Қазақстанда жақсы өнім беретін жоғары майлылықтағы майлы
күнбағыстың ерте және ортадан кеш пісетін сорттарын пайдалануға
рұқсат етілген.
Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген сорттары мен
будандары төменде келтірілген:
Арена ПР – ортадан кеш пісетін будан, 2008 жылдан Шығыс
Қазақстан және Қостанай облыстарында пайдалануға болады;
Брио – ортадан ерте пісетін будан, 2008 жылдан Ақтөбе, Алматы
және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Восточный – ерте пісетін будан, 2004 жылдан Ақмола, Шығыс
Қазақстан және Павлодар облыстарында пайдаланылады;
Гүлбағыс – ерте пісетін сорт, 2007 жылдан Қарағанды, Қызылорда,
Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Джази – орташа мерзімде пісетін будан, 2010 жылдан Павлодар
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Долби - орташа мерзімде пісетін будан, 2009 жылдан Алматы
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
177
51-сурет – Күнбағыс: 1,2- егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдікте: 3- піскен
себет, 4-гүлдер және олардын мүшелері: а-түтікті, 6-тілді, в-аналық, г-тозаңдық
(аталық): 5- ұрықтық (тозаңдық) ден (үлкейтілген): 6-көлденең кимасындағы гүл
шоғыры: 7- бүтін жиі көлденең қимадағы күнбағыс жемістері: а-майлы, б-аралық және
в-шағылатын
Жайна – ультра ерте пісетін сорт, 2004 жылдан Ақтөбе, Алматы,
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Заречный – ерте пісетін сорт, 2009 жылдан Солтүстік Қазақстан
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Ислеро – орташа мерзімде пісетін будан, 1999 жылдан Павлодар
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Казахстанский 1 – орташа мерзімде пісетін будан, 1993 жылдан
Ақмола, Қызылорда; Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат
етілген;
Казахстанский 465 – орташа мерзімде пісетін будан, 2005 жылдан
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Казахстанский 5 – ерте мерзімде пісетін будан, 2005 жылдан
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Казахстанский 3124 – орташа мерзімде пісетін будан, 2001 жылдан
Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Казахстанский 341 – орташа мерзімде пісетін будан, 1998 жылдан
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Кый – ортадан ерте пісетін будан, 2011 жылдан Батыс Қазақстан
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
НК Дельфи – ерте пісетін будан, 2011жылдан Шығыс Қазақстан
178
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Оскил – ортадан ерте пісетін будан, 2011 жылдан Батыс Қазақстан
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
ПР 63 А 90 – орташа мерзімде пісетін будан, 2009 жылдан Шығыс
Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген;
ПР 63 А 91 – ерте пісетін будан, 2011 жылдан Алматы облысында
пайдалануға рұқсат етілген;
Пиксель (С-230) – ортадан ерте пісетін будан, 2002 жылдан Шығыс
Қазақстан және Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Принтасол – ерте пісетін будан, 2007 жылдан Шығыс Қазақстан,
Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Родник – ерте пісетін будан, 2009 жылдан Шығыс Қазақстан
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Роки – ортадан ерте пісетін будан, 2009 жылдан Шығыс Қазақстан,
Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Санай – орташа мерзімде пісетін будан, 2010 жылдан Ақтөбе
облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Санлука РМ – ортадан ерте пісетін будан, 2009 жылдан Шығыс
Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген;
Сибирский 91 – ультра ерте пісетін сорт, 1995 жылдан Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген;
Солнечный 20 – ерте пісетін будан, 1998 жылдан Солтүстік
Қазақстан және Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
СПК (кондитерский) – орташа мерзімде пісетін сорт, 1994 жылдан
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген;
Скороспелый 40 – ультра ерте пісетін сорт, 2010 жылдан Ақтөбе
мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Сұңқар – ерте пісетін будан, 2005 жылдан Шығыс Қазақстан және
Оңтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Торедо – ерте пісетін сорт, 2003 жылдан Шығыс Қазақстан,
Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
ХФ – 4917 – орташа мерзімде пісетін будан, 2005 жылдан Шығыс
Қазақстан және Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген;
Юбилейный 40 – ерте пісетін сорт, 2009 жылдан Ақтөбе, Алматы,
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат
етілген;
Восход. Ресей МДҒЗИ-ның Белгород а.ш. тәжірибе
стансасысында шығарылған. Орташа мерзімде (120-130 тәулікте) піседі,
қуаңшылыққа төзімділігі орташа, сұңғұла мен күнбағыс көбелегіне
төзімді, шірінділермен залалданады. Мол өнімді, жоғары майлы (51-
54%) сорт. Кәрзеңкесі орташа диаметрлі (16-18 см), шекілдеуігі қоңыр-
сұр түсті, ашық жолақты, 1000 санының массасы 50-70 г, 1971 жылдан
Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында пайдалануға рұқсат
179
етілген;
Заря.
Ресей МДҒЗИ-ның Вейдель тәжірибелік танабында
шығарылған.
Ерте пісетін (105-115 күн), қуаңшылыққа орташа төзімді сорт
Күнбағыс көбелегі мен сұңғұлаға төзімді, шірінділермен залалданалы.
Мол өнімді, жоғары майлы (50-53%). Кәрзеңкесі дөңес, орташа
диаметрлі (14-16 см), шекілдеуігі қоңыр-сүр түсті, ашық жолақты, 100ц
санының массасы 60-80 г, 1969 жылдан Шығыс Қазақстан, Павлодар
облыстарында өсіріледі.
Скороспелый 87. Ресейдің Оңтүстік-шығыс АШҒЗИ-да шығарылған.
Өте ерте пісетін (90-10 күн), қуаңшылыққа төзімді, сұңғұла мен ұн
ұлпасы ауруына орташа төзімді сорт. Мол өнімді, жоғары майлы (50-52),
жаппай пісетін сорт. 1000 шекілдеуігінің массасы 62-70 г қабықтылығы
20-21%, 1991 жылдан Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі.
МАЙЛЫ ЗЫҒЫР – ЛЕН МАСЛИЧНЫЙ – LINUМ
ТАПСЫРМА
1. Зығырдың түр тармақтары және түршелер тобымен танысу.
2. Майлы зығырдың морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін
оқып-үйрену.
3. ҚР-да пайдалануға рұқсат етілген сорттарына шаруашылық-
биологиялық сипаттама беру.
Зығыр тұқымдасына (linасеае) linum туыстығына жатады, ол 200-
ден астам түрлерді біріктіреді. Егістікте барынша кең тарағаны кәдімгі
мәдени зығыр (52-сурет). Бұл түр 5 түр тармақтарына бөлінеді оның
ішінде дақылда көп өсірілетіні еуразиялық, жерорта теңіздік және аралық
зығыр (78-кесте).
78-кесте – Майлы зығырдың түр тармақтары
Түр
тармақтары
Шамасы
1000
тұқымның
массасы, г
Гүлдері
қорапшаның тұқымының
шамасы
диаметрі, мм
Ұсақ
тұқымды
(еуразиялық)
ұсақ
ұсақ
3,0-6,5
ұсақ
16-20
Орташа
ірілікті
(аралық)
орташа
орташа
6,8-8,0
орташа
21-24
Ірі тұқымды
(жерорта
теңіздік)
ірі
ірі
9,5-13,0
ірі
25-32
180
52-сурет – Зығыр. 1,2 – Көктету және гүлдену кеезңдеріндегі өсімдіктер;
сабақтың жоғарғы бөлігі (а – талшықты, б – аралық-межеумка, в – майлы зығыр –
кудреш); 3 – сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 – гүлдің кесілген бөлігші; 5 – бүтін жеміс
және кесілгені; 6 – талшықты зығырдың тұқымы; 7 – майлы зығырдың тұқымы; 8 –
зығырдың өсу кезеңдері
Дақылда еуразиялық түр тармағы кең тараған. Еуразиялық түр тармақ
төрт түршелер тобына бөлінеді: Талшықты зығыр, кудряш, аралық және
төселгіш зығыр. Олар бір-бірінен сабағының биіктігі мен бұтақтылығы,
сабақ және қорап санымен, сонымен қатар пайдалану бағытына қарай
ажыратылады. Талшықты зығыр биіктігі 70-120 см бұтақтанбайтын жалғыз
сабақты өсімдік, қорапшасының саны 8-10 дана, 1000 тұқымның массасы
3,5-5,5 г. Кудряш зығыры бұтақты (4-5), биіктігі 30-50 см, қорапша саны
40-50 данаға дейін, 1000 тұқымының массасы 5-8 г. Қалған түр тармақтары
аралық деңгейде.
Майлы зығыр – біржылдык шөптесін өсімдік, айтарлықтай нашар
дамыған кіндікті тамыр жүйесі бар, сабағы тік өседі, тегіс цилиндр
пішінді және бұтақты, биіктігі 50-70 см. Жапырақтары қарапайым,
ланцетті, үшкірленген, жалаңаш, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл
шоғыры зонтик тәрізді шоқгүл, қосжынысты бестік типтегі гүлдерден
тұрады. Гүл жатыны бес ұялы домалақ қорап. Әрбір қорапта әдетте 10
тұқым (әр ұяда 2-ден) болады. Зығыр тұқымы жалпақ, жұмыртқа пішінді,
ұшы құс тұмсығы тәірізді иілген тегіс, жылтыр бетті. Тұқымның түсі
181
қоңыр, кейде сары, 1000 санының массасы 6-8 г.
Пайдалануға рұқсат етілген майлы зығыр сорттары:
Костанайский янтарь – Қостанай АШҒЗИ-да шығарылған. Ортадан
кеш пісетін (109-114 күн) сорт, қуаңшылыққа орташа төзімді, ауруларға
орташа төзімді, жапырылуға төзімді, жоғары өнімді. Тұқымының
майлылығы 43-45%, қоңыр түсті, 1000 санының массасы 6,5-70г, 1994
жылдан Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Исилькульский. Ресейдің Сібір а.ш. тәжірибе стансасысында
шығарылған. Орташа мерзімде (80-95 күн) пісетін, қуаңшылыққа,
саңырауқұлақ ауруларына орташа төзімді сорт. Жапырылуға төзімді,
жаппай піседі, мол өнімді тұқымының майлылығы 42-45%. Тұқымның
түсі қоңыр,1000 санының массасы 7,6-8,0 г, 1985 жылдан Солтүстік
Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Карабалыкский 7. Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе
стансасысында шығарылған. Орташа мерзімде пісетін (85-95 күн),
қуаңшылыққа орташа төзімді, саңырауқұлақ аурулары мен жапырылуға
төзімді сорт. Жоғары өнімді, тұқымының майлылығы 41-43%, қоңыр
түсті, 1000 санының массасы 7,0-7,2 г, 1979 жылдан Ақмола, Солтүстік
Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Опал — Ресейдің БМДҒЗИ-ның Сібір тәжірибе стансасысында
шығарылған. Орташа мерзімде (82-106 күн) піседі, құрғақшылыққа
орташа төзімді буданды аурулар мен жапырылуға төзімді, жоғары
өнімді, майлылығы 44-45%, тұқымдары қоңыр түсті, 1000 санының
массасы 7,7-8,5 г, 1992 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында
пайдалануға рұқсат етілген.
Казар – Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Северный – Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат
етілген.
Лирина – Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген.
ҚЫША – ГОРЧИЦА – SINAPIS
ТАПСЫРМА
1. Салыстырмалы айырмашылықтары бойынша қыша түрлерімен
танысу.
2. Көкшіл қыша морфологиялық құрылысының ерекшеліктерін
оқып-үйрену, сипаттап жазу.
3.
Пайдалануға рұқсат етілген сорттарына шаруашылық-
биологиялық сипаттама беру.
Қыша қырыққабат тұқымдасына (Вrassiсасеае) жатады. Дақылда
әртүрлі туыстыққа жататын екі түрі бар: ақ қыша (sinapis alba) және
көкшіл, немесе сарепт қышасы (Вrassіса juncea).
182
53-сурет – Ақ қыша: 1,2,-дамыған егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары, гүл шоғырлары және жемістері мен
сабақтың бір бөлігі 4-жеміс; 5-тұқымдары (сол жақта-үлкейтілген)
Бұл түрлер бірқатар морфологиялық белгілері бойынша бірақ кейбір
биологиялық ерекшеліктері мен сыртқы құрылысында айтарлықтай
айырмашылықтар бар. Солтүстік Қазақстан облыстарында салыстармалы
қысқа өсіп-жетілу кезеңі мен қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленетін
көкшіл, немесе сарепт қышасы өсіреледі. Жоғарыда ақ қыша (53-сурет)
кескінделген. Көкшіл қыша-жақсы дамыған кіндікті тамыр жүйесі
бар біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік өседі, бұтақты, биіктігі 60-
150 см, балауыз тұтымен көкшіл түсті, түкті немесе түксіз. Төменгі
жапырақтары сағақты, әлсіз түктелген, желпігіш тәрізді-қауырсын
қиықты, жоғарғы қалағы үлкен, сопақ пішінді. Жоғарғы жапырақтары
сағақсыз, ұзынша – линиялы, шеттері бүтін, әлсіз балауыз түкті, Гүл
шоғыры – қалқанды шоқгүл. Гүлдері ұсақ қосжынысты, төрттік типте,
ашық-сары күлтеше жапырақтармен.
Жатынында 28-ге дейін тұқым ұрығы, 6 аталығы болады. Жемісі –
көптұқымды дөңес келген төртқырлы бұршаққын, сабанды-сарғыш
түсті. Тұқымдары шар пішіңді, сары, жиі түрде қоңыр, диаметрі 1,2-2,0
мм, 1000 санының массасы 2-4 г. (54-сурет).
Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:
Заря. Ресейдің МДҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін
(100-110 күн), қуаңшылыққа, жапырылуға төзімді сорт. Крестгүлді
зиянкестер мен шашылуға орташа төзімді, мол өнімді, тұқымның
майлылығы 42-47%. Тұқымы сары түсті, домалақ, 1000 санының массасы
3,5-4,0 г, 1968 (Оңтүстік Қазақстан облысы).
183
Неосыпающаяся
2.
Ресейдің
Волгоград
а.ш.
тәжірибе
стансасысында шығарылған. Орташа мерзімде (95-110 күн) пісетін,
қуаңшылыққа жапырылу мен шашылуға орташа төзімді сорт, крестгүлді
зиянкестермен жарақаттанады, жақсы өнімімен, жаппай пісуімен
ерекшеленеді. Тұқымының майлылығы 38-43%. Тұқымдары сары,
жомалақтау - бұрыш пішінді, 1000 санының массасы 3,5-4,0 г, 1950
(Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында пайдалануға
рұқсат етілген);
ВНИИМК 11 - МДҒЗИ-да шығарылған, ерте пісетін (68-90 тәулік),
құрғақшылыққа орташа, жапырылуға төзімді сорт. 1000 тұқымның
массасы 2,5-4,4 г, 1983 жылдан Батыс Қазақстан облысында пайдалануға
рұқсат етілген.
Рушена, 1950 жылдан Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
РАПС – ВRASSІСА NAPUS
ТАПСЫРМА
1.Ботаникалық
сипаттамасын
беру,
өсімдік
құрылысының
ерекшеліктерін оқып-үйрену, қажетті жазуларды орындау.
Рапс қырыққабат тұқымдасына (Вrassiсасеае) жатады, екпе
дақылда жалғыз түрі – (Вrassіса napus) бар. Егістіктерде екі формада –
54-сурет – Көкшіл қыша: 1,2,-дамыған егін көгі мен гүлдену – жеміс түзу
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары, гүл шоғырлары және жемістерімен
сабақтың бір бөлігі; 4-бұршаққын (жеміс); 5-тұқымдары (сол жақта үлкейтілген)
184
жаздық және күздік - өсіріледі. Солтүстік Қазақстанда жаздық рапс
өсіріледі.
Жаздық рапс – кіндік тамыры жақсы дамыған біржылдық шөптесін
өсімдік. Сабағы тік өсетін, қатты бүршіктенген, биіктігі 0,6-1,6м жасыл
түсті және балауыз тұтымен көмкерілген. Төменгі жапырақтары сағақты,
ірі желпігіш – қауырсын-қиықты. Орта жапырақтары ұзынша найза
тәрізді, жоғарғылары сағақсыз, ұзынша – ланцетті. Барлық жапырақтары
көкшіл-жасыл түсті, балауыз тұтымен жабылған. Гүлшоғыры – болбыр
шоқгүл, гүлдері қосжынысты, төрттік типте, ашық-сары күлтеше
жапырақты. Жемісі – ұзын мұрыншасы бар бұршаққын піскенде
жарылғыш. Тұқымдары ұсақ, 1,5-2,0 мм, шар тәрізді, ұсақ-ұялы, қоңыр,
қара, қара-сұр түсті, 1000 санының массасы 3-7 г.
Қазақстанда рапстың күздік және жаздық рапстың пайдалануға
рұқсат етілген сорттары.
Күздік типтегі сорттары:
Иванна, Ливиус – Алматы, ал Шпат – Павлодар облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген.
Жаздық рапс сорттары:
Абилити – Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға
рұқсат етілген.
Герос – Алматы мен Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Гладиатор – Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Золотонивский – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Кавиар – Ақмола мен Алматы облыстарында пайдалануға рұқсат
етілген.
Лизора – Қарағанды облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Майлы – Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Русич – Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Сиеста – Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Траппер – Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Хантер – Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Хидалго – Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Юбилейный – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген.
АРЫШ – РЫЖИК – САМELINА
ТАПСЫРМА
1. Ботаникалық сипаттамасымен танысу, өсімдік құрылысының
ерекшеліктерін оқып-үйрену, сипаттап жазу.
Арыш қырыққабат тұқымдасына (Вrassісасеае) жатады. Екпе
дақылда арыштың екі түрі кездеседі: жаздық немесе егістік (Сamelina
sativa) және күздік (Сamelina sativa). Осы екеуінің барынша кең тарағаны
185
жаздық арыш.
Жаздық арыш – кіндік тамыр жүйелі біржылдық шөптесін өсімдік,
сабағы жіңішке, бұтақты, биіктігі 50-80 см. Жапырақтары қарапайым,
ланцетті шеттері бүтін, әлсіз тісті. Сабақ пен жапырақтары қатты және
қысқа түктермен көмкерілген, кейде жалаңаш. Гүл шоғыры – ұзын
шоқгүл.
Гүлдері қосжынысты, төрттік типте, өңсіз-сары түсті күлтешелі.
Жатыны жоғары – типтегі, қосұялы, аталығы 6. Жемісі – көптұқымды
алмұрт пішінді бұршаққын, піскенде екі жармаға жарылады. Тұқымдары
ұсақ (1,5-2,0 мм) ұзынша-сопақ, қызыл-күрең түсті, ылғалданғанда –
жылпылдақ (55-сурет)
Қазақстан жағдайында арыштың ерте, орташа мерзімде пісетін (өсіп-
жетілу кезеңі 70-90 күн) Омский местный сияқты сорты жарамды және
1994 жылдан Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға
рұқсат етілген.
55-сурет – Арыш: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары, гүлдері, жемістері мен
сабақтың бір бөлігі: 4-гүл; 5,6-жеміс және тұқым (сол жақта үлкейтілген)
186
ЭФИРМАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР
ТАПСЫРМА
1. Барынша кең тараған эфирмайлы дақылдармен танысу, сабақ,
жапырақ, гүл шоғыры мен гүлдер құрылысын сипаттап жазу.
2. Эфирмайлы дақылдарды жемістері бойынша оқып-үйрену, негізгі
белгілерін сипаттап жазу.
Егістіктерде 20-дан астам эфирмайлы дақылдар кездеседі, олар
әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жатады. Кең тарағандары:
кориандр, анис, тмин, фенхель-балдыркөктер (сельдерей) тұқымдасынан;
бұрышты жалбыз (мята), мускатты шатраш, (шалфей), нағыз лаванда-
яснотка тұқымдасынан; эфирмайлы раушангүл – раушан гүлділер
тұқымдасынан; қызыл қазтамақ (герань розовая) – қазтамақтар
тұқымдасынан. Солтүстік Қазақстан жағдайында кориандр, тмин, анис,
жалбыз өсіп-жетілудің толық циклін өтеді және оларды өсіруге болады.
Аталған эфир майлы дақылдардың вегетативтік және өнімділік
органдарын сипаттайтын жиынды деректер. 56-сурет пен 79,80-
кестелерде келтірілген.
56-сурет – Эфирмайлы (ұшпамайлы) дақылдардың жемістері:
1-кориандр; 2-анис; 3-тмин; 4-фенхель
79-кесте – Эфирмайлы дақылдары жемістерінің айырмашылық белгілері
Дақыл
Типі
Пішіні
Мөлшері,мм
Беті
Түсі
1
2
3
4
5
6
Кориандр Қостұқым-
ды
Шар тәрізді
3-4
Әлсіз ұзын-
ша қырлы
Сабанды
қоңыр
Тмин
Сондай
Ұзынша-сопақ,
әлсіз ұзынша-
сопақ, әлсізден-
ген және қысыл-
ған
Ұзындығы
3-5, ені 1,0-
1,5
Ұзынша-
қырлы
Сабанды-
қоңыр
187
79-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
Анис
Сондай
Сондай
Ұзындығы
3-5, ені 0,8-
1,3
Ұзынша-
қырлы ұсақ
талшық-
тарымен
көмкеріл-ген
Жасылд
ау-сұр
Мускатты
шатыраш
4
жаңғақты
Ұзынша сопақ
1-2 мм
Тегіс,
жылтыр
Күңгірт-
қоңыр
Ескерту: Бұрышты жалбыз жеміс бермейді, вегетативті жолмен ғана көбейеді-сабақ
пен көген тамыр қалемшелерімен.
Кориандр (Coziandzum Sativum L.). Балдыркөктер тұқымдасының
(Apiaceae) біржылдық шөптесін өсімдігі (56-сурет). Тамыры жақсы дамыған.
Сабағы тік өседі, жоғары бөлігі бұтақтанған, биіктігі 50-100 см. Жапырақтары
кезектесіп орналасқан, төменгілері ұзынсағақты, қауырсынды, ортаңғылары
қосқауырсынды, жоғарғылары – жіңішке бөліктерге қатты тарамдалған. Гүл
шоғыры – күрделі шатырша. Гүлдері ұсақ, ақ, қызғылттау түсті бестік типте.
Жемісі шар пішінді, сабанды – қоңыр түсті екі бір тұқымды жарылмайтын
жемісті болып келеді. Эфир майы екі жемістің ішкі каналдарына жинақталады.
1000 жемістің массасы 7-10 г. Өсімдігінің кескіні 57-суретте көрсетілген.
57-сурет – Кориандр өсімдігі
Анис (Pimpinella anisum L.) балдыркөктер тұқымдасының (Apiaceae)
біржылдық өсімдігі. Тамыр жүйесі кіндікті, одан жиі бүйір тамырлары тарайды.
Олардың топыраққа бойлау тереңдігі 0,5-0,7 м. Жоғарғы жапырақтары
отырмалы, қынабты. Төменгі сабақтық және тамыр маңы бөлігі – ұзынсағақты.
188
80-кесте – Эфирмайлы дақылдардың гүлденген күйіндегі айырмашылық белгілері
Дақыл
Сабағы
Жапырақтары
Гүл шоғыры
Гүлдері
Кориандр
Тік өседі, қатты
бұтақтанған,
домалақ-қырлы,
биіктігі 60-120см
Кезектескен, сағақты,
төменгілері-домалақ
жүрек тәрізді, аз тарам-
далған, жоғарғылары-
қатты тарамдалған,
қауырсынды-қиықты
Күрделі шатырша,
негізінде орамды
Ұсақ, ақ қүңгірт-
қызылдау немесе
күлгін түсті
Тмин
Тік өседі, қатты
бұтақтанған,
домалақ,
тегіс,
биіктігі 40-70см
Кезектескен, үш
қауырсынды, ұзынша-
сағақты, төменгілері-
жүрек тәрізді-ұзынша,
әлсіз тарамдалған,
жоғарғылары күшті
тарамдалған
Күрделі шатырша,
негізінде орамсыз
Ұсақ, ақ немесе
ақшыл көк-қызғылт
Анис
Тік өседі, жоғарғы
жағынан бұтақты,
ұзынша-ойықты,
түкті, биіктігі 30-60
см
Кезектескен, төменгі-
лері – ұзын сағақты,
домалақ, түсті
жоғарғылары сағақсыз,
үштілікті, қатты
тарамданған бөліктерге
Сондай
Ұсақ, ақ немесе
сарғыш
Бұрышты
жалбыз
Тік өседі, күшті
бұтақтанған,
төртқырлы, биіктігі
30-80см
Қарама-қарсы
орналасқан, қысқа
сағақты, сопақ-ланцетті,
өткір тісті
Жартылай жұмыр,
масақ тәрізді, гүл
шоғырында
жинақталған
Ұсақ, ақшыл-көк
немесе күлгін-
қызыл түсті
189
Төменгі жапырақтарының тақтасы домалақ келген, бүтіншетті және
терең тарамдалған; ортаңғыларында – сына тәрізді сегменттерге үш ретке дейін
тарамды; жоғарғыларында – екі-үш тілікті сызықты – ланцетті (58-сурет).
58-сурет – Анис. 1,2-егін көгі мен гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 - сабақтың жоғарғы
бөлігі (гүл шоғырлары мен жапырақтары); 4 – гүлі; 5 – бүтін жемісі; 6 – тұқымдары
ажыратылған жемісі
59-сурет – Тмин. 1,2-егін көгі және гүлдену – жеміс-түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер;
3-жапырақтың жоғарғы бөлігі гүл шоғырларымен; 4-жапырағы; 5-жемісі; 6-
тұқымдық
190
Гүл шоғыры – күрделі шатырша, ол 7-20 шатыршықтардан құралған,
бұларда ақ немесе сарғыш күлтеше жапырақты гүлдер жинақталған. Анис –
ұзақ гүлдену кезеңді айқас тозаңданатын өсімдік.
Жеміс – жұмыртқа пішінді қостұқымдық. піскен жемістері – жасылдау-
сұр түсті, оларға жұғымды иіс пен тәттілеу дәм тән. 1000 жемісінің массасы –
1,5-4,0 г. Жемістің сыртқы беті қырлы (қабырғалы), олардың арасында
эфирмайлы 15 каналша орналасқан, ішкі жағында олар айтарлықтай аз
мөлшерде. Эфир майы жемістерінде ғана емес анис тамырлары, сабақтары мен
жапырақтарында да түзіледі.
Тмин (Cazum cazvi) балдыркөктер (Apiaceae) тұқымдасының екіжылдық
эфирмайлы өсімдігі. Тіршілігінің бірінші жылында айтарлықтай ірі кіндікті
тамыры мен жапырақ розеткасы дамиды. Оның сабағы бороздалы, бұтақты,
биіктігі 30-80 см; жапырақтары кезекті, екі немесе үш рет қауырсынды-тілікті,
сызықты өткір бөлікті; гүлдері ұзын гүл аяқшаларында бекіген, ұсақ, ақ түсті,
күрделі шатыршаға жинақталған (59-сурет).
Жемістері – ұзынша қостұқымдық, піскенде күңгірт-қоңыр түсті
жартылай жемістерге ажыратылады (бөлінеді). Әрбір жемістің бетінде 10
ұзынша қабырғашық болады, оларда эфир майы бар каналшықтар орналасқан.
1000 тұқымының массасы 2,3-2,5 г.
Бұрышты жалбыз – Mentha pipezifa L. – көпжылдық тамырсабақты
өсімдік (ерінгүлділер – яснотка тұқымдасы), өткір иісті және тістегенде
салқындатқыш сезім береді.
Бұрышты жалбыздың тамырсабағы топырақтың 5-6 см орналасады.
Сабағы –тік өседі, биіктігі 30-100 см аралығында, төртқырлы, бұтақты, жиі
жапырақтанған, жалаңаш немесе сирек қысыңқы қысқа түктермен көмкерілген.
Тік өсетін сабақтармен қатар топырақ тығыздығына байланысты топырақасты
немесе топырақ- үсті жайылмалы шыбықтар дамиды.
Жапырақтары – қарама-қарсы орналасқан, ұзынша-жұмыртқа
пішінді, қысқа сағақты, үшкірленген, жүрек пішінді негезімен және өткір
ара тісті шеттерімен, эфирмайлы бездері және жақсы жүйкеленуімен
сипатталады.
Гүлдері – ұсақ, қосжынысты, ашық-күлгін түсті, масақ тәрізді гүл
шоғырын түзетін өркендер төбесіне жинақталған жартылай күлте басты
(піспек пішінді). күлтеше жапырақшасы аздап бұрыс пішінді, қызғылт
немесе бозғылт-күлгін түсті. Жемісі төрт жаңғақтан тұрады, жемістері
сирек түзіледі.
Бұрышты жалбыз өсімдігінің жалпы кескіні 60-суретте берілген.
Мускатты шатраш (Salviasclazea L.). Ерінгүлділер (Яснотковые)
тұқымдасының көпжылдық шөптесін өсімдігі. Тамыры жақсы дамыған.
Сабақтары бұтақты, төртқырлы, биіктігі 100-120 см. Жапырақтары
қарама-қарсы орналасқан, ірі, ұзынша – жұмыртқа пішінді, әжімді, жиі
түктелген. Гүлдері қызғылт-күлгін немесе ашық-көкшіл күлтешесімен
бұтақ басында шоқгүл түзетін үш қарама-қарсы жартылай күлте баста
жинақталған. Жемістері құрғақ, жылтыр бетті төрт жаңғақтан құралған.
Гүл шоғыры 0,35 %-ға дейін эфир майын түзеді.
191
60-сурет – Бұрышты жалбыз. 1-гүлдену кезеңіндегі өсімдік; 2-өркеннің бір бөлігі
жапырақтары және гүлдерімен; 3-гүлі
Бақылау сұрақтары
1. Майлы және эфирмайлы дақылдардың латынша, орысша
атаулары.
2. Майлы және эфирмайлы дақылдардың ботаникалық көптүрлілігі
қандай ?
3. Майлы дақылдардың жемістері, тұқымдары, егін көгі, сабақтары,
жапырақтары, гүл шоғырлары бойынша айырмашылық белгілері.
4. Майлы дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінің айырмашылық
белгілері.
5. Күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктері.
6. Шағылатын, майлы және аралық күнбағыс шекілдеуігінің
белгілері мен құрылысы.
7. Кудряш зығырының белгілері.
8. Қышаның
түрлері
және
олардың
морфологиялық
айырмашылықтары.
9. Рапс
пен
арыштың
ботаникалық
сипаттамасы
жөне
морфологиялық белгілері.
10. Эфирмайлы дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері.
11. Пайдалануға
рұқсат етілген майлы және эфирмайлы
дақылдардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.
192
12. Майлы
және эфирмайлы дақылдардың сыртқы орта
факторларына қоятын талаптары және республиканың негізгі топырақ-
климат аймақтарында олармен қамтамасыз етілуі.
13. Майлы және эфирмайлы дақылдардың негізгі аймақтарда өсіру
технологияларының ерекшеліктері.
Тарау бойынша әдебиеттер
1
Қ.К.Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев,
Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов. Өсімдік шаруашылығы (оқулық),
-Алматы, 2011, 631 б.
2 Қ.К Әрінов., Н.И. Можаев., Н.А. Шестакова ж.б. Өсімдік шаруашылығы
практикумы (оқу құралы). -Астана, 2004, 281 б.
3 Аубакиров Т.А., Мейрамов М.Н. Горчица. -Алма-Ата: Кайнар,1980.
4 Борисоник З.Б. и др. Подсолнечник. - Киев: Урожай, 1985.
5 Васильев Д.С. Агротехника подсолнечника. -М.; Колос, 1983.
6 Васильев Д.С. Подсолнечник. - М.: Агропромиздат, 1990.
7 Гольцов А.А. и др. Рапс, сурепица. - М.: Колос, 1983.
8 Илялетдинов Ш.А. Масличные культуры. - Алма-Ата: Кайнар,
1976.
9 Кудрявцев В.А., Альжанова Р.М. Рост, развитие и устойчивость
растений. - Целиноград, 1982.
10 Кудрявцев В.А. Выращивание ярового рапса и сурепицы
кормовые цели и семена (рекомендации). -Алма-Ата: Кайнар, 1982.
11 Кудрявцев В.А. и др. Яровой рапс и сурепица (на семена орошении).
- Целиноград, 1987.
12 Смирнов И.А. и др. Масличные культуры в целинных районах.;
-М. Целиноград, 1966.
193
VII – ТАРАУ. МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР
1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
Қазақстан Республикасында жыртылған жердің 2,7 млн. гектардан
астамында (2001 ж) немесе егіс көлемінің 16% мал азықтық дақылдар
өсіріледі. Малдың қорада тұратын кезеңі мен жазғы үстеп коректендіруге
қажетті мал азығын өндіруге Қазақстанда өсірілетін мал азықтық
дақылдарды шартты түрде төмендегідей негізгі топтарға бөледі.
1. Сүрлемдік дақылдар; 2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 3.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер; 4. Біржылдық бұршақ тұқымдас
шөптер; 5. Біржылдық астық тұқымдас шөптер; 6. Мал азықтық
тамыржемістер; 7. Мал азықтық бақшалық дақылдар.
Сонымен қатар аз тараған мал азықтық өсімдіктер тобын бөлуге
болады, алайда олар өндірістік маңызға әзірше ие болған жоқ.
Қазақстанда негізгі сүрлемдік дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, сорго
өсіріледі. Дақылдардың негізгі өсірілу мақсаты – сүрлем алу (шай жүгері
және судан шөбі), тамыз-қыркүйектің екінші жартысында көк балаусаға
өсіру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, витаминді
– шөп ұнын алу үшін сонымен қатар жазғы айларда малды үстеп
қоректендіруге көк балаусаға өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас
шөптер қорытылатын протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады:
олардан алынған мал азығының әрбір азықтық өлшемінде жинау
технологиясын дұрыс сақтағаңда 180-250 г қорытылатын протеин
болады. Дақылдар мал азығы өндірісінде маңызды энергия көзі ғана емес,
сонымен бірге мал рационында белок және айырбасқа жатпайтын
аминқышқылдарын толықтырма болып табылады. Бұршақ тұқымдас
шөптер санатында республикада жоңышқа, эспарцет, түйе-жоқышқа,
қызыл беде себіледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк
балаусаға өсіріледі. Аймақта бұл топқа жататын дақылдар – еркекшөп,
қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, сұр бидайық.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жалқы азық алуға өсіріледі.
Бұл топтың дақылдары жасыл конвейер жасауда маңызды рөл атқарады
және негізгі өкілдері судан шөбі, итқонақ, қонақтары, мал азықтық шай
жүгері, сұлы, арпа, асбұршақ, ноғатық т.б.
Мал
азықтық
тамыржемістер
күзгі-қысқы
кезеңдерде
пайдаланылатын шырынды диетикалық және витаминді азықтар алу үшін
өсіріледі. Бұл топтың дақылдарынан қант және мал азықтық қызылша,
мал азықтық сәбіз, тарна және турнепс өсіріледі. Қазақстанда бұл
дақылдардың үлес салмағы өте төмен.
Аз тараған традициялы емес мал азықтық өсімдіктерге
интродукцияланған, яғни жабайы флорадан, немесе бұрын бұл аймақта
өсірілмеген мәдени өсімдіктерді жатқызуға болады.
194
2 МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ҚОРЕКТІЛІГІН БАҒАЛАУ
Т А П С Ы РМ А
1.
Дақылдардың өнімділігін азықтық құндылығы бойынша
анықтаудың әдістемесін меңгеру.
2. Мал азықтарының қоректілігін азықтық өлшеммен (а.ө.) есептеудің
әдістемесін меңгеру.
3. Шартты азықтық-протеиндік бірліктерді есептеудің әдістемесін
меңгеру.
4. Азықтық өлшемнің қорытылатын (сіңімді) протеинмен қамтамасыз
етілуін есептеудің әдістемесін меңгеру.
5. Мал азығына қажетсінуді есептеудің әдістемесін меңгеру.
Қазақстанда мал қораларында тұратын кезең ұзақ – солтүстікте 7-8
айдан оңтүстік аудандарда 4-6 айға дейін жазғы маусымда далалық
жайылымдар шілденің алғашқы жартысында-ақ күйіп кетеді, сондықтан
жазғы кезеңге мал азығын жасыл балауса конвейері жүйесінде өндіру
мұқтаждығы туады.
Мал азығының 50-70%-ке дейінгісі қораларда тұратын кезеңде
жұмсалатындықтан жасыл балаусадан сүрлену процесінде мал
азығының өнімділігін есептеу қажеттігі туындайды. Өнімділікті
есептеуде азықтық құндылыққа жасалған түзетулер 81-кестеде
келтірілген.
81-кесте – Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін
азықтық құндылығы бойынша есептеуге түзетулер (В.Р. Вильямс
атындағы мал азықтық ҒЗИ)
Дақылдардың (мал
азығының) атауы
Өнімді дайын мал азығына аударуға (шығымына)
түзетулер
Табиғи кептірілген
пішен
Өлшеп немесе өлшемей кіріске алынатын жасыл балауса
өнімнің 25 %-ті. Кіріске алынғанның 10 %-ті
тасымалдаған және сақтаған кездегі шығынға
шығарылады.
Қолдан кептірілген
пішен
Жасыл балауса өнімінің 30%-ті
Пішендеме
Жасыл балауса өнімінің 50%-ті
Сүрлем
Жасыл балауса өнімінің 70%-ті
Тамыр жемістер
Кіріске алынған өнім көлемінен сақтаған кездегі шығынға
10%-ті шегеріледі
Шөп ұны, түйіршіктер,
брикеттер
Жасыл балауса өнімінің көпжылдық шөптерден 25%-ті,
біржылдықтарда – 23%-ті
Астық орта есеппен
Бункерлік өнімнен өңдегендегі қоспаларға 15%-ті тұқымға
2,5 ц шегеріледі
Ескерту: Дәлірек түзетулерді шаруашылықтың орта есеппен соңғы 5 жылдағы
материалдарын негіздеп, әр шаруашылыққа жеке-жеке енгізген дұрыс.
195
Келтірілген анықтамалық материалдарды пайдалана отырып 1 га
егістіктен алынатын жасыл балауса өнімімен мал азығының кез келген
түрінің шығымын есептеуге болады.
Қазіргі уақытта әр түрлі мал азығының қоректілігін азықтық
өлшеммен (а.ө.) салыстырады, ал ол энергия мөлшері бойынша 1 кг
орташа сападағы сұлы астығына теңдестіріледі, кейде осыған
байланысты азықтық өлшемді "сұлылығы" деп те атайды.
Мал азығының қоректілігі мен ондағы азықтық өлшем
зоотехникалық талдау (аналитикалық әдістеме) бойынша анықталады.
Осыған сәйкес мал азығындағы судың, құрғақ заттардың, протеиннің
ақсылдың, майдың, клечатканың, азотсыз экстративті заттар (АЭЗ) мен
күлдің мөлшері анықталады. Жануарларға қойылған теңгермелік
тәжірибелерде қоректік заттардың сіңімділігі (қорытылуы), оның ішінде
протеиннің, анықталады, соңынан азықтық өлшем есептеледі.
Мал азықтары қоректілігінің орташа көрсеткіштерін есептеуде
кестелерді пайдаланады (кестелік тәсіл), мұнда көптеген талдаулардың
жадығаттары (материалдары) жинақталған. Мәселен, "КСРО мал
азықтары. Құрамы мен қоректілігі" атты 4-басылымды бұрынғы
Бүкілодақтық мал шаруашылығы институтымен (М.Ф. Томмэ, 1964)
3094 мал азықтарының түрлері үшін 65000 талдау жасалып жүйеленді.
Мұндай анықтамалықтар Қазақстанда да басылып шығарылған. Барлық
аталған анықтамалықтарда міндетті түрде мал азығының атауы, оның
алынған орны мен мерзімі, өсімдіктердің өсіп-даму кезеңі және азықтық
өлшем мен 1 кг немесе 100 кг мал азығындағы сіңімді протеин,
химиялық құрамы (%)-су, протеин, ақсыл, май, клечатка, АЭЗ, олардың
қорытылу коэффициенттері, сонымен қатар сіңімді қоректік заттар
мөлшері (%) көрсетіледі. Қосымшаньщ 9-кестесіңде Солтүстік
Қазақстандағы негізгі мал азықтарының түрлері үшін азықтық өлшем
мен сіңімді протеиннің орташа көрсеткіштері келтірілген.
Азықтық өлшемнің мөлшері мал азығындағы құрғақ заттардың
пайыздық мөлшеріне тікелей байланысты, басқаша айтқанда – мал
азығының ылғалдылығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым құрғақ
заттардың мөлшері көп, алайда, мысал үшін тамырында тұрып қалған
шөптер құрамында құрғақ заттар мол болғанмен, жоғары қоректілігімен
ерекшеленбейді. Жеміс салу кезеңінен кейін тамырында тұрып қалған
шөптердің құрамында құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы —
азықтың нашар қорытылатындығының белгісі. Дегенмен көптеген
дақылдар мен мал азықтары үшін азықтық өлшемнің мөлшерін түзету
коэффициентін қолданып өсімдіктердің жасыл балаусасындағы құрғақ
заттар пайызы арқылы есептеп шығаруға болады. Есептеуді мына
анықтамамен жүргізуге болады:
А
ө
= Қ
з
• Т
к
,
мұнда, А
ө
– 100 кг мал азығындағы азықтық өлшем саны;
Қ
з
– құрғақ зат, %;
Т
к
—
түзету коэффициенті
196
Жасыл балауса үшін түзету коэффициенті әртүрлі дақылдарда 0,70-
тен 0,94-ке дейін өзгереді.
В.Г.Нагорныйдың (1979) есептеулері бойынша мал азықтарына
төмендегідей түзету коэффициентін қолдануға болады: жүгері – 0,94,
күнбағыс — 0,84, еркек шөп — 0,74, көген тамырсыз бидайық – 0,70,
жоңышқа – 0,78, эспарцет – 0,92, түйежоңышқа – 0,81, күздік қара бидай
– 0,93.
Орта есеппен 3000 кг сүт сауылатын сиырға жылына 36-37 ц.а.ө.,
тәулігіне 10-11 а.ө., ал 4000 кг сауылғанда 43 ц.а.ө., 5000 және 6000 кг
сауылғанда - тиісінше жылына 48 және 54 ц.а.е. және жылына 3,7-5,5 ц
азықтық протеин қажет.
Мал азығы қоректілігінің келесі көрсеткіші азықтың қорытылатын
протеинмен теңдестірілуі. 300-техникалық мөлшер бойынша 1 а.ө-ге
105-110 г қорытылатын протеин келуге тиіс. 1 а.ө-ге есептегендегі
нақты қорытылатын протеиннің мөлшерін 1 кг мал азығындағы
қорытылатын протеин мөлшерін сол азықтық 1 кг-дағы а.ө-ге бөлу
жолымен табады. Осы тәсілмен қорытылатын протеин мөлшерімен
өзгешеленетін әртүрлі дақылдардан даярланатын мал азығының
теңдестерелгендігін бағалауға болады.
Кейде мал азығын бағалауға қолданылатын тағы бір көрсеткіші бар –
шартты азықтық-протеиндік бірлік, ол бір өлшем егістіктен алынған
белгілі бір дақылдың белгілі бір азық түрінің қорытылатын протеинмен
теңдестірілген азықтық өлшем санын сипаттайды.
1 га егістіктен жиналатын шартты азықтық протеиндік бірлікті
мына анықтамамен есептейді:
А
п
= Ө • А
е
• П,
мұнда, А
п
– 1 га егістіктен жиналған азықтық-протеиндік бірлік, ц;
Ө – дақылдың өнімі, ц/га;
А
ө
– 1 ц мал азығындағы а.ө. мөлшері;
П – мал азығының протеинмен қамтамасыз етілу көрсеткіші,
ол азықтық өлшемдегі нақты протеин мөлшерінің (г) нормативті
мөлшеріне қатынасымен анықталады.
Мысалы,
71
,
0
110
78
г
Нормасы
г
Накты
Бақылау сұрақтары
1. "Азықтық өлшем" түсінігіне анықтама беру. Азықтық өлшемдердің
қоректілігін есептеу әдістемесі.
2. Азықтық-протеиндік бірлік деген не және оны есептеудің
әдістемесі?
3. Азықтың қорылытатын (сіңімді) протеин мен айырбасқа жатпайтын
амин қышқылдарымен теңдестірілуі түсінігі және азықтардың
протеинмен қамтамасыз етілуіңде зоотехникалық норма деген не ?
197
4. Құрғақ зат арқылы азықтық өлшемді есептеу әдістемесінің мәні неде ?
Түзету коэффициенттерінің жобалы мәні ?
5. Мал азықтарының қажетті мөлшерін есептеу әдістемесі қандай?
3 СҮРЛЕМДІК ДАҚЫЛДАР
СҮРЛЕМ САПАСЫ ЖӘНЕ ЖИНАУ МЕН СҮРЛЕМДІК
МАССАНЫ САЛУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ТАПСЫРМА
1. Сүрлем сапасына қойылатын талаптармен, дақылдарды жинау
және сүрлемдік массаны салу үрдісімен (процесімен) танысу.
2. Сүрлем дайындалатын өсімдіктер мен шикізатқа қойылатын
талаптар.
Сүрлемнің 4-3 кластарына салынатын өсімдік түрлеріне байланысты
жоғары талаптар қойылады: протеин 14-8% -тен, жалпы құрғақ
заттардың үлесі 30-12%-тен, каротин 60-30 мг/кг-нан, жалпы
қышқылдағы сүт қышқылының үлесі 40-50%-тен төмен, ал жалпы
құрғақ заттағы күлдің үлесі 10-17%-тен, рН мөлшері 3,8-4,5-тан, май
қьшқылы 0,1-0,3-тен артық болмауға тиіс. Жақсы сүрлемге жемістердің
сүйкімді иісі, ашытылған көкөністердің иістері тән.
1-3 класты сүрлем алу үшін жоғары сапалы шикізат болғаны жөн,
өсімдіктер жеңіл сүрленетін болуға тиіс, жеткілікті мөлшерде қант
болуы керек, басқаша айтқанда сүрлену процесінде қажетті мөлшерде сүт
қышқылы түзілуге тиіс, ал ол сутегі иондарының концентрациясын
қолайлы мөлшерге – рН 4,0-4,2-қа жеткізеді.
Мал азықтық дақылдарды жинау мен сүрлемге салудың
технологиялық үрдістеріне төмендегідей негізгі талаптар қойылады:
ұзын сабақты дақылдардың шабу биіктігі 12 см, шөптесіңдерде 5-7 см;
массаның ұсақталып кесілуі өсімдіктердің ылғалдылығына байланысты –
70% және одан төмен болғанда бөліктердің ұзындығы 30 мм-ге дейін, 71-
75% болғанда – 40 мм-ге дейін, 75% және одан жоғарыда – 50 мм-ге
дейін және жүгерінің қамырланып пісу кезеңінде – 15 мм-ге дейін
реттеледі.
Күн сайын салынатын тығыздалған сүрлем қабатының қалыңдығы
0,8 м-ден төмен болмауға тиіс, сыйымдылықты толтыруға кететін уақыт 3-
5 тәуліктен аспағаны жөн, қоймаға салынған сүрлемдік массаның
температурасы 37°С-дан асырылмайды, тығыздалған шикізаттың
көлемдік массасы (тығыздығы) жасыл балаусаның ылғалдылығы 70%
және одан төмен болғанда – 650-700 кг/м
3
, ылғалдылығы 70% -тен
жоғары болғанда – 700-800 кг/м
3
.
198
ЖҮГЕРІ – КУКУРУЗА – ZEA MAYS
ТАПСЫРМА
1. Өсімдік құрылысының ерекшеліктерін (тамыр жүйесін, сабақ,
жапырақ, гүл шоғыры, масақшалар, собық және дәндердің) оқып-
үйрену.
2. Дәндері бойынша жүгерінің түр тармақтарын анықтау.
3. Даму кезеңдерін оқып-үйрену.
4. Маңызды будандарды сипаттау.
5. Суарылмайтын жерлерде жүгеріні астыққа және сүрлемге өсіру
технологиясын жасау (аймақтың топырақ-климат ерекшеліктерін ескере
отырып).
6. Суармалы
жерлерде жүгеріні сүрлемге өсірудің пәрменді
технологиясын жасау (топырақ-климат жағдайына қарай).
7. Жүгеріні сүрлемге собықтарымен өсірудің технологиясын жасау (жылу
тапшылығы бар өңірде астық технологиясы).
Жүгері біржылдық бір үйлі, мәдени өсімдік, қоңырбастар (Роасеае)
тұқымдасына, тары тәрізділер (Раnісосіае) тұқымдас тармағына, маистар
(maydceaе) трибасына жатады. Маистар трибасы 8 туыстықты
біріктіреді, соның ішінде (Zea еuchlaene) туыстығы, оның жүгерімен көп
ұқсастығы бар және онымен жеңіл будандасады. Zea туыстығының жалғыз
ақ түрі бар - mays, оның үстіне бұл туыстықтың жабайы түрлері жоқ.
Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, Ф.М. Куперманның (1959)
сипаттауында бес түрлі – ұрықтық, гипокотильді, немесе бүйір, ұрықтық
эпикотильді, буын және сүйеніш тамырлар ажыратылады.
Жүгерінің дәні өне бастағанда әуелі 30-40 см тереңдіке тез
бойлайтын бір ұрықтық тамыр түзеді, көпшілік сорттары мен
будандарында 2-3 тәуліктен соң-ақ 2-ден 7-ге дейін бүйір тамырлары
түзіледі, бірқатар сорттарында олар түзілмейді.
Гипокодильді бүйір тамырлары бұтақтанады және ұрықтық
тамырлармен
бірігіп
бірінші
дәрежелі
тамырлар
жүйесін
қалыптастырады, олар бірінші қабаттың тамырлары деп есептеледі. Бұл
тамырлар көктегеннен кейінгі алғашқы 2-3 аптада өсімдікті су және
қоректік заттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады, ал соңынан
мұндай рөлі не төмендейді, немесе мүлде тоқтайды.
Эпикотильді тамыршалар өсімдіктің эпикатильді бөлігінен пайда
болады, ұзындығы тұқымның топыраққа сіңірілу тереңдігіне
байланысты өзгереді және өте терең сіңірілгенде (10-15 см) дамиды. Бұл
тамыршалар тамырлардың екінші қабатын құрайды, алайда өсімдіктердің
қоректенуінде олардың рөлі шамалы. Тамырлардың үшінші қабаты
негізгі және өсімдіктер тіршілігіндегі барынша маңызды – буын
тамырлары, олар сабақтың алғашқы 3-5 жерасты буындерінен дамиды
және олардың біріншісі топырақ бетінен 3-4 см терендікте орналасады.
Буын тамырлар жан-жағына 1 м-ге дейін тарайды соңынан 2-2,5 м-ге
199
топыраққа бойлайды, бірақ олардың негізгі массасы 30 см топырақ
қабатында шоғырланған. Жүгерінің өскіні мен тамыршалары 61-суретте
берілген.
61-сурет – Жүгерінің өскіні: 1-бірінші ұрықтық жапырақ; 2-колеоптиле
(қынаптық жапырақ); 3-қосалқы тамырлар; 4-мезокотиль; 5-колеориза
(тамыр қынабы); 6-біріншілік тамырлар; 7-екіншілік тамырлар
Сүйеніш тамырлар сабақтың топыраққа жақын орналасқан 2-З
буындерінен тарайды. Бұл тамырлардың диаметрі буын тамырларға,
қарағанда үлкен, қалың қорғаныш тканьмен қапталған, хлорофилй түзеді
және жасылданады. Қолайлы жағдайларда негізгі қызметінен басқа –
өсімдіктерді жапырылып қалмаудан сақтау – өсімдіктердің қоректенуінде
рөл атқарады (тамырлардың 4-ші қабаты). Егін көгі шыққаннан кейін
алғашқы 45-50 күнде жер үсті массасы баяу өседі, есесіне тамыр
жүйесіпәрменді өседі де жер үсті массасынан бірнеше есе асып түседі.
Жүгерінің сабағы цилиндр пішінді сорт, будан және өсіру
ерекше-ліктеріне қарай 0,5м-ден 7 м дейін биіктікке жете Қазақстанда
пайдалануға рұқсат етілген ерте және ортадан ерте пісе
будандарының
биіктігі 2,0-2,5 м дейін. Буын және аралықтарының саны будандар
мен сорттарына қарай 8-40 аралығында – төменгі буын (буын)
аралықтары барынша қысқа, ал жоғарғылары барынша ұзын.
Олардың 3-10 жер асты, 6-30 және одан жоғары жер үсті
буынаралықтары болады. Төменгі буынаралықтары барынша қысқа
жоғарғылары барынша ұзын.
Ұрықтық сабақтардың буындарға дифференциясы ұрықтық
жапырақтар пайда болғаннан кейін жүреді.
200
Пісу мерзімі әртүрлі будандар мен сорттардың биіктігіндегі
айырмашылық буындар саны мен буынаралықтарының ұзындығына
байланысты өзгереді деп қорытындылауға болады, ал будан
шеңберінде әр буынаралығының өсуіне әсер ететін жағдайла
байланысты. Буынаралықтардың өсуі интерколярлық өсу есебін төменгі
буынаралықтан басталып бірте-бірте жоғарғыларына ауысады.
Сабақтың барынша пәрменді өсуі сіпсебастың жоғарғы жапырақ
қынабынан шығарда және гүлденудің бас кезінде байқалады, жылы әрі
ылғалды күндері тәулігіне 10-20 см дейін ұзындық қосады, гүлдену
кезеңінің аяқталуымен жүгерінің бойлап өсуі тоқталады. Сабақтың
буынаралықтары жапырақ қынабымен жабылған, олардың қолтығыңда
бір-бірден қолтық өркен қалыптасады да сабақта оның пайда болған
орнында шамалы ойық түзіледі.
Әдетте ерте пісетін будандарда төменгі және жер-асты буындарынан
ұзын өркендер дамиды, ал олардың қалыптасуы сорттық ерекшеліктер мен
өсіру жағдайларына қарай өзгереді, бірқатар орташа мерзімде және кеш
пісетін сорттар мен будандарда олар түзілмейді.
Қолтық өркендерден, 2-4 жоғарғыларынан басқасынан, жүгері собығы
дамиды, ал ол түр өзгерісіне ұшыраған бүйір сабақ болып табылады.
Сабақ жапырағы қанша болса, сонша собық түзіле алады, алайда
аудандастырылған будандарда 5-10 буынаралықтарындағы жапырақ
қолтығынан ғана түзіледі. Жүгерінің сабағы жасыл күйін ұзақ уақыт
сақтайды. Ол сыртынан эпидермиспен қапталған, одан кейін сабақтың
діңі орналасқан, ол бір-біріне жабыса орналасқан түтікті-талшықты
шоқтардан түрады және сабақтың қатты қабырғасын құрайды. Сабақтың
өзегі борпас паренхима клеткаларынан тұрады, олардың бойынан өткізгіш
шоқтар өтеді де олардан бүйір өркендер мен жапырақ түзіледі.
Жүгерінің жапырағы, басқа астық тұқымдастардағы сияқты
төменгі және орта буын аралығын тығыз жауып тұратын жапырақ
табынан және енді әрі ұзын жапырақ тақтасы мен кішірек келген
тілшеден құралған. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы әртүрлі будандар
жапырақтар санының әртүрлілігімен де ерекшеленеді және олардың
саны 8-ден 30-40-қа дейін өзгереді. Осы заманғы жүйелеу бойынша пісу
мерзіміне қарай жүгері будандары 7 топқа бөлінеді (82-кесте).
Жапырақтарының саны бойынша әрбір келесі топ алдыңғысынан 2-3
жапыраққа және 200°С белсенді жиынтық температураға ажырасады.
Солтүстік Қазақстанда жапырақтар саны 15-16 болатын ортадан ерте
және жапырақтар саны 12-14 болатын ерте пісетін будандар
аудандастырылған.
Дүниежүзілік тәжірибеде жүгері будандарын пісу мерзіміне
байланысты топтау соңғы жылдары ФАО (БҰҮ азық-түлік және а.ш.
жөніндегі халықаралық комиссия) бекіткен жүйелеу қолданылады,
мұнда өте ерте пісетін будандар үшін 100-ден 149 бірлікке дейін, ерте
пісетіндерге 150-199, 3-топта 200-299 ж.б. (74-кесте) қарастырылған.
201
82-кесте – Будандарды пісу топтарына және олардың жылу режиміне
қоятын талаптарына қарай жүйелеу
Будандардың
пісу топтары
Пісу
тобының
нөмірі
Жапырақ
саны
Белсенді
температура
жиынтығы,
град.
ФАО
бірлік
Қазақстанда
себу-сүттене
пісу кезеңінің
ұзақтығы,
тәулік
Өре ерте пісетін
1
11 дейін
2100
100-149
95-105
Ерте пісетін
2
12-14
2200
150-199
105-110
Ортадан ерте
пісетін
3
15-16
2400
200-299
115-120
Орташа
мерзімде пісетін
4
17-18
2600
300-399
120-130
Ортадан кеш
пісетін
5
19-20
2800
400-499
130-140
Кеш пісетін
6
21-23
2900-3000
500-599
140-145
Өте кеш пісетін
7
>23
>3000
>600
Будандарды пісу мерзіміне байланысты бұлай бөлу оларды
нақты сипаттауға мүмкіндік береді, өйткені топтар арасындағы
айырмашылық 200° өсіп-жетілу кезеңінің 8-10 тәулігіне сәйкес
келеді, ал ФАО бірліктері-белсенді жиынтық температура мен өсіп-
жетілу кезеңін айтарлықтай нақты анықтауға мүмкіңдік береді.
Соңдықтан нақты жағдайда биоклиматтық көрсеткіштерді ескеріп
барынша жоғары
мүмкін өнім (астық, сүрлем) алуды қамтамасыз ететін
будандарды таңдап алуға болады.
Осыған орай, жылу ресурстарына байланысты әртүрлі елдерде
жүгері будандарының тұқымдарын ФАО-ның мынадай жүйелеу
көрсеткіштері ұсынылады: Алмания 180-250; Франция 230-400; Италия 0
600-700; АҚШ 400-600 басқаша айтқанда Алманияда пісу мерзіміне
қарай 2-ші, 3-ші топ будандары пісіп үлгереді, алайда 180 көрсеткіші 3-
топқа жақын, қажетті белсенді температура жиынтығы 250 бірлікте;
шамамен 2500°С.
Сабақтық жапырақтар онтогенезде ұрықтық будандармен;
буынаралықтардың дифференциясы кезеңінде салынады, соңынан
жапырақтар саны өзгермейді.
Жүгерінің барлық жапырақтарын 4 негізгі топқа бөлуге болады:
ұрықтық, нағыз сабақтық, төбе және орауыш. Жүгеріде ұрықтық
жапырақтар саны 4-7, кейде одан да көп, собықтардың пісу
арсаңында бұл жапырақтардың тақталары солып, түсіп қалады. Нағыз
сабақтық жапырақтарға қолтығында бүршіктер түзілетін жапырақтар
жатады.
Төбе жапырақтары – бүршіктер қолтығынан шыққандар, осыған
202
сәйкес бүйір өркендер түзілмейді.
Орауыш жапырақтар жапырақ қынабын құрайтын бөлігі, жапырақ
тақтасы өте кішкентай, екінші дәрежелі қысқа өркендерде орналасқан,
онда собық қалыптасады (62-сурет).
Жапырақ тақтасының эпидермис қабатында өте көп мөлшерде
устьицелер болады – бір өсімдікте 100-200 млн, мұның өзі өсімдіктерде
ауа алмасуын жақсартады. Бір өсімдіктің жапырақ беті ауданы буданның
пісу тобы мен өсіру жағдайларына байланысты 0,3-тан 1,2 шаршы м-ге
дейін өзгереді.
Гүл шоғыры мен гүлдің құрылысы. Жүгері бір үйлі, дербес
жынысты өсімдік, үш типтегі гүлдер қалыптастырады – аталықтар,
аналықтар, кейде қосжыныстылар.
Аталық гүлдерде негізінен аталық генеративті органдар – аталықтар
дамиды және олар аталық гүл шоғырында – сіпсебаста (шашақта)
жинақталған. Мұнда аналық ұрықтар ерте солып қалады
(редукцияланады).
Аналық гүлдерде аналық генеративтік органдар дамиды, ал аталық
ұрық қаптары ерте солып қалады. Аналықтар қысқарған бүйір
өркендерінде қалыптасады, аналық гүл шоғырын — собық түзеді.
Қосжынысты гүлдер жиі түрде өте ерте пісетін сорттарда және
бүйір бүршіктерде (қысқарған) қалыптасады.
Жүгерінің сіпсебасы басқа шашақты астықтан бұтақтарының әлсіз
бұтақтануымен ерекшеленеді, жиі түрде 2-3-бүйір бұтақты сіпсебас
62-сурет – Жүгері: 1,2-егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3,4-аталық
гүл шоғыры және масақша; 5,6-аналық гүл шоғыры және масақша
203
кездеседі. Сіпсебаста масақшалар жұптасып орналасқан, біреуінің
масақша білігі ұзын болады, екіншісінде екі гүл қысқа масақшалар.
Олардың әрқайсысы екі гүл қабықшалары мен үш аталықтан тұрады (63-
сурет).
Собықта масақшалар, сіпсебастағы сияқты, жұптас орналасады да
тығыз етті собық білігінің ұзына бойына бойлай қатарлар
қалыптастырады. Собық масақшаларының құрылым сіпсебастағыға
ұқсас – екі гүлді. Алайда біреуі ерте сөніп қалады да екіншісі ғана бір дән
түзеді, осыған сәйкес собықта көбінесе жұп қатарлы дәндер
қалыптасады – 4-812-16-20 және 32-ге дейін кей дәндер қатарының саны
6-10-15-19 түрінде болады.
Собықтардың ұзындығы әртүрлі және масақшалар саны 20-дан 50-ге
дейін және одан да көп болуы мүмкін. Собық білігінің жуандығы мен
тығыздығы әртүрлі және піскен кездегі оның массасы бүк собықтың
18-25%-не тең.
Жүгерінің жемісі – дән, көпқабатты перикарпий қабығынан тұрады.
Жеміс қабығының түсі пигментке байланысты сары, қызыл қызғылт,
қоңыр – шие түсті, күлгін болып келеді, пигменттері болмағандағы
негізгі түсі – ақ. Эндоспермнің түсі – қоңыр-сары, сары, ашық-сары және
ақ. Эндосперм ұнды, мүйіз тәрізді, шынылы және балауызды болып
бөлінеді. Дәннің төменгі жақ бүйірінде қалқанымен ұрық орналасқан.
Ұрықта 5-7 ұрық жапырақшалары бар алғаш бүршікті, ұрықтық
тамыршаны және эпикатилді ажыратуға болады (64-сурет).
1000 дәннің массасы будандар мен сорттарына қарай әртүрлі: ұсақ
тұқымдыларда 100-150 г, ірі тұқымдыларда 300-400 г. Солтүстік
Қазақстанда аудандастырылғандарында 200-300 г. Бұдан түрі мен өсіру
жағдайларына қарай бір собықта 200-ден 1000-ға дейін (орта есеппен 500-
600) дән қалыптасады.
63-сурет – 1-гүлдеп тұрғандағы жүгерінің гүл шоғыры (шашақ); 2-шашақтың
жеке масақшасы; 3-аналық гүл шоғыры (собық); 4-төбесінде екіге айырылған
аналық аузымен аяқталған бағаналары мен үш жатын
204
Түр тармақтарын анықтау. Жүгерінің Zеа mаys түрі мынадай
белгілері бойынша 9 түр тармақтарына бөлінеді: дән ірілігі мен беті,
дәннің бет құрылысы, дәнде мүйіз тәрізді эндоспермнің дамуы, дәннің
қабықтылығы 65,66-суреттерде және 83-кестеде түр тармақтарының
айырмашылықтары келтірілген.
65-сурет – Әртүрлі жүгері түр тармақтары дәндеріндегі ұнды және мүйізді
эндосперм бөліктерінің ара қатынасы (бой қимасы);
1-тіс тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-жарылмалы арпалы; 6-қанттық
Одесский 80 МВ. Украинаның Жеребков ТС шығарылған. Алты
линиялы будан. Өсімдік биік өседі, 220-280 см биіктіктегі негізгі сабақта
15-16 жапырақ қалыптасады. Дәні тіс тәрізді, кейде кремнийлі сары, ақ
түсті. 1000 санының массасы 250-300 г. ортадан ерте пісетін будан, 1986
(1,2,3,4,6,7,9,10,11,12).
Молдавский 257 СВ. Молдавияның жүгері ҒЗИ-да шығарылған. Дәні
ашық сары түсті жартылай кремнийлі және қызыл собықты сортотип
түріне жатады. Өсімдігінің биіктігі 150-209 см, жапырақ саны 15, ерте
пісетін будан, 1000 дәннің массасы 218 г, 1989 (4,6,9,12).
Молдавский 215 МВ. Молдавияның жүгері ҒЗИ-да шығарылған. Ерте
пісетін сортотип түрінің дәні сары тіс тәрізді және собық білігінің түсі
қызыл. Өсімдік биіктігі 136 см дейін. 12-14 жапырақ түзеді. 1000 дәнінің
массасы 260 г, 1989 (1,2,7,11,12)
64-сурет – Жүгері дәнінің бой кесіндісі:
1-қабығы; 2-мүйізді эндосперм; 3-ұнды
эндосперм; 4-қалқан (щиток); 5-қалқанның
сору бөлігі; 6-тамыр; 7-тамыр қынабы;
9-бүршік жас жапырақтарымен
205
66-сурет – Жүгері: піскен собықтар мен дәндер және негізгі түр тармақтары: 1-тіс
тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-қанттық; 5-жарылмалы
Даму кезеңдері. Мынадай кезеңдерді ажыратады: тұқымның өнуі –
ұрықтық тамырша шығады, егін көгі (көктеу) – бірінші жапырақтың
пайда болуы, үшінші жапырақ кезеңі – өсімдіктің толық фотосинтез
есебінен қоректенуге көшуі, бұтақтануы – төменгі жапырақтар
қолтығынан бүйір өркендерінің (өгей бұтақтардың) шығуы, түтікке шығу
– топырақ бетінде төменгі сабақ буынының (буынның) пайда болуы,
7,9,11-жапырақтар
кезеңі – әрқайсыларының пайда болуымен
ажыратылады, шашақтану – жоғарғы жапырақ қолтығынан сіпсебастың
(шашақтың) шығуы, шашақтың гүлденуі – тозаңдықтардан тозаңдардың
шашыла бастауы, собықтың гүлденуі – орауыш астынан жіпті
бағаналардың (аналықтардың) пайда болуы, дәннің сүттене пісу күйі –
орауышы (қабығы) жасыл, дәнде сүттің пайда болуы, дәннің қамырланған
күйі – эндосперм қамыр консистенциясына ие болады, хлорофил бұзылған
және орауыштарда аздап сақталған, балауызданып пісу – орауыштар
сарғайып кебеді, собық ортасындағы дәндер балауыз консистенциясына
енеді, толық пісу – дәндер қатаяды, өсімдік кеуіп сарғаяды.
206
83-кесте – Жүгері түр тармақтарының айырмашылық белгілері
Белгілері
Тіс тәрізді Крменийлі
Крахмалды
Тіс тәрізді
кремнийлі
Қантты
Жарылма-
лы
Крахмалды-
қантты
Балауыз
тәрізді
Қабықты
Эндосперм-
нің мүйіз
тәрізді
бөлігі
Дәннің
бүйірлерін-
де дамыған
Дәннің
айналасын-
да дамыған
Жоқ, немесе
дән төбесінде
әлсіз
дамыған
Күшті
дамыған.
әдетте бүкіл
дәнді
толтырған
Күшті,
дамыған
әдетте бүкіл
дәнді
толтырған
Күшті
дамыған
әдетте бүкіл
дәнді
толтырған
Дәннің
айналасын-
да күшті
дамыған
Дәннің
айналасын-
да күшті
дамыған,
жылтыр
емес
Күшті
дамыған
Эндосперм
нің ұнды
(крахмал-
ды) бөлігі
Дәннің
ортасында
ғана және
төбесінде
Дәннің
ортасында
ғана
Күшті
дамыған,
әдетте бүкіл
дәнді
толтырған
Дәннің
ортасында
Жоқ
Жоқ
немесе
ұрық
маңында
әлсіз
дамыған
Дәннің
ортасында
ғана
Дәннің
ортасында
ғана
Жоқ
Дән және
оның
төбесінің
пішіні
Ұзынша,
тегіс бетті,
шеттерін-
де ойықты
Домалақ
тегіс және
жылтыр
бетті
Домалақ
тегіс бетті
собықтың
ортасындағы
дәндердің
төбесінде
кішірек ойық
бар
Бұрыс (ми)
пішінді
беттері
әжімден-
ген
Домалақ
немесе
ұзынша
домалақ
беттері тегіс,
төбесі
домалақтау
немесе құс
тұмсығы
тәрізді
үшкірленген
күршті
Бұрыс (ми)
пішінді
беттері
әжімденген
Домалақ
тегіс
күңгірт-ақ
түсті
Ұзынша
келген беті
тегіс
Домалақ
тегіс
бетті,
күңгірт-
ақ түсті
Дәннің
ірілігі
Ірі
Негізінен
ұсақ
тұқымды
Ірі
Ірі
Негізінен ірі
түқымды
Ұсақ
тұқымды
Ірі
Ұсақ
Ұсақ
207
Пайдалануға рұқсат етілген жүгері будандары:
Соңғы жылдары пайдалануға рұқсат етілген жүгері будандары:
Алатау 107 ТВ, 1992 (3,7,8); Алтай 250 МВ, 1994 (1,3,9,12); Бильбао, 1996
(3); Будан 237 МВ, 1994 (1,2,3,5,7,8,9,10); ДК 636, 1997 (6,14); Доллар,
2000 (5,6); Драхма, 2000 (3); Дупло, 2001 (5); ЗПСК 704, 2001 (3);
Импакт, 1996 (10); Каз ЗП 125, 1996 (1,2), Каз ЗП 678, 1996 (3,14);
КазНИИЗ 74, 1975 (3,6); Казахстанский 162 МВ, 2001 (7);
Казахстанский 43 ТВ, 1979 (3,6,14); Казахстанский 587 ТВ, 1993 (3,9);
Казахстанский 700 СВ, 1993 (5,13) Молдавский 456 МВ, 1993 (3);
Паллас, 1998 (10); Призма, 1997 (3,6,14); Сары-Арка 150 АСВ, 1994
(1,2,3,5,8,10); Сервия, 1998 (14); Сибирячка 1994 (5); Скандия, 2001
(10); Достарыңызбен бөлісу: |