1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Ж. Сисенбердиева
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН
ӘДІСТЕМЕСІ
Алматы, 2011
2
ӘОЖ
КБЖ
С
Пікір жазғандар:
1.
2.
3.
А. Ж. Сисенбердиева
С Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқулық. Алматы: 2011. - ** бет
ISBN
Бұл оқулықта мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен
әдістемесі, оның дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері, мектеп
жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы, міндеттері мен құралдары,
тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың дене
қасиетін тәрбиелеу әдістемесі, қимыл-қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулар, мектепке
дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары, оны жоспарлау мен есепке алу,
дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау, мектепке дейінгі ұйымдардың
отбасы, мектеп пен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы, тестер, дене тәрбиесі терминдерінің
қысқаша сӛздігі, қосымшалар, берілген.
Оқулық мектепке дейінгі дене тәрбиесі мәселелерімен айналысушыларға, студенттерге,
тәрбиешілерге, жалпы бала тәрбиесіне қатысты оқырмандарға арналған.
ӘОЖ
КБЖ
ISBN
© А. Ж. Сисенбердиева, 2011 ж.
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2011 ж.
3
Алғы сӛз
Бүгінгі таңдағы ӛзекті мәселелердің бірі - мектепке дейінгі жастағы
балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының
дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық кӛңіл күй жағдайын кӛтеруге
қамқорлық жасау. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі баланың барлық
жағынан дамуына негіз болатын денсаулығын сақтау, нығайту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Мектепке дейінгі
ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу
мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды
жүзеге асырады», - делінген. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының 5.5.1. - бӛлімінің «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың дене тәрбиесін жетілдіру» деп аталуы да мектеп жасына дейінгі
балалар дене тәрбиесіне Үкіметіміздің зор кӛңіл бӛліп отырғандығының айғағы.
Жас ӛспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуді құрсақтағы кезеңнен (мектепке дейінгі ұйымда ерте жастан)
шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі
шақта бала ағзасы шапшаң дамиды. Оның жүйке, сүйек-бұлшық ет жүйелері
белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде денсаулық пен
дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады. Мақсатты дене тәрбиесі
мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық институттардың «Мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқытылатын «Дене тәрбиесі теориясы
мен әдістемесі» пәні негізгі оқу пәні болып табылады.
Аталған мамандық үшін ұсынылып отырған «Дене тәрбиесі теориясы мен
әдістемесі» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
22.06.2006 жылы Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім жӛніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен Бекітілген және
Пайдалануға рұқсат етілген 050101-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқулық 21
тақырыптан тұрады. Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны жоспарға сай
ашылған. Соңынан тарауға сәйкес сұрақтар мен тапсырмалар, білімдерін
бақылауға арналған тестілер ұсынылған. Қосымша ретінде дене тәрбиесі
терминдерінің қысқаша сӛздігі, Қазақстан Республикасы халықының дене
тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары, дене шынықтыру және спорт
туралы заңдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған.
4
1 - тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы
мен әдістемесі
1. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі - мектеп жасына дейінгі
балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары
туралы ғылым
2. Дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары (дене дамуы, дене әзірлігі, дене
жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене жаттығулары, спорт, дене
тәрбиесі мәдениеті т.б.)
3. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысы
4. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері,
мазмұны
5. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі-мектеп жасына дейінгі
балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары
туралы ғылым
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы қоғамның
болашақ құрлысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің
жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір
бӛлігі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және
методологиялық негізі – дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде
танып-білу, жан-жақты жарасымды жетілген жеке адамды қалыптастыру үшін
кең мүмкіндіктер ашу. Дене тәрбиесі үшін жеке адамды қалыптастырудағы
ӛмірдің әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші рӛлі туралы
қағидаларының зор мәні бар. Үкіметтің дене тәрбиесі мен спорт мәселелері
жӛніндегі тарихи шешімдері адамдардың денсаулықтарын нығайтуға,
дүниетанымды, жоғары ӛнімді еңбекке қабілеттілікті және ӛз Отанын қорғауға
дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Балалар дене тәрбиесінің жалпы
теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен мазмұндас және оқып үйрену
пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас кезеңдеріндегі (туғаннан 6 жасқа
дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді. Мектеп жасына
дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту
процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін
зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай
отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді
құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың
мақсатқа сай формаларын ашып кӛрсетеді. Ӛз қимыл-қозғалысын жақсы
меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, айнала қоршаған ортадан ӛз бетімен
бағдар таба білетін, мектепте оқуға және одан кейінгі жылдардағы белсенді
шығармашылық қызметке қабілетті, дені сау, шымыр шыныққан, шат-шадыман
баланы қалыптастыру – жан-жақты даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің
5
айрықша мәнін айқындайтын маңызды міндеті болып табылады. Балалар дене
тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби жастағы және
мектеп
жасына
дейінгі
балалардың
психикалық–физиологиялық
ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда
болатын қажеттіліктерін, кӛрнекілік-әрекеттік, кӛрнекілік-бейнелік және
логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің ӛзіндік еркешелігін
ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене
тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға және оны
іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді.
Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал
мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене
тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік-білім беру кешені (қимыл–қозғалыс жасай білу
және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір қарапайым білім) ғылыми негізделген
бағдарламаның талаптарын перспективалы қарастырады. Мұны игеру
балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесі жан-жақты тәрбие берудің маңызды бӛлігі болуымен бірге ӛз
процесінде ақыл–ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т.б.тәрбиенің
міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін
ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары,
балалардың ӛзіндік әрекеттері және т.б) тәрбиешінің назары ақылға сала
ойлайтын, эмоциялы, ӛз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет
ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін,
ӛзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды
жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен ӛз
іс–әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс кӛрсетіп отыратын
бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан
жақтарын, әсіресе, оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын
зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып
отырады.
Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден ӛткен зерттеу
мәліметтері бүкіл тәрбиелік–білім беру процесінің алға басуына үлес қоса
отырып, сыннан ӛтеді, бағдарламаларға, оқу құралдарына, оқулықтарға және
балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі. Сӛйтіп мектеп жасына
дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып
біле, ең елеулі, прогресті нәрселердің бәрін бӛліп кӛрсете, негіздей отырып,
дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге кӛмегін тигізеді, кедергі келтіретін,
жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу – білім беру міндеттеріне сәйкес
емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.
Дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары
Дене тәрбиесі теориясында әртүрлі ұғымдар (түсініктер): дене дамуы, дене
әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене
жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т. б. Қолданылады әртүрлі
құбылыстарды кӛрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
6
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр
дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жӛніндегі ғылымның
және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп,
нақтыланып келеді.
Ұғым-заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын
және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы процесінде
бейнелейтін ой формасы; белгілі бір топқа жататын заттардың жалпы және тек
соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап кӛрсететін ой немесе ой жүйесі
(Түсінік-заттар мен құбылыстардың санада сақталып, сезім мүшелеріне тікелей
әсер етуінсіз қайта жаңғыртылатын кӛрнекі сезімдік бейнелері. Адамның
түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады). Адамзат
тәжерибелерінең нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады.
Ендеше, дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға (түсініктерге)
тоқталып ӛтейік.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бӛлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни
денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне
жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде
даралық ерекшелігін кӛрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,
эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б. тәрбиелермен байланысты. Сондықтан да
біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатынан туындайтын
педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы
тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі»
атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді
шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын
болсақ, біріншіден, бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді
дағды (әдет) козғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін
арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам
бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып,
шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек кӛрсеткіштерін
жақсарту мен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге
бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі
мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жӛніндегі білімділік, екіншісі –
дене қасиеттерінің тәрбиесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі – бала денесін
жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалык жүйенің басты
бӛлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен,
мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.
Оқушылар дене тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп
жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.
Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды ӛмір
барысындағы ӛзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы
деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің
ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) ӛкпенің
тіршіліктік сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен кӛлемі, дене
7
тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан
күмбезін ӛлшеу кӛрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің
күші, тұла бой күші, бастың
кӛлемі т.б. антропометриялық және биометриялық
кӛрсеткіштермен анықталады. «Дене дамуы» терминін кең түсінікте
қолданғанда, оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік,
кӛзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, тӛзімділік) кіреді. Дене
дамуы адам организмі – функцияларының және тұлға кӛлемдерінің бір қалыпта
ӛзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі.
Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2) бір деңгейде
қалыптасуы; 3) адамның дене мүмкіншілігін тӛмендету сияқты 3 сатысы
болады.
Дене дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты мақсатты
орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі.
Дене тәрбиесінің жүйесі, бұл ұғым дене тәрбиесінің әлеуметтік
практикасындағы белгілі тарихи үлгіні белгілейді.
Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс
ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының кӛмегімен адамның кӛңілін
кӛтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру -
адам организмінің ауырған жеріне массаж жасау, булау, су процедуралары
арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-
жақты дайындығы жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл
ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Дене әзірлігі - бұл дене шынықтыру кешенінің талаптары мен нормалары
және Біртұтас спорттық жүйемен (спорттық разрядтар мен атақтар)
анықталатын қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму
деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық
негізгі түрлері бойынша нормативтік кӛрсеткіштер және оларды орындаудың
сапасына қойылатын талаптар («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
бағдарламасында») талдап жасалған.
Дене жетілуі - дене дамуының тарихи шартты деңгейі. Денсаулықтың,
ӛмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары
дәрежелігі. «Дене жетілуі» ұғымының белгілері ӛскелең қоғамдық қажеттіктер
- ӛндіріс қажеттіктері, сондай-ақ адамның ӛзінің ынта-ықыласы әсерінен
ӛзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің ӛзіндік деңгейі тән.
Құлдық пен қаналушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше
жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Біздің
елімізде және басқа да кӛптеген мемлекеттерде адамзаттың интеллектуалдық,
моральдық, дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда.
Кәсібі, жынысы, жасы әртүрлі адамдар дене жетілуінің ӛзіндік ерекшеліктері
бар.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі, ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы - дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке
немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы (мысалы, актердің,
ұшқыштың, ғарышкердің, спортшының т. б. дене машықтығы). Дене
8
машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшеліктеріне
байланысты дене жаттығуларын жасаудың міндеттері, ӛзіндік ерекшеліктері,
құралдары, әдістемесімен сипатталады. «Жалпы дене дайындығы»-дене
тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау
үшін бағытталған процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік,
спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары
ретінде іріктеліп алынған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ
қозғалыстық әрекеттердің күрделі түрлері (қозғалысты ойындар). Қозғалыстық
әрекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі ӛзіне тән компонент
болып табылатын әрекеттің бәрін айтады. «Жаттығу» термині қозғалысты
бірнеше рет қайталау процесін белгілу үшін де қолданылады.
Спорт - әртүрлі жаттығулардың кӛмегімен жоғары жетістіктерге қол
жеткізуге бағытталған ӛнер түрі. Спорт - (ағылшын тілінде-«ойын», «кӛңіл
кӛтеру») шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, әлеуметтік мәні
бар тәрбиелік, ойындық, жарыстық әрекет. Спорт, бұқаралық спорт (барлық
адамдар қатыса алады) және жоғары кӛрсеткіштер спорты (чемпионаттар,
олимпиадалар т.б.) деп бӛлінеді. Спорттық дайындық-спортшының
машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану және жарыс
жүйесін ғылыми әдістемелік және материалдық тәсілдік жағынан қамтамасыз
ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті
жағдайлар жасайтын кӛп жақты жүйе. Спорттық машықтану - спорттық
дайындықтың негізгі бӛлігі және спортшының ӛзі таңдаған спортында
барынша жоғары кӛрсеткіштерге жетуге ықпал ететін қасиеттер мен
қабілеттерді дамыту әрі жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын қолдануға
негізделген дене тәрбиесі мамандығының арнайы жүйесі (дене машықтығы
ұғымымен бірге алып қарауға болады). Спорттық нәтиже - спорттағы
кӛрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорттық жарыс - спорттық
жетістіктер кӛрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені
белгілі бір түрде реттеп отыру. Спорттық жарыстардың мақсаты үздік
спортшылар мен топтарды анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру,
дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Спорттық қозғалыс - әлеуметтік
қозғалыстың ерекше бір түрі - спорт түрлерін құру, дамыту, сақтау, алмасу
және тұтыну жүйелерінің тарихи қозғалысы, жеке адамды қалыптастыру
құралдарының бірі. Тарихи спорттық қозғалыстар спорттың тӛмендегідей
кӛпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғары жетістіктер (үлкен), әуесқой
және кәсіпқой түрлерін дүниеге әкелді.
Спорттық
қызмет - адам
әрекетінің кӛп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл-қозғалыс дамуының ең
жоғары түрі. Спорттың функциялары, біріншіден - спорт ӛз алдында тәрбиелік
жағынан дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам ӛміріне дайындаушылық
міндеттерді шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт ӛндірістік қызметке
жатпайды, материалдық игіліктерді тікелей ӛндіруге байланысы жоқ. Спортқа
тән барлық белгілер балалар спортында да сақталады.
«Балалар спорты» дегеніміз арнайы дайындық негізінде, алдынала
үйренген қозғалыс кимыл мүмкіншіліктерін толығынан пайдалану арқылы ӛз
9
қатарлары арасында ӛткізілетін жарыстарда ӛнер кӛрсету деп білеміз.
«Жасӛспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның
шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасӛспірімдер тобымен анықталады. Бұл
түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың катысуына байланысты.
«Mектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың белгілеріне қарағанда,
«балалар спортына» сәйкес. Бұл түсініктің айырмашылығы «балалар спортын»
мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, мектептен тыс мекемелер
ұйымдастырса, «мектеп спортын» мектеп ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |