойынша өткізіледі. 
Бұл  технологияны  қолдану  барысында  студенттердің  дене 
дайындылығының деңгейі жоғарлайды. 
Ж) 
Студенттік 
спортты 
дамытудың 
тиімділігін 
сипаттайтын көрсеткіштерді нығайту. 
Л.С.Дворкин,  К.Д.Чермит,  О.Ю.Давыдовдың  пікірлері 
бойынша 
университеттерде 
студенттік 
спорттың 
дамуы 
тиімділігін  сипаттайтын  5  сатысы  бар  (сурет  9):  жоғары  оқу 
орнының  өзіндегі,  жергілікті,  аймақтық,  қазақстандық  (Ресейде 
– федералдық), халықаралық. 
Жоғары  оқу  орнының  өзіндегі  сатысы  үшін  келесі 
көрсеткіштер  маңызды  болады:  жоғары  оқу  орнында  жүзеге 
асырлатын  спорттық  шаралардың  саны;  дене  шынықтыру  жəне 

 
100 
спортпен  шұғылданатын  студенттердің  саны  (соның  ішінде 
студенттік командарлардың құрамына кіретіндер). 
Жергілікті  сатысы  үшін  келесі  көрсеткіштер  маңызды 
болады:  жоғары  оқу  орнында  жүзеге  асырылатын  спорт 
түрлерінің  саны;  жарыстарға  қатысқан  студенттердің  саны; 
жоғары  оқу  орнында  жылдың  бойында  кешенді  спорттық 
шаралардың саны (спорттық фестифаль, бірінші курс студенттер 
күні т.с.с.); разряды бар спортшылардың саны. 
Аймақтық  сатысы  үшін  келесі  көрсеткіштер  маңызды 
болады:  облыстың  құрама  командасына  кіретін  студенттердің 
саны;  аймақтағы  жоғары  оқу  орнындарда  жүзеге  асырлатын 
спорт  түрлерінің  саны;  спорттық  шаралардың  кешенді  есебінде 
жоғары  оқу  орнының  қорытынды  орны;  жоғарғы  дəрежедегі 
дайындаған  спортшылардың  саны  (спорт  шеберіне  үміткер, 
спорт шебері, халықаралық класстағы спорт шебері). 
 Қазақстандық  сатысы  үшін  келесі  көрсеткіштер  маңызды 
болады: Қазақстандық студенттік спорттық одақ күнтізбелігінің 
финалдық  бөлімінде  қатысқан  жоғарғы  оқу  орындар  мен 
студенттердің  саны;  командалық  жарыстарды  жеңіп  шыққан 
ЖОО-ң  саны;  финалдық  жарыстарды  жеңіп  алған  жəне  призер 
болған студенттердің саны. 
Халықаралық  сатысы  үшін  келесі  көрсеткіштер  маңызды 
болады: Бүкіл əлемдік универсиадаларда қатысқан жоғарғы оқу 
орындар мен студенттердің саны; финалдық жарыстарды жеңіп 
алған жəне призер болған студенттердің саны. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет