құрылымы.
Ақпараттық мəдениеттің құрамдары
Аты
Мəні
Аксиологиялық
Адамның ақпараттық қызметінің адамгершілік
құндылықтарын жеке тұлға деңгейінде қабылдау
Қатынасқыштық-
этикалық
Информатика мен ақпараттық технологиялар
саласында қарым-қатынас пен ынтымақтастық
мəдениеті, телеқатынастардың мүмкіндіктерін
тұлғааралық жəне ұжымдық əрекеттестігі үшін
пайдалану, ақпараттық қатыстар саласындағы
өнегелі тəртіп
Танымдық-
интеллектуалдық
Ақпаратық технологиялар саласындағы
құзырлылық пен еркін хабардар болу, ойлаудың
оралымдылығы мен бейімділілігі
Болжамдық
Ақпараттық қызметтің мүмкін болар салдарын
алдынала білу, үздіксіз жаңаратын ақпараттық
жағдайларға кəсіби-əлеуметтік бейімделу
Қолданбалылық
Кəсіби есептерді барынша тиімді шешу
үшін ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерді
пайдалану
Құқықтық
Ақпаратық қатыстарды реттеудің негізгі
нормаларын біліп орындау, ақпараттық құралдары
көмегімен жасалынған əрекеттерге жаупкершілікті
мойындау
Эргономикалық
Ақпараттық-кəсіби қызметте еңбекті
ұйымдастырудың ғылыми қағидаларын, денсаулық
үшін қауіпсіздігін, физиологиялылық пен
жабдықталғындылықты іске асыру
Кестеден көрінгендей ақпараттық мəдениет ұғымына əр
түрлі мағына беруге болады: оны ақпараттық технологиялар мен
35
құралдарды қызметте пайдалану икемдігі арқылы түсінуге болаты-
ны сияқты, олардың қолдану салдарын болжау мен бақылау арқылы
да түсінуге болады.
Адамдардың көбінің ақпараттық мəдениеті ақпараттық қоғамның
білім саласы аясында қалыптасады. Қазіргі кездегі білімнің, оның
барлық түрлеріне ақпараттық жəне телекомуникациялық техно-
логияларды қолданбай, мүмкін еместігі кездейсоқ емес. Бүгінде
ақпараттық технологиялар оқылмайтын немесе пайдаланылмай-
тын университет, академия не институтты іс жүзінде табу мүмкін
емес. Оның үстіне, осыған ұқсас технологиялардың білімдегі
негізгі қолдану саласы оқу үдерісі болған болатын, болып қалады
да. Ақпараттық құралдар ақпараттық технологиялардың өзін оқыту
мақсатында қолданылатыны сияқты, білімнің басқа салаларын
оқытуда да қолданылады.
Ақпараттық технологияларды қоғам өміріне ендірудің «білім»
бағытының бар екендігі туралы айтуға болады. Осы бағыттарға жа-
татындар:
1. Ақпараттық қоғам жағдайында білімнің мазмұны мен функция-
сын, педагогикалық қызметтің түрлері мен əдістерін өзгерту;
2.
Ақпараттық технологиялары мен ақпараттандыру құрал-
дарының шығармашылық қабілеттілік пен кəсіби бағдар-
лылықты дамытуға оң əсері;
3. Ақпараттық технологиялардың тəрбиелік ықпалы;
4. Білім саласында мультимедиа-технологияларын пайдаланудың
мүмкіндіктерінің пайда болуы;
5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білімді ары қарай да-
мыту;
6. Оқыту құралдарының электрондық моделдерін жаппай пайда-
лану мен дамыту;
7. Дамыта оқытуды қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде
қалыптаса бастауы;
8. Қосымша білім саласына ақпараттық жəне қатынастық техно-
логияларды ендіріу;
9. Ақпараттық қоғамда оқытудың дəстүрлі жəне инновациялық
тəсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;
10.
Оқу үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істеуі үшін
оқытушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру;
11. Оқу орындарын басқару мен педагогикалық еңбек сапасын
бағалаудың жаңа тəсілдерінің тууы;
36
12.
Ақпараттық қоғамда білім қызметтерін жаһандандыру мен
біріктіру.
Қазіргі дүниеде барлығы өзара байланысты. Білімді
ақпараттандыру мен ақпараттық қоғамның дамуы тығыз байла-
нысты екендігі айқын бола бастады. Бір жағынан, ақпараттық
қоғамның қалыптасуы білім қызметінің барлық саласына
ақпараттық технологиялардың ену үдерістеріне елеулі əсер етсе,
екінші жағынан, білімді ақпараттандыру қоғам мүшелерінің
ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, оны ақпараттан-
дыруға мүмкіндік жасайды.
1-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім сала-
сында пайдаланудың негізгі артықшылықтарын атаңыз.
2. Ақпараттық революция деген не?
3. Қандай ақпараттық революцияларды білесіз?
4. Қандай қоғам ақпараттық қоғам болып табылады?
5. Білімді ақпараттандыруға қандай үдерістер жатады?
6. Білімді ақпараттандырудың қандай түрлерін білесіз?
7. Ақпараттандыру үдерісітері əсерімен қоғам мен оның білім саласы
қалай өзгереді?
8.
Білім саласында ақпараттандыру құралдарын пайдаланудың
орындылығын дəлелдеңіз.
9. Білімді ақпараттандырудың мүмкін болатын теріс жақтарын атаңыз.
10. Қоғамды ақпараттандыру мен білімді ақпараттандырудың өзара бай-
ланысы қандай?
37
2-ТАРАУ ОҚЫТУ МЕН ТƏРБИЕЛЕУДЕ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ЖƏНЕ
ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Білім беруде пайдаланылатын техникалық
құрал түрлері
Білімді ақпараттандыруды үйрену ақпараттық технологиялардың
əртүрлі тұрғыда білім саласына енуін танысуды қамтуы қажет. Жеке
алғанда, білімде қолданылатын ақпараттандырудың техникалық
құралдары, бағдарламалық құралдары, олардың мазмұндық толты-
рулары нақты қарастырылуы тиіс.
Олардың ең алғашқысы – білімді ақпараттандырудың техника-
лық құралдары бір сəтте пайда болған жоқ. Компьютерлік техни-
каны қолдануға негізделген ақпараттандыру құралдарының пайда
болуы оқытудың техникалық жəне аудиовизуалдық құралдары деп
аталатын əртүрлі компьютерлік емес құрылғылардың қарқынды
дамуына əкеп соқтырды. Көп жылдар бойы оқытудың техникалық
құралдарына əртүрлі диапроекторлар мен фонографтар, графопро-
екторлар мен электрофондар, кинопроекторлар мен телевизорлар,
магнитофондар мен CD-плеерлер сияқты аппаратураның өзін, соны-
мен қатар диафильмдер, диапозитивті сериялар, пластинкалар, кас-
сеталар мен компакт дисктер сияқты арнайы құрылған дидактикалық
материалдар мен көрнекі құралдарын жатқызды. Оқытудың дəл осы
құралдары білім жүйесі дамуының əртүрлі кезеңінде ақпаратты
ұсыну мен тасымалдау, өңдеу, сақтау тиімділігін жоғарылатуда негізгі
құрал-саймандар болып табылды. Бұл құралдар компьютерлік
техниканың жоғында білімді ақпараттандыру құралдарының
қызметін атқарды.
Жүз жыл бұрын, танымал американдық ойлап шығарушы
Т. А. Эдисон бірінші дыбысжазатын құрылғы – фонограф-
ты ойлап шығарған соң, дыбысты жазу, сақтау жəне дыбысты
шығару мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты білімдегі
барлық мəселелер шешілді деп мəлімдеді. Бірақ бүгінде бізге бұл
мəселелермен айналысуға тура келеді.
Əр жыл сайын білімге енген əртүрлі құралдар мамандар-
ды дайындаудың тиімділігіне оң нəтиже беріп, білім жүйесінің
ақпараттық қамтамасыз етілуін сапалы жаңа деңгейге көтерді.
38
Қазіргі кезде оқу орындарында төмендегі құралдарды
кездестіруге болады:
· дыбысты жазуға жəне дыбысты шығаруға арналған құралдар
(электрофондар, магнитофондар, CD-ойнатқыштар),
· телефондық, телеграфтық жəне радиобайланыс құралдар
мен жүйелері (телефон аппараттары, факсимальді аппарат-
тар, телетайптар, телефон станциялары, радиобайланыс
жүйелері),
· теледидар, радиомен хабар тарату құралдары мен жүйелері
(теле жəне радиоқабылдағыштар, оқу теледидары мен радио,
DVD-ойнатқыштар),
· оптикалық жəне проекциялық киномен фотоаппараттар (фо-
тоаппараттар, кинокамералар, диапроекторлар, кинопроектор-
лар, эпидиаскоптар),
· ақпаратты көбейтуге жəне құжаттауға арналған баспа-
лық, көшірмелік, көбейткіш жəне басқа да техникалар
(ротопринттер, ксерокстер, ризографтар, микрофильмдеу
жүйелері),
· ақпаратты сақтау мен өңдеуге, электронды түрде ұсынуды
қамтамасыз ететін компьютерлік құралдар (компьютерлер,
принтерлер, сканерлер, графатұрғызғыштар (графопострои-
телдер),
·
ақпаратты байланыс арналары бойынша тасымалдауды
қамтамасыз ететін телекомуникациялық жүйелер (модемдер,
өткізгіш, спутниктік, оптоволокондық, радиорелейлік желілер
жəне ақпаратты тасымалдауға арналған байланыс арналарының
басқа түрлері).
Білімде қолданылатын техникалық құралдарды топтастыруға
болады. Бұл топтастыру əртүрлі белгілері бойынша болуы мүмкін.
Атап айтқанда, барлық техникалық құралдар топтарға ақпараттың
түрлері мен принциптеріне байланысты бөлінуі мүмкін.
Дəстүрлі ұқсас техникалық құралдар:
Аудиоқұралдар (электрофондар, магнитофондар, микро-
фондар, күшейткіштер, акустикалық жүйелер, диктофондар,
радиоқабылдағыштар, лингафондық жабдықтар, кассеталар, пла-
стинкалар),
Графикалық жəне фотографиялық құралдар (фотоаппараттар,
фильмоскоптар, диапроекторлер, эпидиаскоптар, диафильмдер,
слайдтар, пленкадағы бейнелер),
39
Кинопроекциондық техникалар (кинокамералар, кинопроектор-
лар, кинопленкалар),
Видео жəне теледидарлық құралдар (телевизорлар, мониторлар,
телекамералар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар, бейнеплеер-
лер, бейнепроекторлар, бейнекассеталар).
Сандық техникалық құралдар:
Аудиоқұралдар
(цифрлік диктофондар мен плеерлер, цифрлік компакт-дискілер),
Графикалық жəне фотографиялық құралдар (сандық фотоаппа-
раттар, лазерлік жəне магниттік дискілер, жадының электрондық
карталары).
Проекциондық техникалар
(мультимедиалық проекторлер),
Видео жəне телевизиондық құралдар (сандық бейнекамералар,
DVD-ойнатқыштар мен DVD-плеерлер, лазерлік жəне магниттік
дискілер, жадының электрондық карталары).
Ақпараттандырудың компьютерлік құралдары:
Дыбысты жазудың, өңдеудің жəне дыбысты шығарудың,
мəтінді, графикалық жəне фотографиялық объектілерді жазудың,
бейнені өңдеудің, жазудың компьютерлік мультимедиалық
құралы, адамдардың телекомуникациялық қатынасындағы
телекомуникациялық құралдар, ақпараттық қорларға қатынау
құралдары.
Техникалық құралдар білім əрекетінде дыбыс, мəтін, сурет
жəне бейне секілді ақпараттың түрлі типтеріне сүйенуге мүмкіндік
туғызады. Кейбір жағдайларда бұл құралдардың техникалық жəне
технологиялық қатынасы өте күрделі екен. Білім саласына енген
компьютер, ақпаратты өңдеудегі əмбебап (универсал) құрал болып
табылады. Компьютердің əмбебаптығы сол, ол бір жағынан əртүрлі
типтегі ақпаратты өңдей алса, ал екінші жағынан бір компьютердің
өзі бір типтегі ақпаратқа байланысты барлық іс-əрекеттер жиы-
нын орындай алады. Осының нəтижесінде компьютер оқытудың
техникалық құралдарының барлық функциясын орындауын
қамтамасыз ететін шалғайдағы құрылғылар жиынтығына сəйкес
келеді.
Білімді ақпараттандыру құралдарының анықтамасы маңызды
мəселе болып табылады. Бір жағынан қарағанда, білімді
ақпараттандыру құралдарына білімде қолданылатын ақпаратты
өңдеуге жəне ұсынуға қатысы бар кез келген құралдар мен
40
құрал-саймандарды жатқызуға болады. Бұл жағдайда білімді
ақпараттандырудың құралдарына компьютер мен бағдарламалық
қамтамасыз етуден басқа кəдімгі кітап, магнитофон жəне диапроек-
торлар жатады. Білімді ақпараттандырудың мұндай анықтамасы бар
деп толық айтуға болады.
Бірақ, сонымен бірге, компьютердің əмбебаптығы барлық
аталған компьютерлік емес құралдардың, кітапты қосып айтқанда,
білімге арықарай енуін қолайсыз етеді. Сонымен қатар, жоғарыда
аталған ақпараттандырудың көптеген техникалық құралдары
маңыздылығын жоғалтады. Бүгінгі күні түсінікті себептерге байла-
нысты жаңа оқыту диафильмін немесе электрофон пластинкасын
табу мүмкін емес.
Осыған байланысты білімді ақпараттандыру құралдарына тек
қана ақпаратты ұсынатын жəне өңдейтін компьютерлік құралдарды
жатқызуға тура келеді. Бұл жағдайда білімді ақпараттандыруды
тəжірибелік іске асыру білімде жаңа ақпараттық жəне
телекомуникациялық технологиялардың кеңеюіне əкеп соқтырады.
Сондықтан, бұл оқулықта білімді ақпараттандыру мақсаттарына
жету үшін қолданылатын білімді ақпараттандыру құралдары
болып компьютерлік аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз
ету, сонымен қатар олардың мазмұндық толтырулары түсіндіріледі.
2.2 Компьютерлік техникаға негізделген
ақпараттық технологиялар
Компьютерлермен ақпараттық технологиялар білімді
ақпараттандырудың негізі болып табылады. Сондықтан əдетте
аппараттық қамтамасыз ету деп аталатын компьютерлермен олар-
ды басқаратын құрылғылар білімді ақпараттандыру үдерісінде
қарастырылуы тиіс. Сонымен бірге құрылғылардың ерекшеліктері
мен аппараттық қамтамасыз ету түрлі құралдарының функционалда-
нуы информатика жəне ақпараттық-қатынастық технологиялардың
пəндік аумағына соңғы онжылдықта берік кірді. Осыны ескере
отырып, білімді ақпараттандыру үшін аса маңызды компьютерлер
мен басқа аппараттық қамтамасыз ету ерекшеліктеріне тоқталу
қажет.
Өздерінің жаңа екеніне қарамастан компьютерлердің жетерліктей
бай тарихы бар. Алғашқы қосу машинасын 1642 жылы атақты
41
француз физигі, математик, инженер – Блез Паскаль құрастырды.
Оның есептеу машинасы бүгінгі күнге дейін сақталған. Бастапқыда
есептеуді автоматтандыру механикалық аспаптар мен құрал-
саймандардың көмегімен іске асырылғанына қарамастан, мұндай
құрылғыларды ақпаратты өңдеу құралдары ретінде қарастыруға бо-
лады. Олай болса, оларды адам əрекетінің, сонымен қатар білімнің
əртүрлі аймағындағы жаңа ақпараттандыру құралдарының түбірі
деп айтуға болады.
Осыдан төрт онжылдық бұрын механикалық арифмометрлер,
электрлімеханикалық пернелі есептеу машиналары, электронды
есептеу машиналары (ЭЕМ) жиі қолданылды. Бірақ, өзінің қолайсыз
үлкендігі, қолданудағы қиындығы, қымбатшылығы, ақпаратты
өңдеудегі төмен жылдамдығы жəне ЭЕМ-ның тағы да басқа бірқатар
себептері білім саласында тиісті пайдалануын таба алмады. Тек
қана кейбір оқу орындарында есептеу жəне оларды өңдеуді авто-
маттандырумен байланысты мамандарды дайындауда ЭЕМ қажет
екендігін дəлелдеді. Осы орайда барлық педагогтар мен студент-
тер бір есептеу машинасымен жұмыс істеді. Дəл осы институт пен
университеттерде білімді ақпараттандырудың тұңғыш тəжірибесі
туындады.
Білім əрекетінің барлық түріне ақпараттандыру құралдарының
енуін дербес ЭЕМ мүмкіндіктерін кеңейтетін, төмен бағадағы,
жоғары жылдамдықтағы, ықшамдылығы, бір адам ғана
жұмыс істейтін сияқты ерекшеліктері бар дербес ЭЕМ-ді өткен
ғасырдың 80-жылдардың басында пайда болуымен байланыстыруға
болады.
Дербес ЭЕМ-нің дамуындағы басты бағыт əртүрлі типтегі
ақпараттарды өңдеу мүмкіндіктерінің кеңейтілуі болып табыла-
ды. Кейін келе мұндай аппараттық құралдар адамдарға мəтіндерді,
графикалық бейнелерді, сурет жəне бейне-үзінділерді, дыбысты
құруға, сақтауға, өңдеуге жəне тасымалдауға жағдай туғызды.
Осыған байланысты жаңа дербес ЭЕМ-ді əдеттегі есептеу машина-
лары деп атауға болмайды. Мұндай құрылғыларға «компьютерлер»
деген атау берілді.
Бірақ, ағылшын тілінен «компьютер» сөзін аударғанда
«есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Жəне де «компьютер»
сөзі көптеген əлем тілдері арасында əртүрлі типтегі ақпараттарды
өңдейтін дербес ЭЕМ деген ұғымды білдіруде.
42
Компьютер əмбебап. Осы жерде компьютердің əмбебаптылығын
еске түсірсек, яғни, ол əртүрлі типтегі ақпараттары өңдеумен қатар,
бір типтегі ақпаратқа əртүрлі іс-əрекетті орындайды.
Өздерінің əмбебаптығының арқасында дербес компьютерлердің
білімді ақпараттандыру жағынан бірнеше артықшылықтары бар.
Көптеген педагогтар мен үйренушілер қазіргі кезде барлық оқу
орындарында дербес компьютерлермен жұмыс істейді. Осы дербес
компьютерлердің көмегімен лекциялар оқылады жəне тəжірибелік
сабақтар жүргізіледі, білімнің деңгейі тексеріледі, ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізіледі, оқу жүктемесі таратылады, оқудан тыс іс-
шаралар жоспарланады, курстық жəне дипломдық жұмыстар орын-
далады, өзіндік білім алу іске асырылады.
Осыған байланысты компьютерлік аппараттық қамтамасыз
ету анықтама бойынша білімді ақпараттандыру құралдарының
ажыратылмас бөлігі мақсатқа сай дербес компьютерлер жəне олар-
мен бірігіп жұмыс істейтін басқа да аппараттық құрылғылар болып
табылады.
Дəрежесінен, моделінен, құрылу уақытынан жəне қолдану аясы-
нан тыс білім беруде қолданылатын барлық дербес компьютерлердің
ортақ түпкі (фундаменталды) ерекшеліктері бар, олардың ішінде:
1. Бір қолданушымен жұмыс істеу, бұл жағдайда уақыттың əр
кезінде компьютермен тек бір адам жұмыс істейді. Соны-
мен бірге ақпараттарды өңдеуде біруақытта бірнеше əрекетті
орындауға болады;
2.
Мəтін, сандық мəліметтер, графикалық бейнелер, дыбыс
секілді жəне т.б. ақпараттардың əртүрлі типтерін өңдеу, сақтау,
ұсыну жəне тасымалдау мүмкіндігі;
3. Табиғилыққа жақын, қолданушымен біркелкі тілде араласу;
4. Əртүрлі типтегі ақпараттарды өңдеуде, сақтауда, ұсыну мен та-
сымалдауда дербес компьютердің мүмкіндігін елеулі кеңейтетін
əртүрлі аппараттық құрылғылардың бірлесіп жұмыс істеуі;
5.
Компьютердің түрлі жүйелік функциясының жұмысын
қолдауға мақсатталған, сонымен адам əрекетіндегі
ақпараттандыру үшін маңызды қолданбалы есептерді шешетін
арнайы өңделген компьютерлік бағдарламаларды басқаруда
ақпараттарды өңдеудегі əреттердің орындалуы. Бұл тəрізді
жүйелік жəне қолданбалы бағдарламалардың жиынтығы
дербес компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыз етуін
құрайды.
43
Кейбір дербес компьютерлердің ерекше өзгешеліктері, ол
– компьютердің шағын өлшемі мен салмағының нəтижесінде
адам өзінің тұрған жеріне тəуелді емес жерлерде қолдана алатын
мүмкіншілігі бар олардың жылдамдығы.
Компьютердің адаммен өзара байланысы мен талап етілетін
бағдарламалық қамтамасыз ету типінің тəсілі компьютердің
аппараттық тұғырнамасына (платформасына) тəуелді. Бұл
түсінікке таңбасына жəне нақтылы аппараттық қамтамасыз етуді
əзірлеуші-фирмаға лайық компьютердің техникалық жүзеге асыру
ерекшеліктерінің жиынтығы кіреді. Білімнің жаңа жүйесінде бұл
тəрізді екі платформа қолданылады. 1976 жылы американдық инже-
нерлер Стив Возняк пен Стив Джобс ең алғашқы Apple Macintosh
компьютерін жасады. Мұндай компьютерлердің көптеп жасалуы
дербес компьютерлер өнеркəсібінің қалыптасуына негізгі түрткі бол-
ды. 1981 жылы IBM фирмасымен IBM PC (PC - personal computer)
дербес компьютері ұсынылды. Оның моделі PC XT, PC AT, сонымен
қатар Pentium үрдіссорлы моделі дербес компьютерлердің əлемдік
саудасында өз уақытында ең жоғары сатыда болды. Атап айтқанда
IBM PC пен Apple Macintosh компьютерлер сыбайластығы жəне
оларға сəйкес аппараттық платформалары көптеген əлем елдерінің
білім жүйесіндегі кең таралғандары болып табылады.
Мамандарды дайындаудың тиімділігін көтеру дербес
компьютерлердің аппараттық платформалар типіне тəуелді емес
екенін жəне білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін бір
дəрежеде қолданыла алатынын түсінуміз қажет.
Сонымен бірге бір аппараттық платформаға жататын дербес
компьютерлер білімге компьютерлерді енгізудегі практикалық
əрекеттері барысындағы бірқатар белгілеріне (көрінуіне) байланыс-
ты бір-бірінен өзгешелігі болуы мүмкін.
Осыған байланысты білімді ақпараттандыру барысында пай-
да болған сұрақ білім əрекетінің тиімділігін көтеруде нақты
компьютерді қолдану үшін белгілерінің жеткіліктілігі болып табыла-
ды. Көбінесе бұл сұрақтың шешуі педагогтар мен оқу орындарының
əкімшілігіне жүктеледі. Белгілердің жеткіліктілігін анықтаудың
дұрыс жолдарының бірі білім берудің нақты бір түріндегі оларды
қолданудағы мақсат алдын ала анықталады, қажет компьютерлік
бағдарламалық құралдар жəне олардың мазмұндық толтырулары
таңдалынады, білімді ақпараттандыру құралдарының қолдану шарт-
тары анықталады. Дербес компьютерлердің параметрлері берілген
44
шарттарда ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін,
таңдалынып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету айтарлықтай
жұмыс істесе жеткілікті болып табылады.
Білімді ақпараттандыру тұрғысынан ең ыңғайлы жаңа,
күшті жəне қымбат компьютерлер жеткілікті бола бермейді. Оқу
үдерісінің тиімділігін арттыру үшін он жыл бұрын өндірілген
күші аз компьютерлерді қолдану кейде жеткілікті болып табыла-
ды. Осыдан оларды компьютерлердің соңғы үлгісімен айырбастау
оқытудың тиімділігіне əсерін тигізбейді. Мысалы, ретінде инфор-
матика курсындағы бағдарламалау негіздерінде Turbo сыбайластық
қабығын қолданып оқытуды келтіруге болады.
Аппараттық қамтамасыз етудің жеткіліктілігін анықтау
үшін білімді ақпараттандыру мақсатына жетудегі олардың
белгілерінің талаптарымен, бағдарламалық қамтамасыз етуімен
салыстырылу қажет. Осыған байланысты педагогтың қарауындағы
компьютерлердің қандай белгілері болу керек екенін білу қажет.
Ол белгілердің қатарына мыналар жатады:
- компьютердің жылдамдығы (процессордың жиілігі);
- жедел жадының көлемі;
- қатты дисктің көлемі;
- компакт дискілерді оқу жəне жазу үшін құрылғылар белгілерінің
бар болуы жəне жылдамдығы;
- «тінтуір», джойстик жəне т.б. манипуляторлардың бар болуы;
-
компьютердің бейнежүйесінің сипаттамасы (бейнекарта
жадысының типі мен көлемі; монитордың типі жəне өлшемі);
- компьютердің аудиожүйесінің бар болуы жəне сипаттамасы
(аудикартаның түрі; акустикалық жүйенің типі, микрофонның
бар болуы);
- желілік картаның бар болуы жəне оның типі;
- модемнің бар болуы;
- өткізгішсіз байланысты қамтамасыз ететін құрылғылардың
бар болуы (Wi-Fi, Bluetooth);
- принтердің бар болуы, типі жəне таңбасы;
- сканердің бар болуы , типі жəне таңбасы.
Осыдан нақты компьютерлердің жеткіліктігін анықтауда
операциялық жүйенің типі мен нұсқасы, сонымен қатар жергілікті
жəне жалпы телекомуникациялық желіге қатынаудың бар болуы бас-
ты рөл атқарады. Осыған қарамастан, мұндай белгілер аппараттық
қамтамасыз етудің сипаттамасына жатпауы да мүмкін.
45
Білімде қолданылатын компьютерлік техниканы сипаттау дербес
компьютерлердің басқаруымен жұмыс істейтін аппаратуралардың
мүмкіндігі мен құрамын жете қарастырмасақ толық болмас еді. Ком-
пьютерлерге мұндай аппаратуралардың қатынасы шалғай (шалғай
құрылғылар) деп аталуда. Оқу орнында кез келген жаңа шалғай
құрылғының пайда болуы педагог пен үйренушілер үшін жаңа
мүмкіндіктерді ұсынады. Мысалы, компьютерлік проектордың пайда
болуы дəріс сабақтарында ақпараттарды ұсынуға жаңа мүмкіндіктер
береді, оларды көрнекті жəне қызықты етеді, дəріске дайындықты
жеңілдетеді, үйретудегі ақпараттардың берілуін қарқынын жəне
меңгеруін жоғарылатады. Принтердің бар болуы оқу материалдарын
құруға жəне оларды қағазға басып шығаруда санын жедел көбейтуге
мүмкіндік береді; оқудан тыс шаралардың басып шығару өнімдерінің
деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етеді, құжат айналымдарының
жұмысын жеңілдетеді жəне қарқындатады.
Білімге келіп жатқан дербес компьютерлердің шалғай
құрылғыларының осындай жəне басқа да мүмкіндіктері оқытудың
ұсынысын жоғарылатады; бақылаудың жəне оқытудың бағалау
нəтижесінің дұрыстығын жоғарылатады, оқушылар жеке, сабақтан
тыс жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады, педагогтар
мен оқу орындарының əкімшілігінің кəсіби əрекеттерін жеңілдетеді
жəне бір жүйеге келтіреді.
Проектор мен принтерден басқа дербес компьютерлердің шал-
ғай құрылғыларына графикалық жəне фотографиялық бейнелерді
енгізуге арналған сканерлер мен сандық фотоаппараттар, бейне-
кескіндерді енгізуді қамтамасыз ететін сандық бейнекамералар,
аудиоақпараттарды енгізу мен шығаруға арналған микрофондар мен
акустикалық жүйелер, адамның компьютермен қарым-қатынасын
жеңілдететін манипулятордың əртүрлі түрлері жатады. Білімде
жиірек жекелеген оқу пəндерін оқытуда ақпараттандыруға арналған
арнайы шалғай құрылғылар қолданылады. Мұндай құрылғыларға
биологияны оқытуда қолданылатын электрондық микроскоптар,
физиканы оқуда қолданатын сандық омметрлер, вольтметрлер
мен ампермертлер, өлкетану бойынша тəжірибелік сабақтарда
қолданылатын ауқымды позиционерлік (GPS) құрылғылар жатады.
Сонымен бірге білім саласында компьютерлер мен олардың
шалғай құрылғыларын қолданудағы олардың ерекшеліктері мен
кемшіліктерін талқылауда білімді ақпараттандыру құралдарына
жататын əртүрлі аппараттық құрылғылардың мүмкіндіктері
|