Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен
толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке
адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеру керек. Себебі, кейбір зерттелуші
сұраққа жауап бермей, ӛзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды.
Сондықтан әңгімелесуге алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге
жазылады. Кейде білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме бақылау және
экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс.
Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе
арқылы сынақтан ӛткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті -
педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату.
Эксперимент ӛткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі
25
туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдынала
айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Кӛлемді
экспериментке
кӛп
оқушылар
қатысады.
Жергілікті,
микроэксперименттерге аз адам қатысады. Кең кӛлемді, ірі эксперименттерді
мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары ӛткізеді.
Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім
беру үлгісі тексеріліп, оған кӛп оқушылар қатысқан эксперимент ӛтті.
Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға кӛшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не
бірнеше оқушыны ұжымнан бӛлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың
қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда ӛткізіледі.
Тексеру эксперименті ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған
оқулықтардың пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті
арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда
болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы,
педагогикалық
ғылыми-зерттеу
институттары
жаңадан
шығарылған
оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы
зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, принциптері
мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны
жасампаз эксперимент дейді. Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы,
қалыптастырушы, нақтыландырушы деп бӛлінеді. Озат және кӛпшілік
тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз,
ӛзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық
эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бӛліп алу
керек. Табиғи эксперимент ӛткізу үшін зерттеуші жобаны оқу-тәрбие, басқару
жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Зертханалық эксперимент арқылы
зерттеуші ӛзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін жасанды жағдайлар
жасайды. Ол рӛлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп,
табиғи экспериментке енгізу үшін әзірленеді. Нәтижесінде эксперимент
бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға әзірленеді.
Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие,
білім беріледі. Эксперименттің мәні мынада: зерттеуші арнайы жағдай
туғызып, жанама құбылыстарды жояды, қажетті материалды жинақтауда
кездейсоқтықтар мен кідірістерге жол бермейді. Бұған қоса ол құбылыстар
арасындағы себептік байланыстарды дәлірек анықтау үшін эксперимент
шарттарын түрлендіре алады. Қажетті жағдайда, мәселен, фактілер жеткіліксіз
болған кезде, эксперимент қайталанады. Зерттелініп жатқан мәселеге тікелей
қатысы жоқ жанама факторлар әсерін жою үшін эксперимент кӛбіне,
әдеттегіден басқаша жағдайда жүргізіледі.
Әдеттегі
жағдайдың ӛзгеруіне қарай эксперимент табиғи және
зертханалық (лабораториялық) болып бӛлінеді.
Табиғи эксперимент кезінде сабақтар кәдімгі дене жаттықтыру сабақтары
жағдайынан алшақ кету болмайтын күйде ӛткізіледі, алшақтаулар болғанның
ӛзінде олар шамалы ғана болады.
26
Зертханалық эксперимент. Жасанды жағдай туғызудан және жанама
әсерлерді жоюдан тұрады.
Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың тәуелділіктерін
анықтау
мақсатында
жүргізіледі.
Кейбір
эксперименттер
қайсыбір
кӛрсеткіштерді салыстыруға бағытталады. Мұндай эксперимент-салыстармалы
эксперимент деп аталады. Эксперимент жүргізер алдында міндеттерді анықтау
және зерттеулердің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру,
эксперименттік сабақтардың әдістемесін, фактілерді тізімге алу және оларды
ӛңдеу әдістемесін жасау қажет. Салыстырмалы экспериментте екі немесе
бірнеше біртекті топтар қатысады. Олардағы сабақтар қандай да бір фактормен
ерекшеленеді. Эксперимент соңында қандай топта, мәселен, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру жӛнінде, неғұрлым жоғары кӛрсеткіштерге қол
жеткені анықталады. Экспериментті сабақтар ӛткізілетін топ эксперименттік
топ деп аталады. Әдеттегі әдістеме бойынша айналысатын топты бақылау тобы
деп атайды. Эксперимент нәтежелерінің неғұрлым дұрыс болуы үшін айқыш-
ұйқышты эксперимент деп аталатын сызба қолданылады. Мысалы алғашқы
экспериментте бір топ бірінші әдістеме бойынша, ал басқа топ екінші әдістеме
бойынша айналысады. Екінші экспериментте бірінші топ екінші, ал екінші топ
бірінші әдістеме бойынша айналысады.Үш және одан да кӛп нұсқалар
(варианттар) тиімділігі салыстырылатын зерттеулерде эксперименттер үш және
одан да кӛп кезеңде ӛткізіледі де нұсқалардың біреуінің артықтығы
анықталады. Егер бірден бірнеше фактордың әсерін анықтау міндеті қойылатын
болса, кӛп факторлы эксперимент деп аталатын сызба пайдаланылады.
Теориялық талдау және қорыту әдістері. Кезкелген зерттеу әдеби
мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші
библиографиямен танысады және ӛзі талдап шығуы тиіс әдеби түпнұсқаларды
іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша жүйелейді, содан соң әр
мәселе ішінде материалдарды әртүрге бӛледі. Библиографияны іріктеген соң
оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау
әдістемесін ойластыру керек. Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту
теориялық, сондай-ақ эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық
зерттеуде бұл әдіс бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның кӛмегімен, мәселен
нақты тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, кӛзқарастар
қалайша дамығандығын аңғаруға болады. Эксперименттік зерттеулер жасау
үшін қандай мәселелер зерттелініп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай
дәрежеде баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік
тексеруді талап ететіндігін анықтау керек. Дене тәрбиесі теориясы үшін
маңызды кӛптеген мәліметтерді мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері
құрастырған әртүрлі құжаттарды талдау кезінде табуға болады. Осындай
құжаттарды талдау нәтижесінде табылған мәліметтер жұмыс жорамалы ретінде
пайдаланыла алады. Фактілер жинау үшін сауалнамалар мен сұрақ-жауап
парақтары пайдалануы мүмкін. Сауалнамадағы сұрақтар «иә» немесе «жоқ»
деген қысқа жауап аларлықтай етіліп қойылады. Сұрақ-жауап парағында
жауаптар жайылыңқы түрде беріледі мысалы, тәрбиешінің жасы, жұмысы,
еңбек ӛтілі, білімі, дене жаттықтыру сабақтары үшін жасалған жағдай
27
сипаттамасы, т.б. Біріншісінде де, екіншісінде де жауап жазба түрінде болуы
тиіс. Сауалнамалар мен сұрақ-жауап парақтары кӛбіне, зерттеу жұмысының
бастапқы кезінде қолданылады және олар кӛмекші мәнге ие болады.
Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдынала жасалған
жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде қойылып, татымды
жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші баладан: «Дұрыс тұра
білесің бе? Қалай тұру керек екенін кӛрсетші. Ал енді қалайша дұрыс тұруға
болатынын айтшы», -деп сұрайды.
Педагогикалық талдап қорыту әдістері. Әдістердің бұл тобына
педагогикалық бақылау енеді. Күнделікті бақылаудан мұның айырмашылығы-
ол арнайы ұйымдастырылады, айқын тұжырымдалған міндеті, анық белгіленген
бақылау заты, сондай-ақ бақылау фактілерін түйіндеу жүйесі болады. Мұның
ӛзінде зерттеуші педагогикалық үрдіс барысында араласпайды. Ол фактілерді
жинау, оларды түйіндеу жүйесінің бір ізділігі кӛрсетілетін бақылау ӛткізу және
ӛңдеу жоспарын алдынала жасайды. Бақылау тапқыр, нақты болуы керек.
Педагогикалық бақылаудың артықшылығы - ол обьектілерді табиғи жағдайда
зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық бақылау фактілері обьективті
болып, зерттеушінің жеке басының қасиеттеріне тәуелді болмауы тиіс. Бақылау
үрдісінде бақыланатын нәрсені дәл есепке алып отыру әдісін пайдалану керек.
Мысалы, қозғалыс техникасын есепке алып отыру үшін фото түсіру, кино
түсіру, циклография, кӛріністік-магнитофондық, бейне таспа, үн таспа, жазба,
т.б. пайдаланылады. Қозғалыстардың жеке параметрлерін тіркеу үшін әртүрлі
аппарат қолданылады.
Хронометрлеу әдісімен дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді
орындауға кететін уақыт, сондай-ақ сабақтың жекелеген бӛліктері мен толық
сабақ
ұзақтығы
анықталады.
Хронометрлеу
хронометрлердің,
қол
секундомерлердің және басқа аспаптардың кӛмегімен жүргізіледі.
Тәрбиешінің сӛзі стенографиялау, магнитофонға жазу арқылы тіркеледі.
Бақылау нәтижелері журналға, күнделікке хаттамаға жазылады. Бақылау
процесінде тіркелген мәліметтерді алдынала бағалау қажет. Оларды ӛңдеу
кезінде кездейсоқ фактілер алынып тасталып, байқалған заңдылықтар
іріктелінуі, жинақталып, қорытылуы тиіс. Фактілерді зерттеу және талдау
нәтижесінде олардың жеткіліксіз болуы немесе қарама-қайшы болып, түбегейлі
қорытынды жасауға негіз бола алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау одан
әрі жүргілуі тиіс. Қайта бақылаудан алынған мәліметтер негізінде алдынала
жасалынған қорытындылар тиянақтала түсуі және бастапқы жорамалға,
бақылауды
ұйымдастыруға
түзетулер
енгізілуі
мүмкін.
Бақылау
бақылаушының ӛзіне қатысты әрекеттерді, денсаулық жағдайын және басқа
факторларды ӛздігімен тексеру түрінде ӛзін-ӛзі бақылау сипатында болуы
мүмкін. Ӛзін-ӛзі бақылау дене шынықтыру жаттығулары сабақтары үрдісінде
де, соңдай-ақ бұдан соң оның ағзаға әсерін зерттеу үшін де қолданылады.
Мұның ӛзінде субьективті түйсіктерді ғана емес, обьективті мәліметтерді де
(қан тамырының соғысы т.б. ) басшылыққа алып отыру керек. Ӛзін-ӛзі бақылау
мәліметтері арнаулы күнделікке жазылып, талдануы тиіс.
28
Құжаттарды зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге
болады. Құжаттарға мұрағат мәліметтері, топ, сынып журналдары, сыныптың
оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, педагогикалық
кеңестің хаттамалары, жылдық есеп, озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік
баяндамалар, тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар
мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат
мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен
кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Балалардың жұмысын зерттеу. Балалардың жазба, бақылау және графикалық
жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері ( әртүрлі тақырыптарға
жазылған баяндамалар, мәнжазбалар, еңбек сабақтарында жасаған заттары)
зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Балалардың дербес
қабілетін, оқуға және еңбекке кӛзқарасын, тәжірибелік даярлығын,
тәрбиешілердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Балалардың ӛз бетімен
жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып
жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді
жолдарын іздестіреді.
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге
енгізу. Бұл әдістер әртүрлі педагогикалық құбылыстардың ӛзара сандық
байланыстарын, олардың ӛлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін
қолданылады. Бұл үшін әртүрлі кӛрсеткіштерді, мысалы, баланың сабаққа
қатысуын, алған мадақтауларын, таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт
ішінде қалай ӛзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бӛліп
отыру жүйелі жүргізіледі. Педагогикалық зерттеулерде математикалық
әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне
статистикалық ӛңдеу жасау үшін қажет. Математикалық әдістер. Дене
тәрбиесі теориясы жӛніндегі зерттеулерде сыннан ӛтушінің әртүрлі
кӛрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады. Зерттеушінің міндеті -
алынған кӛрсеткіштер арасындағы тәуелділікті анықтаудан тұрады. Осы
мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты екенін, оларды
ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын анықтауға
мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық ӛңдеу әдісі пайдаланылады.
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әртүрлі
әдістерінің біршама ӛзіндік ӛзгешіліктері бар. Дене тәрбиесі үрдісін бір
зерттеуде жан-жақты біліп шығу ӛте жиі жүзеге асырылады. Осыған
байланысты зерттеудің әртүрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның
ӛзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады. Зерттеу әдістері ӛзгереді,
нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі
теориясын дамытуға кӛмектесді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Методология, ғылымның методологиясы дегенді қалай түсінесіз?
2. Теориялық әдістерге талдау жасаңыз.
3. Қандай әдістерді эмпирикалық әдістерге жатқызамыз?
4. Бақылау әдісінің түрлеріне жан-жақты сипаттама беріңіз.
5. Бақылау әдісінің ӛзге әдістерден ерешелігі неде деп білесіз?
29
6. Эксперимент әдісін қалай түсінесіз? Эксперимент әдісіне (түрлеріне) жан-
жақты сипаттама беріңіз
7. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің ӛзге де ғылыми- зерттеу
әдістеріне талдау жасаңыз.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған
материалдар
1. Ғылыми-зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері)
зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды не анықтайды
А. Ғылымның методологиясы
Ә. Ғылымның дамуы
Б. Ғылымның қалыптасуы
В. Ғылымның әдістері
2. "Педагог баланы үнемі бақылап, ол туралы кӛзқарасын ӛзгерту үшін қайта
бақылау керек", - деген кім?
А. В.В.Гориневский
Ә. Е.Славинецкий
Б. Л.Н.Толстой
В. Д.В.Хухлаева
3. Оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы
сынақтан ӛткізу қалай аталады?
А. Эксперимент
Ә. Бақылау
Б. Әңгімелесу
В. Талдау
4. Дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді орындауға кететін уақыт,
сондай-ақ сабақтың жекелеген бӛліктері мен толық сабақ ұзақтығын
анықтайтын әдіс:
А. Социометрия
Ә. Математикалық
Б. Хронометрлеу
В. Талдау
5. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдынала айтылған ой:
А. Гипотеза
Ә. Мақсат
Б. Міндет
В. Әдіс
6. Сабақтар кәдімгі дене жаттықтыру сабақтары жағдайынан алшақ кету
болмайтын күйде ӛткізіледі, алшақтаулар болғанның ӛзінде қандай әдіс шамалы
ғана болады?
А. Әңгіме әдісі
Ә. Табиғи эксперимент
Б. Бақылау
В. Қорыту
7. Жасанды жағдай туғызудан және жанама әсерлерді жоюдан тұрады:
А. Зертханалық эксперимент
30
Ә. Салыстырмалы эксперимент
Б. Айқыш-ұйқышты эксперимент
В. Кең салалы эксперимент
8. Бұл үшін зерттеуші библиографиямен танысады және ӛзі талдап шығуы тиіс
әдеби түпнұсқаларды іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша
жүйелейді, содан соң әр мәселе ішінде материалдарды әртүрге бӛледі. Бұл қай
әдіске жатады?
А. Әңгімелесу әдісіне
Ә. Теориялық талдау және қорыту әдістеріне
Б. Хронометрлеуге
В. Құжаттармен танысуға
9. Фактілер жинау үшін пайдаланылатын қарапайым жұмыс түрі:
А. Жаттығу
Ә. Киноға түсіру
Б. Сауалнамалар
В. Кездесу ұйымдастыру
10. Шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты екенін, оларды ұқсас
жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын анықтауға мүмкіндік
беретін нәтижелерді кӛрсететін әдіс:
А. Математикалық әдістер
Ә. Эксперимент
Б. Социометрия
В. Дедукция
11. Шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық,
информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді
жеңілдетілген түрінде бейнелеу, түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын
қажетті жақтарының дәлме - дәл кӛшірмесін түсіру арқылы зерттеу:
А. Модельдеу
Ә. Бақылау
Б. Суреттеу
В. Ӛлшеу
12. Дәлелдеуді керек етпейтін, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың
негізінде теория құру:
А. Формаландыру
Ә. Аксиомаландыру
Б. Эмпирикалық
В. Теориялық
13. Жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бӛліктерге
(жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бӛлу:
А. Синтез
Ә. Құрастыру
Б. Анализ
В. Зерттеу
31
14. Жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін
зертеу мен талқылау әдісі:
А. Индукция
Ә. Дедукция
Б. Хронометрия
В. Социометрия
15.Ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына
транспозициялануы:
А. Классификация
Ә. Аналогия
Б. Экстрополяция
В. Интерполяция
3 - тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
теориясының дамуы
1. Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы
2. Ресейдегі дене тәрбиесінің дамуы (Е,Славинецкий, К.Д.Ушинский,
П.Ф.Лесгафт, В.В.Гориневский, Е.А.Аркин, А.Быкова, Д.В.Хухлаева,
Т.И.Осокина)
3. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі, мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми-зерттеулер мен озат тәжерибе
негізінде дамиды. Ұлы Қазан социалистік революциясы біздің елімізде жаңа
педагогиканың - жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудің іргетасын қалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы
теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупскаяның
мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандарының жаңа
қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі туралы отандық ғылым,
тамыры кӛп ғасырлық халықтық педагогикаға тереңдей сіңген ӛткен дәуір бай
мұрасының әсерімен қалыптасты. XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол
кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың
дене тәрбиесі жӛнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол
«Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша құжат жасап шыққан.
Бұл кітапта балалар ойынына ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік-
білім берудегі үлкен мәні кӛрсетіледі. ХVІІ ғ.жартысында Епифаний
Славинецкий ―Балалар тәртібінің ережелері‖ атты белгілі педагогикалық
кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық
ережелерінің жиынтығы болып табылады. Негізінен балалар ӛздерін үйде,
қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы
ережелерге тоқталды. Епифаний Славиницкийдің кеңестері сол кездің ӛзінде
психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітап баланың дене жағынан
дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек кӛңіл-күйін сақтауға кӛмектесетін
32
кӛптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық
қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы
мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің кӛрінісі болып табылатындығын атап
кӛрсетті. Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И.И.Бецкой, Н.И.
Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл – ой және еңбек тәрбиесімен тығыз
байланыста қарастырған. Орыстың революцияшыл демократтары А. И. Герцен,
В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің
айтқан пікірлерінің дене тәрбиесі мәселелерін талдап жасау үшін үлкен мәні
болды. Олар дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бӛлігі екенін
анықтай отырып, оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық
тәрбиемен байланысын кӛрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - жүйелі
жаттығу, ойнау, серуендеу және организмді шынықтыру жолымен баланың
дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп білді. Мұның ӛзінде олар
маңызды рӛлді еңбек пен демалыстың алмасып келуінен, ұйқының,
тамақтанудың нормаландырылуынан кӛрінетін тәртіпке бере отырып, мұны
сергек рухты, адамның жарқын болашақ күресіне қабілетті болуы үшін қажетті
дұрыс негіз деп санады. Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға,
балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән береді. Ол балалармен ӛткізілетін
сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге кӛмектесетін қысқа мерзімді қимыл-
қозғалыстар орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды. Оның пікірі
бойынша, балаларда қоғамдық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратын,
«қоғамдық қатынастардың алғашқы ассоциациалары» түйіп тастайтын
ұжымдық ойындардың үлкен тәрбиелік құны бар. К. Д. Ушинский педагогтарға
жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік етуде үлкен қателіктер жібермеу
үшін олар анатомия, физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдарды
білуге міндетті деп санады. Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары,
ғалымдардың, дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің теориясын жасауға
алғы шарт болды. Ресейде дене тәрбиесінің ӛзіндік теориясын жасаушы П. Ф.
Лесгафт болып табылады. Аса ірі ғалым–педагог, медицина және хирургия
докторы П. Ф. Лесгафт ӛз заманының озық ойлы адамдарының қатарында
болды. П. Ф. Лесгафт балаларға арналған дене жаттығуларының біртұтас
жүйесін жасады, оны автор дене тәрбиесімен ӛзара байланысты қарастырады
(дене жаттығуларының гигиеналық және сауықтырушылық маңызы). П. Ф.
Лесгафт дене жаттығуларын іріктеуге балалардың анатомиялық-физиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерін, жаттығуларды бірте-бірте күрделендіруді
және түрлендіруді негіз етіп алған. Ол белгілі бір жаттығулар жүйесінің адам
организмнің жан-жақты дамуға және дұрыс қызмет етуге алып келуіне, оның
дене күшінің бірте-бірте жаттығуына жәрдемдесуіне ұмтылды. Дененің дамуын
П. Ф. Лесгафт ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық дамумен, еңбек іс–
әрекетімен ӛзара байланыста ғана мойындады. П. Ф. Лесгафт жаттығулары
үйрету кезінде аз күш жұмсап үлкен жұмыс орындауға және кездесетін
қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін саналы кӛзқарас тәрбиелеуді
негізгі міндет деп санаған. Ол бала санасына бағытталған, кӛрсетілген нәрсені
сол қалпында қайталай салуға жол бермейтін сӛздің мәнді болатынын атап
кӛрсеткен. П. Ф. Лесгафт мұғалімнен сабақтарға жүйелі әзірлендіруді талап
33
етті. Үйрету процесінде мұғалім денеге түсетін ауыртпалықты бірте-бірте
арттыруды, жаттығуларды ауыстыруды және түрлендіруді алдын ала
қарастыруға тиіс. П. Ф. Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен
әдістемесін жасады. Ол қимыл-қозғалыс ойынын «бала соның кӛмегімен ӛмірге
әзірленетін жаттығу» ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға,
әдеттерге ие болады, онда мінез қалыптаса бастайды. Ойындағы ережелердің
заң ретінде маңызы бар, балалардың оған деген кӛзқарасы саналы және
жауапты болуға тиіс. Оны орындау баршаның міндеті, сондықтан да оның
үлкен тәрбиелік күші бар. Ойындар моральдық қасиеттерді - тәртіпті,
адалдықты, шыншылдықты, ұстамдылықты дамытады. П.Ф.Лесгафт ойынды
жеке адамды тәрбиелеудің аса маңызды құралы ретінде қарастырады. П. Ф.
Лесгафтың жаттығуларды іріктеу принципіне сүйене отырып, В. В.
Гориневский дене дамуының адам ӛмірінің әр жас шамалық кезеңіндегі ӛзіндік
ерекшеліктерін эксперименттік жолмен анықтайды. Оның «Белгілі бір жас
шамасына сәйкес дене жаттығулары» атты кестесі кеңінен тарады. Дене
тәрбиесі, гигиена және балаларды шынықтыру мәселелері жӛніндегі кӛптеген
ғылыми еңбектердің арасынан «Мектеп жасына дейінгі дене шынықтыру» атты
кітап кӛпшілікке айрықша әйгілі болды. Егер П.Ф. Лесгафт Ресейдегі дене
шынықтыру білімі негізін салушы ретінде жас ұрпақ дене тәрбиесінің ғылыми
негізін қаласа, оның ісін жалғастыруды В.В.Гориневский қоғамның жаңа
міндеттері мен талаптарын ескере отырып, дене тәрбиесінің жас шамалық
ӛзгешелігін осы негізде дамытты. П.Ф.Лесгафттың және В.В.Гориневскийдің
идеяларын профессор, педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі,
педагогика
ғылымдарының
докторы,
дәрігер-гигиенист
Е.А.Аркин
жалғастырды. Кеңес ӛкіметінің алғашқы күндерінен бастап Е.А.Аркин Халық
ағарту комиссариатының мектепке дейінгі бӛлімінің Мәскеу халық ағарту
бӛлімінің тұрақты кеңесшісі қызметін атқарды, балабақшалар дәрігерлерін
біріктірді, тәрбиешілермен үнемі байланыста болды, оларды ӛзінің
зерттеулеріне қатыстырды. Е.А.Аркин оларды жоғары жүйке қызметінің
балалар тіршілігі және оны ұйымдастырудың заңдылықтары туралы,
И.М.Сеченев пен И.П.Павлов ілімінің негізгі қағидаларымен түсінікті де
тартымды түрде таныстырды, балабақша мен отбасының бірлесе жұмыс
істеуінің маңыздылығын негіздеп берді. Оның мектепке дейінгі педагогика,
анатомия, физиология және гигиена мәселелері жӛніндегі еңбектері арасынан
осы күнге дейін ӛз мәнін жоғалтпаған «Мектепке дейінгі жас» атты кітап
ерекше ілтипатқа ие болды. Мектепке дейінгі жас педиатриясы педагогикасына
профессор, медицина докторы Л.И.Чулицкая үлкен үлес қосты. Ол мектеп
жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
жайындағы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, оларды тәрбиелеу мен
оқытудың гигиеналық нормаларын анықтап берді және осы нормаларды
балабақшаның практикасына ендірді. Л.И.Чулицкая гигиена, шынықтыру
мәселелері жӛнінде мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері туралы
50-ден астам ғылыми еңбек жазды. Оның «Мектеп жасына дейінгі балалар
гигиенасы» атты кітабы кӛпшілікке кеңінен таныс. Мектепке дейінгі балалар
тәрбиесі саласында дәрігер және педагог Е.Г.Леви-Гориневскаяның үлкен рӛлі
34
бар. Ӛз жолбасшыларының бағытын ұстана отырып, ол дене тәрбиесі теориясы
мен практикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Оның жариялаған еңбектерінен
А.И.Быковамен бірлесіп жазған «Бала организмін шынықтыру» атты кітабы,
сондай-ақ «Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл-қозғалыстарын
дамыту» атты соңғы еңбегі кӛпшілікке мейлінше кең тараған. А.Б.Быкова
мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс мәселелерін қорытып
талдай отырып, балаларды қимыл-қозғалысқа үйрету процесін, оның мәнін,
мазмұнын ұйымдастыру мен әдістерін негіздеді және ашып кӛрсетті. Ол
үйретудің, оның ӛзіндік ӛзгешелігінің тәрбиелік сипатын атады, мұны ол
ойынмен, «балалармен ӛткізілетін сабақтарда ойын амалдарын кең қолдану мен
оларды, эмоцианалды ӛткізумен» тығыз байланыста қарады. А.И.Быкова мен
Е.Г.Леви-Гориневскаяның бірлесіп жазған еңбегі мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесі жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен практикасын дамытуға
Н.А. Метловтың, М.М.Конторовичтің, Л.И.Михайлованың, А.И.Быкованың
ғылыми-әдістемелік еңбектері айтарлықтай әсерін тигізді. Басқа авторлармен
бірлесе отырып, олар балалардың дене тәрбиесі жӛніндегі бағдарламаларды,
педучилищелер үшін оқу құралдарын және мектепке дейінгі мекемелер үшін
қозғалыс ойындарының жинақтарын жасап шықты. Балаларда қимыл-қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру жӛніндегі алғашқы еңбектердің бірі -
Д.В.Хухлаеваның 6-7 жастағы балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруды үйретудің әдістемелік тәсілдерінің маңызы мен
арақатынасын анықтаған зерттеуі болып табылады. Балалар дене тәрбиесінің
жекелеген мәселелерін дамытуға практикалық қызметкерлердің таңдаулы
тәжірибелері елеулі үлес қосады. Педагогтардың, әдіскерлердің «Дошкольное
воспитание» журналында жарияланған мақалаларында, дене тәрбие
сабақтарында шынықтыруды, балаларға дене жаттықтыруды үйретуді жақсы
ұйымдастырудың, қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық ойындардың
элементтері бар ойындар және т. б. ӛткізу әдістемесінің шығармашылық
ізденістері ашылып кӛрсетіледі. Соңғы жылдарда балалар дене тәрбие
саласында едәуір мӛлшерде күн тәртібін ғылыми негіздеуге, сәби жастағы
және мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруға, қозғалыс ойындарының, шығармашылық белсенділіктерінің,
балалардың қозғалыс іс-әректтеріндегі дене қасиеттерін, жарыстың тәрбиелік
рӛлін, негізгі қимыл-қозғалыстар мен спорттық жаттығуларды т.б. үйретуге
арналған
ғылыми-зерттеулер
жүргізіліп,
диссертациялар
қорғалды.
Зерттеулерден шыққан нәтижелер балалар дене тәрбиесі теориясы мен
практикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді және бағдарламаларда,
жасалып жатқан оқулықтар мен оқу құралдарына ӛз бейнесін табады. Олардың
авторлары ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының
ғылыми қызметкерлері болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде үйретудің
мазмұнын,
ұйымдастырылуын,
әдістерін
жетілдіруге
Л.М.Артемова,
Е.Н.Вавилова, М.П.Голощекина, А.В.Кенеман, Л.М.Коровина, Л.В.Карманова,
Г.П. Лескова, А.В.Листенова, Л.И.Пензулаева, Н.В.Потехина, Г.В. Сендек, И.И
Сергееня, А.Д.Удалой, В.Г.Фролова, Д.В.Хухлаева және басқалардың
35
зерттеулері арналды. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі
теориясының қазіргі кездегі мәселелерін одан әрі дамыту қоғамдық ӛмір
талаптарымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |