Шапшаңдық үшін жүгіру жаттығулары –
үдемелі жүгірулер
Бұл жаттығу былайша орындалады: жүгіру жылдамдығы жеңіл
баяулап жүгіруден спринтерлік жүгіруге дейін бірте-бірте арта түседі.
Мұндай жаттығуды 30-50 метрлік қашықтықтан бастап, кейін 80-120
метрге дейін жалғастыру ұсынылады.
Кейін мына тапсырмаларды орындауға талпыныс жасау керек:
1.
Барынша жылдамдықпен 20-25 метрге жүгіру.
2.
100 метр қашықтықтың әрбір 10-20 метрінде бақылау көрсеткіштерін
(жалаушалар,тастар) қою. Бұл бөліктердің әрқайсысын үдемелі
қарқынмен жүгіріп өту керек. Арақашықтықтың жалпы ұзындығына
қарай бұл тапсырманы 3-6 рет қайталау қажет.
3.
Әріптеспен кездесетін нүктеге дейін үдемелі жүгіру (тапсырманы екі
оқушы орындайды және 5-7 рет қайталайды). 100 метрлік
қашықтықтың екі жақ шетінде тұрған екі оқушы белгіленген нүктені
шапшаң жүгіру арқылы кесіп өту үшін жүгіруді бір мезетте бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |