4. Спорттық əрекеттің сипаттамасы
Жарыс іс-əрекеті – спорттық қызметтің кездейсоқ оқиғасы.
Ол спорттың əр алуан түрлеріндегі спортшы мүмкіндігінің
көрінісін, оған тəн ережелер сəйкестігі мен қозғалыс əрекетері,
72
жарыстық күрес тəсілдері жəне нəтижелер бағасының мəнін
алдын ала ескереді.
Бұл əрекеттің құрылымына жарыс қимылдары мен жекпе-
жектің процесінде оның жүріс түрісінің жинақтайтын кешенді
формалары жатады. Олар өзінің операциялық құрамы бар (сурет
5). Мысалы, женіл атлетикалық ұзындыққа секірулерде, итерілу,
ұшу жəне қону сияқты сатылық құрылымдары бар.
Оның
құрылымын
талдау
барысында
қимылдардың
бастапқы, кейінгі жəне қорытынды элементтері басшылықа
алынады.
Жарыстық əрекеттің ірі элементтерімен комбинаторлық
субқұрылымдары болып табылады. Спорттың бір түрлерінде
олар қатан қалыптасқан (мысалы, гимнастикада, мəнерлеп
сырғанау), басқаларда – шамамен бостандық түрінде жəне
спорттық тактиканың шекарасында оңай өзгеріледі (мысалы,
футболда).
Жарыс қимылдарын комбинацияларға жəне олардың бүтін
формалары жинақтайтын зандылық байланыстардың спортшы
əрекетінің жүріс тұрыстық құрылымын анықтайды. Ол
тактикалық ойдың, тактикалық жоспар мен спортшының жүріс
тұрысының бағытының ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен
қатар жекпе-жектің өзінің процесінде спорттық мақсаттың
жүзеге асырылу жағдайлары үлкен əсерін тигізеді. Осыдан,
келесі жағдайды сезіну қажет: жоғарыдағы ұсынылған логикаға
бағынбайтын спортшымен орындайтын кейбір бөлек қимылдар
жарыс əрекетін сипаттамайды.
Спорттық əрекеттің мағынасын түсіну барысында жекпе-
жектің əрекетінде болатын өзгерістер фазалық түрінде
болатындығы маңызды орын алады. Олар жарыс əрекетінің
жүзеге асырылуының психикалық жəне биофункционалдық
жағдайларымен анықталады.
Жарыс əрекетінің старттың алдындағы фазасында
жырысқа бағдар беруді, əрекеттің мотивін, алдындағы болатын
əрекеттің моделированиясы, «эмоционалдық дайындалу» жəне
тəжірибелік жаттығу.
Жекпе-жектің
өзінің
өту
барысында
алдын
ала
қалыптасқан бағдар жəне əрекеттің моделі нақтыланады жəне
кəдімгі кездескен жағдайларға байланысты өзгеріледі.
73
Жекпе-жектің
аяқталуынан
кейін
ағзаның
биоэнергетикалық жəне басқа шығындарға реакциясы ретінде
спортшы ағзасының əртүрлі жүйелері мен органдарында
бұрынғы қалпына келу процесстері жүзеге асырылады.
Спортшының спорттық əрекетінде «ұрысып қалу», «
рефлексті өзара əрекет» жəне «əрекетті жалғастырудың
мүмкіндігі».
Спорттық əрекеттің «ұрысып қалуы» бірдей күші бар жəне
спорттық бағытта дайын адамдардың арасында жеңіске жетуге
ұмтылуды қамтып көрсетеді.
Спорттағы рефлексті өзара əрекет келесі мағынасын
білдіреді. Жарысқа қатысушыларды рефлексті өзара əрекетке
түсуші адамдар деп қабылданған жөн. Мұндағы «рефлексті»
бейнелейді немесе олардың əрқайсысына өз ойларын жоқ
негізінде емес, шын мəніндегі мүмкіндіктерді ескере отырып
құрады деген мағына береді. Əрбір спортшының белгілі кезеңге
жəне жарысқа байланысты қойған мақсаты болады. Əрине, əрбір
спортшының жарысқа барар өзіндік жолы, белгілі бір тəсілдік-
тактикалық амалдары бар. Өзінің жəне қарсыласының ұтымды
жəне ұтымсыз қасиеттері мен сол
жарысқа барар амалдарының бірлігі доктринада көрінеді.
Доктрина белгілі бір тактикалық мінез-құлықта, алдағы жарыста
мақсатқа жету амалдарында, жоспарланған нəтижелерге жету
жолындағы іс-əрекеттерде көрінеді.
Рефлексті өзара əрекет деген термин сөз əрбір жарысқа
қатысушы басқа қатысушылар ойларын өз санасында. Осындай
рефлексия спорттық тактиканың маңызды компоненттімен
болып табылады.
Спорттық-жарыстық əрекеттің мүмкін болатын түрі
алдын-ала болжамданған ойлар кейде іске аспайды (жарыстың
өту барысында ауытқулар міндетті түрде болады).
Жекпе-жектің барысында спортшының жүріс тұрысы оның
нақты мақсатылық бағытына жəне оның негізінде жатқан
мотивациясына байланысты.
Спортшылардың жарыс əрекетіне мынадай жағдайлар əсер
етеді: жарыс өткізілетін жердің ерекшеліктері: жанкүйерлердің
мінез-кұлқы; жарыс өтетін жердің жабдықталуы; географиялық
орта; жаттығушылардың мінез-кұлқы жəне т.б. Жарыс əрекеті
74
ерекшеліктеріне мыналар жатады: 1) қарсыластың əр түрлі айла-
амалдары негіздерінде мəліметті қабылдау; 2) мəліметті електен
өткізу жəне шешім қабылдау; 3) қарсыластың белсенді
қарсылығы.
Сурет 5 – Жарыс əрекетінің құрылымы
жағдайында қабылданған шешімді іске асыру. Жарыс
ылғида екі адам немесе топтар арасындағы куреске қ ұрылатын
болғандықтан, əрдайым тартыстан тұрады. Жарыс барысында
Спорттық əрекеттің құрылымы
Жарыстық қимылдары
Операциялық құрамы
Бастапқы элемент
Кейінгі элемент
Қорытынды
элемент
Комбинаторлық құрылымдар
Стандарттық
Вариативтік
Жүріс тұрыс құрылымы
ұрысып қалуы
Рефлексті өзара
əрекет
мүмкін
болатын түрі
75
спортшының күйі үнемі өзгеріп отырады, ал ол негізінен
сайыстың өту сипатына байланысты болады.
Жарыс жағдайында барынша көрініп отыратын жəне
жарысқа тəн осы белгілер спортшы ағзасы мүмкіндігінің
толығымен іске қосылуын талап етеді. Спорттағы жарыс əрекеті
адамның
барлық
қабілетін,
оның
ішінде
ағзаның
шынықтырушылық жəне психикалық мүмкіндіктерін жан-
жақты алып отырады. Дегенмен əлемдік деңгейдегі нəтижелерге
тек көптеген жылдар бойы тыңғылықты дайындықтан өткен
дарынды адамдар ғана қол жеткізе алады.
5. Спорттық жаттығу құрылымы жөнінде қазіргі көзқарас
Спорттық жаттығудың негізгі бөлімдерінің мазмұны іс
жүзінде белгіленбеген. Олардың қалай тұтас байланысатынын
ажыратпай тұрып, жаттығу жүйесінің мəнін түсіну жəне оның
практикалық құрылымы тəсілдерін меңгеру мүмкін емес.
Жаттығу жүйесінің тұтастығы оның табаңдылықпен, бірігетін
тəртіп белгілері (бөлімдері, қырлары жəне буындары), олардың
бір-бірімен заңды қатынасы жəне жалғастығы туралы түсінік
белгілі құрылым негізінде қамтамасыз етілді, яғни, спорттық
жаттығу құрылымы төмендегіше сипатталады:
- спортшының əр түрлі дайындық қырларының өзара
байланысын мақсатқа сəйкес жүзеге асыру тəртібімен (жалпы
белгілерімен жəне арнайы дене дайындығымен, бүлшық етті
жетілдіру жəне тəсілдік дайындықпен т.б.);
- жаттығу жүктемелерінің (оның көлемі мен үдемелі
есімталдық мөлшері), сондай-ақ жаттығушылық жəне жарыстық
жүктемелердің қажетті жұптасқан қарым-қатынаспен;
- жаттығу жүйесінің уықытқа сай өзгеру зандылықтарын
білдіретін белгілі кезеңдері, немесе сатылары болып табылатын
əртүрлі буындарының (циклдер, мезгілдер, кезендер, жекелеген
сабақтар жəне олардың бөлімдері) белгілі жалғастарымен.
Жаттығу жүйесінің сатылы циклдеріне сəйкес оның
құрылымының үш деңгейі ажыратылған: 1) көп уақыт ішінде
орындалатын іскер құрылымы (макроқұрылым) жартыжылға,
жыл бойына жəне көп жылға төрт жылдық олимпиадалық
циклге арналған үлкен жаттығу циклдері құрылымы; 2) орташа
76
мерзімде орындалатын жаттығу циклдері (мезоқұрылым)
аяқталған бірнеше аз мерзімде орындалатын жаттығу циклдерін
қамтитын
жаттығудың
орташа
циклдері
(мезоциклдер)
құрылымы; 3) аз мерзімде орындалатын жаттығу циклдері
құрылымы (микроқұрылым) жаттығудың бірнеше сабақтан
жəне
жекеленген
жаттығудан
тұратын
аз
циклдер
(микроциклдер) құрылымы.
Жартыжылдық, жылдық, не көп айлық циклдердегі жаттығу
үш кезеңге бөлінеді: дайындық (іргелі дайындық), жарыстық
(негізгі жарыс қарсанындағы) жəне өтпелі. Жаттығудың
ауыспалы циклдік кезеңдерін қажет ететін себебтер мыналар: 1)
спорттық баптың даму зандылықтары; 2) спорттық жарыстар
күн тізбегі; 3) маусымдық-климаттық шарттар.
Спорттық баптың дамуы кезеңдерінде жаттығу жүйесін
бірнеше мерзімдерге бөлу табиғи ұмтылысты білдіреді.
Спорттың баптың дамуы кезеңдері мен жаттығудың көп
мерзімде орындалатын істер (микроцикл) мерзімді арасында
заңды байланыс баптың қалыптасу, оны сақтау жəне уақытша
жоғалту кезеңдері жаттығудың əсер ықпалы нəтижесінде
болады, олардың сипаты өз кезіндегі, жөғарыдағы кезеңдердің
келуіне байланысты. Осыған сəйкес жаттығу жұйесінде
дайындық, жарыстық жəне өтпелі үш мерзім алмасады.
Жаттығудың аз мерзімде орындалатын істер жиынтығында
(микроциклде)
екі
саты
ерекшеленеді:
кумуляциялық
(жаттығулар əсері тиімділігінің жиынтығы қамтамасыз етіледі)
жəне қалпына келтірушілік.
Микроциклдердің келесі түрлері бар (сурет 6). Олардың
негізгілері
-
меншік-жаттығушылық
пен жарыстық,
ал
қосымшалары – жалғастырушылық, қалпына-келтірушілік.
Меншік-жаттығушылық микроциклдері жалпы дайындық
жəне арнайы дайындық болып бөлінеді. Алғашқылары жалпы
дене дайындығы үлес салмағын ұлғайтумен байланысты көп
мерзімде орындалатын істер жиынтығының (макроциклдің)
дайындық мерзімінің бастапқы жəне кейбір басқа кезеңдердегі
аз
мерзімде
орындалатын
істер
жиынтығының
(микроциклдердің) негізгі түрі болып табылады. Оларға
спортшының барлық немесе көбіне көп дене қасиеттерінің
дамытуға бағытталған сабақтарды алмастырып отыру тəн сипат.
77
Екіншілер арнайы дайындықты дамытуға тиіс мамандырылған
жұмыс үлес салмағын арттырумен ерекшеленеді. Оларда тандап
алынған спорт түрі ерекшеліктеріне жауап беретін сабақтарды
алмастырып
отыру
тəртіп,
қабілеттерді
дамыту
жəне
дағдыларды жетілдіру үшін үйлесімді жағдайлар жасау
қажеттігімен анықталады.
Жалғастырушылық микроциклдер жарысқа дайын алдағы
старт аралық фазаларды қамтиды. Жарыстық күндерден басқа,
егер жарыс бірнеше күнде өтсе жəне қалыпқа келу жарыстан
кейін орындалса, онда бұл аз мерзімде орындалатын істер
жиынтығы спортшыны жарысқа тікелей жалғастыру тəртібі
бойынша құралады.
Жарыстың аз мерзімде орындалатын істер жиынтығы
жаттығушылық ұйым түрінен гөрі жарыстық əрекет түрі болып
табылады.
Күш-жігерді қалыпқа келтірудің микроциклдерді (қысқа
мерзімді жүйесі) спортшы қызметі тəртібін ұйымдастырудың
ерекше түрі. Бұл жүйе спортшының өзіндік жаттығу
ерекшеліктеріне сəйкес күш куатын көбірек тілейтін қимылдар
түрін орындағаннан (əсіресе, «денеге күш көбірек түсу») кейін
жаттығудың тиімділік əсерін күшейту мақсатында енгізіледі.
Орташа
мерзімде
орындалатын
жиынтықтар
(мезоциклдер)
негіздерінің
бірін
құрайтын
жүктемелер
динамикасында
орташа
толқындардың
пайда
болуымен
түсіндереді. Бір ай мерзімге жуық биоциклдер орташа мерзімде
орындалатын істер жиынтықтары созылмалығына, сондай-ақ
олардың жүктемелерін бөлу сипатын мүмкіндігінше ісер ететін
факторлардың бірі болып саналады.
Орташа
мерзімде
орындалатын
жиынтықтардың
(мезоциклдердің) типтері (сурет 7).
Өзінше тартушы орташа мерзімде орындалатын істер
жиынтығы. Жылдық жəне одан да үлкен циклді жаттығу өзінен
басталады. Ол 2-3 қарапайым жəне бір қалыпты келтіру аз
уақытының
ішінде
орындалатын
істер
жиынтығын
(микроциклді) қамтиды. Жүктемелер саны өсуінің жалпы
деңгейі онша жқғары емес, əсіресе төзімділікке тəрбиелейтін
спорт.
78
Сурет 6 – Микроциклдердің типтері
түрлерінің мамандануда олардың көлемі айтарлықтай үлкен
мөлшерге жетеді. Жаттығу құралдарының құрамы жалпы
дайындықтың артықша сипатына ие. Мұндай орташа мерзімде
орындалатын істер жиынтықтары (мезооциклдер) саны үлкен
жаттыққандық циклдерін бастапқы үйренгіш мүмкіндіктеріне
жəне жаттығудың бұрынғы кезең сипатына байланысты.
Бастапқы
орташа
мерзімде
орындалатын
істер
жиынтығы. Бұл жаттығудың дайындық кезені орташа мерзімде
орындалатын істер жиынтықтарының басты түрі. Дайындықтың
негізгі мақсаты тек осылар жүзеге асырылып, жана жəне бүрын
меңгерілген дағдыларды қайта құру ісін тұжырымдаудағы
негізгі
жаттығу
жұмыстары
орындалады,
ағза
қызметі
мүмкіндіктерін ұлғайтуға жетелейді де барынша елеулі жаттығу
жүктемелері енгізіледі.
Жарыс алдындағы орташа мерзімде орындалатын істер
жиынтығы.
Оның
ерекшелігі
алда
тұрған
жарыстың
режимдерін толық үлгілеу, нақты жағдайларға беймделуін
қамтамасыз ету қажеттігінен анықталады.
Микроциклдердің типтері
Негізгі
Қосымшалар
меншік-
жаттығушы
лық
жарыстық
жалпы
дайындай-
тын
арнайы
дайындай-
тын
Жалғас-
тырушы-
лық
қалпына-
келтіру-
шілік
79
Жарыстық
орташа
мерзімде
орындалатын
істер
жиынтығы. Бұл негізгі жарыстар кезіндегі орташа мерзімде
орындалатын істер жиынтықтарының басты түрі, олар бірінен
кейін
бірі
келіп,
арақашықтыққа,
орташа
циклдердің
созылмалығына сəйкес болады.
Қалпына келтіруші-дайындық жəне қалпына келтіруші-
қолдаушы
орташа
мерзімде
орындалатын
істер
жиынтықтары. Бірінші топ рет себептері бойынша бастапқы
орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарына ұқсас,
бірақ ол қосымша қалпына келтіруші орташа мерзімінде
орындалатын істер жиынтықтарын қамтиды. Екінші топ одан да
жұмсақ
режимімен
жəне
түрлерді
алмастыру
арқылы
ауыстырып қосу тиімділігін, жаттығу сабақтарының мазмұны
мен шарттарын барынша кең пайдаланумен сипатталады.
1988 жылы Сеулда өткен Олимпиялық ойындарда спорттың
циклдік түрлерімен айналасатын спортшылар-универсалдар
жоғары жетістіктерге жетті. Мысалы, К.Отто, М.Бионди 6 жəне
5 медалден жеңіп шықты (жүзу). 2 жəне одан жоғары
медалдерді алған спортшылардың арасында АҚШ – 19, ГДР –
16, СССР – 8, Венгрии – 4. Басқа сөзбен айтқанда, аталып
кеткен фактілерге сүйене отырып екі мектептің жүзеге
асырылуын байқауға болады: біріншісі – арнайы қысқарылған
мектеп. Бұл жерде спортшының пəндік мамандырылуы жəне
спорттық жаттығудың
барлық
зандылықтарын
сақтауды
қамтамасыз етілген. Екіншісі – қатаң мамандырылуды
ескермейтін универсалдық мектеп.
80
Сурет 7 – Мезоциклдердің типтері
Спорттық жаттығудың мерзімделуінде келесі қарама
қайшылықтар бар.
Жеңіл атлетикадан танымал Кенияның маманы Д.Вильзен
1966 жылы африкалық спортшыларды жаттығудың европалық
Мезоциклдердің түрлері
Бастапқы
Жарыстық
Жалпы дайын-
дайтын
Негізгі
Қосымшалар
Арнайы
дайындайтын
Өзінше
тартушы
Тексеру-
дайындайтын
Жарыс
алдындағы
қалпына
келтіруші-
қолдаушы
Қалпына
келтіруші-
дайындық
81
ұлғісіне сүйенбеуді талап еткен. Ол спорттық жаттығудың
мерзімделуін алі білген жоқ. Ол туралы А.Д.Новиков пен
Л.П.Матвеевтың дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесі
бойынша оқулықтың 1968 жылы шыққаннан кейін белгілі
болды.
Д.Вильзен
жоғарғы
жарыстық
жəне
жанжақты
дайындылықтың жақтарында аса көңіл болды. Жқғарғы
жарыстық жұмысқабілеттің тұжырымдамасын ол сол кездегі
əлем рекордсмены Р.Кларктің тəжірибесінен алған.
Бұл ойындарда СССР гимнастары 11 алтын, 5 куміс жəне 3
қола медалдерді жеңіп алды. Бұл нəтиже аға жаттықтырушы
Леонид Аркаевтың басшылығымен жүзеге асырылған «үнемі
жекпе-жекке дайын» тұжырымдамасына байланысты болды.
Бұл тұжырымдамада спорттық баптың жоғарлауына мен
төмендеуіне ешқандай сүйену болған жоқ.
Қазіргі танда спорттық жарыстардың жалпы күнтізбелігінің
кеңеюйінің тенденциясы байқалады, қай жерде жылдың
бойында 2-4 ең ірі, жауапты жарыстар болады. Бұл жағдай
мамандарды
жылдық
циклді
бірнеше
макроциклден
құрастыруға
əкелді.
Осыған
материалдық
базарлардың
жақсыруы
бір
факторы
ретінде
болды.
Манеждердің,
велотректердің, қысқы стадиондардың, бассейндердің пайда
болуы көп спорт түрлерінде жылдың бойындандағы айлардың
ауысуына қарамауына келтірді. Велоспортта, жеңіл атлетикада,
жүзуде жыл бойында 2-3 макроцикл пайда болды.
Сонымен,
жоғары
дəрежелі
споршыларда
жылдық
жаттығуды құрастыруда біржылдық макроциклге (біржылдық
цикл), екіжылдық макроциклге (екіжылдық цикл), үшжылдық
макроциклге(үшжылдық цикл) сүйене отыруы кездесті (сурет
8).
Əрбір макроциклде үш кезең бар – дайындық, жарыстық
жəне өтпелі. Жаттығатын процесстің екі жəне үш цикл бойынша
құрастырудың барысында «екіқосалық» жəне «үшқосалық»
циклдердің варианттары қолданылады. Осындай жағдайда
бірінші, екінші жəне үшінші макроциклдердің арасындағы
өтпелі кезеңдер жоспарланбайды. Ал алдындағы макроциклдің
жарыстық кезеңі біртіндеп келесі макроциклдің дайындық
кезеңінен ауыса бастайды.
82
6. Спорттық жарыстың техникасы мен тактикасы
Спорттық тəсіл жарыс əрекеттерін орындаудың азды-көпті
жетілдіру əдістері болып саналады, ал спорт тактикасы жарыс
мақсатындағы
жеңіс
барысындағы
барлық
əрекеттер
жиынтығының біріккен формасы болып табылады.
«Спорттық тəсіл» туралы айтқанда бұл терминнің екі мəнін
ажырата білу керек. Біріншіден, іс жүзіндегі тəжірибе немесе
ілім
83
Сурет 8 – Біржылдық циклде дайындық процесін құрастыру
варианттары
I – дайындық кезеңі
II – жарыстық кезеңі
III - өтпелі кезеңі
I
II
III
I
III
II
I
II
Бірциклдік
Екіциклдік
Үшциклдік
I
II
III
I
II
III
I
II
III
Екіқосалқы цикл
I
II
I
II
III
Үшіқосалқы цикл
I
II
I
II
I
II
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Айлар
84
негізінде жасалған жарыс əрекеттерінің тамаша «үлгісі».
Екіншіден,
спортшыда
шынайы
қалыптасатын
жарыс
əрекеттерін орындау əдісі, жарыс əрекеттері спортшының өз
мүмкіндіктерін қандай дəрежеде болса да тиімді пайдаланумен
сипатталады. Спорттық тəсіл тиімділігінің жалпы белгілері
нақтылы спорт нəтижесі мен есептеу нəтижесі арасындағы
айырмамен анықталады. Іс жүзінде тəсіл тиімділігінің жеке
көрсеткіштері
жиі
пайдаланылады.
Спорттық-тəсілдік
шеберліктің критерийлері сенімділік, техникалық тəсілдері
меңгерудің мөлшері мен əртүрлігінің көрсеткіштері де болып
табылады.
Тұтас спорттық əрекеттер техникасының ырғақтығы оның
маңызды жиынтық сипаттамасы болып табылады. Ырғақтық
əрекеттің барлық құрамдас бөліктерін қосатын заңдылық
тəртібін көрсетеді. Жарыс əрекеттерінің ырғағын қалыптастыру
жəне үйлестіру спортшының барлық тəсілдік даярлығын
ортақтандыру мəселесі болып саналады. Жаңадан қалыптасатын
күрделі спорт қимылдарының ырғақты құрылымы спортшыда
бастапқыда даяр күйінде болмайтындықтан, оны қалыптастыру
жолында ең алдымен ырғақтағы эталон туралы түсінік пайда
болады. Ырғақ одан əрі спортшының бақылап көшіруі арқылы
даярланады.
Спорттық тəсілдік сенімділік қалыптасқан дағдыларды
бəсекелердің
өзгерістегі
шарттарына
сəйкес
өзгерту
мүмкіндігіне де демек бағыттардың өзгермелі нұсқаулар өрісіне
де байланысты. Жарыс əрекеті техникасының мақсатқа сай
өзгермелі нұсқаны дəлелденген өзгерішпен сипатталады, ол
жарыс шартарына пара-пар. Өзгермелі нұсқаулық жеке
сипаттардың, фазалардың жəне жаттығулар формаларының,
сондай-ақ олардың орындалуының сыртқы жағдайларының да
бағытталған өзгермелі нұсқаулары жолымен табысқа жетеді.
Жарыстардағы спортшы əрекетінің сенімділігі – ішкі жəне
сыртқы бөгелулердің пайда болуына қарамастан, əрекеттің
жоғары нəтижелілігіне кепілдік беретін қабілеттіктер мен
спортшы дағдыларының жетілдірілген жиынтық нəтижесі.
Бөгелу тұрақтылығын арттырудың негізгі жолдары мен
шарттары мыналар болып табылады: 1) мамандандыру кезінде
дене сапасының шектеулі көрініс беру жағдайларында
дағдылардың үйрену; 2) психикалық шиеленіскен жағдайларды
85
модельдеу жəне қосымша қиындықтар енгізу; 3) жарыс
тəжірибесі.
Спортшының тактикалық даярлығы спорттық тактиканың
ілімдік негіздерін меңгеруді, бəсекелестің деректерін зерттеуді,
тактикалық тəсілдерді, олардың комбинациялары мен өзгермелі
нұсқаларын (жетілдірілген тактикалық іскерлік пен дағдыларды
иеленуге дейін) іс жүзінде меңгеруді, тактикалық дүниетануды
жəне басқа тактикалық шеберлікті анықтайтын қабілеттіліктерді
ұйғарады. Спорттық тактика – бұл спорттық күрес жүргізу
шеберлігі. Жалпы ұғым спорттық мақсатқа жетуде белгілі ниет
жəне жоспарға бағынатын спорт командасымен (командалық
тактика), спортшымен (жеке бас тактикасы) бəсеке жүргізудің
барлық мақсатқа сай əдістерін қамтиды. Тактиканың мəні бəсеке
жүргізуге өзінің дене, психикалық жəне тəсілдік мүмкіндіктерін
ең көп нəтижеде іске асыра алатын, қарсыласының қарсылығын
ең аз шығынмен жеңе алатын əдістерді пайдаланумен
айқындалады.
Спорттық
тактиканың
бастапқы
жалпы
тактикалық ниет – бəсеке жүргізуші негізгі, ол əдетте
əрекеттердің, өзара əсердің жəне мақсатқа жету жолында
бəсекелестің қарсылық жоюдың негізгі саласы ретінде əдетте
бəсекеге дейін қалыптасады. Оның ниеті бірізді міндеттердің
тізімі ретінде ұсынылатын тактикалық жоспарда жəне соларды
шешу əдістерінің ұйғарымына айқындалады.
Спорттық-тактикалық шеберлік негізі – бұл тактикалық
білім, іскерлік, дағды жəне тактикалық дүниетаным сапасы.
Спортшының тактикалық білімі дегеніміз тактиканың
негіздері жəне тиімді формалары, олардың даму тенденциясы,
қолдану ережелері жəне олардың аса нəтижелі болатын
жағдайлар туралы ғылыми-практикалық мағлұматта, сондай-ақ
нақтылы жəне мүмкін бəсекелестер туралы қорытынды ақпарат
тұрғысында түсіндіріледі. Спортшының тактикалық ниеті мен
жоспарының мақсатқа сайлығы, негізділігі жəне икемділігі
көбінесе осындай білім көлеміне байланысты болады.
Спорттық-тактикалық шеберлікте əзірше ортақ, бірегей
мөлшерлік критерийлер жоқ. Спорттың жеке түрінде оларды
түсіндіру үшін тактикалық тəсілдердің жалпы көлемі мен көп
түрлілігінің, тактиканың икемдігі мен түп нұсқалығын бағалауға
байланысты критерийлер пайдаланылады, спорттың басқа
түрлерінде
дистанцияға
таралатын
күштің
дəлдеген,
86
атқарылатын нəтижелілігін жəне т.б. бағалауға байланысты
мөлшерлік критерийлері қолданылады.
Тактикалық білім, іскерлік жəне дағдылардың қалыптасуы
бірлігінде тактикалық дүниетаным дамиды. Оның негізгі сапасы
спортшының ақпаратты тез қабылдау, бағалау жəне қайтадан
өңдеу жəне т.б. қабілеттіліктермен көрінеді, ең басты – бірнеше
мүмкіндігі бар өзгермелі нұсқалардың арасынан аса дұрыс
шешім қысқа жолмен таба білу. Мұндай сапалар кез-келген
түрінде, əсіресе, спорт ойындары мен жекпе-жектесуде қажет.
Спортшылардың жарыс əрекетінің тактикасына əсер
ететін факторлар.
Жарыстардың
ережелері.
Кейбір
спорт
түрлерінде
жарыстың ережелері үнемі ауысып тұрады. Бұл жағдай жарыс
əрекетінің тактикасына өзгерістерді енгізіп тұрады. Мысалы,
баскетболдағы үшұпайлық лақтыруларды енгізу; греко-римлік
жəне
еркін
күрестегі
жекпе-жектің
ұзақтығын
азайту;
волейболда шабуылшы соққуды іске асыру барысында блокты
қоюда сеткадан қолдарын шығару.
Спорттық жарыстарды өткізудегі сыртқы ортаның
жағдайлары.
Жарыстарды өткізу жерлерін ауыстыру, жарықтығы,
метереологиялық жəне басқа жағдайлардың өзгерілуі спорттық
техникамен тактикаға өзгерістерді енгізуге əкеледі. Мысалы,
шаңғы
спортында
дистанциясының
профилі
мен
метереологиялық жағдайлардың өзгерілуі қозғалу тəсілдері мен
темпін ауыстыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |