56
Дəстүрлі тақтадан ерекшелігі интербелсенді тақта экрандағы
сурет бейнесін графикалық түсіндіруге көп құрал-саймандары
бар. Мұндай мүмкіндік берілген ақпараттың бейнесінің сапасын
арттыруға жағдай жасаумен қатар, оқушылардың зейінін арттыруға,
соның ішінде: пероға арналған көп түстердің саны, пероның
əртүрлі пішіні мен қалыңдығы, сонымен қатар тақтағы əртүрлі түс
фонын беру мүмкіндігі жоғары. Интербелсенді тақта əртүрлі
геометриялық фигураларды салу үшін құрал-саймандар саны көп
болғандықтан, əртүрлі сызбаларды, схемаларды, диаграммаларды,
графиктерді салу жағынан сабақтағы уақытты үнемдеуге жағдай жа-
сайды.
Интербелсенді тақтаның тағы бір ерекшелігі ондағы жазылған
ақпаратты бейнефильм түрінде сақтау мүмкіндігі болып табыла-
ды. Мысалы, есептің шешімінің тек қана ең соңғы нəтижесін емес,
есепті шешу үрдісін басынан аяғына дейін кез келген жылдамдықпен
көруге болады.
Интербелсенді тақта оқу-əдістемелік материалдарды тиімді да-
йындау құралы ретінде қолданылуы мүмкін: мысалы, есептің
шешімі, схемалар, сызбалар, графиктер жəне т.б. Бұл материалдардың
барлығы сабақта да, əрі қарай жаңа материалды түсіндіруде де,
қайталауда, сонымен қатар жеке жұмыс жасауда жаттықтырушы
ретінде қолданылуы мүмкін.
Интербелсенді тақтаны қолданудың мүмкін болатын тəсілдерін
анықтайтын 4 маңызды көрсеткішін айтуға болады:
- шектеусіз аудан;
- ақпаратты жазу мен экран бейнесін графикалық түсіндіруге
арналған құрал-саймандар жиыны;
- ақпаратты электронды түрде жəне əрі қарай шектеусіз көбейту
үшін де электронды түрде сақтау мүмкіндігі экран бетіндегі
суреттерді кеңейтілген түрде жіктеу;
- ақпараттарды сақтап оларды электронды түрде сақтауға
мүмкіндік бар
- ақпараттарды динамикалық түрде сақтауға мүмкіндік бар (бей-
нефайл түрінде).
Бұл мысалдарды əңгімелесу немесе дəріс түріндегі сабақтарда
иллюстрациялайық. Оқытушы сабақты өткізе отырып, тақтада өз
түсіндірмесінің кілттік кезеңдерін жазады. Бұл есептің шешімі бо-
луы мүмкін немесе қандай да бір ұғымның, сызбаның, графиктің
57
қысқа анықтамасы болуы мүмкін. Сонымен қатар тақтада орын жет-
песе жаңа экранға көшу мүмкіндігі (слайд). Əрбір слайд логикалық
аяқталған модуль ретінде безендірілген. Сабақтың барысында
алдыңғы слайдқа қайта оралуға, қосымша өзгерістер мен қосымша
белгілер жасауға болады. Слайд саны шектелмеген.
Оқытушы тақтада жазған кезде, қаламның кез келген түсін
таңдай алады, сонымен қатар қаламның қалыңдығын, сондай-ақ
оқытушының көзқарасы бойынша əрбір слайд көрнекілік үшін
əртүрлі түстермен жəне түрлі стилде безендірілуі мүмкін. Оқытушы
сабақ үстінде бұрыннан дайындалған немесе алдыңғы сабақтағы
статистикалық графикалық бейнелерді қолдана алады, сондай-ақ
қолданылып отырған слайдта сақталып қалатын əртүрлі белгілеулер
жасай алады. Бұл белгілер қаламмен немесе маркермен орында-
луы мүмкін, оның қасиетін (түсі, қалыңдығы, формасы, ашықтығы)
баптауға болады. Егер оқытушы өз дəрісінде бейнефрагментті пайда-
ланса, онда бейнебейнелерді екі режимде, бейнеқатар немесе үзіліс
режимінде тұрмай-ақ сондай құралдармен өзгертуге мүмкіндік бо-
лады.
Жазылған ақпаратты электронды түрде сақтау мүмкіндігі
оқытушыға оны келесі сабақта қайталау барысында немесе білімді
жалпылау сабақтарында қолдануға болады. Осылайша оқытушы
сабақта оқу-əдістемелік материалды келесі сабақтарға дайындай
алады.
Сақталған ақпаратты оқушыларға электронды немесе қағаз
түрінде оқушыларға аудиторияда немесе үйде өзбетінділік жұмыс
үшін де берілуіне болады. Видеоролик түрінде сақталған ақпарат
сабақта білімді бекіту кезеңіндегі жаттықтырушы ретінде де
қолданылады. Оқу материалын осылайша сақтауды есепті шешу
мысалдарын демонстрациялау үшін немесе тапсырмаларды (сызба-
ны аяқтауда, фигураны немесе графикті т.б. құрастыруда) орындауда
қолдануға болады.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану ойды
кеңейтуді іске асырып жаңа əдістің пайда болуына, оның
ұйымдастыру түріне əкеледі. Білім беруді ақпараттандыру барысын-
да дидактикалық жəне оқыту құралы болып табылатын компьютер.
Бүгінгі мектепке келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі
айрықша орын алатыны – интербелсенді тақталар – педагогтардың
оқыту үдерісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты са-
палы жүзеге асырады.
58
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін
артықшылығы:
1.
Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып
түсіндіруге мүмкіндік береді;
2. Кез келген қосымшалардың үстіне сурет салуға жəне жазба
жазуға мүмкіндік береді;
3. Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ
уақытында жасалған жазбаларды сақтауға жəне баспаға беруге
жəне материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;
4.
Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кəсіби
шеберлікке ынталандырады;
Оқушылар үшін интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің
артықшылығы:
1. Сабақты қызықты етеді жəне оқушының ынтасын арттырады;
2. Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке жəне əлеуметтік дағдыларын
дамытуға көп мүмкіндік береді.
3. Оқыту материалының түсінікті, тиімді жəне өзгермелі
берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл жəне
тез қабылдайды.
4. Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды жəне
өздеріне деген сенімі арта түседі.
Бірақ тақта – тек қана құрал, ал оқыту үдерісінің тиімділігі
көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық
қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен
шығармағанымыз жөн. Осылайша, интербелсенді тақтаны
қол-дану оқу үдерісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді,
оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын жəне бірлескен
жұмыстарын шығармашыл етеді. Бағдарламалық-ақпараттық жиын-
тық «Интербелсендік тақта» дегеніміз бұл дəстүрлі мектеп
тақтасының барлық сапасына ие жəне мынадай кең мүмкіндіктері
бар тақта:
– экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
– бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген
жұмысына сараптама жүргізуге жəне тексеруге мүмкіндік
туғызады;
– табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру
есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;
– оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;
– сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;
59
– кей əдістерді пайдаланып, қарқынды əдістеме бойынша
оқытады.
Интерктивті тақтамен жұмыс жасау тəжірибесі стереометрия
сабақтарында, функциялар мен олардың графиктеріне арналған
алгебралық сабақтарында, мектеп оқулығынан тыс сабақтарда
қолдануда көрініп отыр.
Интербелсенді тақтаны оқу үдерісінде пайдалану нəтижесі.
– Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт
аралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемі ұлғайды.
– Оқушының пəнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін
т.б. дамиды.
– Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға
тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі.
– Сурет, сызбалар, дыбыстық əсерлер, қимыл анимациялары іске
асырылады.
– Дидактикалық материал қоры ұлғайды. Жасалған файлдар
белгілі бір форматпен сақталып оқушыға электрондық пошта
арқылы жіберуге болады.
– Электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта, сабақтан
тыс жұмыстарда, сонымен қатар олимпиадаға оқушылар
дайындағанда қолданылады.
Сонымен интербелсенді оқыту технологиясының басты
ерекшелігі оқушы оқыту үдерісінің пассивті тыңдаушысы емес,
белсенді қатысушысы, керек қажетті материалмен тікелей жұмыс
істеуші. Бұған қазіргі оқытудың жаңа технологиясы мүмкіндік беріп
отыр. Ал басты мақсаты оқушының ойлау, табу, шешу қабілеттерін
дамыту болып табылатын математика пəні үшін озық технологияның
орны ерекше. Сондықтан орта мектептегі математиканы оқыту
əдістемесі жаңа əдіс, амалдармен толығуда. Бұл əдістерді қайталау,
бекіту, жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтарында еркін пайдалануға
болады.
Интербелсенді құралдардың келесі ерекшеліктерін атап
өтуге болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интербелсенді тақтадағы
түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен əр түрлі қосымшалары бар
жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге
болады.
60
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін
қолдануға болады.
5.
ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы
бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді.
2.4 Компьютер жəне компьютерлік желілер
телекомуникациялық құрал ретінде
Адамзат тарихындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас
ақпарат алмасу арқылы дамылады. Білім саласында бұл қарым-
қатынас ерекше рөл атқарады. Адамдар басқа бір адамға ақпарат
беру арқылы сонымен қатар адамдарды оқыту пайда болды. Ақпарат
алмасусыз оқытушымен оқушы арасындағы жұмыс мүмкін емес.
Адамзат тарихының басында қарым-қатынас ақпарат алмасумен со-
дан кейін белгілі бір дыбыспен, соңында кəдімгі адами тілмен жүзеге
асты. Мыңдаған жылдар бойы ақпарат алмасу тек тікелей қарым-
қатынаспен орындалды. Содан кейін жазбаша түрде, папирустық
түрде, пергаменттің, қағаздың көмегімен жүзеге асты. Бұл жағдайда
адамдардың тікелей қатынасы қажет болды. Соңғы жүз елу жылда
адамдар арасындағы ақпарат алмасу телеграф, телефон, радио, те-
ледидар көмегімен технологияның дамуы арқасында жүзеге асты.
Бұндай технологияның құралдарын ақпарат алмасудың бірнеше
түрлеріне қол жеткізетіндіктен толығымен телекоммуникациалық
деп айтуға болады. Бұл құралдар білім беру үрдісін арттырады,
бірақта телекомуникациялық құралдар техникалық жəне техноло-
гиялық жағынан өте күрделі. Қазіргі əлемде, үлкен рөлді ақпарат
алмасуда компьютер алады, оның негізгі компьютерлік телеком-
муникациалық құралдар. Өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасын-
да адамдар компьютерді бір-бірімен байланыстыруды үйренді.
Компьютерлік желілер түсінігімен сіз 7-сыныпта таныстыңыз,
желілер түрлерінің көрнекі үлгісі- мектептің информати-
ка кабинетінің компьютерлік желісі. Мұндай көлем бойынша
кішігірім, бір үй, ғимарат, кəсіпорын аумағында жұмыс істейтін
желілер жергілікті деп аталады. Аймақтық немесе ауқымды деп
аталатын басқада желілер бар. Қала, облыс, ел ішінде орналасқан
61
желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға не-
месе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпаративтік деп
аталады. Мысалы, ҚР-ның Ұлттық банкінің желісі – Banknet,
негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының
компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қосу) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер
ауқымды деп аталады. Олар корпаративтік те, жалпы да бола алады.
Мысалы, интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға
қызмет ету мүмкіндіктері бар. Компьютерлерді желіге олардың
ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін жəне ақпаратпен алмасу
үшін біріктіріледі. Компьютердің ресурстары ақпараттық жəне
техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар
жəне деректер, ал техникалықтарға – принтер, модем, сканерлер,
график сызғыштар кіреді. Ақпарат сақтау құралдары СD-ROM, ZIP,
DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар
жəне деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу
логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан
компьюткрінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті
деп аталады. Желінің басқа компбютерлеріне де ашық компьютер
ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті жəне
ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ
етуге болады жəне, керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мəртебесін
беруге болады. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп
аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын жəне осы ресурстар пай-
даланатын негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентра-
торлар арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл
желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі
оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса,
онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады. «Сақина» топологиясы-
на тəн бір нəрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; де-
ректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай
сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің
басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық
уақытта бір бағытта қозғалады.
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық
желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің
бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның»
тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол
деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring-тің
62
ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген. Осылайша, Tokin
Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты
безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/
с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жəне ирархиялық болып
бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы жəне
бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-
15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады.
Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сəтте басқа
компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде кли-
ент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресур-
старын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдыруы
компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгі-
лейді. Бірыңғай желілердегі ОЖ-лер ортақ ақпараттық ресурстардың
оқылуын жəне редакциялануын, «бөтен компьютерден» програм-
маларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын
қамтамасыз етеді.
Негізгі желілік топологиялар.
Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың
үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станция-
лары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға
қосылады. Дəл осындай тəсілмен магистралға басқа да желілік
құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау үрдісінде тасы-
малданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген
жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тəрізді топология. Мұнда ортақтандырылған
комутациялық түйін желілік сервер болуы тиіс, ол барлық
мəліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның
артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысқа əсер етпейді. Сақиналық топология. Мұнда
байланысу арналған тұйықталған сақина бойынша орналаса-
ды. Жөнелтілген мəлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияла-
рын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң
жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір
63
жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Желілік техникалық құралдар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектура-
сына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай
бөліктерден тұрады:
- кабельдер;
- серверлер;
- жергілікті интерфейс тақталары;
- концераторлар;
- коммутаторлар;
- аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
- аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас
құру серверлері;
- аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы
желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен
қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді
қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса
серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын жəне
портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.
Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылады. Олар
мəліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге
қосылу тəсілдеріне байланысты əртүрлі болып келеді.
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып
онымен мəлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз
осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/
демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютер-
ден шыққан сандық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы
тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші
модем қабылданған сигналдарды қайтадан сандық формаға
ауыстырады.
Клиент – сервер технологиясы.
Жергілікті желілердегі компьютердің бір-бірімен қатынас жа-
сау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланысты-
ру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей
байланыстыру кезінде сияқты клиент жəне сервер ұғымдары
қолданылыды.
64
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі
компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тəсілі, мұнда
бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға
бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер
жəне серверлік болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда
əрбір жұмыс станциясы əрі сервер, əрі клиент болып қызмет атқара
береді. Мұның ерекшелігі əрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының
белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдала-
нуы үшін бөліп береді.
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы
бір-бірімен мəлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім олар-
ды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын ала
айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса,
қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер
атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің
бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа
сервер, пошталық сервер жəне т.б.
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын жəне есеп-
теу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер
болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына
мəліметтерді енгізу жəне шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық серверлер термині негізгі функциясы мəліметтер
файлын сақтау, басқару жəне тасымалдау істерінен тұратын арнайы
компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде мо-
нитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мəліметтер
барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі.
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мəлімет та-
сымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып та-
былады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі
құрылғыларына тəуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.
Баспа сервері желідегі барлық серверлерден жəне жұмыс станция-
ларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден
өте көп мəлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер
пайдаланылады. Бұл мүмкіндік компьютерлерді компьютерлік
желілерге байланыстырды, аппараттық жəне ақпараттық ресурстар-
ды кез келген компьютерде жұмыс істеп отырғандар қолдана ала-
ды. Бұл желідегі қолданушылар файлдармен алмасу жəне хатпен
65
алмасу, ортақ принтерді қолдануға жəне басқа да периферийлік
құрылғыларды қолдануға мүмкіндік береді. Бір-бірімен байланысқан
компьютерлерді əр түрлі көзқараспен қарауға болады. Бір жағынан
компьютерлердің байланысуы бұл – компьютерлік желі. Екінші
жағынан, бұл құрал кеңістікте ақпарат алмасу, қарым-қатынас
құралы. Дəл осы қасиет негізінде компьютерлік желілерді жиі
телекомуникациялық желілер деп атайды.
Телеқатынастық желілер локалдық жəне глобалдық деп екіге
бөлінеді. Локалдық желі деп бір ғимаратта, бір организацияда,
район, қала, ел ішіндегі жалғанған компьютерлерді айтады. Басқа
сөзбен кеңістікте шектелген желіні айтады. Локалдық желілер білім
саласында көп қолданылады. Көптеген мектеп, жоғары оқу орын-
дары жəне басқада оқытатын мекемелердегі компьютерді локалдық
желімен жалғанған қазіргі технологияның мүмкіндігі əр түрлі
бөлмеде немесе ғимаратта немесе əр түрлі компьютерлерді бай-
ланыстыра алады. Оқу орындарында басқа мемлекеттегі филиал-
дарын компьютердің локалдық желісі арқасында байланыстыруға
мүмкіндік туды. Локалдық жəне глобалдық желінің айырмашылығы
кеңістіктегі шектеуі глобалды желіге кез келген компьютерді қосуға
болады. Бұл желіге енгізілген ақпаратты кез келген адам ала ала-
ды. Глобалдық желіге мысал ретінде атақты интернетті (internet)
айтуға болады, бұл желіге оқу орындарының кіруге мүмкіндігі
бар. Интернет жалғыз глобалдық желі емес. Оның басқа да түрлері
бар, мысалға, FIDO немесе SPRINT. Бұл əдіспен мектептермен оқу
орындар локалдық желіден глобалдық желіге кіруге мүмкіндігі бар.
Телеқатынастық желі білім саласында бір жағынан локалдық, ком-
пьютерлер қорғаныс, өнер жəне мəдениет органдарын қамтып отыр,
əр түрлі аймақтағы компьютерді байланыстыратын желіні глобалдық
деп айтуға болады. Локалдық желінің артықшылығы бір салада шек-
телген ақпаратты сол саладағы адамдар қолдана алады. Сол уақытта
локалдық желінің шектеуі, ақпарат алуға шектеу қояды.
Ақпараттық ресурстарды кез келген адамның алуы басқа да
мəселелерді тудырады. Бұл мəселелерге ақпараттың қауіпсіздігі
сапасын т.б. жатқызуға болады. Ақпараттандыру білім саласында
локалдық, глобалдық телекоммуникациондық желілердің болуы.
Қазіргі замандық педогог телекоммукациялық желілердің барлық
түрін қолдана білуі керек. Қандай да телекомуникациялық желінің
барлығының негізгі міндеті ақпарат алмасу моделі, ақпарат көзінен
берілуі жəне қабылдауышқа қабылдануы. Ақпарат қабылдағыш
|