59
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
көк тәңіріне табыну, өгіз, бөрі жануарларын кие тұтумен мағыналас, ал
кейінгілері Ырымбай, Жаманбай, Жәутік, Жұрқа, Елеусіз есімдерінің синонимі
ретінде қарастырылады. Тұлғалық жағынан алғаш Ит, Итемген, Барақ, Күшік
түрінде қойылса, соңынан Тоқтакүшік, Сыбанкүшік секілді өзгерістерге түсті.
Ал мына мысалдан бұл есімнің мүлде басқа мағынаға ие болғанын көреміз: «...
Итбай – С.Мұқановтың «Ботакөз» романы мен С.Көбеевтың «Қалың малында»
және Ғ.Мүсіреповтың «Қарағандысындағы» басты кейіпкерлер. Жазушылар бұл
адамдар арқылы ит мінезді, қараниет қас байлардың жиынтық образын беріп
отыр» [7,52]. Жаңа дәуірде жаңаша қалыптасқан мұндай пікірлер бұл тектес
есімдерге басқаша сипат берумен қатар, антропонимдер құрамынан жойылуы-
на себепші рөл атқарады. Қазіргі кезде Итемген, Күшікбай, Итбарақ тағы басқа
секілді антропонимдер бірен-саран, тек фамилиялар құрамында болмаса көп
кездеспейді. Бұған тек жазушылар шығармасының ықпалы болды деу біржақты
пікір, мұнда халық мәдени көзқарасының жаңа деңгейге көтерілуінің де әсері
бар. Сөйтіп, антропонимдердің мағыналық ерекшеліктері бірде құрамның
сақталуы мен толығуына әсер етсе, енді бірде осылайша жойылуының себепшісі
болады» [8,10].
Шартты түрде алынып отырған «тарихи» заманда антропонимиялық концепті-
лердің құрамында «эстетикалық» және «идеологиялық, саяси» концептілердің
пайда болып, көбейюін байқай аламыз. Бұл, әрине, замана сипаты, яғни, қоғам,
этнос өмірінің күрделенуі мен саясилану үрдістерінің лингвоментальді көрініс-
тері. Бұрынғы, ежелгі «мифтік» заманда дүниетанымның болмысы жалпы ал-
ғанда этностың өмір болмысының күре тамыры мифтік таным болған болса «та-
рихи» заманда қоғам өмірінің көп тұстары идеология ықпалына кіріге бастады.
Қазақ ономастикасында саяси сана аясында және арнасында өзгертілген не-
месе туындағын топонимдер мен антропонимдердің пайда болуы ғасырлар қой-
науында жатыр деп есептеуімізге де болады. Белгілі ғалым М.Мырзахметовтың
көрсетуінше: «Тұран өлкесін яғни, түрік халықтарының бүгінгі ұрпақтары жай-
лап отырған атамекен қоныстары басқыншы жаулар тарапынан талай рет үлеске
ұшырап сапырылысқа түскен топонимдік және антропонимдік аталымдардың
тарихи іздері ғасырлар қойнауында белгі беріп жатыр емес пе? Қазіргі қазақ
жерінде де бұл құбылыстың жеті қабат қатпарлары сыр бүгіп мүлгуде. Олардың
сырына еніп, тілін тауып мән мағынасын ұғына білген саналы азаматқа та-
лай тарих бүктемелері жазылып, құпиясын ашпақ. Біздің жыл санауымызға
дейінгі ғасырлар қойнауындағы ата-бабалар қонысында там-тұмдап болса да
ұшырасатын қытай, грек, парсы тіліндегі елді мекен, жер атауларының елес
берер сағымдай бұлдыраған сілемдері осындай талай қатпарлы шындықтың
өзекті буынын ұстатары да ап-анық аңғарылады. Ал VІІ-VІІІ ғасыр ішіндегі
араб басқыншылығы, ХІІІ ғасыр басындағы Шыңғысхан жорықтары, ХV-Х VІІІ
ғасырлардағы ұзақ жылдарға созылған қалмақтардың шабуылы, ақыры келіп
Достарыңызбен бөлісу: