Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


Пайдалануға  рұқсат  етілген  түйежоңышқа  сорттарының



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)


Пайдалануға  рұқсат  етілген  түйежоңышқа  сорттарының 
сипаттамасы: Ақ түйежоңышқаның сорттары:   
Ақбас  –  Қазақ  АШҒЗИ-да  шығарылған.  Сабағы  биік  (71-98  см), 
орташа  дөрекі,  орташа  бұтақты,  қысқа  және  қуаңшылыққа  төзімділігі 
жоғары. 1000 тұқымның массасы 2,6 г, 1989 (1,8,11).   

 
229 
 
Медет –  Сібір  АШҒЗИ-да  шығарылған.  Жақсы бұтақтанатын (4-6 
сабақ) өсімдік, биіктігі 110-180 см тік өсетін бұта қалыптастырады, 1000 
тұқымның  массасы  2,0-2,4  г.  ерте  пісетін  сорт.  Көктемде  және 
шабылғаннан  кейін  жақсы  өседі.  Қысқа  және  қуаңшылыққа  төзімділігі 
жақсы, 1972 (12).   
Сретенский      1-6  –  Забайкал    АШҒЗИ-да    шығарылған.    Өсімдік 
жақсы  бұтақтанған  (4-7  сабақ),  биіктігі  150-350  см,  жапырақтануы  З5-
48%,  сорт  орташа  мерзімде  піседі,  көктемде  және  шабылғаннан  кейін 
жақсы   өседі,   қысқа   және   қуаңшылыққа   жоғары   төзімділігімен 
ерекшеленеді, 1973 (1,12). 
 
Шавекен  –  Ақтөбе      МАТС-да      шығарылған,      өсімдігі      жақсы 
бұтақтануымен  (10-15  сабақ)  ерекшеленеді  және  биіктігі  60-95  см  бұта 
қалыптастырады,   сабақтары   нәзік,   жіңішке.    Сорт   суыққа   және 
қуаңшылыққа жоғары төзімді, ерте піседі, 1986 (2,3,4,11). 
Сары түйежоңышқаның сорттары: 
Альшеевский  –  Башқұртстанның  Альшеев  ауданының  Антонов 
атындағы  ұжымшарында  шығарылған,  өсімдігі  2-3  сабақ  түзетін  биіктігі 
140  см  тік  өсетін  бұта  құрайды,  жапырақтануы  49-52%.  Көктемде  және 
шабылғаннан  кейін  жақсы  көктейді.  Қыстың  суығы  мен  қуаңшылыққа 
өте төзімлігімен ерекшеленеді, 1968 (1,2,7,12). 
Колдыбанский  –  Орал  МАТС-да  шығарылған.  Өсімдігі  2-5  сабақ 
түзетін    әлсіз    құламалы    биіктігі    124    см    дейін    баратын   бұта 
қалыптастырады.  Сорт  қуаңшылыққа  жоғары  және  қыстың  суығына 
орташа  төзімділігімен  ерекшеленеді.  Көктемде  жақсы,  ал  шабылғаннан 
кейін нашар көктейді, 1973 (4,6,11).  
Карабалыкский  –  Қарабалық  МАТС-да  шығарылған.  Өсімдігі 
шашыранды,  биіктігі    120-135  см  бұта  түзеді,  жапырақтануы  45-49%. 
Сорт қысқа, қуаңшылыққа төзімді, 1978 (9). 
 
Омский  скороспелый  –  Сібір  АШҒЗИ-да  шығарылған.  Сабағының 
биіктігі  55-84  см,  жапырақтануы  47-62%.  Сорт  қыстың  суығы  мен 
қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, 1991 (1,11,12).       
Сарбас – Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1994 (1,9). 
 
БЕДЕ – КЛЕВЕР – TRIFOLIUM 
 
Беде  (Тrifolium)  туыстығына  300-дей  түрлер  кіреді.  Егістікте  3 
түрі  –  қызыл  (Тг.  pratense),  қызғылт  (Тг.  hybridum)  және  ақ  (Тг.  repens) 
қолданылады. 
 
Қазақстанда  қызыл  беде  ғана  –  көпжылдық  шөптесін  өсімдік 
өсіріледі.  Оның  тамыр  жүйесі  –  кіндікті,  күшті  бұтақтанған,  1,5-2,11 
топырақ қабатына бойлайды. 
 
Беденің  сабақтары  әлсіз  дамыған  орталық  өркеннен  және  оның 
қолтықтарындағы  бүршіктен  шығатын  көптеген  ұсақ  өркендерден 
құралады,  олар  көтерілмелі,  биіктігі  40-100  см,  бір  өсімдіктегі  сабақтар 
саны  25-30.  Жапырақтары  үштік,  жапырақшаларда  үшбұрышта  ақшыл 

 
230 
 
дақтар  болады.  Гүл  шоғыры  –  шар  тәрізді  немесе  ұзынша  жұмыргүл. 
Гүлдері  ұсақ,  аяқшасы  жоқ,  күлтешесі  қызғылт-күлгін  түсті.  Жемісі  – 
біртұқымды  бұршаққап,  кейде  қостұқымды.  Тұқымдары  ұсақ,  бір 
бүйірлі,  жүрек  пішінді,  сары  немесе  күлгін  түсті,  1000  тұқымның 
массасы 1,7-1,8 г (75-76-суреттер). 
 
  
 
 
 
 
Қызыл  беде  –  ылғал  сүйгіш,  қысқа  төзімді,  жылуға  қажетсінуі 
шамалы,  сортаңдарды  нашар  көтереді.  Барынша  көп  тарағаны 
біршабысты  және  оңтүстік  қосшабысты  түр  тармақтары,  олардың 
айырмашылық  белгілері  негізгі  сабақтағы  буын  аралықтарының  санына 
байланысты:  біршабысты  бедеде  7-9  және  одан  да  көп,  ал 
қосшабыстыда орта есеппен 5-7 дана шамасында. 
Қазақстаңда қызыл  беде жылдық орташа ылғал мол түсетін (450-550 
мм),  Шығыс  Қазақстан,  Алматы  облыстарының  тау  бөктері  және  таулы 
аудандарында  өсіріледі.  Қазақстанда  қызыл  беде  жылдық  орташа  ылғал 
75-сурет  –  Қызыл  (шалғындық)  беде:  1,2-дамыған  егін  көгі  мен  гүлдену 
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары және гүл шоғырларымен бүршіктің 
бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жемістері мен тұқымдары (сол жақта-үлкейтілгендер) 
 

 
231 
 
76-сурет  –  Ақ  беде  (көген  тамырлы):  1-гүлдену  кезеңіндегі  өсімдік;  2-егін  көгі;  3-
бүршіктің  бір  бөлігі;  4-гүл;  5,6-жемістері  мен  тұқымдары  (сол  жақта 
үлкейтілгендері) 
 
мол түсетін (450-550 мм), Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тау 
бөктері және таулы аудандарында өсіріледі. 
Пайдалануға  жіберілген  сорт:  Зыряновский  местный  — 
біршабысты  беде,  Шығыс  Қазақстан  облысының  жергілікті  сорты,  1950 
жылдан пайдалануға рұқсат етілген. 
 
ЛЯДВЕНЕЦ
 
– LOTUS 
 
Мүйізді лядвенец – 150 см дейін бойлайтын жақсы бұтақтан  кіндік 
тамырлы  көпжылдық  өсімдік  (77-сурет).  Сабақтары  тығыз  бұта 
қалыптастырады, үштік  жапырақтарының кішірек қос жапырақ серіктері    
бар.  Гүл  шоғыры  –  шатыр  тәрізді  жұмыргүл,  жіңішке  аяқшаларға 
орналасқан 5-8 гүлден тұрады. Гүлдері ашық-сары түсті. Бұршаққаптары 
көптұқымды,  ұзынша  келген,  жарылмалы.  Тұқымда  ұсақ,  домалақ, 
күңгірт-қоңыр  түсті,  1000  санының  массасы  1,1-1,4.  Қазақстанда 
өсірілмейді,    аудандастырылған  сорттары  жоқ.  Өсірілетін  аудандары 
Ресейдің қаратопырақсыз аймағы, Белорусь Республикасы. 
 
 

 
232 
 
 
 
 
 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Негізгі  көпжылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптерді  латынша    және 
орысша атаңыз. 
2.
 
Көпжылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптердің    азықтық  құндылығын 
салыстырмалы түрде сипаттаңыз. 
3.  Жоңышқа,          эспарцет,        түйежоңышқа        ж.б.          морфологиялық 
ерекшеліктері. 
4. Гүлдер мен жемістердің құрылысындағы ерекшеліктері. 
5.  Көпжылдық  шөптердің  бірінші  және  одан  кейінгі  тіршілік 
жылдарындағы өсіп-даму ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабақ). 
6.  Пайдалануға  рұқсат  етілген  көпжылдық  бұршақ  тұқымдас 
шөптердің сорттары және олардың агробиологиялық сипаттамасы. 
    7.  Жоңышқа,  эспарцет,  түйежоңышқа,  беде  ж.б.  биологиялық 
ерекшеліктері:  жылуға,  ылғалға,  топыраққа  қоятын  талаптарын,  қысқа 
аязға төзімділігін сипаттау. 
8.  Жоңышқа,        эспарцет,        түйежоңышқа,        беденің      гүлдену  және 
тозаңдану  биологиясындағы    ерекшеліктер.    Негізгі  тозаңдағыш 
насекомдар, тұқымдық алқаптарда тозаңдағыш насекомдар  тығыздығын 
арттыру шаралары. 
9.  Шөптерді  өнімді  пайдаланудың  ұзақ  өміршеңдігі.  Бұл  көрсеткішке 
77-сурет  –  Мүйізді  лядвенец:  1,2-дамыған  егін  көгі  мен  гүлдену-жеміс  түзу 
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гүл шоғырлары және жемістерімен бүршіктің бір бөлігі; 
4-гүл; 5-жеміс жармасы; 6-тұқымдары (сол жақта үлкейтілгендері) 
 

 
233 
 
әсер етуші факторлар. Шөптерді жасартудың теориялық негіздері. 
10.  Жоңышқаны    мал    азығына    суармалы    және    суарылмайтын 
жағдайларда өсіру ерекшеліктері. 
11.  Жоңышқаны  суармалы  және  саурылмайтын  жағдайларда  тұқымға 
өсіру ерекшеліктері. 
12.  Мал азығына эспарцет агротехникасы ерекшеліктері. 
13.  Мал азығына түйежоңышқа агротехникасының ерекшеліктері. 
14.  Эспарцетті тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері. 
15.  Түйежоңышқаны тұқымға өсіру агротехникасы ерекшеліктері. 
16.  Бірінші  және  одан  кейінгі  тіршілік  жылдарындағы  көпжылдық 
шөптер егістігін күтіп-баптау шаралары. 
17.  Топырақ-климат 
жағдайлары 
мен 
дақылдарға 
байланыс 
жамылғылы егістіктерге теориялық негіздеме беру. 
18.  Екінші шабыстан бұршақ тұқымдастардан тұқым алу мүмкіндігіне 
негіздеме беру. 
 
4.2  КӨПЖЫЛДЫҚ МАЛ АЗЫҚТЫҚ АСТЫҚ 
ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР 
 
ТАПСЫРМА 
   
1.    Астық тұқымдас  шөптерді  гүл  шоғырлары  бойынша  анықтау, 
үйрену. 
 
2.  Астық  тұқымдас  шөптерді  тұқымдары  бойынша  анықтауды 
үйрену. 
Қоңырбастар (астық) тұқымдасына  жататын көпжылдық азықтық   
шөптер – еркекшөп,   қылтықсыз   арпабас,   көген   тамырсыз бидайық, 
көкшіл сұр бидайық, итқонақ,  (Тимофеевка), бетеге ж.б. егістікте шөп 
өсіруде маңызды орын алады. 
Қазақстанда  астық  тұқымдас  шөптерден  еркекшөп,      қылтықс 
арпабас,   көген  тамырсыз  бидайық  алдыңғы  қатардан  орын егістіктегі 
көпжылдық  шөптердің  80%-ке  жуығы  осы  шөптердің  үлесі
 
тиеді.  Соңғы 
жылдары  көкшіл  сұр  бидайық  та  өсіріле  бастады.  Түптену  өркендерінің 
даму  сипаты  мен  бұтасының  құрылысы  бойынша  олардың  барлығы 
борпылдақ  бұталы  астық  тұқымдас  шөптерге  жатады,  тек  қылтықсыз 
арпабас қана жер   сабақтанып (көген   тамырланып) түптенеді. 
Астық  тұқымдас    мал    азықтық  шөптерді    гүлденген    күйде 
анықтау. 
Астық  тұқымдас  шөптер  түрлерін  гүлденген  өсімдік  күйінде 
анықтаған  жақсы,  алайда  гербарийланған  немесе  кептірілген  өсімдік 
бұталарын  пайдалануға  да  болады.  Гүл  шоғырларының  типіне 
(құрылысына  қарай  барлық  көпжылдық  астық  тұқымдас  шөптер 
масақты  және  шашақты  (сіпсебасты)  топтарға  бөлінеді.  Анықтама  91-
кесте бойынша жүргізіледі. 
 

 
234 
 
91- кесте. 
Мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шөптерді анықтауға 
арналған кілт 
1.   Гүл шоғыры – масақ (масақшалар отырған, аяқшалары жоқ немесе 
қысқа бұтақтанбаған аяқшаларға орналасқан..............................................2 
0. Гүл шоғыры-шашақ (сіпсебас)...................................................... ......9 
2. Білікте масақшалар бір-бірден орналасқан..........................................3 
0.  Білікте  масақшалар  екі-екіден  орналасқан,  қылтықты.  Масақтар 
иілген.  Масақ  қабықшаларының  жүйкелері  бұдырлы  —  Сібір  кияқ  - 
ELYMUS SIBIRICUS 
3.Масақ 
қабықшалары  екеу,  масақтың  бүйір  жақтарына 
орналасқан 
 Масақшалар масақ білігіне кең бетімен бағытталған  .  .  . 4 
4.   Жер асты өрмелегіш өркенді-көген тамырлы өсімдік. 
Көген тамырлы бидайық - Agropyron repens 
Көген тамырлы қысқа өсімдік 
4а.  Көген  тамыры  қысқа  өсімдік  -  көкшіл  сұр  бидайық  -  Agropyron 
glaucum 
0. Өсімдігінде көген тамыр жоқ..............................................................5 
5.  Масақ  борпылдақ  (борпас)  масақшаларында  қысқа  қылтық  тәрізді 
үшкірленген өскіндер бар немесе олар жоқ – көген тамырсыз бидайық - 
Roegneria trachycaulon 
0. Масақ тығыз, масақшалар жалпақ…...................................................6 
6.  Масақ  жалпақ,  тарақ,  тәрізді,  жұмыртка  немесе  ұзынша  жұмыртқа 
пішінді.  Масақшаларының  үшкір  қылтық  тәрізді  өскіндері  (ұзындығы 
3,0 мм-ден асады) ...........................................7 
0. Масақ жіңішке, сызықты, цилиндрлі. Масақшаларының үшкір қылтық 
тәрізді  3,0  мм-ге  дейін  ұзындықта  өскіндері  бар  немесе  олар 
жоқ...................................................................8 
7.      Масақ  тығыз,      бірақ  масақшалардың  арасы    саңылаулы  ашық. 
Төменгі  гүл  қабықшасы  түксіз  –  Тарақша  еркекшөп  –  Agropyron 
pectinoforme 
0.    Масақ  өте  тығыз,  масақшалар  арасыңда  саңылау  жоқ. Төменгі  гүл 
қабықшасы жиі түктенген – Иректісті еркекшөп – Agropyron cristatum 
8.  Масақтар  линиялы  (сызықты),  ұзындығы  5-15  см,  тарақ  тәрізді 
сібірлік (құмдық) еркекшөп – Agropyron sibiricurn 
0.    Масақтары  қысқа  сызықты,  тарақ  тәрізді  емес,  масақшалары  бір-
бірінен  қабысып  тығыз  орналасқан  —  Шөл  еркекшөбі  –  Agropyron 
desestorum 
9.  Шашақ (сіпсебас) қомақты. Шашақтағы масақшалар біркелкі. ...10 
10.  Гүл  қабықшалары  қылтықсыз  немесе  қылтықты  қабықшаның 
ұшынан шығады ....11 
11. Жапырақ қынабы ашық – Шалғындық бетеге — Festuca pratense 
0. Жапырақ  қынабы жабық – Қылтықсыз арпабас – Bromorsis inermis 
 

 
235 
 
Мал      азықтық      астық      тұқымдас      шөптерді      тұқымдары   
бойынша  анықтау.      Астық      тұқымдас      шөптерді      тұқымдары   
бойынша      жалпы  белгілері  біріктірілген  түрлер  топтары  бойынша 
анықтаған қолайлы (78,79- суреттер, 92-кесте). 
 
 
78-сурет – Мал азықтық астық тұқымдас шөптердің тұқымдары: 1-атқонақ; 2-
ақ суоты (полевица); 3-кәдімгі суоты; 4-шымды селдірек; 5-шалғындық қоңырбас; 6-
жима  тарғақ;  7-шалғындық  бетеге;  8-көпшыбалмалы  райграс;  9-жайылымдық 
райграс;  10-көген  тамырлы  бидайық;  11-көген  тамырсыз  бидайық.;  12-тарақша 
еркекшөп;  13-шөл  еркекшөбі;  14-биік  райграс;  15-шалғындық  түлкіқұйрық;  16-
қылтықсыз арпабас 
 
79-сурет  –  Астық      тұқымдас      мал      азықтық      шөптердің      гүл      шоғырлары: 
жайылымдық райграс масағы; 2-шалғындық түлкіқұйрықтың масақ тәрізді шашағы; 
3-итқонақтың масақ тәрізді шашағы; 4-шалғындық қоңырбастың, 5-ақ суотының; 6-
қылтықсыз  арпабастың;  7-шалғындық  бетегенің;  8-жима  тарғақтың;  9-биік 
райграстың масақ тәрізді шашағы 

 
236 
 
92-кесте – Астық тұқымдас шөптер тұқымдарының айырмашылық белгілері
Мөлшері, 
мм 
Пішіні 
Білікше (стерженок) 
Қылтықтар немесе 
қылтық тәрізді өскіндер 
Гүл қабықшалары (қауыздары) 
Түр 
5-6 
Ланцетті 
Шығыңқы жоғарғы 
жағы кең ойықты 
Ұзындығы 3-4 мм 
шамасындағы қылтық 
тәрізді өскін 
Түсі ашық-сары 
Тарақша 
еркекшөп 
5-6 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Сыртқы қабықша жиі түктелген, 
ашық-сары түсті 
иректісті 
еркекшөбі 
4-5 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Жасылдау түсті 
Шөл 
еркекшөбі 
4-5 
Сондай 
Сондай 
1 мм дейін ұзындықтағы 
қылтық тәрізді өскін 
Сондай 
Сібірлік 
еркекшөп 
9-12 
Кең 
ланцетті 
Тік, домалақ келген, 
ұзындығы 3 мм 
Жоқ 
Сыртқы қабықшаның төбесі жалпақ, 
күңгірт-сүр түсті, кейде жасылдау, 
күлгіндеу 
Қылтықсыз 
арпабас 
8-11 
Ланцетті  Шығыңқы, кең түкті, 
ұзындығы 1 мм 
Қылтық тәрізді өскін, 
ұзындығы 2-3 мм 
Сыртқы қабықшаның килі жоқ, 
ашық-сары түсті 
Көген тамырсыз 
бидайық 
8-11 
Сондай  Шығыңқы, түкті, 1,0-
1,5 мм-дей 
Қылтық тәрізді өскін 1,5-
2,0 мм 
Сыртқы қабықша килсіз, күлгін реңді 
Талшықты 
регнерия 
10-12 
Кең 
ланцетті 
Шығыңқы, жалпақ, 
түксіз ұзындығы 1,5- 
2,0 
Жоқ 
Сыртқы қабықшаның килі жоқ, ішкі 
қабықшадан ұзынырақ, ішкі 
қабықша қайық тәрізді: қабықша 
түсі ашық-сары 
Көкшіл сұр 
бидайық 
6-7 
 
Ланцетті 
Тік, ұзындығы 2 мм 
Жоқ 
Дөрекі, ішкі қабықша, таға тәрізді, 
қабықшаның түсі жасылдау-сұр 
Шалғындық 
бетеге 
5-12 
Сондай 
Тік, домалақ, 
ұзындығы 1 мм 
шамасыңда, қиық 
кесілген 
Қылтығы қабықша 
ұшына бекіген, 
ұзындығы 25 мм-ге 
дейін 
Ішкі қабықша сыртқы қабықшадан 
0,5-0,7 мм-дей ұзын, қасы жоқ, 
қабықша жасылдау-сұр түсті 
Сібір қияқ 

 
237 
 
ЕРКЕКШӨП – ЖИТНЯК – AGROPYRON 
  
ТАПСЫРМА 
 
1.  Еркекшөп  түрлерін  оқып-үйрену.  Айырмашылық  белгілерін 
сипаттап жазу. 
2.  Еркекшөптің  аудандастырылған  сорттарының  шаруашылық-
биологиялық сипаттамасын оқып-үйрену. 
3.  Еркекшөпті  мал  азығына  өсірудің  операциялық  технологаясын 
жасау. 
4.  Еркекшөпті  тұқымға  өсірудің  операциялық  технологиясын 
жасау. 
Еркекшөп  –  Қазақстанның  далалық  және  құрғақ  далалық 
аймақтарында кең тараған мал азықтық дақыл. Ол көпжылдық шөптесін 
өсімдік,  қуаңшылық  пен  қыстың  қолайсыз  жағдайларына  жоғары 
төзімділігімен және ұзақ өміршеңдігімен ерекшеленеді. 
 
Еркекшөп  бидайықтар  туыстығына  (Agropyron)  жатады.  Ол 
төбелік,  борпас-бұтақты,  2  м  және  одан  да  тереңге  бойлайтын  қуатты 
тамыр  жүйесі  бар  астық  тұқымдасқа  жатады.  Биіктігі  25-100  см 
шөптесін  бұта  қалыптастырады,  пәрменді  түптенуте  қабілетті,  бұтада 
генеративті  сабақтар  басым.  Жапырақтары  жіңішке  сызықты,  төменгі 
жағы тегіс, жоғарғы жағы бұдырлы. Гүл шоғыры – ұзындығы 1,5-6,5 см 
масақ, ені 1,0-2,5 см, төбесіне қарай сүйірленеді, масақшалар 3-10 гүлді. 
       Өсімдігі айқас тозаңдануы да мүмкін. 1000 дәннің массасы 1,4-2,7 г. 
Еркекшөп түрлерінің ішінде жабайы ортадан өсетін мынадай түрлері бар: 
пуалистгүлді,  дондық,  керчендік,  михно,  сыңғақ,  бадамдық,  понтийлік, 
қарағайжапырақты ж.б. 
Жабайы  өсетін  тарақша  еркекшөптің  үш  экологиялық  топтары 
бөлінген: 
1.  Өзен  аңғары  –  шалғындық,  жабайы  түрде  Орта  Еділ  және  Батыс 
пен  Солтүстік  Қазақстанның  өзен  аңғары  –  шалғындық  ассоцияларында 
өседі. 
2.  Далалық  топ.  Бұл  топтың  өсімдіктері  құрғақ  жерлерде  өседі: 
төбелерде, құрғақ таулы шалғындықтарда, қиыршық тасты беткейлерде. 
Қазақстан, Қырым, Солтүстік Кавказдың құрғақ далаларында өседі. 
3.  Алтай тобы. Бұл топтың өсімдіктері жабайы түрде Алтайдың тау етегі 
мен Шығыс Қазақстанның таулы аймағында өседі. 
Егістікке еркекшөптің 4 түрі енгізілген, бір-бірінен биологиялық және 
морфологиялық белгілерімен ең алдымен масақ пен дәндердің  құрылысы 
бойынша ажыратылады. 
Олардың  екеуі  кең  масақты  —  тарақша  (Аg.  pectinoforme)  және 
иректісті  (Аg.    сristatum),  қалған  екеуі  жіңішке  масақты  —  сібірлік 
немесе  құмдық  еркекшөп  (Аg.  sibiricum)  және  шел  еркекшөбі  (Аg. 
desertorum).  Бұл  түрлердің  айырмашылық  белгілері  80-сурет  пен  93-
кестеде келтірілген. 

 
238 
 
 
 
80-сурет – Еркекшөп:  1,2-масақтану және егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3,4,5-
тарақша      еркекшөптің      масағы,      масақшасы      және      жемістері;      6,7,8-иректісті 
еркекшөптің, сібірлік және шөл еркекшөбінің масақтары 
 
Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген еркекшөп сорттары: 
Тарақша  еркекшөптен  —  Актюбинский,  Батыр,  Долинский  1, 
Карабалыкский 202, Краснокутский ширококолосный 4; 
Сібірлік  еркекшөптен  —  Краснокутский  узкоколосый  305, 
Таукумский гибридный, Уральский узкоколосый
Шөл еркекшөбінен — Актюбинский узкоколосый местный. 
Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген еркекшөп сорттары: 
Карабалыкский  (кең  масақты)  202  –  Қарабалық  МАТС-да 
шығарылған. Тарақша еркекшөп түріне жатады, жапырақтануы 21-35%, 
1000 тұқымның массасы 2,5 г. көктемгі көктенгеннен алғашқы шабысқа 
дейінгі  өсіп-даму  кезеңі  55-65  тәулік,  тұқымның  шаруашылыққа 
жарамды пісу кезеңі 90-100 тәулік. Қысқа және қуаңшылыққа төзімділігі 
жоғары, 1949 (1,3,5,8,9,10,12,13). 
Долинский  1.  Қарағанды  МАТС-да  шығарылған.  Еркекшөптің 
тарақша түріне жатады. Жапырақтануы орташа, кеш піседі, қысқа және 
қуаңшылыққа жоғары төзімді, 1968 (8). 
Батыр – Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1992 (1,13); 
Актюбинский узкоколосый местный, 1948 (2); 

 
239 
 
93- кесте – Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері 
Белгілері 
Кеңмасақты 
Жіңішке масақты 
 
 
Тарақша (Аg. pectinoforme) 
Иректісті (Аg. eristatum) 
Сібірлік  (Аg. 
sibiricum) 
Шөл (Аg. desertorum) 
Масақтар 
мен 
масақшалар 
Жиі     тарақ     тәрізді,     бірақ 
масақшалар    арасында    анық 
көрінген        саңлаулар        бар, 
ұзынша-жұмыртқа         тәрізді, 
ұзындығы   1,5-5,0 см,  ені  1-2 см,            
төбесіне қарай сүйірленген,           
масақшалар жасыл немесе    
көкшіл сұр жасылдау түсті, 3-10 
гүлді 
Өте       жиі,       тарақ      тәрізді, 
масақшалар арасында саңылау 
көрінбейді,   ұзынша-жұмыртқа 
ланцетті пішінді, төбесіне қарай 
аздап   сүйірленген,   ұзындығы 
1,5-5,0 см,  ені  1-2 см, қысқа 
қылтықты,     масақшалар    бір-
біріне   тығыз   қабысқан,    3-10 
гүлді 
Сызықты, тарақ 
тәрізді көп 
масақшалы, 
ұзындығы 7-10 см, 
ені 0,5-1,2 см 
Қысқа сызықты тарақ 
Тәрізді емес цилиндр 
пішінді, гүлдері жайыла 
орналасқан, 
масақшалары бір-біріне 
ілесіп келген, талшықты 
қылтығы бар 
Төменгі гүл 
қабықшасы 
Жалаңаш, ұзындыгы 5-7 мм, 
қысқа қылтықты, (3-4 мм) 
Ланцетті, жиі талшықты, 
ұзындығы 5-7 мм, қысқа 
бұдырлы қылтығы (3-4мм) бар 
Жылтыр, жалаңаш, 
ұзындығы 6-8 мм, 
үшкірленген, 
қылтығы 1 мм 
дейін, немесе мүлде 
жоқ 
Ланцетті, қайықша 
тәрізді, жалаңаш, 
ұзындығы 6-7 мм, 
қылтықты (2-3 мм) 
Сабақтары 
Биіктігі 25-75 см 
Биіктігі 25-60 см, масақ асты 
жұмсақ түкті келген 
Сабақтары         тік, 
немесе           иілген 
биіктігі    30-80    см 
(егістікте     100    см 
дейін) 
Сабақтары ұшар 
басында иілген, (биіктігі 
25-50 см) егістікте 80 см 
дейін 
  
Жапырақтар 
 
Жіңішке сызықты (мәдени 
өсімдіктерде кең ланцетті пішінге 
дейін) жалпақ немесе бүгілген, 
шеттері оратылған 
Жіңішке ланцетті, бүгілген 
немесе жалпақ, шеттері 
оратылған 
Жіңішке сызықты, 
(мәдени түрлерінде 
айтарлықтай кең, 
жіңішке ланцеггі) 
Қатты, көкшіл сұр 
жасылдау, бүгілген 

 
240 
 
Актюбинский ширококолосый местный, 1948 (2); 
Толагай, 1998 (11); 
Красноводопадский 414, 1977 (13); 
Таукумский гибридный, 1984 (3); 
Уральский узкоколосый,1994 (6); 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет