Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


ҚАРА БИДАЙ - РОЖЬ – SECALE



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)


 
ҚАРА БИДАЙ - РОЖЬ – SECALE 
 
ТАПСЫРМА 
 
1. Өсімдік құрылысындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену. 
Күздік    қара    бидайдың    негізгі    сорттарының    шаруашылық-
биологаялық сипаттамасын оқып-үйрену. 
Secale  туыстығы  12  түрлі  біріктіреді,  олардың  ішінде  көп  тарағаны 
Secale сеrеаlе түрі. Өсімдігінің сыртқы құрылысы 28-суретте келтірілген. 
 
 
28  -  с  у  р  е  т  –  Қара  бидай:  1,2-егін  көгі  және  масақтану  кезеңдеріңдегі 
өсімдіктер;  3-масақ;  4-масақша;  5-дән  (сол  жақта-үлкейтілген);  6-жапырақ  пен 
сабағының  (сабанының)  қосылғаны;  7,8,9,10-өскін,  масақ,  масақша  мен  дән  (сол 
жақта-үлкейтілген), тритикале 
 
Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, негізінен топырақтың беткі 
қабатыңда орналасқан, алайда 100-150 см тереңдікке дейін бойлай алады, 

 
107 
 
ал  қолайлы  жағдайларда  одан  да  тереңге  кетеді.  Ұрықтық  және  буын 
тамырлардан  тұрады.  Ұрықтық  тамырлары  саны  көбінесе  3-4  дәнінің 
ірілігі мен толықтығына байланысты олар көбірек болуы мүмкін. Негізгі 
өркеннің төменгі буынынан екі буын тамыры тарайды. Көптеген ұрықтық 
және буын тамырларынан шашақ жүйесі қалыптасады. 
Қара  бидайдың  гүл  шоғыры  —  күрделі  масақ,  ол  масақ  білігі  мен 
оның кертпесінде орналасқан масақшалардан тұрады. Масақ білігі қысқа 
мүшелерден  тұрады,  олар  жалпақ,  сатылы  мүшенің  әрбір  кертпесінде 
(тұғырында) бір масақшадан отырады. Масақшалар масақ білігінде біресе 
солға  қарай,  біресе  оңға  қарай  кезектесіп  орналасқан.  Қара  бидайдың 
масағында  жоғарғы  масақша  болмайды.  Әрбір  масақша  екі  гүлді 
біріктіреді, үшіншісі ұрық түрінде қалған. 
Қара  бидайдан  масақша  қауыздары  біз  тәрізді  –  ланцетті,  бір 
жүйкелі  жалаңаш,  гүл  қауыздарынан  қысқа.  Гүл  қосқауызды.  Сыртқы 
қауызы қылтықты, ланцет тәрізді, бес жүйкелі және кірпікті килі бар, ішкі 
қауызы қоскилді, жоғары жағында кірпікті. 
Дамыған  гүлдерде  гүл  қауыздарының  білігі  созылыңқы  –  1-2  мин. 
сыртқы гүл   қауызының пішіні тұрақтылығымен ерекшеленеді. 
Әрбір гүл үш аталықты. Олар ұзарған пішінді тозаңдықтардан және 
жіпшелерден  құралған.  Тозаңдықтарда  домалақша  келген  тозаңдар 
болады.  Тозаңдар  піскен  кезеңде  аталық  жіпшелер  ұзарады  да  гүл 
сыртына шығады. 
Тозаңдағаннан  кейін  аналық  аузы  мен  аталықтар  кебеді  де  түсіп 
қалады,  ал  буын  (завязь)  дәнге  айналады.  Қара  бидай  дәндері  гүл 
қауыздарымен  сортына  байланысты  әртүрлі  тығыздықта  бекіген  (тығыз, 
немесе  бостау).  Масақта  32-40  масақша  болады.  Масақ  түтіктенуден 
масақтануға дейін барынша қарқынды дамиды. 
Қара  бидай  жемісі  –  ұзынша  келген  дән,  бүйірлерінен  қысыңқы, 
ұзына бойынан терең ойық өтеді, төбесінде айдарлы. Дәннің түсі жасыл, 
сары  немесе  қоңыр.  Сорттық  ерекшеліктері  мен  өсіру  жағдайларына 
қарай 1000 дәннің массасы 18-25 г аралығында өзгереді. 
Жапырағы  жапырақ  қыны  мен  тақтасынан  тұрады,  олар  жалаңаш, 
немесе түктермен көмкерілген. Жапырақ қыны сабақ буынына (түйшіне) 
бекіген  және  буынаралығын  орай  орналасқан.  Әдетте  жапырақ  қыны 
мен тақтасының арасында тілше (лигула) болады, кейбір түрлерінде ол 
болмайды. Құлақшалары әртүрлі ұзындықта және пішінде. 
Қара  бидайдың  сабағы  кеуек,  3-5  буынды.  Қара  бидай  –  айқас 
тозаңданатын  өсімдік  тозаңдары  желмен  және  аз  мөлшерде 
насекомдармен  таралады.  Қолайсыз  жағдайларда  гүлдегенде  гүлдер 
тозанданбайды да босдәнділік байқалады. 
Пайдалануға рұқсат етілген күздік қара бидай сорттары: 
Саратовская  4.  Оңтүстік-Шығыс  АШҒЗИ-да  (РФ)  шығарылған, 
вульгаре  түршесі  орташа  мерзімде  пісетін  сорт,  қысқа  және 
құрғақшылыққа  төзімділігі  жоғары,  1976  жылдан  Ақтөбе,  Қарағанды, 
Батыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 

 
108 
 
Саратовская  5.  Оңтүстік-Шығыс  АШҒЗИ-да    (РФ)  шығарылған, 
вульгаре түршесі,  орташа  мерзімде  піседі,  қысқа,  құрғақшылыққа  және 
жапырылып  қалмауға  төзімді,  1986  жылдан  Ақмола,  Атырау,  Жамбыл, 
Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақстан,  Павлодар  облыстарында  пайдалануға 
рұқсат етілген. 
Саратовская  крупнозерная.  Оңтүстік-Шығыс  (РФ)  АШҒЗИ-да 
шығарылған,  вульгаре  түршесі,  орташа  мерзімде  піседі,  қысқа  және 
құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, 1956 (6). 
Шолпан, 1991 жылдан Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Защита,  1991  жылдан  Батыс  Қазақстан  облысында  пайдалануға 
рұқсат етілген. 
 
АРПА - ЯЧМЕНЬ – HORDEUM 
 
ТАПСЫРМА 
 
1. Арпаның морфологиялық белгілерін оқып-үйрену. 
2. Түр тармақтарын, топтарын және түршелерін анықтау. 
3.  Қарастырылып  отырған  аймақта  аудандастырылған  сорттарды 
оқып-үйрену. 
Арпаның жалпы морфологиялық белгілері басқа дәнді дақылдарға 
ұқсас, бірақ айырмашылықтары да бар (29-сурет). 
 
29-сурет  –  Арпа:  1,2-егін  көгі  және  дәннің  толысу  кезеңдеріндегі  өсімдіктер  –  3,  4- 
қосқатарлы  арпа  және  оның  көлденең  қимасы;  5-білік  кемеріндегі  масақшалар;  6-
дәндер,  қабықты  және  жалаңаш;  7,8,9,10-сондай  көпқатарлы  арпада  -  11-түр 
өзгерістеріне    ұшыраған  масақ  (фуркатты  арпа);    12-тегіс  және  аратісті  қылтықтар 
(үлкейтілген) бөліктері 
 

 
109 
 
Гүл шоғыры – масақ, оның білігі мүшелерден тұрады, ал олардың 
кемерінде  дара  гүлді  үш  масақша  орналасқан.  Гүл  екі  түрлі  гүл 
қауыздарынан  –  сыртқы  және  ішкі  -  тұрады,  қылтық  сыртқы  гүл 
қауызының төбесіне қарай бекіген. 
 
Барлық мәдени арпалар бір түрге егістік арпаға (Ноordeum sativum 
Lessen) жатады. 
Масақ  білігінің  кемеріндегі  масақшалардың  жеміс  санын 
қалыптастыруына қарай егістік арпа үш түр тармақтарына бөлінеді. 
1.  Көпқатарлы  арпа  –  H.s.  vulgare  L.  білік  кемерінде  үш  жемісті 
масақша орналасқан. 
2.  Қос қатарлы  –    арпа –  H.s.  Distichum  L.  -  білік  кемерінде жемісті 
масақша біреу. 
3.  Аралық арпа – H.s.  Intermedium L.  - білік кемерінде 1-3 жемісті 
масақша болады. 
Көпқатарлы  арпада  дұрыс  алты  қатарлы,  немесе  алты  қырлы 
(hexastichum  тобы)  және  бұрыс  алты  қатарлы,  немесе  төрт  қырлы 
(tetrastichum тобы) ажыратылады. 
Масақтың көлденең қимасында дұрыс алты қатарлы арпалар дұрыс 
алты  сәулелі  жүлдыз,  ал  бұрыс  алты  қатарлы-төрт  бұрышты  кескін 
(фигура) береді. 
Қосқатарлы  арпа  жеміссіз  бүйір  масақшаларының даму  дәрежесіне 
қарай екі топқа бөлінеді: 
1) Nutantia R. Reg., 2) Deficientia R. Reg. 
Nutantia 
тобына 
жеміссіз 
бүйір 
масақшаларында 
масақ 
қабықшаларымен қатар гүл қабықшалары да сақталған арпа жатады. 
Deficientia  тобына  жеміссіз  бүйір  масақшаларда  тек  қана  масақ 
қабықшалары бар арпа кіреді. 
Қосқатарлы  арпаның  дәндері  масақ  білігінің  кемерінде  еркін  дами 
отырып,  симметриялық  құрылыс  қалыптастырады  және  бүкіл  масақ 
бойында  біркелкі  болады.  Көпқатарлы  арпада  дәндер  біркелкі  емес; 
масақ білігінің кемерінде орналасқан үш масақшаның ортасындағы дән 
ірі  келеді,  ал  бүйір  дәндері  біршама  қисайып  бітеді  де  ұсақтау  келеді. 
Сондықтан  симметриялы  тұқым  тобын  қосқатарлы  арпаға,  ал 
симметриялы  дәндер  40%-тен  төмен  болғанда-көпқатарлы  арпаға 
жатқызады.  Аталған  түр  тармақтарын  қабықты  дәндердің  ойығындағы 
негізгі  қылы  бойынша  да  ажыратылады.  Қысқа  талды  қыл  көпқатарлы 
арпаға, ал ұзынталды қыл – қосқатарлы арпаға тән. 
Арпаның  түршелерін  мына  белгілері  бойынша  анықтайды:  дәннің 
қабықтылығы  (қабықты  немесе  жалаңаш),  масақтың  тығыздығы 
(борпылдақ 
немесе  тығыз),  қылтықтылығы  (қылтықты  немесе 
қылтықсыз-үш  қалақты  өскіңдермен),  қылтықтардың  аратістілігі  (тегіс 
немесе ара тісті), масақтың түсі (сары немесе қара). 
Арпа  масағының  тығыздылығын  масақ  білігінің  4  см  ұзындығына 
келетін  білік  мүшелерінің  санымен  анықтайды.  Егер  4  см  білік 

 
110 
 
ұзындығында  14-ке  дейін  мүшелер  болса  масақ  борпылдақ,  ал  15-тен 
артық мүшелер болса масақ тығыз деп есептеледі. Арпаның түршелерін 
анықтау үшін төмендегі анықтамалықты пайдалануға болады (51-кесте). 
 
 
51-кесте – Арпа түршелерінің анықтамалығы 
Дәннің  
қабықты- 
лығы 
Масақтың 
түсі 
Масақтың 
тығыздылығы 
Қылтықтардың 
аратістілігі 
Түршенің атауы 





Көпқатарлы арпа 
Қабықты 
Сары 
Борпылдақ 
Өн бойына аратісті 
Pallidum Ser.  
(паллидиум) 
Қабықты 
Қара 
Борпылдақ 
Өн бойына аратісті 
Nigrum W.eed 
 (нигрум)  
Қабықты 
Сары 
Борпылдақ 
Тегіс, жоғары жағы 
аратісті 
Ricotense R. Reg 
(рикотензе) 
Қабықты 
Қара 
Борпылдақ 
Тегіс, жоғары жағы 
аратісті 
Leiorhynchum korn. 
(лейоринхум) 
Қабықты 
Сары 
Тығыз 
Өн бойына аратісті 
Parallelura korn. 
(параллелум) 
Қабықты 
Сары 
Өте тығыз 
Сондай 
Pyramidatum korn. 
(пирамидатум) 
Қабықты 
Сары 
Борпылдақ 
Қылтықтың 
орнына 3 қалақты 
өскін 
Horsfordianum Witt. 
(Хорсфордианум) 
Жалаңаш 
Сары 
Борпылдақ 
Сондай 
Coeleste L. (Целесте) 
Жалаңаш 
Сары 
Борпылдақ  Қылтықтың орнына 2 
қалақты өскін 
Trifurcatum Schlecht 
(трифуркатум) 
Қосқатарлы арпа  
Қабықты 
Сары 
Борпылдақ 
Өн бойына аратісті 
Nutans Schube   
(нутанс) 
Қабықты 
Қара 
Борпылдақ 
Сондай 
Nigricans Ser. 
(нигрканс)     
Қабықты 
Сары 
Борпылдақ 
Әлсіз аратісті 
Medicum korn.  
(медикум) 
Қабықты 
Қара 
Борпылдақ 
Сондай 
Persicum korn.  
(персикум) 
Қабықты 
Сары 
Тығыз 
Сондай 
Erectum Schube  
(эректум) 
Жалаңаш 
Сары 
Борпылдақ 
Сондай 
Nudum (нудум)  
 
Қазақстан  Республикасында  пайдалануға  рұқсат  етілген  арпа 
сорттары 52-кестеде келтірілген. 
 
 
 

 
111 
 
52-кесте  –  Облыстар  бойынша  Қазақстан  Республикасында   
пайдалануға рұқсат етілген арпа сорттары 
Рұқсат етілген 
облыстар 
Пісу мерзіміне байланысты типтері 
Ерте 
пісетіндер 
Ортадан ерте 
пісетіндер 
Орташа мерзімде 
пісетіндер 
Ортадан  кеш 
пісетіндер 
 
 
 
 
 
Ақмола  
Арна 
 
Астана 2000 
Донецкий 8, Кедр 
Медикум 85 
Целинный 30 
Целинный 91 
Омский 87 
Ақтөбе  
 
 
Донецкий 8,   
Илек 9 
Карабалыкский 150 
 
Алматы  
Арна 
Әсем 
Байшешек 
Кангу 
Құралай 
Тұран 2 
Жан 
Скарлет 
Сусын 
Ақжол 
Вакула 
Беатрикс 
Жұлдыз 
Малц 
Одесский 100 
Престиж 
Север 1 
Сильфида 
 
Батыс 
Қазақстан 
 
 
Донецкий 8  
Илек 9 
 
Жамбыл  
Арна 
Бәйшешек 
Казсуффле 1 
Құралай 
 
Одесский 100 
Илек 9 
 
 
Қарағанды  
 
 
Донецкий 8 
Карабалыкский 150 
Карагандинский 5 
 
Қостанай  
Арна 
 
Астана 2000 
Ворсинский  
Гранал 
Гетьман 
Донецкий 8 
Карабалыкский 150 
Карагандинский 6 
Медикум 85 
Омский 95 
Сымбат 
Убаган 
 
Қызылорда  
Бәйшешек 
Сыр Аруы 
Сәуле 
Жұлдыз 
 
Оңтүстік 
Қазақстан 
Арна 
Бәйшешек 
Сәуле 
Донецкий 8 
Одесский 100 
 
Павлодар  
 
 
Медикум 85 
Целинный 91 
 
Солтүстік 
Қазақстан 
Арна 
 
Астана 2000 
Ворсинский,  
Кедр    
Медикум 85,  
Сымбат 
Целинный 2005 
Омский 87 

 
112 
 
52-кестенің жалғасы 





Шығыс Қазақстан  Арна 
 
 
Астана 2000 
Ворсинский 
Донецкий 8 
Донецкий 9, Илек 16 
Карабалыкский 110 
Карагандинский 6 
Одесский 100 
Рикотензе 2006 
Сигнал,  Тұлпар 
Целинный 91 
Целинный 2005 
Амулет 
Компакт 
Омский 87 
 
СҰЛЫ – ОВЕС – АVENА 
 
ТАПСЫРМА 
 
 
1. Сұлының морфологиялық белгілерін оқып-үйрену. 
2. Маңызды сұлы түрлерін оқып-үйрену. 
3. Егістік сұлының түршелерін анықтау. 
4. Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сұлы сорттарын оқып-үйрену. 
Сұлының  гүл  шоғыры  –  сіпсебас  (шашақ),  бұтақтары  –  5-7 
жартылай  күлте-басқа  (мутовка)  жиналған,  әрбір  бұтақша  масақшамен 
аяқталады,  оның  екі  жарғақты  масақ  қабықшаларының  арасында 
гүлдер  (дәндер)  орналасқан.  Масақша  білігінде  төменгі  гүл  барынша 
жақсы дамыған және оны бірінші деп атайды. Жемісі – дән, өн бойына 
түкті,  гүл  қауыздарымен  дән  жабыспайды  және  әртүрлі  пішінде  болып 
келеді (30-31-суреттер). 
 
30-сурет  –  Сұлы:  1,2-гүлдену  және  егін  көгі  кезеңдеріндегі  өсімдіктердің  жалпы 
көрінісі;  а-шашақ,  б-дән,  в-әртүрлі  түршелер  мен  түрлердің  масақшасы;  3-егістік 
қабықты  сұлы;  4-жалаңаш  дәнді  егістік  сұлы;  5-кәдімгі  қара  сұлы  (овсюг);  6-
құмдық сұлы; 7-византиялық сұлы; 8-оңтүстік сұлысы 
 

 
113 
 
 
 
 
 
Аvenа  туыстығы  мәдени  және  жабайы  да  түрлерін  біріктіреді. 
Ауылшаруашылық өндірісінде маңыздысы егістік сұлы – Аvenа Sativa L. 
(12 хромосомды), аз тараған түрлеріне византия сұлысы – Аvenа strigosa 
(42 хромосомды), құмдық сұлы – Аvenа strigosa Schreb (14 хромосомдық). 
Жабайы  түрлері,  әсіресе  қара  сұлы  –  Аvenа  fatua  (42  хромосомдық)  және 
Оңтүстік  қара  сұлысы  –  Аvenа  ludoviciane  Dur  (42  хромосомдық)  астық 
және басқа екпе дақылдар егістігін ластайды. 
Сұлы  түрлерінің  негізгі  айырмашылық  белгілері  мыналар:  дәннің 
негізінде  "тағаның"  барлығы,  сыртқы  гүл  қауызының  ұшындағы 
ерекшеліктер, піскенде дәндердің ажырау сипаты (53-кесте). 
 
53-кесте – Сұлы түрлерінің анықтамалығы 
Белгілері        
Түрлер 
Егістік сұлы 
Византиялық 
сұлысы 
Құмдық сұлы 




А) Дәннің негізінде «тағасы» жоқ мәдени түрлер 
Бірінші дәннің сыну алаңы  Тік, дәннің ұзын 
білігіне 
перпендикуляр 
Шалыс (қиғаш), 
жиі  түрде  ай-
тарлықтай ірі  
Әлсіз білінген 
Түрлері  
31-сурет – Дән пішіндері: 1-Маскеулік; 2-Харковтік;  
3-Шатиловтық; 4 - ұзын  қабықты; 5 - ине тәрізді 
 

 
114 
 
53-кестенің жалғасы 




Бастырғанда (піскенде) 
дәннің (масақшаның) 
ажырау сипаты  
Екінші гүлдің 
білікшесі (аяғы) 
бірінші дәнде 
қалады  
Білікке екінші 
дәнде қалады, 
немесе сынып 
бір бөлігі бірін-
ші дәнде қалған 
бөлігі екінші 
дәнде қалады  
Білікше бірінші 
дәнде қалады  
Бірінші гүлдің сіпсебас 
бұтағының масақшасында 
орналасуы  
Бірінші гүл 
білікшесіз 
орналасқан 
(отырған) 
Бірінші гүл 
білікшесіз 
орналасқан 
(отырған) 
Бірінші 
гүл 
білікшесімен 
орналасқан, 
бастырғанда 
масақ қабықша-
ларының 
арасындағы 
бұтақта қалады 
Б) Дән негізінде «тағасы» бар – жабайы түрлер 
Белгілері  
Кәдімгі қара 
сұлы  
Оңтүстік қара сұлы  
Тағаның орналасуы 
Таға  әрбір  дәнде 
бар. 
Піскенде 
масақшалар  дән-
дерге 
ажырап 
түседі 
Таға бірініші дәнде ғана бар. 
Піскенде масақшалар бүтіндей 
түседі.  
Дән негізінің түктілігі 
Әрбір 
дәннің 
ұшында  жиі  тал-
шықтар болады 
І-ІІ дәндердің негізінде жиі 
талшықтар болады, ал ІІІ дәнде 
талшықтар ылғи бола бермейді 
Піскенде масақшадағы 
дәндердің ажырау сипаты 
Піскенде 
масақшадағы 
барлық дәндер 
жеке-жеке 
ажырайды 
Піскенде әрбір масақшаның 
дәндері ажырамай бірге түседі 
Егістік  сұлының  түршелері  сіпсебастың  (шашақтың)  пішіні, 
қылтықтылығы, дәннің қабықтылығы, гүл қауыздарының түсі бойынша 
ажыратылады (54-55-кестелер). 
 
54-кесте – Дәні қабықты сұлы түршелерінің анықтамалығы 
Дәннің 
түсі 
 
 
Қомақты сіпсебас 
Қысылған немесе біржалды 
сіпсебас 
қылтықты 
қылтықсыз    
қылтықты 
қылтықсыз 
Ақ 
aristata 
(аристата) 
mutica 
(мутика)  
tatarica (татарика) 
obtusata 
(обтузата) 
Сары 
krausea 
(краузеа)  
аигеа  
(ауреа)   
ligulata  
(лигулята) 
flava 
 (флява) 
Сұр 
сіnегеа 
(цинереа) 
grisea 
(гризеа) 
armata 
(армата) 
borealis 
(бореалис) 
Қоңыр 
montana 
(монгана)     
brunea 
(брунеа) 
pugnax 
 (пугнакс) 
tristis 
 (тристис) 
 

 
115 
 
  55-кесте – Жалаңаш дәнді егістік сұлы түршелерінің анықтамалығы 
Гүл қабықшасының түсі 
 
Масақшалардың 
қылтықтылығы 
 
Сіпсебас пішіні 
қомақты  
Ақ  
Қылтықсыз  
іmermis 
(инермис) 
Сондай  
Қылтықты  
chinensis 
(хинензис) 
Ішкі гүл қабығында  
сұрғылт-қоңыр дақ болады 
Қылтықты  
mongolica 
(монголика) 
Сондай  
Қылтықсыз  
maculate 
(макулята) 
 
Сұлының  қылтықтылығы  –  тұрақсыз  белгі  және  айтарлықтай 
дәрежеде өсіру жағдайларына тәуелді, сондықтан масақшалардың 25%-де 
қылтық болса, сіпсебас (шашақ) қылтықты деп есептеледі. 
Дәннің  түсі  де  құбылмалы,  өсіресе  ылғалды  ауа-райы  жағдайында  ақ 
түс сары болып кетеді. Дәннің нақты түсін анықтау үшін мынадай әдісті 
пайдаланады. Стақанға салынған сұлы дәндеріне 10%-ті тұз қышқылының 
ерітіндісін құяды. 10 минут өткеннен кейін оларды алып кептіреді. Нағыз 
сары  дәндер  5  сағаттан  соң  пәрменді  сары,  ал  ақ  дәңдер  18  сағаттан   
кейін   ашық-қоңыр  түске   енеді.   Дәннің түсін анықтайтын   ең   сенімді   
тәсіл  –  ультракүлгін      сәулелердің      көмегімен  анықтау  (ақ  дән  ашық 
қиылыс, сары дән-қоңыр қиылыс береді). 
 
Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген сұлы сорттары 
 
Ерте пісетіндер: 
 
 
Казахстанский  70,  1992  жылдан  Алматы,  Қызылорда,  Шығыс-
Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.  
 
Бәйге,  2010  жылдан  Ақтөбе,  Қызылорда,  Павлодар  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Орташа мерзімде пісетіндер: 
 
 
Синельниковский 14. Жүгері БҒЗИ-да (РФ) шығарылған, түршесі-
мутика,  қуаңшылыққа  өте  төзімді  және  жоғары  өнімді,  қара  күйеге, 
жапырылуға  және  шашылуға  төзімді,  ылғалды  жақсы  қажетсінеді,  1000 
дәннің массасы 29-38г., 1973 жылдан Ақмола, Маңғыстау облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген.  
Мирный. 
Льгов 
селекциялық-тәжірибе 
стансасысында 
шығарылған,  түршесі  –  мутика,  қуаңшылыққа  төзімді,  мол  өнімді, 
иілімді сорт. Қара күйемен залалдануға бейім. 1000 дәннің массасы 32-38 
г.,  1981,  Қарағанды,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген.  

 
116 
 
Скакун.  Ульянов  МАТС-да  шығарылған.  Мутика  түршесіне 
жатады,  пәрменді  түрдегі  сорт  әлеуетті  жоғары  астық  өнімін 
қалыптастыруға қабілетті  1000 дәннің массасы 34-39 г.,  1988 жылдан 
Ақмола,  Алматы,  Батыс  Қазақстан,  Маңғыстау,  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Ертіс  15,  1994,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Бітік, 
1996, 
Ақмола, 
Қызылорда, 
Солтүстік 
Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Аламан,    2011  жылдан    Ақтөбе,  Алматы,  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Арман,  2011  жылдан,  Батыс  Қазақстан,  Павлодар  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Жорға,  2011  жылдан,  Алматы,  Шығыс  Қазақстан  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Никола,  2011  жылдан,  Солтүстік  Қазақстан  облысында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Памяти Богачкова, 2006 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Пегас,  2012  жылдан  Батыс  Қазақстан  облысында  пайдалануға 
рұқсат етілген. 
Ортадан кеш пісетіндер: 
 
Құлагер,  2007  жылдан  Алматы  облысында  пайдалануға  рұқсат 
етілген. 
Льговский  82,  1993  жылдан  Батыс  Қазақстан  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Астық  дақылдары  бірінші  тобының  латынша  және  қазақша 
атаулары. 
2.  Бидайды 
генетикалық 
ерекшеліктері 
мен 
шаруашылық-
биологиялық  белгілері  бойынша  топтарға  және  түрлерге  бөлу 
қағидалары. 
3.  Маңызды 
бидай  түрлерінің  масағы  мен  дәні  бойынша 
айырмашылық белгілері. 
4.  Қазақстанда  кең  тараған  жұмсақ  және  қатты  бидай  түршелері, 
олардың белгілері. 
5.  Қазақстанда  пайдалануға  рұқсат  етілген  жұмсақ  және  қатты  бидай 
сорттары, олардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы. 
6. Арпа мен сұлының морфологиялық ерекшеліктері. 
7. Арпаның жүйеленуі. 
8. Мәдени және жабайы сұлы түрлерінің белгілері. 
9. Арпа  мен  егістік  сұлының  кең  тараған  түршелері  және  олардың 

 
117 
 
белгілері. 
10. Қазақстаңда  пайдалануға  рұқсат  етілген  арпа  мен  сұлы  сорттары 
және олардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы. 
11. Бидай,  сұлы,  арпа,  күздік  дақылдар  –  қара  бидай  мен  бидайдың 
сыртқы  орта  факторларына  қоятын  талаптары,  әртүрлі  аймақтар 
жағдайларында  олармен  қамтамасыз  етілуі  және  салыстырмалы 
бағалау. 
12. Жұмсақ 
және 
қатты 
бидай 
түрлерінің 
морфологиялық, 
биологиялық ерекшеліктері. 
13.  Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат жағдайларында жұмсақ және 
қатты  бидай,  арпа,  сұлы,  күздік  қара  бидай  мен  бидай  өсіру 
ерекшеліктері  (алғы  дақылдар,  топырақ  өңдеу,  тыңайтқыш,  себу 
мерзімі,  тәсілі  мен  себу  мөлшері,  тұқымның  сіңіру  тереңдігі, 
егістікті күтіп-баптау, егінді жинау). 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет