Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


Тема,  2000  (3);  Тургайский  5/87



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)

Тема,  2000  (3);  Тургайский  5/87,  1993  (1,2,3,10);  Целинный  160 
СВ, 1993 (1,3,7,8,10, 13); Цецилия, 2001 (3).  
 
ШАЙ ЖҮГЕРІ – СОРГО – SORGHUM 
 
ТАПСЫРМА 
 
1. 
Шай 
жүгерінің 
жүйеленуін 
оқып-үйрену. 
Өсімдік 
морфологаясындағы  ерекшеліктерді  оқып-үйрену.  Шай  жүгерінің 
маңызды      сорттары      мен      будандарына
 
шаруашылық-биологиялық 
сипаттама беру. 
2. Өсімдік
 
морфологаясындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену.  
3.  Шай      жүгерінің      маңызды      сорттары      мен      будандарына
 
шаруашылық-биологиялық сипаттама беру. 
    4. Шай жүгеріні астыққа және сүрлемге операциялық технологиясын 
жасау. 
Түр тармақтарын анықтау. Шай жүгері (Sorghum) туыстығы 30-
дан  астам  біржылдық  және  көпжылдық  түрлерді  біріктіреді.  Шай 
жүгерінің  типтері    мен    формалары    географиялық    таралуы    мен  
пайдалануына қарай гвинеялық, кафр, негритяндық, қытайлық, қанттық, 
сыпыртқылық, шөптік т.б. қарапайым түрлерге бөлінеді. 
Республикамызда іс саналық маңызы бары қанттық, астық немесе 
нандық,  шөптік  және  сыпыртқылық  шай  жүгері  түрлері  өсіріледі.  84-
кестеде кейбір шай жүгері түрлеріне қысқаша мәліметтер берілген. 
Морфологиялық  ерекшеліктері.  Тамыр  жүйесі  шашақты  және 
дербес  типтерге  бөлінген:  ұрықтық,  мезокотильдік  (бүйір),  түпте 
түптену  өркендерінің  тамырлары  және  ауа  тамырлары.  Қуатты  тамыр 
жүйесі  2,0-2,5  м  топырақ  тереңдігіне  бойлай  өседі  және  1,0-1,2  м  жан-
жағына  тарайды.    Барынша    қарқынды  өсуі    шашақтанудың  басында 
болады, негізгі массасы 1 м дейінгі топырақ қабатында орналасқан. 
Шай  жүгерінің  сабағы  тік  өседі,  тегіс  бетті,  биіктігі  2-3  м,  қуыс 
паренхимамен  толтырылған,  онда  әртүрлі  дәрежеде  қант  шырыны 
шырынның құрамына кристалданатын қанттан басқа фруктоза кіреді, ал 
ол кристалды қант алуды қиындатады. Қанттың негізгі массасы орта және 

 
208 
 
84- кесте – Негізгі шай жүгері түрлерінің анықтамалығы 
 
Түрдің атауы 
Пайдалану 
бағыты 
Сіпсебастың 
орналасуы 
Сіпсебастың 
пішіні 
Сіпсебастың 
тығыздығы 
Төменгі қабықтың 
(қауыздың) 
құрылысы 
Дәннің орналасуы 
Қанттық 
немесе мал 
азықтық 
Мал азықтық 
және қанттық 
Тік орналасқан 
Эллипс тәрізді 
Айтарлықтай 
борпылдақ 
Қалың, жылтыр, 
жүйкесіз 
Масақша 
қабығынан 
шығыңқы емес 
Астық немесе 
нандық 
Астық сондай  
Сондай  
Кең эллипс 
тәрізді  
Өте тығыз  
Негізгінің 2/3 
бөлігі қалың, 
көлденең әжімі 
жоқ, әрі 
жаншылған  
2/3 бөлігі шығыңқы  
Кәдімгі 
қосгүлді  
Сондай  
Сондай  
Элиппс тәрізді   Салыстырмалы 
бопылдақ  
Қалың әжімсіз 
және 
жаншылмаған 
Масақша 
қабықшаларынан 
шығыңқы 
Иілген джугара  
Сондай  
Иілген, 
бүгілген  
Кең эллипс 
тәрізді 
Өте тығыз  
Негізінде қалың-
жарғақты, 
көлденең әжімді, 
жоғарғы 
2/3 бөлігі шығыңқы 
Сыпыртқылық  
Сыпыртқы 
сыпырғышы 
Тік орналасқан, 
бас ібілігі жоқ 
Қалқан тәрізді 
қысыңқы 
Салыстырмалы 
борпылдақ 
Қалың, жылтыр, 
жүйкесіз 
Масақша 
қабығынан 
шығыңқы емес 
Судан шөбі  
Мал азықтық  
Тік орналасқан  
Шашыраңқы 
қомақтылықтан 
қысыңқы 
тармақтанғанға 
дейін  
Борпылдақ  
Төменгі және 
жоғарғы қабықтар 
қалың, екі гүл 
қауыздары да 
қабықты. Төменгі 
қауызға ұзындығы 
5-18 мм шоқгүл 
бекіген, оның 
төменгі бөлігі 
бұралып иілген 
Қабықты, масақша 
қабықшаларымен 
көмкерілген, дәннің 
жоғарғы ұшы – 
шығыңқы 
болмайды, 
будандары-
шығыңқы, пішіні-
ұзынша-сопақ 
немесе ұзынша 
келген 

 
209 
 
төменгі  буынаралықтарда    болады  және  барынша  жоғарғы  мөлшеріне 
дәннің балауызданып пісу кезеңінде жетеді. 
Сыпыртқы  және  көптеген  астық  бағытындағы  сорттарының  өзегі 
құрғақ  губкамен  толтырылган.  Сабақ  өзегінің  шырынды  немесе  құрғақ 
екендігін    көрсететін    морфологиялық    белгі – жапырақтың орталық 
жүйкесінің  түсі,  ал  оның  анантомиялық  құрылысы  сабақтың  сондай 
құрылысына   ұқсас. Оның  ақ  түсі  сабақ  өзегінің  губкалы екендігінің 
белгісі  –  ауамен  толтырылған  (құрғақ),  ал  жасыл  сұр  түс  –  шырынды, 
шырынмен толтырылған. 
Сабақ  цилиндр  пішінді  5-25  буын  (буын)  аралықтарынан  ерте 
пісетін  сорттарында  11-25-тен,  кеш  пісетіндерінде  16-25.  Тамыр 
маңындағы буын аралықтарының ұзындығы 0,3-2-3 см, жоғарғылары  5-
тен  40  см дейін жетеді. Түптену буынынан дамитын 4-5 сабақ түзіледі, 
мал азығына өсіргенде бұл оң әсер етеді. 
Жапырағы жапырақ қынабы мен тақтасынан тұрады және ені 5-см, 
ұзындығы  40-80  см  дейін  болуы  мүмкін.  Пісу  мерзіміне 
жапырақтарының  саны  5-9-дан  16-25  және  одан  да  көп  болады.  Мал 
азықтық мақсатқа жақсы жапырақтанған сорттары барынша бағалы.  
Гүл  шоғыры-әртүрлі  пішіндегі  және  түстегі  ұзындығы  15-60 
сіпсебас  (шашақ).  Сабақпен  салыстырғанда  сіпсебастың  орналасуы,  
сорттарына қарай тік, иілген және бұралған болуы мүмкін. Масақшалар 
бұтақшалар  ұшында  негізінен  екіден  жұптасып,  орналасқан,  біреуі  – 
қосжынысты,  жемісті,  сағақсыз,  ал  екіншісі  –  қысқа  сағақты, 
біржынысты, жеміссіз, аталықты айқас тозаңдануы басым. 
Дәні  –  қабықты  немесе  жалаңаш,  қабықты  сорттарында  масақша 
және  гүл  қауыздарымен  тығыз  көмкерілген,  ал  жалаңаш  дәнділер 
қауыздар  тығыз  емес,   жеңіл  опырылады.   Дәннің  пішіні  домалақ, 
ұзынша – жұмыртқа, алмұрт пішінді, ақ, сары, қызыл, қоңыр түсті, 1000 
санының  массасы  30-45  г  (ірі),  20-30  г  (орташа)  және  20  г-нен  төмен 
(ұсақ).  Шай  жүгерінің  жекелеген  морфологиялық  белгілері  67,68- 
суреттерде кескінделген.  
Өсімдіктің, тіршілік циклі мынадай фенокезеңдерден құралған: өнуі, 
көктеуі, түптенуі, түтікке шығу, сабақтану, шашақтану, гүлдену, сүттене 
пісу, балауыздана пісу, толық пісу биіктігі 20-25 см жетеді, бұл кезенде 
тамыр  жүйесі  пәменді  (қарқынды)  дамиды.  5  жапырақ  пайда  болғаннан 
кейін,  шамамен  20  тәуліктен  соң,  түптену  басталады  және  ол  15-20 
тәулікке  созылады.  Сорттың  пісу  мерзіміне  қарай  көктеуден  40-60 
тәуліктен соң өсімдік түтікке шығады, бұл кезеңде барынша қарқынды өсе 
отырып  тәулігіне  5-6  см  ұзындық  қосылады,  түтікке  шығудан  15-20 
тәуліктен шашақтану басталады. 
Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары: 
Кинельское  3.  Кинель  селекциялық  стансасысында  шығарылған, 
эффузум  (шашақты)  тобына  жатады.  Өсімдік  биік  өседі,  2,0-2,2  м, 
орташа  түптенеді  (2-5  сабақ).  Сабақ  өзегі  шырынды,  қанттың  мөлшері 
16%  дейін,  негізгі  сабақта  7-10  жер  бетіңдегі  буыны  болады.  Дәндері  ірі,

 
210 
 
 
67-сурет  –  Шай  жүгері:  1,2-астық  (нандық)  шай  жүгері  егін  көгі  мен  гүлдену 
кезеңдерінде;  3-масақшалар  (жеміссіз-а  және  жемісті-б);  4-дән;  5,6-егін  көгі  мен 
гүлдену кезеңдеріндегі судан шөбі; 7-судан шөбінің масақшасы мен дәні 
 
ұзынша  –  сопақ  пішінді,  сарғыш  түсті.  Сорт  ерте  піседі,  өсіп-жетілу 
кезеңі 100 күнге дейін, 1978 (6,11). 
 
 
 
68-сурет – Шай жүгері. Піскен сіпсебас (а), масақша (б) және дән-сол жақта 
үлкейтілген; 
 1-сыпыртқы шай жүгері; 2-қанттық; 3,4-астық шай жүгерісі 

 
211 
 
Ранний  янтарь  161.  Синельников  селекциялық  стансасысында 
шығарылған,  эффузум  тобына  жатады.  Биік  өсетін  өсімдік  (1,8-2,3  м) 
орташа  түптенеді  (3-4  сабақ).  Сабақ  өзегі  шырынды,  13-15%  қант  б 
олады. 
Сіпсебастың  ұзындығы  15-25  см,  тік  өседі,  борпылдақ  қысыңқы. 
Масақша  қабықшалары  дәннен  ұзындау,  жылтыр  қара,  Қалың,  дәнге 
қабысып  өскен.  Дәні  қабықты,  кейде  шеттері  әлсіз  ашық,  ашық-қоңыр 
түсті, ұзынша – эллипс пішінді. 1000 дәннің массасы 20-25 г. (қабықсыз), 
қабықтылығы 15-20%. Орташа мерзімде піседі, алайда аудандастырылған 
аймақта піспейді, 1962 (2,7). 
Астық  шай  жүгерісінің  пайдалануға  жіберілген  сорттары: 
Камышинское 75, 1989 (7); Молдавский 40, 1988 (3); Ставропольское 
63, 1992 (5). 
Сүрлемге  өсіруге  пайдалануға  рұқсат  етілтен  сорттары: 
Казахстанское 16, 1998 (12); КИЗ 94, 2000 (3); Красноводопадское 246
1964 (14); Силосный 72, 1982 (8); Цунами 85, 1993 (9,14); 
Сыпыртқы шай жүгерісінің сорттары:  Веничное раннее, 1987 (12); 
Донское 35, 1985 (2,3,5,7); 
Судан  шөбі  –  шай  жүгері  буданы:  Алма-Атинский  81,  1992 
(3,5,9,12,14). 
 
КҮНБАҒЫС – ПОДСОЛНЕЧНИК – HELIANTHUS 
 
                                      Т А П С Ы Р М А  
      1. Өсімдік құрылысының ерекшеліктерін оқып-үйрену. 
2. Сүрлемдік 
күнбағыстың 
аудандастырылған 
сорттарына 
шаруашылық-биологиялық сипаттама беру. 
3. Күнбағысты  сүрлемге  өсірудің      операциялық      технологиясын 
жасау. 
Күнбағысты сүрлемге   өсіру,   жүгерімен   қатар,   метеорологиялық 
жағдайлары  әртүрлі  жылдары,  әсіресе  жылу  тапшы  жылдары,  сүрлем 
жасыл балаусаның тұрақты өнімін алуға мүмкіндік береді.  
Дақылдың  морфологиялық  ерекшеліктері  мен  жүйеленуі  «Майлы 
дақылдар»  тарауында  қарастырылған.  Сүрлемге  төмендегідей  сорттарын 
пайдалануға  рұқсат  етілген:  Армавирский  3497  улучшенный.  Армавир   
тәжірибе  стансасысында  шығарылған,  1968  (9).  ВНИИМК  8931 
улучшенный. Сорт  орташа  мерзімде  піседі,  1969  (1,2,7,13).  ВНИИМК 
6540  улучшенный.    Орташа  мерзімде    піседі,  1978  12).  Передавик 
улучшенный.  Орташа  мерзімде  пісетін  сорт,  1972  (1,8,13).  Восход,  1987 
(5); Маяк, 1974 (6). 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Негізгі сүрлемдік дақылдар латынша және орысша қалай аталады? 
  2.  Өсіп-даму      кезеңдеріне      байланысты      жүгерінің      мал      азықтық 

 
212 
 
құндылығының сипаттамасы. 
3. Тамыр жүйесі, сабақ пен жапырақтарының қалыптасу ерекшеліктері 
қандай ? 
4. ФАО әдістемесі  бойынша   будандарды   пісу  топтарына жүйелеудің   
мәні  (белсенді  температура  жиынтығына  талаптары,  жапырақтар  саны, 
өсіп-жетілу  кезеңінің  ұзақтығы,  астық  технологиясымен  өсіруге 
жарамдылығы). 
5. Жүгерінің түр тармақтары, оларды анықтаудың әдістемесі. 
6. Жүгері өсімдігінің даму кезеңдері. 
7. Жүгерінің      жылуға       талаптары       және       Қазақстанның       негізгі 
топырақ-климат      аймақтарында      осы     фактормен      қамтамасыз  етілуі 
қандай? 
8. Жүгерінің  ылғалға  талаптары  және  әртүрлі  ылғалдану  негізгі   
топырақ-климат      аймақтарында      осы      фактормен      қамтамасыз  етілуі 
қандай ? 
9. Жүгерінің  топырақтарға  талаптары  және  Қазақстанның  әртүрлі 
топырақ-климат  аймақтарында  жүгеріге  танаптарды  ерекшеліктері 
қаңдай ? 
10. Сүрлем  сапасы  мен  ондағы  ақсыл  мөлшерін  арттыру  шаралары 
қандай ? 
     11.Негізгі табиғи  аймақтарда  қарқынды технология  элемементтерін 
пайдаланып  жүгеріні  астыққа  және  сүрлемге  өсіру  агротехникасының 
ерекшеліктері қандай ? 
12.Суармалы      жүгерінің     өсіру      агротехникасының     ерекшеліктері 
қандай? 
13.Солтүстік  Қазақстанда  жүгеріні  сүрлемге  астық  технологиясы 
бойынша өсірудің ерекшеліктері қандай ? 
14. Жүгері егістігін күтіп-баптау шаралары. 
15.Тұқымды себуге дайындау технологиясы қандай? Қайда және қалай 
бұл жұмыс іске асырылады ? 
16.  Жүгеріні  сүрлемге  жинау  технологиясы  мен  мерзімі,  оның  ішінде 
астық технологиясы бойынша өсірілгенде. 
17. Жоғары сапалы сүрлем дайындау мен алу технологиясының негізгі 
элементтері. 
18.  Шай  жүгері  астық,  жасыл  балауса  мен  сүрлемінің  мал  азықтық 
құндылығы қандай ? 
19. Шай жүгерінің морфологиялық ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабақ, 
жапырақтары) және өнімді қалыптастыру ерекшеліктері. 
20. Негізгі топырақ-климат аймақтарыңда сүрлемге және астыққа өсіру 
мүмкіндіктерін ескеріп шай жүгері сорттары мен будандарын сипаттау. 
21.  Шай  жүгері  мен  жүгерінің  сыртқы  орта  факторларына  (жылу, 
ылғал, топырақтарға) қоятын талаптарына салыстырмалы баға беру және 
негізгі  топырақ-климат  аймақтарында  осы  факторлармен  қамтамасыз 
етілуі. 
22.  Нақты  топырақ-климат  жағдайларына  сәйкес  Қазақстанда  шай 

 
213 
 
жүгеріні 
сүрлемге 
және 
астыққа 
өсіру 
агротехникасының 
ерекшеліктері. 
23. Күнбағыстың  жасыл  балаусасы  мен  сүрлемін  азықтық  құндылығы 
бойынша жүгері мен шай жүгерімен салыстырып сипаттау. 
24. Қазақстанның  әртүрлі  аудандарында  жүгеріні  толықтырушы  мал 
азықтық дақыл ретіндегі күнбағыстың маңызы. 
25. Күнбағыстың өсу ерекшеліктері. 
26. Сүрлемге аудандастырылған күнбағыс сорттары. 
27. Күнбағыстың 
сыртқы  орта  факторларына  (жылу,  ылғал, 
топырақтарға)  қоятын  талаптары.  Аталған  көрсеткіштер  бойынша 
күнбағыстың жүгеріге қарағанда артықшылықтары. 
28. Күнбағыс сүрлемінің сапасын арттыратын шаралар. 
29. Күнбағысты тығыз егістікте өсірудің технологиясы. 
30. Қарқынды  технологияның  барлық  элементтерін  қарастыратын 
күнбағысты сүрлемге өсірудің агротехникасындағы ерекшеліктері. 
 
Тарау бойынша әдебиеттер 
 
1  Богданов Г.А., Привалов О.В. Сенаж и силос. -М.: Колос, 1983.  
2  Зафрен С.Я. Технология приготовления кормов. -М.: Колос, 1977.  
3  Искаков Я.И. Сорго. -М., Россельхозиздат, 1983.  
4  Интенсификация   кормопроизводства и  пути решения проблемы белка 
в Севрном Казахстане. Тр.ЦСХИ, 1989. 
5  Кукуруза на корм. Производство и использование. /Пер.с англ./ -М., 1983. 
6    Можаев  Н.И.    и   др.   Специализированные   кормовые   севообороты   и 
размещение  в  них  кормовых  культур  при  орошении  и  без  орошения. 
Тр.ЦСХИ, 1990. 
7  Можаев    Н.И.        Опыт  интенсификации  кормопроизводства  на 
орошаемых землях/Тр./ЦСХИ, т. 72, 1986. 
8  Можаев  Н.И.  Площадь  листовой  поверхности  и  урожай 
кукурузы//К 1966, № 8. 
9  Можаев Н.И., Донова Л.В. Площадь питания и урожай кукурузы//К 
1969, №2. 
10 Можаев  Н.И.,  Заботина  Е.И.  Полевая  всхожесть,  сроки  посева  и 
холодный 
метод 
определения 
всхожести 
семян 
кукурузы//Тр./Красноярский НИИСХ. –Т. Красноярск, 1964. 
11 Можаев  Н.И.  Культура  огромных  возможностей.  Кукуруза  – 
могучая культура. Красноярск, 1962. 
12 Можаев  Н.И.,  Искаков  М.А.  Урожайность  кукурузы,  сорго  и 
подсолнечника
 
на силос при разном загущении и уровне минерального 
питания//Тр./ЦСХИ. Т. -Целиноград, 1981. 
13 Можаев Н.И. Полевое кормопроизводство Северного Казахстана.  
       -Алма-Ата: Кайнар, 1975. 
14 Можаев  Н.И.,  Шейкин  В.С.  Использование  сорго  в  качестве 
силосной культуры//Вестник с.-х. науки Казахстана, 1981, № 6. 

 
214 
 
15 Можаев    Н.И.,    Шейкин    В.С.    Приемы    повышения    урожайности  
сорго// Кормопроизводство. 1982, №9. 
16 Можаев  Н.И.,  Шейкин  В.С.  Нормы  и  способы  посева  и  площади 
питания сорго при орошении//Тр./ЦСХИ, том 49, 1982. 
17 Можаев  Н.И.,  Альберти  Э.И.  и  др.  Эффект  правильного 
севооборота  орошаемых  землях  Северного  Казахстана//3емледелие, 
1985, №11. 
18 Можаев 
Н.И., 
Лазник 
Э.Ф. 
Интенсивные 
технологии 
в 
кормопроизводстве  и  себестоимость  кормов//Вестник  с.-х.  науки 
Казахстана. 1991, № 3. 
19 Правила  производства  механизированных  работ  под  пропашные 
культуры. -М.: Россельхозиздат, 1986. 
20 Подсолнечник.  Под  общей  ред.  акад.  В.С.  Пустовойта.  -М.:  Колос, 
1975. 
21 Теоретические 
основы  построения  и  освоения  кормовых 
севооборотов. -Агропромиздат, 1987. 
22 Томмэ М.Ф. Корма СССР. Состав и питательность. -М.: Колос, 1964. 
23 Ткаченко Ф.М. Силосные культуры. М., 1974. 
24 Труды ЦСХИ: т.9, вып.4,1973; т., 1974; т.12, вып.7,1975; т.13,вып.6, 
1975;  т.14,  вып.11,1977;  т.24,1979;  т.34,1981;  т.49,1982;  т.52,1983; 
т.57,1984. 
25 Физиология сельскохозяйственных растений. Т.5, -М., 1969. 
26 Химический  состав  и  переваримость  кормов  Казахстана.  -Алма-Ата: 
Кайнар,1988. 
27 Шорин П.М. Сорго - ценная кормовая культура. -М.: Россельхозиздат, 
1975.  Юмагулов  Г.П.  Кукуруза.  Индустриальная  технология 
возделывания. -Алма-Ата: Кайнар, 1987. 
 
4  МАЛ АЗЫҚТЫҚ ШӨПТЕР 
Қазақстанда мал азығын өндіруде көпжылдық және біржыддық мал 
азықтық шөптер үлкен рөл атқарады. 
Дақыл өсіретін жылдың алдындағы жылда жаздың екінші жартысы 
мол  ылғалды,  қыс  қарлы,  ал  көктем  жауынды-шашынды,  жылы  болған 
жылдары  көпжылдық  шөптерге  қолайлы  жағдайлар  қалыптасады, 
біржылдық  шөптерге  шілде,  тамыз  жаңбырлы  болған  жылдар қолайлы. 
Сондықтан  шаруашылықтарда  метеорологиялық  жағдайлар  әртүрлі 
жылдары  мал  азығының  берік  қорын  жасау  үшін  шөптердің  бірінші 
тобы да, екінші тобы да өсірілуте тиіс. 
Ғылыми  мекемелер  мен  озат  шаруашылықтардың  тәжірибелерін 
негізге  ала  отырып,  әрі  көпжылдық  және  біржылдық  шөптердің 
биологиясын  білуге  сүйеніп,  аталған  мал  азықтық  шөптер  топтарының 
пішен  өнімін  суарылмайтын  жағдайда  25-35  ц,  ал  суармалы  жағдайда 
50-70 ц/га жеткізуге болады. 
 

 
215 
 
4.1  КӨПЖЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ЕКІЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ  
ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР  
 
ТАПСЫРМА 
 
1. 
Көпжылдық 
бұршақ 
тұқымдас 
шөптер 
туыстығының 
өсімдіктерін  жапырақ  типтері,  жапырақшалардың,  гүл  шоғырлары  мен 
жемістердің құрылысы бойынша анықтауды үйрену. 
2.  Бұршақ  тұқымдас  шөптер  туыстығын  тұқымдары  бойынша 
анықтауды үйрену. Кескінді суреттерін салу. 
Бұршақ  тұқымдас  шөптер  туыстығын  анықтау.  Өндірістік 
тәжірибеде бұл тұқымдастар тобынан барынша маңыздылары жоңышқа, 
қызыл беде, эспарцет, лядвенец және түйежоңышқа, соңғысы екіжылдық 
болып  есептеледі.  Қазақстанда  қазіргі  уақытта  және  болашаққа  кең 
тарағаны жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа. 
Көпжылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптер  бір-бірінен  жапырағының 
құрылысы,  жапырақшалардың,  гүл  шоғырының  пішіні,  гүлдердің  түсі, 
жемістердің  пішіні  т.б.  белгілері  бойынша  ажыратылады.  Көпжылдық 
бұршақ  тұқымдас  шөптер  туыстығын  анықтайтын  негізгі  белгілер  69-
сурет пен 85-86-кестелерде келтірілген. 
 
 
69-сурет – Көпжыддық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдары мен жемістері: 
1-шалғындық  беде;  2-будандық  беде;  3-көген  тамырлы  беде;  4-біржылдық 
(пунцалық) беде; 5-ақ түйежоңышқа; 6-сары түйежоңышқа; 7-сары жоңышқа; 8-егістік 
жоңышқа; 9-егістік эспарцет 

 
216 
 
 
85-кесте – Көпжылдық мал азықтық бұршақ тұқымдас шөптер туыстықтарының тұқымындағы 
негізгі айырмашылық белгілері 
 
Пішіні 
Беті 
Түсі 
Тұқым жолы 
Мөлшері, 
мм 
Туыстық атауы 
Бүйрек тәрізді немесс жүрек 
тәрізді, бірбүйірлі 
Күңгірт ақ 
Сарғыш-сұр, ашық-қоңыр 
Домалақ. 
кішірек 
1,75-2,5 
Жоңышқа 
Әлсіз бүйрек пішінді 
Тегіс 
Жасылдау-қоңыр 
Сондай 
6-7 
Эспарцет 
Жүрек тәрізді, тұқым жолы 
астында шығыңқы 
Күңгірт, кейде әлсіз 
жылтыр 
Жасылдау-сары 
Сондай 
1,7-1,9 
Түйежоңышқа 
Жүрек тәрізді, бірбүйірлі 
Жылтыр 
Сары-күлгін ескі 
тұқымдарда қоңыр 
Сондай 
1,75-2,26 
Қызыл беде 
Әлсіз бүйрек тәрізді 
Күңгірт 
Қоңыр, кейде жасыл 
Сондай 
1,1-1,4 
Мүйізді 
лядвенец 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
217 
 
86-кесте – Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстықтарының айырмашылық белгілері 
Жапырақ 
типі 
Жапырақшалар 
Гүл шоғыры 
Гүлдер 
Жемістер 
Туыстық 
атауы 
Үштік 
Эллипс,   кері   жұмыртқа  пішінді,   ортаңғы 
жапырақша   ұзынырақ  сағақшада  (аяқша) 
орналасқан,     ортаңғы     жүйке     жапырақ 
шетіне шыққан, жапырақша шеттері бүтін 
немесе тістенген, төбесі ойық келген 
12-16 гүлді шоқгүл 
(бұтақбас гүл 
тұғырындық аяқта, 
немесе отырған 
бұтақбас) 
Ұсақ,     күлгін, 
көкшіл ақшыл-
қызғылт-сары, 
шұбар түсті 
Көп тұқымды 
бұршаққап,       
спираль сияқты         
бұратылған немесе 
орақ тәрізді 
Жоңышқа 
Дара 
қауырсынды 
Эллипс    тәрізді,    әртүрлі    шамада,    сағақ 
негізіне    қарай    кішірейген,    аяқшасының 
ұзындығы барлық жапырақшаларда бірдей, 
ортаңғы   жүйке   қысқа,   жапырақ   шетіне 
шықпаған, жапырақтар шеттері бүтін. 
Шоқгүл, бұтақбас, 
ұзын, гүлдері көп. 
Гүлдері қысқа гүл 
аяқшаларына бекіген. 
Ірі,       қызғылт 
әртүрлі 
реңдерде 
Біртұқымды 
жарылмайтын 
бұршаққап, домалақтау 
бұрышты 
Эспарцет 
Үштік 
 
Кең   сопақ   пішінді,   ортаңғы   жапырақша 
ұзынырақ      аяқшада,      ортаңғы      жүйке-
жапырақ шетіне шыққан, жапырақшалардың 
шеттері аратісті. 
Қолтықты шоқгүл, 
гүлдері қысқа гүл 
аяқшаларына бекіген. 
Ұсақ, ақ 
немесе сары 
Бір тұқымды 
бұршаққап,      
домалақ, жұмыртқа          
пішінді, торлы немесе 
көлденең әжімді 
Түйежо-
ңышқа 
Сондай 
Эллипс,   кері   жұмыртқа   пішінді,   барлық 
жапырақшаларда аяқша ұзындығы бірдей, 
ортаңғы жүйке қысқа, жапырақша шетіне 
шықпаған    жапырақшалар    шеттері    бүтін 
немесе әлсіз тістенген 
Шар тәрізді жұмырбас, 
сопақ нсмесе ұзынша, 
көп гүлді, гүлдер 
отырған (аяқшасы 
жоқ) 
Ұсақ,      ашық-
қызғылт, 
сарғыш-ақ, ақ 
1-2-тұқымды 
бұршаққап,       
домалақ жұмыртқа 
пішінді 
Беде 
Сондай 
Кері    жұмыртқа    пішінді,    бұрыс   ромбы-
тәрізді          ланцетгі,          ұсақ          барлық 
жапырақшаларда аяқша  ұзындығы  бірдей, 
ортаңғы жүйке қысқа, жапырақша шеттері 
тістенген 
Зонтик тәрізді 
жұмырбасты 5-8, 
гүлден тұрады, гүлдер 
басқа аяқшаларға 
бекіген. 
Ұсақ,      ашық-
сары 
Көп тұқымды 
бұршаққап,      
піскенде жарылады 
Лядвенец 

 
218 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет