Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы
Ӛмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми-техникалық прогресс еңбектің алуан
саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, есте сақтау, ойлану
процестерінің белсенділігін дәл, тез бағдарлауға және түсіп жатқан ақпарат
тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді. Осыған байланысты
балаларды құрсақтағы кезеңнен бастап дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру,
денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы
қоғамдық ӛмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып
табылады. Сондықтан балалардың дене тәрбиесі теориясы саласындағы
мәселелер сан алуан және келелі. Олар балалардың психикалық-физиологиялық
дамуына және оның туған күнінен басталатын қимыл-қозғалысына қатысты
заңдылықтардың аса маңызды мәселелерін: балалардың потенциялдық
мүмкіндіктерін және олардың дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасауды
зерттейтін; барлық жас кезеңінде бүкіл тәрбиелеу-білім беру процесінің
мазмұны мен әдістерін ғылыми негізделген қозғалыс тәртібін, жүйке жүйесінің,
шынығудың гигиенасын қорытып жасап шығуға кешенді қарауды; қажетті
бағдар таба білуге тәрбиелеуді, адамгершілікті сана мен мінез-құлыққа ӛзінше
ойлануға,
сабақтың
алуан
түрлерінде
және
ойындық
іс-әрекетте
шығармашылық белсенділікке, спортқа, еңбекке т.б.деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеуді қамтиды. Аталып ӛткен проблемаларды шешу ғылыми мекемелер
бастарын
қосып
біріктірген
ғалым-педагогтардың,
психологтардың,
физиологтардың, дәрігерлердің бірлесе күш жұмсауымен жүзеге асырылады.
Қазақстандағы мектепке дейінгі ғылымның дамуы туралы айтқанда бір атап
ӛтерлігі, 1924 жылы Орынборда тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ
"Mектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жӛніндегі нұсқау" жарыққа шықты.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне байланысты журналист Нәзипа
Құлжанованың "Mектептен бұрынғы тәрбие", "Aна мен бала тәрбиесі" атты
еңбектері мектепке дейінгі тәрбиенің алтын қорына қосылды. Ағартушы-
ғалымдар:А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу жӛніндегі педагогикалық ой-пікірлері басшылыққа
алынды. 1945 жылы мектепке дейінгі мекемелер алдындағы теориялық және
тәжірибелік міндеттер анықталды. 1947 жылы республикалық деңгейдегі
ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, ғалымдар, балалар
жазушылары, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер мен әдіскерлері қатысты.
1950 ж. Қазақ КСР Оқу министрлігінің ЬLАлтынсарин атындағы Педагогика
ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылып, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуде зор үлес қосты. Бүгінгі таңда педагог ғалымдар: A.B.
Андросова, Б.Арзанбаева, Б.Б.Баймұратова, C.Г.Бәтібаева, Н.Баримбеков,
Ә.C.Әмірова,
Г.X.Дүкенбаева,
З.Д.Еденбаева,
А.К.Меңжанова,
Г.Ж.Меңлібекова, Т.А.Макеева, Қ.M.Меңдаяқова, Г.Метербаева, Т.А.Левченко,
A.E.Манкеш,
M.T.Тұрыскелдина,
Ж.А.Исмайлова,
Т.Иманбеков,
36
Ф.H.Жұмабекова, C.H. Жиенбаева, О.Жұмадиллаева, M.C. Сәтімбекова,
А.Ж.Салиева, Ш.Сапарбаева, Н.Сайлауова, F.З.Таубаева, X.T.Шерязданова,
А.А.Нурахунова, т.б. мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша
зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған. Аталған
ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму,
қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады. Мектепке дейінгі дене тәрбиесі
теориясы мен әдістемесі мәселелері Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық
ғылымдар Академиясының мектепке дейінгі тәрбие кабинеттерінде, мектепке
дейінгі балалық шақ орталығында, дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-
практикалық орталығында, Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру
жүйесінің әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарында
(мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды
сыныптары, түрлі деңгейдегі БКИ-дегі мектепке дейінгі тәрбие және мектеп
алды дайындық кабинеттері, жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім
беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бӛлімдері)
жүзеге асырылуда. Ғылыми ақыл ойды дамытуда және дене тәрбиесі
саласындағы ғалымдарды біріктіруде Педагогика ғылымдары академиясы мен
Білім және ғылым министрліктері ұйымдастыратын конференциялардың да
маңызды мәні бар. Бұл конференциялар ғалымдардың белгілі бір кезеңдегі
зерттеу жұмыстарының қорытындысын шығарады және алдағы ғылыми
ізденістердің перспективаларымен, дене тәрбиесінің біздің еліміздегі қоғамдық
мектепке
дейінгі
тәрбиенің
дамуымен
сәйкес
туындайтын
ӛзекті
проблемаларды талдап қорытумен таныстырады. Дене тәрбиесі жалпы
мәдениеттің құрамдас бӛлігі. Бір сӛзбен айтқанда, денсаулықты қолдаудың жай
ғана тиімді құралы емес, сонымен бірге адамның қоғамда табысты болу
мүмкіндігі.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бӛлігі, адамның дене
қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік
қызметтің бір саласы. Жан-жақты дамуды дене тәрбиесінсіз елестету
мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібіне спортпен жүйелі
айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты
пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас
адамды айтамыз.
Қазақстанда кезкелген азаматтың денсаулығын сақтау жолында қалаған
спорт түрімен айналысуға, дене шынықтыруға жағдай жасалған. Үкіметіміз
халықтың денсаулығын, дене тәрбиесін жақсарту мақсатында кӛптеген заң,
бағдарламалар қабылдады. Атап айтсақ. «Қазақстан Республикасында дене
шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене
тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары туралы ережесі», «Дене
шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2
желтоқсандағы N 490 Заңы», «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» т.т. (Қосымшада заң, бағдарлама мазмұны ұсынылған).
Сонымен бірге құрсақтағы кезеңнен бастап ана мен бала денсаулығын қорғау
37
мақсатында арнайы перинатальдық орталықтар болашақ ұрпақ үшін жұмыс
жасауда. Дене тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛлудегі негізгі міндеттердің бірі-
балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру-сауықтыру және
спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, ӛйткені дене тәрбиесінің
негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Мектепке дейінгі кезеңнен
дене жаттығуларымен айналысу нәтижесінде спортқа қызығушылық
қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады. Осы қажеттілікті ескере
отырып, Қазақстан үкіметі білім беру саласының барлық буындарында, жалпы
бұқараның спортпен айналысуына, дене қимылын дамытып, салауатты ӛмір
салтын қалыптастыру мақсатында барлық жағдайларды жасауда. Оның айғағы-
барлық ӛлкелердегі спорт мектептері, стадиондар, спорттық-сауықтыру
кешендері, спорт залдары, спорт алаңдары, т.т. Тәуелсіз Қазақстанның кӛк
байрағын әлем тӛрінде желбіретіп жүрген олимпиада чемпиондарының,
спортшыларымыздың жетістіктері соның дәлелі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы
теорияның дамуына Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі қандай?
2. XVII
ғасырдың екінші жартысындағы Епифаний Славинецкийдің
балалардың дене тәрбиесі жӛнінде айтқан ойларына баға беріңіз.
3. Ресейде дене тәрбиесінің ӛзіндік теориясын жасаушы П.Ф.Лесгафт
еңбектеріне ашып кӛрсетіңіз.
4. Ресейдегі дене шынықтыру білімі негізін салушы ретінде жас ұрпақ дене
тәрбиесінің
ғылыми
негізін
қалаушы
П.Ф.
Лесгафттың
ісін
жалғастырушылар кімдер? Олардың ой-пікірлері.
5. Ӛз кезінде дене тәрбиесі мәселелерін талдап, пікірлерін білдірген орыстың
революцияшыл демократтары туралы жан-жақты сипаттаңыз.
6. Дене тәрбиесі процесінде үйретудің мазмұнын, ұйымдастырылуын,
әдістерін жетілдіруге ӛзіндік үлестерін қосқан орыс педагог-ғалымдары деп
кімдерді атар едіңіз? Олардың еңбектері туралы пікір білдіріңіз.
7. «Шетелдердегі дене тәрбиесі теориясының әдістемесінің дамуы (Джон
Локк, Ж.Ж.Руссо, Теодор Дезами, И.Песталоцци Э.Кабе т.б.) », «Қазіргі
таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі», «Мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы»
туралы мәнжазба дайындаңыз.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған
материалдар
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы
теорияның дамуына алғаш үлес қосқандардың бірі:
А. А.С.Макаренко
Ә. Н.К.Крупская
Б. А.Быкова
В. Д.В.Хухлаева
2. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша құжат жасап
шыққан кім?
А. П.Ф.Лесгафт
38
Ә. В.В.Гориневский
Б. Е.Славинецкий
В. Ж.Ж.Руссо
3. Дене дамуын ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырған
прогресшіл қоғам қайраткерлері:
А. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский
Ә. Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Т.Дезами
Б. А.Құнанбаев, М,Жұмабаев, А,Байтұрсынов
В. И.И.Бецкой, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев
4. Ойынға, гимнастикаға, балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән берген,
балалармен ӛткізілетін сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге кӛмектесетін
қысқа мерзімді қимыл-қозғалыстар орындау үшін шағын үзілістер жасауды
ұсынған кім:
А. К.Д.Ушинский
Ә. Ш.Құдайбердиев
Б. Е.А. Аркин
В. Э.Кабе
5. Ресейде дене тәрбиесінің ӛзіндік теориясын жасаушы аса ірі ғалым–педагог,
медицина және хирургия докторы:
А. И.М.Сеченов
Ә. Н.А.Добролюбов
Б. Н.Г.Чернышевский
В. П.Ф.Лесгафт
6. Қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен әдістемесін жасаған орыс ғалымы:
А. П.Ф.Лесгафт
Ә. Т.И.Осокина
Б. П.Иванов
В. Н.К.Крупская
7. Ӛз мезгілінде кӛпшілік ықыласына бӛленген «Белгілі бір жас шамасына
сәйкес дене жаттығулары» атты кестенің авторы:
А. А.С.Макаренко
Ә. В.В.Гориневский
Б. Н.Құлжанова
В. Ы.Алтынсарин
8. П.Ф.Лесафттың және В.В.Гориневскийдің идеяларын жалғастырушы
профессор, педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, педагогика
ғылымдарының докторы, дәрігер-гигиенист:
А. Е.А.Аркин
Ә. Е.Н.Водовозова
Б. В.И.Тихеева
В. М.А.Маркова
9. Мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология және гигиена мәселелері
жӛніндегі еңбектері арасынан осы күнге дейін ӛз мәнін жоғалтпаған «Мектепке
дейінгі жас» атты ерекше кітаптың авторы:
А. Е.А.Аркин
39
Ә. И.М.Сеченев
Б. И.П.Павлов
В. А.П.Усова
10. Гигиена, шынықтыру мәселелері жӛнінде мектеп жасына дейінгі
балалардың ерекшеліктері туралы 50-ден астам ғылыми еңбек жазған, «Мектеп
жасына дейінгі балалар гигиенасы» атты кітабымен кӛпшілікке кеңінен таныс
ғалым:
А. Ф.Фребель
Ә. Л.И.Чулицкая
Б. Г.И.Лескова
В. Е.А.Флерина
11. Балаларда қимыл–қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жӛніндегі алғашқы
еңбектердің бірі, 6-7 жастағы балаларда қимыл –қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруды үйретудің әдістемелік тәсілдерінің маңызы мен
арақатынасын анықтаған зерттеудің авторы:
А. Д.В.Хухлаева
Ә. Л.К.Шлегер
Б. В.Ф.Одаевский
В. А.С.Симонович
12. Тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ "Mектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу жӛніндегі нұсқау" жарыққа шыққан жыл, қала:
А. Алматы, 1934 жылы
Ә. Орынбор, 1924 жылы
Б. Қызылорда, 1919 жылы
В. Алматы, 1975 жылы
13. Нәзипа Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбиенің алтын қорына қосылған
еңбектері:
А. «Алтын шаттауық», «Мейірімді бала»
Ә. «Анама». «Ана мектебі»
Б. «Ұстаздық дастан», «Балаға жүрек жылуы»
В. «Мектептен бұрынғы тәрбие", "Aна мен бала тәрбиесі"
14. Қазақ КСР Оқу министрлігінің ЬLАлтынсарин атындағы Педагогика
ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты қай жылы құрылды?
А. 1964 жылы
Ә. 1974 жылы
Б. 1950 жылы
В. 1945 жылы
15. «Мектепке дейінгі кезеңдегі дене тәрбиесі негіздері» тақырыбында зерттеу
жүргізген кім?
А. С.Ғ.Бәтібаева
Ә. Г.К.Ӛтебаева
Б. Ә.С.Әмірова
В. М.С.Сәтімбекова
40
4-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері
мен құралдары
1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері (сауықтыру,
білім беру, тәрбиелік)
2. Дене тәрбиесі құралдары (дене жаттығулары, би, массаж)
3. Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері (гигиеналық
факторлар, жаратылыстың табиғи күштері)
4. Дене жаттығуларына сипаттама (дене жаттығуларының мазмұны мен
формасы, дене жаттығуларының техникасы, дене жаттығуларының
фазалары, кеңістіктік сипат, бастапқы жағдай, қозғалыс траекториясы)
5. Дене жаттығуларының жіктелуі. Гимнастика. Қозғалыс ойындары, спорт,
туризм
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері. Дене тәрбиесі
жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - ӛмірге, еңбекке, Отан қорғауға
даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің
міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін
ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім
беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-ӛмір
қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып
табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің
нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала
организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда
нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа
иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық
аппараттың нығаюына кӛмектесетін, дене бӛліктерінің дұрыс арақатыста
дамуына, сүйектердің ӛсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық
еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі
органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар
дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша кӛңіл бӛлу; қанның
жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан
ӛзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары
еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың
тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, ӛкпенің
ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету;
ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне кӛмектесу, теріні зақымданудан сақтау
және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің
тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына,
сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне
себепші болу.
Білім беру міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимыл-
қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын
41
бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Жүйке (нерв) жүйесінің
икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен
салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың кӛпшілігін балалар күнделікті
ӛмірде пайдаланады. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс
жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге кӛмектеседі: мәселен, еңбектеуді
үйренген бала оны қызықтыратын заттарға ӛзі жақындайды да олармен
танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін
оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене
жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың,
сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы «қолды артқа сілтей
құлаштап лақтыру» әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды
кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық
еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай
жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне
мүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды кӛп рет қайталауға және
жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға,
сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан
қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын іс-
әрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді.
Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді үйренген бала, мысалы,
«Жар астында қасқыр бар» ойынын ойнап жүргенде қалай секіру керек
екендігін жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады.
Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оларды
одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы
нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Кӛптеген атақты спортшылар (И.Тер-
Овенесян, В.Брумль т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық
шақтан бастаған. Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика
жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі
қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, ӛрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып
түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед
тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды
спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис,
бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.). Жас мӛлшеріне
қарай бӛлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс
дағдыларының
кӛлемі
«Мектепке
дейінгі
тәрбиелеу
мен
оқыту
бағдарламасында» берілген. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап, дене қасиеттерін (ептілік,
шапшаңдық, күш, тӛзімділік, тепе-теңдік сақтау т. б.) дамыту қажет. Мұндай
қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық кӛрсеткіштер дәлелдейді.
Мысалы, күштің, шашаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі,
ұзындыққа лақтыру алыстығы артады. Тӛзімділікті дамыту балаларға дене
жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады.
Лақтырғанда кӛздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу,
жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау — балалардың кӛзбен шамалау қабілетінің
жақсы екендігін дәлелдейді. Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса
42
қарапайым жаттығуларды да орындау, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекетің
алуан түрлерін жетілдіре алмас еді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны
дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені
дұрыс қалыпта сақтай білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының
барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін
үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы дер кезінде қалыптастырылуы тиіс
дағды. Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға
сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет
сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, дене шынықтыру
құралдарын, бӛлмені таза ұстау т. б.) үлкен маңызы бар. Балалардың
денсаулығы кӛбіне, осы дағдыларға, әдеттерге байланысты. Мектеп жасына
дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың
маңызы бар. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде айналысуға және
балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым толық ӛз
бетімен пайдалануға тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы, қимыл-
қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағұлматты, сондай-ақ жеке және
қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді. Балалар
дене
мүшелерінің
аттарын,
қозғалыс
бағыттарын,
дене
тәрбиесі
жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту,
киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесіне қатысты
білімдер балалар ӛскен сайын кеңейе түседі.
Тәрбиелік міндеттер. Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік
міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен
айналысуға деген қажеттілікті, әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде,
үйде осы жаттығулармен ӛз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым
қарапайым жаттығуларды құрдастарымен және біршама кіші жастағы
балалармен бірге ӛткізу қажет. Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның
нәтижелеріне,
спортшылардың
жетістіктеріне
деген
қызығушылықты
тәрбиелеу керек. Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика,
еңбек т.б. тәрбиелерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады. Дене
жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік
қасиеттерді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің кӛрініс беруі
үшін жақсы жағдайлар жасалады. Ақыл-ой және дене тәрбиесі ӛзара тығыз
байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі жүйке жүйесінің, барлық органдар мен
жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейілінше қолайлы жағдай туғызады, мұның
ӛзі жақсы қабылдауға және есте сақтауға кӛмектеседі. Сонымен бірге
балаларда тек дене тәрбиесіне ғана қатысты емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен
мінез-құлықтары, табиғат және қоғам ӛмірі құбылыстары жайлы алған
білімдері де бекемдене түседі. Балалардың барлық психикалық процестері,
сондай-ақ ойлау процестері дамиды. Балаларда алған білімдері мен дағдыларын
белсенділік, дербестік, зейінділік, ептілік, тапқырлық кӛрсете отырып, қимыл-
қозғалыс іс-әрекеттерінде шығармашылықпен пайдалана білуді тәрбиелеу
қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдарлы кӛңілді қамтамасыз
ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз
психикалық кӛңіл күйді тез жеңе білуді дамыту ӛте маңызды. Бұл жағымды
43
эмоциялардың барлық органдармен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер
ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығымен
беріктігін қамтамасыз ететіндігімен де қажет. Дене тәрбиесі эстетикалық
тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау
процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін,
мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған
бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін
дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа
ұмтылысты, әрекеттердегі, сӛздердегі, қылықтардағы дӛрекілікке тӛзбеушілікті
тәрбиелеу орынды. Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады.
Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын
шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері
тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бӛлмені, балабақша үлескісін
жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға
және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді. Балалар дене тәрбиесі
жабдықтарын күтіп ұстау жӛніндегі еңбек дағдыларын бойға сіңіреді:
қабырғадағы сатылардың, орындықтардың, тақтайлардың, доптардың,
таяқшалардың, шеңберлердің шаңын сүртеді, шаңғылардың қарын тазалайды,
оларды май жағып, ысқылайды, орындарына қояды, конькилерді сүртіп
жинастырады, шаналардың қарын сілкіп түсіреді, велосипедтің шаңын сүртеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған
міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |