Тұқымның тазалығын анықтағанда студенттерге
13
төмендегідей жұмыс тәртібі ұсынылады:
- талданатын дақылдар үшін шөкім мөлшері белгіленеді;
- ірі қоспаларды бөліп алып, қапшықтардағы орташа үлгі массасы
арқылы оның % мөлшері анықталады;
-
орташа үлгіден талдау үшін екі тұқым шөкімі бөлінеді:
- тиісті елеуішті таңдап алып, шөкімдерді елеу арқылы ұсақ қоспалар
ажыратылады;
негізгі дақыл мен ірі қоспаларды бір-бірінен бөліп, ұсақ және ірі
қоспалардың жиынтығын 0,01 г дәлдікпен өлшейді;
- қоспалардан басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөп тұқымдарын
сұрыптап алып, жеке-жеке санайды, ботаникалық құрамы анықталады
және нәтижелері жоғарыда келтірілген кескіндегі жұмыс бланкісіне
жазылады;
- елеуіште қалған орташа үлгіден басқа өсімдіктердің тұқымдары
ажыратылады;
- 1 кг таза тұқымға барлық қоспалардың, оның ішінде
арамшөптердің, саны есептеледі;
- әрбір шөкім үшін жеке-жеке негізгі дақыл мен қоспалардың пайыз
мөлшері есептеледі, ауытқу шегі тексеріледі, негізгі дақыл мен
мөлшерленетін қоспалардың орташа арифметикалық көрсеткіштері
анықталады.
ТҰҚЫМНЫҢ ӨНУ ЭНЕРГИЯСЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ
ӨНГІШТІГІН АНЫҚТАУ (МҮҚ 12038-84)
Зертханалық өнгіштік – талдауға алынған үлгіден қалыпты өсіп
шыққан тұқымның пайыз мөлшері. Өнгіштік – үлкен өндірістік мәні бар
тұқымдық материалдың барынша маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осы
көрсеткіш бойынша тұқымның себуге жарамдылығы және себу мөлшері
анықталады. Өнгіштігі жоғары тұқымдар өсіру технологиясын дұрыс
қолданғанда жаппай, біркелкі, әрі қуатты егін көгін береді. Стандарт
талаптарына өнгіштігі сай келмейтін тұқымдар себуге рұқсат етілмейді.
Өну энергиясы – белгілі бір уақыт аралығында қалыпты өсіп
шыққан тұқым пайызы, екінші сөзбен айтқаңда, бұл тұқымның жаппай
өнуінің көрсеткіші болып табылады. Өну энергиясы жоғары тұқымдар
сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді: мұндай
тұқымдардың өскіні тезірек өседі, дамиды және аурулармен аз
залалданады.
Өну
энергиясы,
мемлекеттік
үлгіқалыптармен
мөлшерленбейді, алайда әлсін-әлсін ғылыми баспаларда бұл көрсеткішті
стандарттау мәселесі көтерілуде. Зертханалық өнгіштік пен өну
энергиясының арасында тікелей байланыс бар. Ақмола АШИ-ның өсімдік
шаруашылығы кафедрасының (А.А.Цепенко, Қ.К.Әрінов, Н.А.Шестакова
т.б.) және басқа ғылыми мекемелердің көптеген зерттеулері
көрсеткендей жаздық бидай тұқымының жоғары зертханалық өнгішітігі
сол сияқты өну энергиясымен сипатталады.
14
Далалық жағдайда зертханалық өнгіштік пен өну энергиясын анықтау
мүмкін емес. Сондықтан бұл көрсеткіштерді негізгі екпе дақылдар үшін
қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық тәсілдер
зерттеп жасалынды және тұқымды көктету жұмыстары МҮҚ-12038-84
талаптарына сәйкес қолайлы жағдайда жүргізіледі (4-кесте).
Өнгіштікті анықтау үшін тұқым тазалығын анықтағанда бөлініп
алынған негізгі дақыл тұқымдары пайдаланылады. Қолмен немесе
есептегіш-жайып салғыштың көмегімен сұрыптамай 100 данадан 4
тұқым үлгісі санап алынады (жүгері, атбас бұршақ т.б. ірі тұқымды
дақылдар үшін 50 дана).
Тұқымды көктетуге төсеніш ретінде құмды немесе сүзгіш қағазды
қолданады. Құмды алдын ала жуады, қыздырады, соңынан саңылау
диаметрі 1 мм елеуіште елейді. Сүзгіш қағаз да таза, улы заттармен
боялмаған болуға тиіс. Оны дөңгелек (Петри шәшкесінде), конверт
(шыныда) түрінде, тұрақты су берілетін ваннада өсіргенде таспа
пішінінде және рулонда пайдаланады.
4-кесте – Тұқымды көктетудің шарттары
Дақыл
Көктету шарттары
Анықтау уақыты,
тәулік
төсеніш
температура,
о
С
жарықта-
лынуы
өну
энергия-
сының
өнгіштік-
тің
1
2
3
4
5
6
Жұмсақ бидай
ҚҮ,СҚА,
РСҚ, СҚА*
20
Қ
3
7
Қатты бидай
ҚҮ, СҚА,
РСҚ, СҚА
20
Қ
4
8
Егістік қара бидай
ҚҮ,СҚА,
РСҚ, СҚА
20
Қ
3
7
Арпа
КД,ҚҮ,
РСҚ, СҚА
20
Қ
3
7
Сұлы
ҚА,ҚҮ,
РСҚ, СҚА
20
Қ
4
7
Қара құмық
РСҚ, СҚА
25,20-30
Қ
4
7
Күріш
ҚҮ,СҚА
20-30
Қ
4
7
Тары
РСҚ, СҚА
20-30
Қ
4
7
Жүгері
ҚҮ, РСҚ
25, 20-30
Қ
4
7
Сорго (шай жүгері)
РСҚ, ҚҮ,
СҚА
25, 20-30
Қ
4
8
Асбұршақ
ҚҮ,ҚА
20
Қ
4
8
Ноқат
ҚҮ,ҚА
20
Қ
3
7
Егістік ноғатық
ҚҮ,ҚА
20
Қ
3
7
Сиыржоңышқа
ҚҮ
20
Қ
3
7
Майбұршақ
ҚҮ, РСҚ
25, 20-30
Қ
3
7
Атбас бұршақ
ҚҮ
20
Қ
4
10
Қызылша
ҚҮ, ҚСҚ
20-30
Қ
5
10
Тарна, шалқан
ҚҮ
20-30
Қ
3
7
15
4-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
Картоп
СҚ
20
Қ,Ж
5
14
Сәбіз
СҚ
20-30
Қ,Ж
5
10
Күнбағыс
РСҚ, ҚҮ
20, 20-30
Қ
3
5
Қыша
СҚ
20, 20-30
Қ
3
6
Зығыр
СҚ
20
Қ
3
7
Түйежоңышқа
СҚ
20
Қ
3
10
Егістік жоңышқа
СҚ, СҚА
20
Қ
4
7
Қылтықсыз арпабас
СҚ
20-30
Ж.Қ
4
10
Эспарцет
ҚҮ,ҚА
20-30
Қ
5
10
Еркекшөп
ҚҮ
20-30
Қ
4
10
Итқонақ
ҚҮ
20-30
Қ
3
8
Судан шөбі
ҚҮ,ҚА
20-30
Қ
3
8
Қонақ тары (чумиза)
ҚҮ,КД
20-30
Ж.Қ
4
10
Рапс
СҚ
20-30
Қ
3
7
Ш а р т т ы б е л г і л е р і : СҚ-сүзгіш қағазда; СҚА-сүзгіш қағаз қабатының аралығында;
РСҚ-сүзгіш қағаз қабытының аралығына сумен қамтамасыз еткенде; СҚР-сүзгіш қағаз рулоны; ҚСҚ-
көңірдектенген сүзгіш қағаз; ҚҰ-құм үстінде; ҚА-құм арасында; Ж-жарықта; Қ-қараңғыда
Көктетудің төмендегідей әдістері қолданылады:
І. Қағазбен іске асырылатын әдістер:
1. Тұқым қағаздың бір немесе бірнеше қабатында көктетіледі (ҚҚ).
Бұл жағдайда қағаз Якобсонның көктету құрылымына, мөлдір
шәшкелерге немесе Петри шәшкелеріне (қажетті мөлшердегі суды
бастапқы кезеңде құяды, ал булануды болдырмау мақсатында тығыз
жабылатын қақпақтармен немесе пластмассалы пакеттер жиынтығына)
немесе тұрақты бекіткіштермен көктету шкафтарында орналастырады
(6-сурет). Шкафтағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қанығу
шегіне баяу болуға тиіс.
6-сурет – Якобсон бойынша тұқымды көктету құрылымы
2. Тұқымды екі қабат қағаз арасында көктетеді (ҚА). Ал бұған қол
жеткізу үшін қағаздың екінші қабатымен тұқым жабылады, немесе сүзгі
16
қағаздан құрылған пакеттерге тұқым орналастырылады немесе тұқым
сүзгі қағаздан жасалған роликке орналастырылады (7-сурет).
1 2
7-сурет – Тұқымды сүзгі қағазды жасалған роликте көктету (1) және
өнгіштікті бағалауға арналған ашық ролик (2)
Тұқымды көктету алдында құм мен сүзгіш қағазды артық су
жібермей, ылғалдандырады. Артық судың қағаздан ағып кетуіне
мүмкіндік беріледі. Құмды көптеген екпе дақылдар үшін 60%-ке, ал
бұршақ тұқымдас дақылдарға толық ылғалсыйымдылықтың 80%
шамасында дымқылдандырады. Құмды тиісті мөлшерге дейін
дымқылдандыру үшін қанша су қажет екендігін анықтау үшін әуелі
оның толық ылғалсыйымдылығын анықтайды. Осы мақсатпен үлгіқалып
талаптарына сәйкес диаметрі 8 см, биіктігі 30 см сеткалы түбі бар
металдан жасалған цилиндр пайдаланылады.
3. Тұқымды гормонь пішінді жинамалы қағазда (ЖҚ) көктетеді (8-
сурет. Тұқым қағаздың 50 бүгілісінің әрқайсысына екі данадан жаяды
8-сурет – Тұқымды гармонь пішінді жинамалы қағазда көктету
да (себеді де) көктету шәшкелеріне, растильняларға немесе шкафтарына
орналастырады.
ІІ. Тұқым құмда және жәй сүзгі қағазда да көктетіледі, әрі артық су
мөлшеріне жол бермей оларды ылғалдандырады. Қағаздан артық судың
ағып кетуіне мүмкіндік беріледі. Көпшілік танаптық дақылдар үшін құм
төменгі ылғал сыйымдылық (ТЫС) 60%-на, ал бұршақ тұқымдас
17
дақылдарда 80 %-ға дейін ылғалдандырылады. (9-сурет).
9-сурет – Тұқымды құм бетінде көктету
Құмды толық дымқылдандырғаннан кейін суы бар түтіктен
цилиндрді шығарады да, артық судың ағып кетуіне мүмкіндік береді,
сүзгіш қағазбен түбі мен бүйіріндегі суды аластатады және дымқыл
құммен бірге өлшейді.
Екінші рет өлшегендегі цилиндрдің дымқыл құм мен құрғақ құм
арасындағы айырмашылық алынған құмды толық дымқылдандыруға
қажетті судың массасына тең болады.
Тұқым құмда көктетілгенде, оны растилняға – өсіргішке (фаянсты,
пластмассалы) 2/3 биіктігіне дейінгі деңгейде орналастырады, құмды
тегістейді, бір-бірінен қашықтығы 0,5-1,5 мм болатындай етіп бір
үлгінің
тұқымдары
қатарланып
себіледі,
тұқымды
сеуіп
орналастырғаннан кейін оны тегіс нәрсемен (тақтайшамен) құмның
бетімен бірдей етіп тығыздайды.
Егер тұқым сүзгіш қағазда өсірілсе, онда растилняның түбіне
салынған дымқыл сүзгіш қағазға тұқым жоғарыда айтылған тәсілмен
орналастырылады.
Растилнялардың жоғарғы беті шыны пластинкалармен жабылуға тиіс.
Ал егер растилнялардың қабырғалары бір-бірімен қиюласып бірінің
үстіне бірі орналастырылса, онда ең жоғарғы растилня ғана шыны
пластинкамен жабылады. Әрбір тұқым үлгісі, төсенішке себілгеннен
кейін оған үлгі мен жүздіктің нөмірлері, өну энергиясы мен өнгіштікті
есептейтін күндер көрсетілген этикетка салынады. Тұқым көктетілген
кезеңде термостаттың температурасына бақылау жасап отырған жөн,
сонымен қатар термостаттың есігін үздік-үздік ашып тұқымға таза
ауаның келуін қамтамасыз ету қажет.
Өнгіштікті анықтағанда өнген тұқымды есептеу әрбір дақылға
белгіленген техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі. Өнген тұқымды екі
мерзімде есептейді: алғашқысында өну энергиясын, ал екіншісінде –
өнгіштікті анықтайды. Оның үстіне, өнгіштікке салынған күн және өну
энергиясын, немесе өнгіштікті есептеген күн бір тәулік деп саналады.
Тұқым өнгіштігін есептегенде қалыпты өскен, бөрткен, қатты,
шіріген және қалыпсыз өскен тұқымдар ажыратылады. Алайда, ескере
18
кеткен жөн, көптеген екпе дақылдар үшін өнгіштіктің, проценті тек қана
қалыпты өскен тұқымдар көрсеткішімен анықталады.
Қалыпты өнген тұқымдарға өскіндері мен тамыршалары сау, әрі
зақымданбаған тұқымдар жатады: тұқымы бірнеше ұрықтық
тамыршалармен енетін дақылдардың (дәнді дақылдардың І-ші тобы)
қалыпты өскен тұқымдарында екі және одан да көп ұрықтық тамырлар
дамиды, әрі олардың ұзындығы тұқым ұзындығынан кем емес және
тұқым ұзындығының жартысынан кем емес өскіні болады; тұқымы
жалғыз тамыршамен өнетін дақылдардың (дәнді дақылдардың II тобы,
дәнді бұршақ дақылдары т.б.) қалыпты өскен тұқымдарында жақсы
жетілген, тұқым ұзындығынан қалыспайтын басты ұрықтық тамыр мен
өскін қалыптасады.
Бөрткен, қатты тұқымдар өнбеген тұқымдарға жатады. Көптеген
бұршақ
дақылдарында
(жоңышқа,
түйежоңышқа,
түйебұршақ,
бөрібұршақ т.б.) өнгіштікті есептеу кезеңінде тұқымдар бөртпей қалады,
мұндайларды қатты тұқымдарға жатқызады да, бөлек есептейді.
Шіріген, қалыпсыз өнген тұқымдарды (өскіндері немесе
тамыршалары кемтар, өскіні болса тамыршасы болмайды, немесе
керісінше ж.б.) өнбеген қатарына жатқызады.
Өну энергиясы мен өнгіштікті анықтағанда олардың нәтижелерін
жұмыс бланкісіне (қосымшаның 3-кестесі) жазады.
Жаңа жиналған тұқымның өнгіштігін анықтау үшін (әсіресе егін
жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу мерзімі ұзақ дақылдарда) оны төменгі
температурада, немесе МҮҚ 12038-84 талаптарына сәйкес күні бұрын
қыздырғаннан кейін көктетеді.
Тұқымның өнгіштік пайызын үлгіқалыппен қаралған ауытқуларды
ескере отырып төрт үлгінің орташа арифметикалық шамасымен
көрсетеді (5-кесте).
5-кесте – Өнгіштіктің орташа арифметикалық пайызы және шекті
(рұқсат етілген) ауытқулар
Өнгіштіктің орташа
арифметикалық
пайызы
Шекті
ауытқулар,
%
Өнгіштіктің орташа
арифметикалық
пайызы
Шекті
ауытқулар, %
99
2
88-91
6
97-98
3
83-87
7
95-96
4
75-82
8
92-94
5
-
-
Егер үлгілердің бірінің ауытқуы шекті көрсеткіштен асып кетсе
өну энергиясы мен өнгіштікті қалған үш үлгінің орташа арифметикалық
пайызымен көрсетеді. Ал егер екі үлгідегі ауытқулар шекті мөлшерден
асып кетсе, онда өну энергиясы мен өнгіштік тұқымды көктеуге
жаңадан салу жолымен анықталады.
Тұқымның зертханалық өнгіштігі мен өну энергиясын
анықтаудағы жұмыс тәртібі:
19
- төсеніш түрін анықтау және оны тұқым себуге дайындау;
- әрқайсысында 100 данадан (ірі тұқымды дақылдарда 50 дана) 4
тұқым үлгісі санап алынады;
- термостатты, растилняларды комната температурасындағы суды
т.б. дайындау;
- төсенішке тұқым үлгілерін орналастыру және үлгілер мен жүздік
тұқымдардың нөмірлері, сонымен бірге өну энергиясы мен өнгіштікті
анықтайтын күн көрсетілген этикетканы салу;
- растилняларды термостатқа орналастыру;
- термостаттың температурасын күнделікті бақылау жасау және
онда таза ауа алмасуын қамтамасыз ету;
- белгіленген мерзімде қалыпты өнген, шіріген, қатты және бөрткен
тұқымдарды санау;
- өну энергиясы мен өнгіштікті есептеу және сандық
деректерді жұмыс банкісіне (қосымшаның 3-кестесіне) жазу.
1000 ТҰҚЫМНЫҢ МАССАСЫН АНЫҚТАУ (МҮҚ 12042-80)
Іс санада (практикада) тұқымның сапасын оның граммен алынған
1000 данасының құрғақ ауа массасымен де сипаттайды. 1000 тұқымның
жоғары массасы әдетте тұқымның ірілігімен байланысты. Тұқымның
мөлшері бірдей болғанда бұл көрсеткіш оның ішкі құрылымының
тығыздығын сипаттайды және ондағы қорлық қоректік заттарды
анықтайды. Өндірісте 1000 тұқымның массасын салмақтық себу
мөлшерін есептеуге пайдаланады.
Көптеген екпе дақылдардың 1000 тұқымының массасын анықтау
үшін негізгі дақыл тұқымдарын мұқият араластырады, іріктемей 500 дана
тұқымнан екі үлгі санап алынады да (МҮҚ 12042-80) 0,01-ке дейінгі
дәлдікпен жеке-жеке өлшенеді. Егер бір шөкімнің тұқымдары үлгіні
сұрыптауға жетпесе, онда екінші шөкім пайдаланылады, қажет болған
жағдайда үшінші шөкім сұрылталады және одан негізгі дақыл тұқымдары
бөлініп алынады.
Өлшеу нәтижелері төмендегідей тәртіппен өңделеді: 500 тұқым
үлгілерінің өлшеу көрсеткіштерін бір-біріне қосып 1000 тұқымның
орташа массасын табады. Екі үлгінің өлшеу нәтижелерінің нақты
айырмашылығы есептеледі де 6-кесте бойынша рұқсат етілген
айырмашылықпен салыстырылады.
Екі үлгінің жиынтық массасын бүтін санға дейін дөңгелектейді де
сол жақтағы «ондықтар» бағанасынан осы санның ондықтарына сәйкес
келетін санды табады, ал жоғарғы «бірліктер» жолынан бірліктерге
сәйкес келетін санды анықтайды және бағана мен жолдың қиылысынан
іздеп отырған рұқсат етілген айырмашылық табылады. Егер екі үлгі
массаларының нақты айырмашылығы рұқсат етілген шамадан төмен
болса, 1000 тұқымның түпкілікті массасына екі үлгінің өлшеу
нәтижелерінің жиынтығы қабылданады және 1000 тұқымның массасы
20
6-кесте – Рұқсат етілген айырмашылықтар, г
Он-
дықтар
Бірліктер
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
0
-
0,02
0,03
0,04
0,06
0,08
0,09
0,10
0,12
0,14
1
0,15
0,16
0,18
0,20
0,21
0,22
0,24
0,26
0,27
0,28
2
0,30
0,32
0,33
0,34
0,36
0,38
0,39
0,40
0,42
0,44
3
0,45
0,46
0,48
0,50
0,51
0,52
0,54
0,56
0,57
0,58
4
0,60
0,62
0,63
0,64
0,66
0,68
0,69
0,70
0,72
0,74
5
0,75
0,76
0,78
0,79
0,81
0,82
0,84
0,85
0,87
0,88
6
0,90
0,92
0,93
0,94
0,96
0,98
0,99
1,00
1,02
1,04
7
1,05
1,06
1,08
1,10
1,11
1,12
1,14
1,16
1,17
1,18
8
1,20
1,22
1,23
1.24
1,26
1,28
1,29
1,30
1,32
1,34
9
1,35
1,37
1,38
1,40
1,41
1,42
1,44
1,45
1,47
1,48
10 г жоғары болғанда ол көрсеткіш 0,1 дәлдікке дейін дөңгелектенеді.
Мысалы, Целинная З С жұмсақ жаздық бидайының тұқымы талданып
отыр дейік. Бірінші үлгінің массасы 18,08 г, екіншінікі — 17,55 г. екі
үлгінің жиынтық массасы (қосындысы) 18,08г+17,55г = 35,63г ≈ 36 г. Екі
нәтиже арасындагы нақты айырмашылық 18,08г-17,55г=0,53г. Жиынтық
массаның мәні (36г) бойынша кестеден рұқсат етілген айырмашылық
табылады: "Ондықтар" бағанасынан 3 саны және "Бірліктер" жолынан 6
санының қиылысуында 0,54 г-ды көрсетеді. Нақты айырмашылық 0,53 г
рұқсат етілген 0,54 г-нан төмен. Сондықтан 1000 тұқымның түпкілікті
анықтау көрсеткшіне 35,63 ≈ 35,6 г қабылданады.
1000 тұқымның массасы 100 г және одан жоғары дақылдарда
(асбұршақ, жүгері, майкене т.б.) кесте бойынша рұқсат етілген
айырмашылық мына тәртіппен анықталады: ондықтар мен бірліктерге
сәйкес келетін сандар таңдалады да ол мәндерге 100, 200, 300 г т.б.
тұрақты шамалар қосылады. Айталық, Неосыпающийся 1 егістік
асбұршағының жиынтық массасы 224 г-ға тең. Рұқсат етілген
айырмашылықты әуелі 24 саны бойынша табады, ол 0,36-ке тең,
соңынан 200 санымен (2 санына 0,30 сәйкес келеді және оны 10 есе
көбейтеді) 0,30x10=3,0. Рұқсат етілген айырмашылық 0,36+3,0=3,36 г-ға
тең.
Егер екі үлгінің өлшеу нәтижелеріндегі айырмашылық рұқсат етілген
шамадан артық болса, онда үшінші үлгі сұрыпталады. Үшінші үлгінің
өлшеу нәтижесін алғашқы екеуімен салыстырылады және 1000 тұқымның
массасы айырмашылығы барынша төмен үлгілермен анықталады.
Жекелеген жағдайларда абсолют құрғақ тұқымның массасын
анықтайды. 1000 тұқымның абсолютгік массасы төмендегі анықтама
бойынша есептеледі:
А =
100
*
100
а
В
мұнда, А – 1000 тұқымның абсолюттік құрғақ массасы, г;
21
а – 1000 тұқымның құрғақ-ауа массасы (қысқаша – 1000 тұқымның
массасы), г;
В – тұқымның ылғалдылығы, %.
1000 тұқымның массасын анықтау тәртібі:
- негізгі дақылдан іріктемей 500 данадан екі тұқым үлгісі санап
алынады;
- екі үлгі де 0,01 дәлдікпен өлшенеді және нәтижелері бір-біріне
қосылып 1000 тұқымның орташа массасы анықталады, ал сандық
деректер 7-кестедегідей жұмыс бланкісіне жазылады;
- екі үлгі көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық олардың
орташа арифметикалық шамасымен салыстырылады және ауытқу рұқсат
етілген мөлшерден асып кетсе, онда үшінші үлгі сұрыпталады да
талдама қайталанады;
- қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген анықтама бойынша
1000 тұқымның абсолюттік құрғақ массасы анықталады.
7-кесте – 1000 тұқымның массасын анықтайтын жұмыс бланкісі
Үлгі
Үлгідегі тұқым саны,
дана
Үлгі массасы, г
1000 тұқымның
массасы, г
1
2
Орташа
ТҰҚЫМНЫҢ ТІРШІЛІККЕ ҚАБІЛЕТТІГІН АНЫҚТАУ
(МҮҚ 12039-82)
Жаңа жиналған тұқым және төменгі температурада сақталған тұқым
жиі түрде төменгі өнгіштікпен ерекшеленеді. Мұндай тұқымдар далалық
жағдайда сирек егін көгін береді. Бұл ұрықтың тіршіліксіз қалғанынан
емес, тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу, немесе оның
тыныштық күйіне байланысты.
Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі – тұқым материалындағы тірі
тұқым пайызы. Оны таза тұқым сапасын білу, немесе төмен өнгіштіктің
себептерін түсіндіру үшін анықтайды.
Тіршілікке қабілеттілігі 12037-82 МҮҚ бойынша бөлінген орташа
үлгіден сұрыпталған негізгі дақыл тұқымынан әрқайсысы 100 тұқымнан
санап алынған екі үлгімен анықталады. Тіршілікке қабілеттілікті
анықтаудың бірнеше тәсілдері бар: сілті ерітіндісінде тұқымның ісіну
жылдамдығы, люминесцетті және тұқымның тетразол, қышқыл фуксин
немесе индиго-карминмен боялу ерекшеліктері бойынша (12039-82
МҮҚ).
Достарыңызбен бөлісу: |