Өсімдік қорғаудағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата13.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
өс қорғаудағы биотехнология

 

Дәрісте қаралатын неізгі сұрақтар: 

Серологиялық диагностика 

Антиген 

Антидене 



Дәрістің  мақсаты:Ӛсімдіктердегі  вирустың  бар  жоғын  тексеретін 

диагностикалық әдістердің тҥрлері мен тексеру жолдарымен таныстыру. 



Негізгі әдебиеттер: 

Г.Ж. Уәлиханова. Ӛсімдік биотехнологиясы, Алматы, «Қонжық», 1996 

Қ.Х.Әлмағамбетов.,  Қ.М.Мҧхаметжанов  және  т.б.  Биотехнология. 

Астана-2011 

 

Серодиагностика  дегеніміз  –  жалпы  тілмен  айтқанда  қан 



сарысуындағы  антиденелердің  сәйкес  антигендермен  әрекеттесуіне 

негізделген адам мен жануарлар және ӛсімдіктердің ауруын анықтайтын 

әдіс.  

Антиген  –(anti-қарсы,  genos-туыс  немесе  шығу  тегі  дегенді 

білдіреді) денеге қарсы реакция тудыратын зат.  

Антидене  –иммундық  жҥйемен  жасап  шығарылады,  яғни  ағзаға 

енген  антигенге жауап қайтаратын қорғаушы белок.  

Бҥгінгі  кҥні  ӛсімдіктердің  вирус  ауруларын  анықтайтын 

диагностикалық  әдістерінің  тҥрі  кӛп.  Олар  визуальды  диагностика, 

иммунодиагностика, 

индикаторлық 

диагностика, 

электрондық 

микроскоппен танып кӛру.  

 

Визуальды  диагностикаға  ӛсімдіктерде  вирустың  бар  жоғын 



морфологиялық  белгілеріне  қарап  анықтау  жатқызылады.  Иммундық 

диагностика  ӛсімдік  вирустарының  диагностикасының  сезімталдығы 

жоғары әдісі. Бҧл әдістер антидене және антиген арасындағы реакцияға, 

яғни, жануарлардың иммунитетіне негізделген. Адам да, жануарларда да 

аурудың  белгілі  бір  тҥрімен  ауырған  соң  иммунитет  қалыптасады.  Бҧл 

аурудан  қанда  антидене  пайда  болады.  Жануарлар  ағзасында 

антиденелердің  пайда  болуы  жануарлардың  ауруын  қоздырғыштарды 

тудырады.  Фитопатогенді  вирустарды  жануарлар  ағзасына  енгізсе 

ӛсімдік вирустарымен реакцияға тҥсетін антиденелерді тҥзеді. Антидене 

тек  жануарлар  ағзасына  енгізілген  вирусқа  ғана  әсер  етеді.  Жануарлар 

қанынан антиденелерді бӛле отырып ауыл шаруашылық дақылдарының 

вирусына қажетті сарысу (сыворотка) алады. 




18 

 

 



Диагностикалық талдау процесінде ӛсімдік шырынын сарысуымен 

араластырады.  ӛсімдікте  вирус  табылса  антиген  мен  антидене 

реакцияланып, тақта тәрізді тҧнба пайда болады. 

 

Иммунодиагностика  әдісіне  тамшылы  агглютинация  (КА), 



тамшылы  преципитация  (ТП),  агарда  радиалды  иммунодиффузия 

(АРИД),  агарда  екі  иммунодиффузия  (АЕИД),  латекс  -  агглютинация, 

латекс - тест, иммуноферменттік талдау жатады. 

 

Фитопатогендік вирустар диагностикасының тамшылы әдісіне кең 



тараған  серологиялық  әдістіңтҥрлері  жатады.  Алғаш  бҧл  әдісті  1937 

жылы Н.Н.Попов пен М.С.Дунин ҧсынған. Антивирустық сарысуды алу 

принципі  –  жануарлар  қанына  антигенді(вирусты)  ендіріп  арнайы 

қорғаушы  зат  (антиденені)  бӛліп  алады.  Серологиялық  әдіс  арқылы 

картоптың МВК, SВК және ХВК вирустарын анықтауға болады. 

 

Ӛсімдік 



вирустарының 

диагностикасының 

сезімтал 

әдісі 


иммуноферменттік  талдау  және  иммуносорбентті  электрондық 

микроскоппен  танып  білу  70  жылдары  қолданыла  бастады.  Бҧл  әдістің 

негізін 

қалаушылар 

Clark 

Adams, 


Derrich. 

Шет 


елдерде 

иммуноферменттік  талдау  әдісі  элиза-  тест  деген  атпен  белгілі:  алғаш 

ҧсынған неміс зерттеушісі Фоллер болды. 

 

 ИФТ 



жоғары  сезімталдығы  мен  алынған  нәтижелерінің 

сенімділігімен, 

вирустық 

ауруларды 

анықтайтын 

жҧмыстарды 

автоматтандыруға  негізделген.  ИФТ  әдісі  ӛсімдіктердегі  ауру 

қоздырғыштарын  анықтауға  кӛмектеседі.  Аталған  әдіс  антиденелердің 

ферменттермен  әрекеттесуіне,  нәтижесінде  конъюгаттар  жиынтығын 

тҥзуімен  анықталады.  Сондай  –ақ  органикалық  полимерлердің  беткі 

қабатында  иммуноглобулиндердің  адсорбциялаушы  қабілетіне  де 

негізделген. 

 

Әдістің 


принципі 

былай: 


полистиролды 

планшеттерге 

антиденелерді  ендіреді.  Біраз  уақыт  ӛте  келе  антиденелер  ойықтарға 

адсорбцияланады. Сол ойықтарға тестіленетін ӛсімдік шырынын қҧяды. 

Ӛсімдік  шырыны  планшеттегі  ойықтарға  сіңірілген  соң,  ҧстіне  тағы  да 

антиденелерді  тамызады.  Мҧны  кейде  «сэндвич»  әдісі  деп  те  атайды. 

Егер  ӛсімдік  шырынында  вирус  болса,  вирус  антигені  ойықтың  беткі 

қабатындағы антиденелермен байланысады (бірінші иммундық реакция 

жҥреді). Алынған антиген - антидене жиынтығына антидене ферментпен 

енгізіледі  (екінші  иммундық  реакция).  Ойықтарға  сәйкес  ферменттік 

субстрат  қосылған  соң,  ӛсімдік  шырынында  вирус  болса  тҥсті 

ферменттік реакция жҥреді.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет