А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


«Физикалық  рекреация»  белсенді  демалысты  қамтамасыз  ету,  адам 
бойындағы  физикалық  қасиеттерді  қалпына  келтіру  үшін  басқа  бір  іспен 
айналыса отырып, дене тәрбиесінің бір міндетін шешу. 
«Физикалық    реабилитация»  –  денені  қайта  қалпына  келтіру.  Дене 
шынықтырумен  немесе  спортпен  шұғылдану  барысында  жарақат  алып  немесе 
басқа    аурулармен  ауырып  мүмкіндіктерін  уақытша  жоғалткан  адам    ағзасын 
қалпына  келтіру  үшін  дене  жаттығуларын  арнайы    түрде  пайдалану. 
Дене  мәдениеті  -  адамдардың  дене  қуатының  жетілуі  үшін  пайдаланылатын 
қоғамдық-материалдық  (спорт  ғимараттары,  құрал-жабдықтар)  және  рухани 
(арнаулы білім, ғылыми тәжірибе) байлығын құрайтын  жалпы мәдениетінің бір 
саласы.  Ол  негізгі  дене  мәдениеті,  спорт,  сауықтыру,  қолданбалы  дене 
мәдениеті  болып  табылады.  Негізгі  дене  мәдениеті  -  адамдардың  ӛз  шама-
шарқына  қарай  тандап  алған  кәсіби  және  спорт  мамандығын  жетілдіруінің 
негізі.  Ол  жалпы  білім  беру  мекемелерінде  қолданылады  әрі  егде  кісілерге 
денсаулығын  нығайтуға,  жұмысқа  ынтасын,  тӛзімділігін  арттыруға  кӛмектесе 
отырып,  адам  психологиясының  орнықтылығын,  дене  қуатының  жетілуін 
қамтамасыз етеді.  
Спорт  қимылының  негізгі  мақсаты  -  спорттың  бір  түрінен  жоғары 
жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілет-қарымын, ептілік касиеттерін 
калыптастыру.  Қолданбалы  дене  мәдениеті-кәсіптік  және  әскери  дене 
мәдениеті деп екіге бӛлінеді. Ол ӛмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді 
игеруге,  дене  тәрбиесі  арқылы әскери және  азаматтық мамандықтарды  жақсы 
меңгеріп,  терең  түсінуге  бағытталады.  Сауықтыру  дене  мәдениетіне-емдеу 
дене  мәдениеті  жатады.  Оның  мақсаты  –  организмнің  уақытша  жоғалған 
функциялық  мүмкіндіктерін  калпына  келтіру.  Гигиеналық  дене  мәдениеті-
жаттығушылар организмдерінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. 
Сабақ арасында, жұмыста (дене шынықтыру, ӛндірістік гимнастика) күнделікті 
демалыста  (таңертеңгі  бой  жазу,  серуендеу,  саяхат  т.б.)  қолданылады.  Дене 
мәдениеті  қызметтерін-арнаулы  және жалпы  дене  мәдениеті    деп  екіге  бӛледі. 
Жалпы  дене  мәдениеті  қызметтері:  нормативтік  қызмет-адамның  қимыл-
әрекетін 
тиімді 
мӛлшерлеген 
оқу 
бағдарламасынан, 
президенттік 
сынамалардан  (еңбекке,  Отан  қорғауға  дайындық)  және  еліміздегі  спорт 
разрядтарының  нормаларынан  тұрады.    Арнаулы  дене  мәдениеті  қызметтері: 
білімділік қызметі – дене мәдениетін оқу-білім арқылы қимылдың ептілігі мен 
дағдысын калыптастыруға пайдалану. Қолданбалы қызмет – келешек жұмысқа 
дайындау  үшін  қолданылатын  арнаулы  дене  тәрбиесінің  жүйесі.  Тынығу 
қызметі – дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам 

 
10 
организмінің уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін калпына келтіру. 
Дене  тәрбиесі  мәдениеті  -  жалпы  мәдениеттің  бір  бӛлігі,  қоғамның  адам 
денесін  жетілдіру  саласында  қоғамдық-тарихи  практика  процесінде  жиналған 
табыстарының жиынтығы. Басқа сӛзбен айтқанда, дене 
шынықтыру  халық 
мәдениетінің  бір  бӛлігі  болып  табылады.  Дене  тәрбиелеу  мәдениеті  адамның 
ӛзінің  денесін  дамытып  ӛзгерту  жолындағы  қызметтің  нәтижесі  және  осы 
жолдағы  процесс  деп  ұғынамыз.  «Дене  тәрбиелеу  мәдениеті»  ұғымын  түсіну 
үшін оның үш бағытын еске алу қажет: 
1.  Дене  тәрбиелеу  мәдениеті  қозғалтқыш  әрекет  түрінде.  Бұл  ұғымға 
белсенді қоғалыстары бар оқиғалар жатады.  
2.  Дене  тәрбиелеу  мәдениеті  құндылықтардың  жиынтығы    ретінде. 
Яғни,  дене  шынықтырумен  айналасу  барысында  әртүрлі  құндылықтар 
пайда  болады  (стадиондар,  спорттық  киім,  денсаулыққа  пайдасы  бар 
т.с.с). 
3.  Дене  тәрбиелеу  мәдениеті  әрекеттің  нәтижесі  ретінде.  Бұл  нәтижелер 
дене  дайындығы,  денсаулықтың  жақсаруы  болып  табылады.  Дене 
тәрбиесі мәдениеті — дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының 
ішіндегі  ең  кең  ұғым.  Ол  жоғарыда  қарастырылған  ұғымдардың  бәрінің 
мазмұнын қамтиды. 
Материалдық  игілік  –  сабақ,  жаттығу  ӛткізуге  қажетті  әртүрлі  спорт 
құрылыстары,  арнаулы  жабдықтар,  құралдар,  қаржыландыру  мәселелері,  дене 
тәрбиесі  жүйесінің  идеологиялық,  ұйымдастырушылық  және  ғылыми  бағытын 
қамтамасыз  ететін  әлеуметтік  іс  жүзіндегі  жетістіктер.  Материалдық  және 
рухани игіліктер адамдардың қоғамдық, ғылыми, сонымен бірге педагогикалық  
қызметінде,  ӛндіріс  аясында  жасалады.  Сондықтан  игіліктерді,  біріншіден, 
арнаулы  ұйымдастырылған  педагогикалық  процесте;  екіншіден,  тұрмыс 
жағдайында  дене  жаттығуларымен  айналасу  түрінде;  үшіншіден,  кӛпшілік 
қауымды  қамтитын  баспасӛз,  радио,  теледидар  т.б.  арқылы  әртүрлі  формада 
пайдалануға  тиістіміз.  Материалдық  игілікке  спорт  құрылыстары  (стадиондар, 
спорт залдары, бассейндер және т. б.), құрал-жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім 
және т. б. кіреді. Рухани игілік болып табылатындар: ғылым, ӛнер шығармалары 
(әдебиет, мүсін, кескіндеме, графика, музыка т. б.). 
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен 
байланысы 
Мектеп  жасына    дейінгі    балалардың  дене  тәрбиесі  теориясы 
мамандандырылған  ғылыми  пәндердің  тұтас  кешенімен  байланысты.  Олардың 
біреулері  гуманитарлық  сипатта  болады,  дене  тәрбиесінің  дамуы  мен 
ұйымдастырылуының  әлеуметтік  заңдылықтарын,  дене  жаттығуларының  адам 
психикасына  әсерін,  сондай-ақ  педагогикалық  әсер  ету  құралдарын,  формалар 
мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар - биологиялық  және 
шектес  жаратылыс  ғылымы  пәндері  адамның    биологиялық  даму  процесін, 
оның  жас  ӛзгерісінің  заңдылықтарын,  дене  жаттығуларын,  сондай-ақ  сыртқы 
ортаның  түрлі  әсерлерінен  болып  жататын  ӛзгерістерін  зерттейді.  Жоғарыда 
аталып  ӛткен,  дене  дамуының  белгілі  бір  жағын  терең  зерттейтін  ғылыми 
пәндердің  әрқайсысы  тәрбиеде    жақсы    жетістікке  жету  үшін  педагогикалық 

 
11 
әсер  ету  жүйесіне  негіз  бола  алмайды.  Бұл  міндетті  мамандандырылған 
педагогика  ғылымы  -  балалардың  дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі 
шешуге  тиіс,  ол  дене  тәрбиесіне  қатысы  бар  басқа  ғылымдардың  барлық 
жетістіктерін  синтездейді.  Бұл  ғылым  дене  тәрбиесінің  педагогикалық 
заңдылықтарын  танып  білу  және  теориялық  жағынан  негіздеу  мақсатында 
социологиялық  және  биологиялық  құбылыстарды  пайдаланады,  мұның  ӛзінде 
ӛзіндік  ерекшелігін  және  ӛз  пәнін  сақтап  қалады.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалар  дене  тәрбиесі  теориясының  табиғи-ғылымдық  негізін  ғылыми  пәндер 
кешені  құрайды,  олардың  міндеттері  баланың  биологиялық  даму  процестерін 
зерттеу болып табылады. 
         Ғылыми  білімдердің  бұл  кешені  орыстың  ұлы  физиологтары  И.  М. 
Сеченовтың,  И.  П.  Павловтың,  В.  М.  Бехтеревтың    және  олардың 
ізбасарларының ілімі негізінде құрылды. 
Организм мен ортаның бірлігі туралы 
     
Адам  дүниеге  келген  сәттен  оның  сыртқы  ортамен  ӛзара  әрекеттесуі 
басталады,  бейімделу,  тепе-теңдігін  сақтау  қабілеті  пайда  болады.  И.П.Павлов 
осы тепе-теңдікті ӛмірдің негізгі заңы ретінде қарастырды. 
         Индивидуалдық бейімделу түрлері ӛте кӛп. Олар табиғи ӛмір жағдайында 
пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін. Индивидуалдық 
бейімделу негізінде тірі организмдердің ӛте маңызды қасиеттері – сыртқы орта 
жағдайы ӛзгергенде физиологиялық процестердің жиілігін және сипатының ӛзі 
белгілі  бір    шекте  ӛзгертуі  жатыр.  Мәселен,  ыстық  күндері,  сыртқы  орта  
температурасы кӛтерілгенде адамның тері бездерінің әрекеті  күшейеді, терінің 
тамырлары кеңиді. Тердің одан әрі булануы дененің сырты мен терінің кеңіген 
тамырлары арқылы ағатын қанның салқындауымен жалғасады. Сонымен жылу 
берілісі  артады.  Сыртқы  ортаның  температурасы  тӛмендеген  кезде,  керісінше, 
тері тамырларының тарылуы байқалады, бұл жылуды кӛп жоғалтудан сақтайды. 
Бұл  кезде  тотығу  процестерінің  қарқыны  артады.  Соның  нәтижесінде  екі 
жағдайда  да  дененің  температурасы  ӛмірге  керекті  деңгейде  сақталады.  Адам 
организмінің  қызмет  ету  мүмкіндігінің  артуы  немесе  кеңеюі  дене  тәрбиесі 
процесінде ерекше маңызды болып табылады. 
        Баланың  дене  тәрбиесі  белгілі  бір  ғылыми  негізделген  тәртіппен, 
организмді 
шынықтырумен, 
қозғалыс 
дағдыларын 
қалыптастырумен 
байланысты  екені  белгілі.  Шынықтыратын  процедуралармен  үйлестірілген 
ертеңгілік гимнастикамен жүйелі айналысу, дене тәрбиесі сабақтары, ойындар, 
ауаның,  судың  тӛмен  температурасы  тӛзімділігін  арттырады,  жүйке  жүйесі, 
жүрек,  ӛкпе,  бұлшық  еттерінің  жұмыс  қабілетін  жақсартады,  жағымды 
эмоциялар  тудырады.  Шынығу  және  дене  жаттықтыру  адам  организмнің 
қызмет  ету  мүмкіндіктерінің  кеңеюіне  кӛмек  ететіні  түсінікті  бола  түседі. 
Осының  барысында  шыныққандық  және  белгілі  мӛлшерде  жаттыққандық 
әркімнің  ӛзгеріп  отыратын  сыртқы  ортаға  индивидуалды  бейімделуін 
кӛрсететін  болады.  Адам  организмнің  қоршаған  ортаға  бейімделуіне  адам 
миының,  жоғары  жүйке  жүйесінің  қызметінің  дамуы  үшін  жетекші  мәні  бар 
және  оған  себепші  болатын  әлеуметтік    ортаны  ерекше  бӛліп  кӛрсеткен  жӛн. 
Адамның  қоғамдық  еңбек    іс-әрекеті  процесінде,  ал  баланың  отбасылық  және 

 
12 
қоғамдық  тәрбие  процесінде  индивидуалды  бейімделуі  шартты  рефлекторлық 
уақытша  байланыстар  принципі  бойынша  біріншімен  ӛзара  әрекеттегі  екінші 
сигналдық    жүйе  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оның  үстіне  екінші  сигналдық 
қоздырғыштардың  адамның  барлық  тканьдарында  және  ішкі  органдарында 
болатын физиологиялық процестерге, сондай - ақ  оның тұтас мінез-құлқына да 
айқын  ықпал  жасайды.  Баланың  айнала  қоршаған  әлеуметтік  ортаға 
индивидуалдық  бейімделуіне  әртүрлі  дағдылар,  пайда  бола  бастаған  әдеттер, 
қалыптасқан  күн  тәртібі  және  айнала  қоршаған  ӛмір  талаптарына  саналы 
қарым-қатынасқа негізделген барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін. 
Сондай-ақ,  қозғалыс  қызметтерінің  қалпына  келуі  жұқпалы  аурудан  кейінгі  
иммунитет,  оқуға  және  қоғамдық  ӛмірге  мылқаулардың,  соқырлардың,  соқыр-
мылқаулардың  бейімделуі  де  индивидидуалды  бейімделудің  кӛрініс    беруі 
болып табылады. 
И.П.Павлов:  «.....жоғары  сатыдағы,  сол  сияқты  тӛменгі  сатыдағы 
организмдердің  аса  зор  күрделілігі  осы  күрделілікті  құрайтын  нәрсенің  бәрі 
нәзік  және  дәлме-дәл  байланыста,  ӛзара  және  айналадағы  жағдайлармен  тең 
жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде ӛмір сүреді» – деп атап 
кӛрсетті.  
  
И.П.Павловтың  бұл  қағидасын  мынадай  мысалмен  кӛз  алдына  келтіруге 
болады.  Баланың  үдеп  келе  жатқан  нашар  кӛрушілігі  сыртқы  жағдайдың 
қолайсыз  кезінде  тұлғаның  бұзылуына  себепші  болуы  мүмкін.  Тұлғаның 
бұзылуы  организмдегі  патологиялық  ӛзгерістерге  әкелуі  мүмкін:  кеуде 
клеткасының  қозғалғыштығы  нашарлап  үстірт  тыныс    алуды  тудырады,  демді 
ішке тартқан кезде диафрагманың тӛмен түсуі қиындайды, бұл демді ішке тарту 
кезіндегі қанның сорылу күшін бәсеңдете және жүректің диафрагмаға тірелуін 
кеміте  отырып  жүрек-қан  тамырлары  жұмысына  әсерін  тигізеді:  тыныс  алу 
және қан айналу процестерінің нашарлауы ас қорыту органдарының жұмысына 
әсер  етеді.  Ол  зат  алмасуын  бұзады,  алмасудың  бұзылуы  жүйке  жүйесінің 
қоректенуін  нашарлатады,  бұл  тез  шаршауға  әкеледі,  баланың  психикасының 
және  денесінің  жетілуін  бәсеңдетеді.  Келтірілген  мысал  адам  организмінің 
үйлесімділігі  мен  тұтастығының  бұзылатындығын  кӛрнекі  етіп  кӛз  алдыңа 
әкеледі,  бұл  бұзылыстың  себептерін    сонымен  бірге  дене  және  психика 
процестерінің ажыратылмас ӛзара байланысын кӛрсетеді. 
 Шартты  рефлекторлы  уақытша  байланыстар  және  динамикалық 
стереотиптердің 
құрылуы 
туралы
И.П.Павловтың 
және 
оның 
ізбасарларының  жоғары  жүйке  қызметін  зерттеулері  дене  тәрбиесі 
практикасында пайдаланылатын шаралар жүйесін және оның организмде пайда 
болатын  күрделі  процестерге  әсері  мен  оның  қызметінің  қайта  түзілуін  дұрыс 
талдауға мүмкіндік береді. 
 Адамның  барлық  іс-әрекеті  дене  тәрбиесі  процесінде  жоғары  жүйке 
қызметіне  тәуелді  болады.  Қарапайым  қозғалыс  және  түптеп  келгенде  күрделі 
спорттық дағдыларды меңгеру үлкен ми  сыңарлары қыртысы қызметінің жаңа 
жүйесі құрылуымен анықталады. 
  И.П.Павловтың  жүйелік,  динамикалық  стереотип  туралы  ілімі  қозғалыс 
дағдыларының  пайда  болу  және  жетілу  процесін  түсіндіреді,  оның 

 
13 
заңдылықтарын  айқындауға  және  осыған  сәйкес  балаларды  оқыту  процесін 
дұрыс  құру  мен  басшылық  етудің  неғұрлым  мақсатты  және  тиімді  әдістерін 
пайдалануға кӛмектеседі. 
Баланың жүйке  жүйесінің индивидуалды ерекшеліктері туралы. Сәби 
жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін толық жүзеге 
асыру үшін баланың орталық жүйке жүйесі дамуының педагогикалық ықпалды 
іріктеуді  және  бүкіл  оқу-тәрбие  процесін    ұйымдастыруды  анықтайтын  жас 
шамалық  заңдылықтарын  зерттеумен  есепке  алып  отырудың  ерекше  мәні  бар. 
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі заңдылықтарын зерттеген кеңес ғалымдары 
баланың  дүниеге  жүйке  жүйесінің  туа  біткен  нышандарымен  және 
ерекшеліктерімен  келетінін  анықтады.  Дегенмен,  олар  баланың  психикалық 
дамуының органикалық алғы шарттары ғана болғандықтан бұл дамудың сипаты 
мен  деңгейін  алдын  ала  анықтамайды.  Сондай-ақ  әр  баланың  оның  жүйке–
психикалық  дамуының  сенімді  негізін  құрайтын  зор  потенциалды 
психофизиологиялық  мүмкіндіктері  болады  (А.В.Запорожец).  Сӛйтіп  бір 
жағынан,  органикалық  алғы  шарттарды,  екінші  жағынан,  потенциалды 
мүмкіндіктерді  ескере  отырып,  мейлінше  жақсы  педагогикалық  жағдайлар 
туғызу қажет. Бұл жағдайлар, ең алдымен, мақсатты бағыттағы тәрбие және оқу 
жағдайында баланың организмі мен психикасына тікелей әсер етуге мүмкіндік 
беретін  дұрыс  ұйымдастырылған  дене  тәрбиесі  процесін  кӛздейді.  Баланың 
жүйке  жүйесінің    туа  пайда  болған  ерекшеліктерін    және  сыртқы  әсерлердің 
оның  қалыптасуындағы  жетекші  рӛлін  ескере  отырып  күн  тәртібін  дұрыс 
ұйымдастыруды,  оны  бұлжытпай  орындауды  қамтамасыз  етудің  маңызы  зор. 
Эмоциялық  жағымды  жағдайдың  балалардың  және  ересектердің  балалармен 
ӛзара қарым-қатынастардың бір қалыпты, ұстамды достық ықыласты болуының 
айрықша мәні бар. Туа біткен алғы шарттардың белгілі бір маңызын, сонымен 
қатар  олардың  ӛзгеру  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  мектепке  дейінгі 
педагогика  тәрбие  процесін  бір  жағынан  жағымсыз  қылықтарды  бәсеңдетуге, 
екінші  жағынан  жақсы  нышандарды  бағыттап  отырады.  Осыған  байланысты 
балалардың  жүйке  жүйесінің  индивидуалды  -  типологиялық  ерекшеліктеріне   
үнемі назар аударып отыру қажет. Н.И.Красногорский:  «Тәрбиеші мен мұғалім 
үшін  ӛз  тәрбиеленушілерінің  жоғары  жүйке  қызметінің  типтерін  белгілеп 
алуының  маңызы  зор.  Типтік  ерекшеліктерді  біле  отырып,  олар  балалардың 
жоғары  жүйке  қызметінің  дамуын  белгілі  жолдармен  шебер  бағыттай  алады 
және ӛз кеңестерімен тиімді кӛмек кӛрсете алады», – деп жазды. Дене тәрбиесі 
процесінде      индивидуалды  тұрғыдан  қарауды  жүзеге  асыру,  күн  тәртібінің 
мейлінше  тиімді  жағдайын,  шынықтыруды,  белсенді  қозғалыс  іс-әрекетін, 
баланың  эмоциялық-жағымды  күйде  болуын  қамтамасыз  ету  мақсатында 
балалардың  типологиялық  ерекшеліктері  ескеріледі.  Шынықтыру  шаралары 
жүйке жүйесін нығайтады және оның қызметін жақсартады. Дене жаттығулары, 
оның  ішінде  қозғалысты  ойындар,  белсенді  қозғалысты  іс-әрекеттер  үшін 
жағдай  жасайды  және  эмоциалық  ӛрлеу,  қуат  тудырады,  қан  айналымын 
күшейтеді,  жүрек  жұмысын  және  мидың  қанмен  қамтамасыз  етілуін 
жақсартады,  организімді  жалпы  сауықтыруға  жәрдемдеседі.  Тәрбиешінің 
ойындар  мен  сабақтар  процесінде  құптай  немесе  тоқтам  бере  айтқан  сӛзі 

 
14 
баланың психикасына әсер етеді: бір жағдайларда жағымды эмоция тудырады, 
енді  бірде  ӛз  қылығына  қойылатын  талапқа  сәйкес  шектеу  қажеттігін  ұғынуға 
итермелейді.  Балалардың  жүйке  жүйесінің  индивидуалдық  ерекшеліктері 
әртүрлі  екені  белгілі.  Біреулері  мінез  және  іс-әрекеттегі  ӛз  ұстамдылығымен 
ерекшеленеді,  екіншілері  шақар,  ұстамсыз  болады,  ӛз  эмоцияларын  зорға 
меңгереді,  селқос, ӛзіне ӛзі  сенімсіз  балалар  да байқалады.  Соңғыларына  олар 
шешетін міндетті ойдағыдай аяқтаулары үшін кейде қосымша күш жұмсау және 
үлкен  ұйымшылдық  талап  етіледі.  Дегенмен,  бар  күшті  жұмылдырып  қол 
жеткен  нәтиже  ӛте  жоғары  болуы  мүмкін.  Сондықтан,  педагогикалық 
жағдайлар балаға қиыншылықты  жеңуде қолдау жасауды қамтамасыз етуі, ӛз 
күшіне деген сенімін арттыруға, себепші болу керек. Индивидуалды басшылық 
әдістерін іріктеу мақсатында баланың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін анықтап 
білу анасынан баланың туған күнінен бергі ӛмірі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет 
алуды  (денсаулық  жағдайы,  сырқаттанған  аурулары,  жүре  бастаған  уақыты, 
тілінің  дамуы)  талап  етеді,  сондай-ақ  отбасы  жағдайын,  алған  жарақаттарын, 
баланың  неге  қызығатынын,  оның  неге  үйірсек  екенін,  нені  сүйіп 
айналысатынын  т.  б.  білу  қажет.  Тәрбиешінің  осы  жас  шамасындағы  топтың 
күнделікті  тіршілігі  процесінде  жасаған  ӛз  бақылауларының  маңызы  ӛте  зор. 
Барлық  материалды  талдаудан  ӛткізу  тәрбиешіге  қажетті  қорытындылар 
жасауға  және  бала  психикасының  эмоциялық–жағымды  күйін  сақтауға, 
саналуан белсенді іс-әрекеттерді дамытуға, ынта мен бейімділіктерді кӛрсетуге 
жәрдемдесетін  тәрбиелік ықпал жасау жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. 
Дене  тәрбиесінде  баланың  жеке  адам  ретінде  жан-жақты  дамуына  әсерін 
тигізетін айтарлықтай тиімді құралдар мен әдістер бар. Сабақтарда және басқа 
қозғалыс  іс-әрекеттерінде  балаларда  қозғала  білушілік  пен  дағдылар  ғана 
жинақталмайды,  сондай-ақ  ақыл-ой  қабілеті  дамиды,  адамгершілік  қасиеттер, 
эстетикалық  талғам  және  еңбек  дағдылары  бойға  сіңеді.  Белсенді  қимыл-
қозғалыс әрекетінде бала моральдық–еріктік қасиеттер кӛрсетуге–ойында батыл 
болуға,  қолға  түсу  қаупіне  қарамастан,  жолдасын  құтқаруға  ұмтылуға, 
басқалармен  ортақ  міндеттерді  орындауға  жаттығады.  Мұндай  әрекеттерді 
талай рет қайталау бірте-бірте  бала санасында қажеттілік ретінде орын табады. 
Тәрбиеші  мен  құрдастарының  құптай  бағалуы  моральдық  қанағат  сезімін, 
эмоциялық ӛрлеу, алдағы уақытта да ықыласын тудырады. Жасқаншақ баланың 
жетекші  рӛлдерді  атқаруы,  тәрбиешінің  тапсырмасы  бойынша    белгілі  бір 
жаттығуларды  балалардың  бәріне  түсіндіру  және  кӛрсету  оны  бірте-бірте 
жасқаншақтықтан  арылтады,  ақыл-есті  жұмылдырады,  логикалық  ойлауға 
баулиды,  сабаққа  қызығушылығын  тудырады.  Бала  неғұрлым  кӛпшіл,  бастама 
кӛтергіш  кӛңілді  бола  түседі.  Ұстамсыз,  бірақ  менмен  балалар  сабақтар  мен 
ойындар  процесінде  бірте-бірте  жалпыға  бірдей  талапқа  бағына,  неғұрлым 
шыдамды,  ұстамды,  ұйымшыл  бола  бастайды,  қызық  тапсырмаларды 
орындағанда кезек күте білетін болады. 
        Сӛйтіп, мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негізгі міндеттері 
-  дені  сау,  кӛңілі  шат,  бастама  кӛтергіш,  айналасын  бағдарлай,  ӛзінің 
құрдастарымен  ынтымақтаса  білетін  мектепте  оқуға  және  онан  әрі 
шығармашылық  қызметке  белсене  кірісуге  қабілетті  бала  тәрбиелеуге 

 
15 
бағытталған.  «Адам  денсаулығы  жайлы,  әсіресе,  бала  денсаулығы  жайлы 
қамқорлық  -  жай  ғана  санитарлық-гигиеналық  нормалар  мен  ережелер  кешені 
емес,  күн  тәртібіне,  тамақтандыруға,  еңбекке,  тынығуға  қойылатын  талаптар 
жиынтығы емес. Бұл ең алдымен, бүкіл дене мен рухани күштердің жарасымды 
толықтығы жайлы қамқорлық ...».  Аталып ӛткен міндеттерді жүзеге асыру әр 
баланың  индивидуалды  ерекшеліктерін  арнайы  зерттеу  мен  есепке  алып 
отыруды,  оған  деген  ақ  кӛңілді,  ыждағатты  қарым-қатынасты  және  осыған 
байланысты орынды педагогикалық  ықпалды талап етеді. 
Дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі  пәні,  мақсаты,  міндеттері, 
мазмұны.  Дене  тәрбиесі  теориясы  -  адам  денесін  жетілдіру  процесін 
басқарудың  жалпы  заңдары  туралы  ғылым.  Дене  тәрбиесі  теориясы  дене 
тәрбиесі  жүйесінің  мақсатын,  міндеттерін,  қағидаларын  зерттейді,  тәрбиенің 
басқа  түрлерімен  –  ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек  тәрбиесі  мен 
дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып кӛрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын 
оқып-білуге,  дене  жаттығуларын  үйрету  қағидалары  мен  әдістерін  ашып 
кӛрсетуге,  қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыруға  және  дене  қасиеттерін 
дамытуға,  спорттық  жаттығулардың  жалпы  негіздерін,  денені  жаттықтыру 
сабақтарының  әртүрлі  формаларын  (дене  тәрбиесі  сабақтары,  ертеңгілік 
гимнастика,  қимыл-қозғалыстық  ойындар  т.  б.),  сондай-ақ  дене  тәрбиесі 
жӛніндегі  жұмысты  жоспарлауға  және  есепке  алуға  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді. 
Сонымен  бірге,  мектеп  жасына  дейінгі,  мектеп  жасындағы  балалардың, 
жастардың,  ересек  және  жасы  ұлғайған  адамдардың  дене  тәрбиесінің  ӛзіндік 
ерекшеліктері  анықталады.  Дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі  үнемі 
қоғамдық  практикамен  бірлікте  дамып  келеді.  Ол  ғылыми  зерттеулерді 
пайдаланады, озат практика жетістіктерін таратады, ӛткеннің алдыңғы қатарлы 
тәжірибесін  және  қазіргі  дүниежүзілік  ғылымдағы  игіліктің  бәрін  қолдап 
отырады.  Дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі  практиканы  ғылыми 
негіздермен  қаруландырады,  сӛйтіп  оның  одан  әрі  дамуына  кӛмектеседі.  Ол 
сондай-ақ практикаға жол ашуға, адамның күш-қуатын кемелдендіруде қандай 
құралдар  және  әдістер  арқылы  жақсы  нәтижелерге  жетуге  болатындығын 
болжауға  тиіс.  Дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі  педагогика 
институттарының мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығындағы оқу 
пәні ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі мәселелерін терең 
оқып-білуге  кӛмектесетін  негізгі  мәселелерді  ашып  кӛрсетеді.    Елімізде  дене 
тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының Ата Заңынан 
ӛрбиді,  онда  адамның  жан-жақты  дамуы  жӛніндегі  ілім  ӛзінің  нақты  бейнесін 
тапқан.    Жеке  адамның  жарасымды  дамуы  қоғам  құру  шарттарының  бірі 
ретінде  қаралады.  Дене  тәрбиесінің    мақсаты  -  ӛмірге,  еңбекке,  Отан  қорғауға 
даярлау,  дені  сау,  моралі  таза,  шығармашылық  еңбекке  жарамды  адамдарды 
тәрбиелеп  қалыптастыру.  Бұл  мақсат    адамдардың  дене  тәрбиесін  жүзеге 
асыратын    барлық  мекемелер  мен  ұйымдар  үшін  бірдей  болады.  Осы  мақсат 
біздің еліміздің әрбір адамының және қоғамның мүддесін білдіреді. Бұл денені 
жетілдіру,  дене  мүшесінің  кемістігі  жоқ  барлық  қажеттілікті  бойына 
жинақтаған  тұлға  туралы  адамдардын  ғасырлар  бойы  арманын  бейнелеп, 

 
16 
мектеп жасына дейінгі баланың болашақ құзыретті тұлға болып қалыптасуының 
алғышарттары болмақ. Дене тәрбиесінің аталып кӛрсетілген мақсатына сәйкес: 
1.  Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, 
ағзаны шынықтыру,  адамдардың ұзақ ӛмірін қамтамасыз ету; 
2.  Білім беру  міндеттері:  қозғалыс  дағдылары  мен  іскерлікті қалыптастыру, 
дене  қасиеттерін  (жылдамдық,  ептілік,  икемділік,  күш,  тӛзімділік  т.б.) 
қалыптастыру, 
арнаулы 
білімді 
меңгеру, 
ұйымдастырушылық 
қабілеттерді бойға сіңіру; 
3.  Тәрбиелеу  міндеттері:  ақыл-ой,    адамгершілік,  эстетикалық  және  еңбек, 
т.б.тәрбиелерге ықпал ету сияқты міндеттерді шешу қарастырылады. 
Бұл  міндеттер  дене  тәрбиесімен  айналысушылар  құрамына  байланысты, 
олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне,  
дене  әзірлігіне,  сондай-ақ  кәсіптік  ынта-ықыласына  қарай  нақтыланды.  Дене 
тәрбиесі теориясы мен әдістемесі мазмұны дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің 
дамуын,  қоғамда  алатын  орнын,  ерешеліктерін,  заңдылықтарын  белгілеп, 
талдайды.  Мектепке    дейінгі  балалар  дене  тәрбиесінің  міндеттері  құралдары, 
бағдарламалары,  жас  кезеңіндегі  дене  тәрбиесі,  дене  тәрбиесіне  үйрету, 
тәрбиелеу,  дамыту,  қимыл-қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыру,    мектепке 
дейінгі  дене  тәрбиесін  ұйымдастыру  формаларын,  дене  тәрбиесін  жоспарлау 
және  есепке  алу,  дене  тәрбиесіне  әдістемелік  басшылық,  отбасы,  мектеппен 
сабақтастық мәселелерін қамтиды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет