Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)


Жемісі – үшқырлы   жаңғақ,   берік   қабықпен   қапталған.   1000 
тұқымның   массасы   18-32 г.   Қабықтылығы   16-30 %.   Ұрық   массасы 
5 тұқымның 10% -тін құрайды. 
Тұқым топырақ бетіне шығарылатын екі жарнақтан, тамырша мен 
эндоспермнен құралған. 
Қарақұмықтың  екі  түрі  кездеседі:  мәдени  қарақұмық  (Ғаgopyrum 
esculentum)  және  татар  қарақұмығы  (Ғаgopyrum  tatarieum),  олардың 
құрылысында бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар, соңғысы 
– арамшөп (59-кесте). 
 
 
35-сурет – Қарақұмыктың гүлдері: аналықтары қысқа және 
аталықтары ұзын; аналықтары ұзын және аталықтары қысқа 
 

 
130 
 
59-кесте – Қарақұмық түрлерінің айырмашылық белгілері 
Белгілері 
Мәдени қарақұмық 
Татар қарақұмығы 
Сабақтары 
Негізінен    қырлы,    
қызғылт жасыл түсті 
Негізінен тегіс, жасыл түсті 
Жапырақтары 
Жүрек      тәрізді-
үшбұрышты сүңгі 
тәрізді, жиі түрде әлсіз 
көрінген антоциан 
дақты 
Айтарлықтай дөңгелектенген, жия түрде 
жақсы көрінген антоциан дағы бар 
Гүл шоғыры  Қалқан сиякты шоқгүл 
Борпылдақ шоқ гүл 
Жемістері 
Ірі, үшқырлы, тегіс 
Ұсақ, әлсіз үшқырлы, әжімді       
           
           Аталған түрлердің маңыздысы – мәдени қарақұмық. Морфологиялық 
белгілері  бойынша,  биологиялық  қасиеттері  мен  шаруашылықта 
пайдалану  бағытына  қарай  қарақұмық  екі  түр  тармағына  бөлінеді  (60-
кесте).  
60-кесте – Қарақұмық түр тармақтарының айырмашылық белгілері 
Айырмашылық 
белгілері 
Кәдімгі қара құмық (Ғаgopyrum 
vulgare) 
Көп жапырақты қарақұмық 
(Ғаgopyrum multifolium) 
Өсімдіктің 
биіктігі 
150 см дейін (негізінен 50-100 см) 
Өсімдіктері қатты, биіктігі 
100-200 см 
Жапырақтануы 
Әлсіз немесе орташа 
жапырақтанған 
Жақсы жапырақтанған 
Буын 
аралықтарының 
саны 
6-11, алғашқы буын аралықтары 
ұзын 
10-нан жоғары,төменгі буын 
аралықтары қысқа 
Жапырақтары 
Ірі емес, айтарлықтай қалың 
дөрекі, үшбұрышты пішінде 
Ірі, жұқа, толқынды 
дөңгелектенген пішінде 
Гүлі 
Орташа мөлшерде, қалқандь 
шоқгүлге жинақталған, ақ 
қызғылт, кейде қызыл түсті 
Ірі жұка, толқынды 
дөңгелектенген пішінде 
Жемістері 
Қанатты және қанатсыз 
Ірі қанатты, кейде қанатсыз 
қабықтылығы жоғары, ашық 
қоңыр түстен қараға дейін 
 
Қазақстанда барынша кең тараған және аймақ жағдайларына жақсы 
бейімделген кәдімгі қарақұмық өсіріледі. 
Кәдімгі  қарақұмықтың  көптеген  сорттары  алята  немесе  аптера 
түршесіне жатады. 
Алята  (аlаta)  -  жемістері  қанатты,  қабықтары  қырларының  тұсында 
ойыстанып  қанатқа  айналады.  Қанаттары  жақсы  көрінген,  олардың 
кеңдігінен жемістер жалпақ немесе ойықты болып көрінеді. 
Аптера  (арtега)  -  жемістері  қанатсыз,  қырлары  ойыспаган  немесе 
әлсіз дамыған, дән қампиған түрде көрінеді. 

 
131 
 
Қарақұмықтың пайдалануға рұқсат етілген сорттары 
 
Ортадан ерте пісетін: 
Сумчанка.  Сумы  МАТС  және  дәнді  бұршақ  және  жармалық 
дақылдар ҒЗИ-да (РФ) шығарылған, түршесі – алята, жапырылуға және 
шашылуға  төзімді.  Сорттың  технологиялық  және  жармалық  сапалары 
жоғары.  Қабықтылығы  19-20  %  1000  дәннің  массасы  27,5-31,4  г  1985 
жылдан  Ақтөбе,  Алматы,  Шығыс  Қазақстан,  Батыс  Қазақстан, 
Қарағанды,  Қостанай,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген
Орташа мерзімде пісетіндер: 
Богатырь.  Орлов  МАТС-да  шығарылған  түршесі  -  алята,  жылу 
және  ылғал  сүйгіш,  жапырылуға  және  шашылуға  орташа  төзімді.  1000 
тұқымның  массасы  22-23  г,  1949  жылдан    Ақмола,  Алматы,  Батыс 
Қазақстан,  Қостанай,  Маңғыстау,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Шортандинская  крупнозерная.  А.И.  Бараев  атындағы  Қазақ 
АШҒЗИ-да  шығарылған,  түршесі  –  алята,  1994  жылдан  Ақмола,  Батыс 
Қазақстан, Шығыс Қазақстан, облыстарында өсіруге рұқсат етілген. 
Шортандинская  2,  2004  жылдан  Ақмола,  батыс  Қазақстан, 
Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Крупинка, 1992 жылдан Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Жармалық дақылдардың қазақша және латынша атаулары қандай? 
2.  Тары өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері қандай? 
3.  Тарының 
түрлері, 
түр 
тармақтары 
мен 
түршелерінің 
айырмашылық белгілері қандай? 
4.  Қарақұмықтың  түрлері  мен  түр  тармақтарының  айырмашылық 
белгілері? 
5.  Қарақұмық  гүлдеріндегі  жыныстық  диморфизм  және  гүлдену 
ерекшеліктері? 
6.  Күріштің жүйеленуі. 
7.  Күріш өсімдігінің құрылысындағы морфологиялық ерекшеліктері? 
8.  Қазақстан  Республикасындағы  пайдалануға  рұқсат  етілген  тары, 
қарақұмық, күріш сорттары? 
9.  Тары,  қарақұмық,  күріштің  сыртқы  орта  факторларына  қоятын 
талаптары 
және 
Қазақстанның 
негізгі 
топырақ-климат 
аймақтарында олармен қамтамасыз етілуі? 
10. Сыртқы 
орта 
факторларына 
дақылдардың 
қатынасын 
салыстырмалы түрде бағалау? 
11. Негізгі  өсіру  аймақтарында  тары,  қарақұмық  пен  күріштің 
агротехникасындағы  (технологиясының  негізгі  элементтері 

 
132 
 
бойынша) ерекшеліктері қандай? 
 
Бөлім бойынша әдебиеттер  
 
1.  Қ.К.Әрінов,  Н.А.Шестакова.  Солтүстік  Қазақстанның  өсімдік 
шаруашылығы. -Астана, 2009. 
2.  Қ.К.Әрінов, 
Қ.М.Мұсынов, 
А.К.Апушев, 
Н.А.Серекпаев, 
Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов. Өсімдік шаруашылығы. -Алматы, 
2011. 
3.  Қ.К.Әрінов, 
Н.И.Можаев, 
Н.А.Шестакова, 
М.А.Ысқақов, 
Н.А.Серекпаев. Өсімдік шаруашылығы практикумы. -Астана, 2004. 
4.  Аниканова  З.Ф.,  Тарасова  Л.Е.,  Рис:  Сорт,  урожай,  качество  -М., 
Колос, 1979. 
5.  Величко  Е.Б.,  Шумаков  Б.Б.,  Технология  получения  высоких 
урожаев риса.- М., «Колос», 1984 
6.  Елагин  И.Н.  Агротехника  проса  2-ое  изд.  Доп.  И  перераб.  -М. 
«Россельхозиздат», 1987. 
7.  Ефименко  Д.Я.,  Барабаш  Г.И.,  Гречиха  -М.,  «Агропромиздат»., 
1990. 
8.  Кадыргалиев  А.Ш.,  Рекомендации  по  интенсивной  технологии 
вызделывания проса в Уральской области. -Уральск., 1991 
9.  Лысов В.Н., Просо. -Л., «Колос», 1968 
10.  Мурзамадиева М.А., Просо. -Алма-Ата., «Кайнар», 1979. 
11.  Рес.изд.  2-ое  доп  и  перераб.,  под  редакцией  Жовтонога, 
В.Н.Ткача, А.М. Коваля, -Киев «Урожай», 1978. 
12.  Савицкий К.А., Гречиха -М., Колос, 1970. 
13.  Т.Саудабаев, 
А.Кадыргалиев, 
К.Шалдыбаев, 
Жармалық 
дақылдар. -Алматы «Кайнар» 1985. 
14.  Якименко А.Ф., Просо.- М., «Россельхозиздат», 1975. 
15.  Якименко А.Ф., Гречиха.- М., «Колос» 1982. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
133 
 
ІV-ТАРАУ.  ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ 
Дәнді  бұршақ  дақылдарына  асбұршақ,  жасымық,  сиыр  жоңышқа, 
ноғатық, майбұршақ, ноқат, атбас бұршақ, лобия (бадана, үрме бұршақ) 
бұршағы,  бөрі  бұршақ  кіреді.  Олар  бұршақ  тұқымдасына  (Ғаbасеае) 
жатады,  алайда  дақылдар  арасында  морфологиясы,  биологиялық 
ерекшеліктері мен пайдалануында үлкен айырмашылықтар бар. 
 
ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ  ЖАЛПЫ  
СИПАТТАМАСЫ 
 
ТАПСЫРМА 
 
1.  Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерімен 
танысу. 
2.  Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымдары бойынша анықтау. 
3.  Дәнді бұршақ дақылдарының айырмашылықтарын егін көгі мен 
жапырақтары бойынша оқып-үйрену. 
4.  Дәнді бұршақ дақылдарын жемісі бойынша анықтау. 
Дәнді  бұршақ  дақылдарының  тамыр  жүйесі  кіндікті,  1-2  м 
топырақ қабатына бойлайды, көптеген бірінші, екінші, үшінші және одан 
кейінгі  дәрежедегі  бүйір  тамыршалары  болады,  олар  негізінен 
жыртылатын топырақ қабатында орналасқан. 
Сабағы  біреулерінде  тік  тұратын,  бұтақты  (атбас  бұршақ,  ноқат, 
майбұршақ,  бөрі  бұршақ)  басқаларында  –  жапырылғыш  (асбұршақ, 
жасымық) немесе жапырылуға бейім (ноғатық). 
Жапырақтары  күрделі,  олардың  құрылысы  бойынша  дәнді 
бұршақ дақылдарын үш топқа бөледі: 
-  қауырсын жапырақты өсімдіктер; 
-  үштік жапырақты өсімдіктер; 
-  саусақ салалы жапырақты өсімдіктер. 
       -   саусақ салалы жапырақты өсімдіктер. 
Гүл шоғыры (майбұршақ пен бөрібұршақ) немесе гүлдері жапырақ 
қолтығындағы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орналасқан.  
Гүлдері  –  қосжынысты,  бес  күлтеше  жапырақты,  бұрыс  пішінді, 
күлтеше  жапырақтарының  түсі  ақ  түстен  қызғылт-қызыл  немесе  күлгін 
түске дейін. 
Жемісі - әртүрлі  пішіндегі және мөлшердегі бұршақ. Піскенде екі 
ұзынша  жармаға  жарылады  (ноқат,  жасымық  және  ақ  бөрі  бұршақтан 
басқаларында). 
Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді және әр түсті болып келеді. 

 
134 
 
Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымы бойынша анықтау. Дәнді 
бұршақ  дақылдарын  тұқымының  көлемі,  пішіні,  түсі  және  тұқым 
жолының түсі, орналасуы бойынша анықтайды (36, 37-суреттер және 61-
кесте). 
 
36-сурет – Бұршақ дақылдары тұқымының құрылысы: 1-бадана (фасоль) тұқымының 
тұқым жолы жағынан көрінісі; 2-бадана тұқымының тұқым қабығынсыз көрінісі; 3-
бір тұқым жарнағы аластатылған бадана тұқымы; 4-бадананың өркені мен ұрықтық 
жапырақшасы; сабаға және тамыршасы; 5-асбұршақ тұқымы 
 
 
37- сурет – Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары: 1-асбұршақ; 2-атбас бұршақ;  
3-бадана; 4-жасымық; 5-бөрі бұршақ (люпин); 6-ноқат; 7-ноғатық 
 
 

 
135 
 
61-кесте – Дәнді бұршақ дақылдары тұқымдарының айырмашылық белгілері 
Тұқымдары 
Тұқым жолы 
Түрдің атауы 
Мөлшері, мм 
пішіні 
түсі 
пішіні 
түсі 
орналасуы 







4-9 
Домалақ келген, тегіс немесе 
бұрышты әжімделген 
Сарғыш, сары, 
қызғылт, жасыл 
Сопақ 
Ашық немесе 
қара 
- 
Егістік 
асбұршақ 
4-7 
Домалақ келген немесе әлсіз 
бұрышты, жиі түрде 
жаншылған 
Сұр, қоңыр жиі түрде 
суретпен 
Сондай 
Қоныр немесе 
қара 
 
Далалық 
асбұршақ 
6-9 
Домалақтау-жалпақ, үшкір 
шеттерімен 
Айқын-жасылдан 
қараға дейін 
Линиялы 
Ашық түсті 
немесе тұқым 
түсіне ұқсас 
Қабырғасында 
Ірі тұқымды 
жасымық 
3-5 
Айтарлықтай дөңес, шеттері 
домалақтанған 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Ұсақ тұқымды 
жасымық 
7-12-ден  
20-30-ға дейін 
Домалақтау-жалпақ, ұзынша 
келген, жұмырланған 
Сарғыш, қоңыр, қара  Ұзынша эллипс 
тәрізді 
Қара немесе 
ашық 
Шетіне қарай 
ашық 
Атбас бұршақ 
9-14 
Сына тәрізді, бұрышты-
домалақ 
Ақ кейде сұр, қоныр 
Сопақ 
Тұқым түсіне 
ұқсас 
Қабырғасында  Егістік ноғатық 
7-12 
Бұрышты-домалақ, тұмсықты 
Ақ, сары, қара 
қызылдау 
Жұмыртқа тәрізді 
кысқа 
Тұқым түсіне 
ұқсас 
Тұмсығының 
астында 
Ноқат 
8-15 
Цилиндр, эллипс, бүйрек 
тәрізді 
Әртүрлі, бір реңді 
және шұбар 
Сопақ 
Тұқым түсіндей 
Ұзын жақ 
шетінің 
ортасында 
Кәдімгі бадана 
(лобия) 
6-13 
Шар тәрізді, сопақ, ұзынша-
бүйрек тәрізді. Сары, жасыл 
қоңыр, қара. 
Ұзынша сопақ 
Ашық түсті, 
қоңыр, қара 
Ұзынша сопақ  Ұзын жағының 
шетінде 
Май бұршақ 
 
 

 
136 
 
 
61-кестенің жалғасы 







10-14 
Домалақтау-жеңіл бұрышты, 
қатты, қысылған, тіпті 
жалпақ 
Сарғыш, қызғылт-
сарғыш 
Қалың құрсаумен 
қоршалған 
Ашық-қоңыр, 
құрсауы ақ 
Тұқым 
қабырғасында 
Ақ бөрібұршақ 
8-12 
Домалақтау-бүйрек тәрізді 
Мрамор суреті бар 
сүр, немесе ақ 
Кішігірім дөңес 
құрсаумен 
қоршалған 
Құрсау ашық 
түсті 
Тұқымның бір 
шетінде 
Жіңішке 
жапырақты 
бөрібұршақ 
7-10 
Домалақтау-бүйрек тәрізді, сал 
қысылған 
Қара шұбар және 
ашық фонда дақтар 
көрінген 
Кішігірім дөңес 
құрсаумен 
қоршалған 
Құрсау ашық 
түсті 
Тұқымның бір 
шетінде 
Сары 
бөрібұршақ 
3-5 
Сопақ, әлсіз бүйрек пішінді 
Ашық-сұрдан 
шұбарланған суреті 
бар қараға дейін 
Шығыңқы 
құрсаумен 
қоршалған 
Ашық түсті 
Тұқым шетіне 
қарай қиғаш 
Көпжылдық 
бөрібұршақ 

 
137 
 
Дәнді бұршақ дақылдарының дәндері ботаникалық түсінікте нағыз 
тұқымдар  болып  табылады.  Олар  қалың  қабықпен  жабылған  (тегіс, 
кейде  әжімді).  Тұқымның  бетінде  тұқым  жолы  ажыратылады,  ол 
тұқымның  аяқ  жібі  мен  дән  ұрығы  болып  табылады,  кейіннен  олардан 
тұқым  дамиды.  Тұқым  жолының  мөлшері  (шамасы),  пішіні,  түсі  және 
орналасуы әрқилы.  
Дәнді бұршақ дақылдарын егін  көгі мен  жапырақтары бойынша 
анықтау.  Тұқымның  өсуі  бөртуден  басталады  да  егін  көгінің  пайда 
болуымен  аяқталады.  Өне  бастағанда  тамырша  тұқым  қабығын  жарып 
шығып  топыраққа  бойлайды,  ал  сабақша  жеделдетіп  ұзара  бастайды. 
Сабақшаның  ұзаруы  әртүрлі.  Үштік  және  саусақ-салалы  жапырақты 
дәнді  бұршақ  дақылдарында,  (майбұршақ,  бадана,  бөрі  бұршақ)  ол 
тұқым  жарнағы  доғасының  өсуі  есебінен  жүреді.    Алғашында    доға  
тәрізді  иілген тұқым жарнағының асты өсе келе түзуленеді және кейінірек 
топырақ  бетіне  тұқым  жарнақтарын  шығарады,  олар  жасылдана  келе 
бірінші  жалған  жапырақтарды  түзеді.  Соңынан  тұқым  жарнақтарының 
арасында  орналасқан  бүршікшеден  алғашқы  екі  нағаз  жапырақ  пайда 
болады. 
Үштік  жапырақты  дәнді  бұршақ  дақылдарында  алғашында  жай 
жапырақтар,  ал  біраз  уақыт  өткеннен  кейін  бірінші  үштік  жапырақ 
түзіледі.  Саусақ-салалы  жапырақты  дәнді  бұршақтарда  алғашқы 
жапырақтары ересек өсімдіктердегідей, тек қана кішірек болып келеді. 
Қауырсын  жапырақты  өсімдіктер  эпикотил  есебінен  өнеді  және 
тұқым  жарнақтары  топырақта  қалады,  ал  жер  бетіне  бірден  алғашқы 
нағыз жапырақтар шығады (38, 39-суреттер мен 62,63,64-кестелер). 
 
 
 
 
38-сурет  –  Дәнді  бұршақ  өсімдіктерінің  егін  көгі:  1-үштік  жапырақтармен  (кәдімгі 
бадана); 2-саусақ-салалы жапырақтармен (бөрі бұршақ); 3-қауырсын жапырақтармен 
(ноқат) 
 
 

 
138 
 
 
39-сурет – Дәнді бұршақ дақылдарының жапырақтары: 1-асбұршақ,  атбас бұршақ;  
3-ноғатық; 4-жасымық; 5-ноқат; 6-сиыржоңышқа (вика) 
 
 
62-кесте – Дәнді бұршақ дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері 
(тұқым жарнақтары топырақта қалады) 
 
Түрі 
Алғашқы нағыз жапырақтар, күрделі 
Түктілігі сипаты 
 
 
құрылысы 
жапырақшалар пішіні 
 
 




Ас бұршақ 
Қос 
қауырсынды 
Енді, жұмыртқа тәрізді, кері 
жұмыртқа тәрізді 
1-жапырақ 
жалаңаш немесе 
әлсіз түкті 
Далалық 
асбұршақ 
(пелюшка) 
Қос 
қауырсынды 
Енді, жұмыртқа тәрізді, кері 
жұмыртқа тәрізді 
1-жапырақ 
жалаңаш немесе 
әлсіз түкті 
Ірі тұқымды 
жасымық 
Қос 
қауырсынды 
Ұзынша-сопақ 
1-жапырақ 
жалаңаш немесе 
әлсіз түкті 
Ұсақ 
тұқымды 
жасымық 
Қос 
қауырсынды 
Ұзынша-сопақ 
1-жапырақ 
жалаңаш немесе 
әлсіз түкті 
Егістік 
ноғатық 
Қос 
қауырсынды 
Ланцетті  
1-жапырақ 
жалаңаш немесе 
әлсіз түкті 
Атбас 
бұршақ 
Қос 
қауырсынды 
Жұмыртқа тәрізді, кері 
жұмыртқа тәрізді немесе әлсіз 
сопақ 
1-жапырақ 
жалаңаш немесе 
әлсіз түкті 
Ноқат 
Дара 
қауырсынды 
Кері жұмыртқа тәрізді, 
жапырақшалардың шеттері 
аратісті 
1-жапырақ 
молынан 
түктелген 
 
 
 

 
139 
 
63-кесте – Дәнді бұршақ дақылдары жапырақтарының айырмашылық белгілері 
Түрі 
Жапырақтар 
құрылысы 
пішіні 
түктілігі  
сипаты 
мұрттылы-
ғы 
жапырақ 
беліктерінің 
саны 






Егістік 
асбұршақ 
Қос қауырсынды, ірі жапырақ 
серіктерімен               
Жұмыртқа тәрізді, әлсіз сопақ 
Жалаңаш 
Бар 
2-3 жұп 
Далалық 
асбұршақ 
Қос қауырсынды, жапырақ 
серігінде қызыл дақ бар 
Жұмыртқа тәрізді, әлсіз сопақ 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Атбас  
бұршақ 
Қос қауырсынды жапырақ 
серігі ұсақ, аратісті 
Жұмыртқа тәрізді әлсіз сопақ, 
немесе кері жұмыртқа тәрізді 
Сондай 
Жоқ 
1-3 жұп 
Ірі 
тұқымды 
жасымық 
Қосқауырсынды кішірек 
жапырақ серіктерімен 
Сопақ, ұзынша 
Сондай 
Бар 
6-12 жұп 
Ұсақ 
тұқымды 
жасымық 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
6-12 жұп 
Егістік 
ноғатық 
Қос қауырсынды 1 жұпты 
кішірек жапырақ серіктерімен 
Ланцетті, кейде ұзынша-сопақ 
Сондай 
Сондай 
1- жұп 
Мәдени ноқат 
Дара қауырсынды 
Жұмыртқа тәрізді, шеттері 
аратісті 
Молынан 
түктелген безді 
талшықтар 
Жоқ 
15-15 жұп 
Кәдімгі бадана 
Үштік 
Жүрек тәрізді бұрышты 
Жалаңаш 
Жоқ 
3-жұп 
Май бұршақ 
Сондай 
Жүрек тәрізді, сопақ кейде ұзынша 
Молынан 
түктелген 
Сондай 
Сондай 
Жіңішке 
жапырақты 
бөрібұршақ 
Саусақ-салалы 
Ұзынша-сопақ 
Жалаңаш 
Сондай 
 
 
 

 
140 
 
63-кестенің жалғасы 






Сары бөрі 
бұршақ 
Сондай 
Ұзынша-кері жұмыртқа тәрізді, 
кең 
Молынан 
түктелген 
төменгі жағы 
Сондай 
 
 
 
 
 
 
 
Ақ бөрі 
бұршақ 
Сондай 
Кері жұмыртқа тәрізді 
Төменгі 
жағы 
түктелген 
Сондай 
 
Көпжылдық 
бөрі бұршақ 
Сондай 
Кең-ланцетті шеттері аратісті 
Сондай 
Сондай 
 
 

 
141 
 
64-кесте – Дәнді дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері  
(тұқым жарнақтарын топырақ бетіне алып шығады) 
Түрі 
Алғашқы нағыз жапырақтар 
Жай 
Күрделі 
құрылысы 
түктілігі, 
сипаты 
құрылысы 
жапырақша 
пішіні 
түктілігі, 
сипаты 
Кәдімгі 
бадана 
Жүрек 
тәрізді, 
сағаққа 
бекіген 
жерінде 
ойықты 
Жалаңаш 
немесе әлсіз 
түктенген 



Май 
бұршақ 


Сусақ-
салалы  
Кері 
жұмыртқа 
тәрізді 
Түктелген  
 
Дәнді  бұршақ  дақылдарын  жемістері  бойынша  анықтау.  Дәнді 
бұршақ  дақылдарының  жемістері  бұршаққап  деп  аталады.  Ондағы 
тұкымдар  қысқа  тұкым  аяғы  жібінде  орналасқан.  Піскеннен  кейін 
бұршаққап көпшілік дәнді бұршақ дақылдарыңда (ноқат, жасымы  және 
ақ  бөрі  бұршақтан  басқаларында)  жарылады  да  тұқымдар  шашылады. 
Айырмашылық белгілері 40-сурет пен 65-кестеде келтірілген. 
 
 
40-сурет – Әртүрлі дәнді бұршақ дақыл дақылдарының бұршаққаптары: 1- ас 
бұршақ; 2-атбас бұршақ; 3-бөрібұршақ; 4-ноқат; 5-ноғатық; 6-майбұршақ; 7-
жасымық; 8-бадана 
 

 
142 
 
65-кесте – Дәнді бұршақ дақылдары жемістерінің айырмашылық белгілері 
 
Түрі 
Мөлшері 
Пішіні 
Түсі 
Түктілігі 
Егістік ас 
бұршақ 
Ірі тұқымды 
(3-11) 
Түзу немесе орақ 
тәрізді иілген, кең 
Сабанды-сары 
Жалаңаш 
Далалық 
асбұршақ 
Ірілеу, көп 
тұқымды (4-6 одан 
көп) 
Түзу, кеңдеу 
Қоңыр 
түске 
боялған 
Сондай 
Атбас 
бұршақ 
Ірі (3-4 тұқымды 
және одан көп) 
Ұзын, қампиған 
Кара немесе 
қара-қоңыр 
Әлсіз 
барқытты 
Жасымық 
Кішірек 
 (1-2 тұқым) 
Ромбы тәрізді, әлсіз 
дөңестенген 
Сабанды-сары 
Жалаңаш 
Ноғатық 
Кішірек 
(2-3 тұқымды) 
Енді, ұзьшша 
кері қайырылған 
екі қанатты 
Сабанды- 
сары, кейде 
қоңыр 
Сондай 
Ноқат 
Қысқа, негізінен 2 
тұқымды 
Сопақ қампиған 
жоғары жағында 
үшкірленген 
Сабанды-сары  Жиі түктелген 
Кәдімгі 
бадана 
Ұзын, жіңішке, көп 
тұқымды 
Цилиндр, немесе 
қылыш тәрізді 
Сондай 
Жалаңаш 
Май 
бұршақ 
Кішірек 3-4 тұқымды 
Әлсіз иілген, 
тұқым ұялары 
дөңестеліп біткен 
Қоңыр дерлік 
қара 
Жиі 
түктелген 
Ақ, бөрі 
бұршақ 
Ірі, көп тұқымды (4-8 
тұқым) 
Түзу 
Сары-қоңыр 
Сондай 
 
Өсіп-даму  кезеңдері  дәнді  бұршақ  дақылдарында  төмендегідей: 
өнуі, 
егін 
көгі, 
сабақтың 
бұтақтануы, 
бүрленуі, 
гүлденуі, 
бұршаққаптардың түзілуі, пісуі және толық пісуі (66-кесте). 
 
66-кесте – Дәнді бұршақ дақылдарының өсу-даму кезеңдері 
Өсу-даму кезеңдері 
Кезеңнің сипаттамасы 
Өнімділік 
элементтерінің 
қалыптасуы 



Тұқымның өнуі 
Тамырша нүктесінің тұқым 
жарнақтарының қоректік 
заттары есебінен өсуі 
Егістік жиілігі, 
танаптық өнгіштік 
Егін көгі  
Топырақ бетінде алғашқы 
жапырақтар пайда болады 
(үштік және саусақ-салалы 
жапырақты дақылдарының 
тұқым жарнақтары) 
Жапырақтар саны және 
буынаралықтары 
Сабақтың бұтақтануы 
Сабақтың ұзындығына 
пәрменді өсуі және оның 
бұтақтануы 
Гүлдер мен гүл 
шоғырларының саны 

 
143 
 
66-кестенің жалғасы  



Бүрленуі және гүлденуі 
Төменгі бұтақтарда 
орналасқан үш-бес гүл 
шоғырының, пайда 
болуымен бүрлену кезеңі 
белгіленеді. Гүлдің түсі 
анық көрінгендегі 
бүрлердің ашылуымен 
гүлденуі белгіленеді. 
Бүрлер мен гүлдер саны 
Бұршаққаптардың түзілуі 
Жемістің түзілу басынан 
соңына дейін. Кезеңнің 
соңында бұршаққаптар 
оңтайлы мөлшерге 
жетеді. 
Бұршаққаптардың саны 
Пісуі:  
          - пісудің басы 
Жемістерді тұқымның 
үлкеюі тоқтайды, ал 
тұқымның аяқ жібі мен 
ұрығы (рубчик) және 
тұқым қабығы сортқа тән 
түске енеді (дәнді бұршақ 
дақылдарын осы кезеңде 
бөлектеп жинауға 
болады) 
1000  тұқымның 
массасы 
           -толық пісу 
Көпшілік бұршаққаптар 
мен тұқымдардың толық 
пісуі; жапырақтар қурап 
түсе бастайды; 
бұршаққаптар 
бұратылады да ашылады 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет