24
ІІІ – ТАРАУ. Ӛсімдіктің клеткалық селекциясы
4, 5 – Дәріс
Тақырыбы:Клеткалық селекция әдістері
Дәрісте қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Клеткалық селекция туралы тҥсінік.
Тура және кері селекция
Тӛзімді клеткаларды сҧрыптап алудың әдістері.
Сомаклондық варианттар
Дәрістің мақсаты:Іn vitro жағдайында жҥретін ӛзгергіштік. Ӛзгерген
клеткалардың селекциялық маңызы. Клеткалық селекция және оның
әдістерімен танысу
Негізгі әдебиеттер:
Г.Ж. Уәлиханова. Ӛсімдік биотехнологиясы, Алматы, «Қонжық», 1996
С.Қ. Тҧрашева, Клеткалық биотехнология. Алматы, 2011
В.С. Шевелуха и др. Сельскохозяйственная биотехнология. М.:
Высшая.школа, 1998.
Р.Г. Бутенко. Биотехнология растений. Культура клеток. М.:
Агропромиздат, 1989.
Клеткалық селекция деп- іn vitro жағдайында ӛсірілген
клеткалардың арасынан нақтылы бір селективтік жағдайға сәйкес
ӛзгеріске ҧшыраған жәнешаруашылық пайдалы қасиетке ие болған
клеткаларды кӛбейтіп сҧрыптап алуды айтамыз. Әрбір клеткадан ӛсімдік
шығады, клеткалық селекция әдісін қолданана отырып ӛсімдіктердің
шаруашылық маңызы бар жаңа формаларын тез арада алуға болады.
Клеткалық селекция әдісінің артықшылығы:
-жыл он екі ай маусымға және климат факторларына тәуелсіздік;
- клетка деңгейіндеклеткалық популяцияны зерттеп жедел селекциялық
жҧмыстарды жҥргізу;
- уақыт пен егістік жер кӛлемінің ҥнемделуі.
Іn vitro
жағдайында селекцияны
амин
қышқылдарына,
нуклеотидтерге, патотоксиндерге, антибиотиктерге, гербицидтерге,
тҧздар мен ауыр металдардың жоғары концентрациясына, тӛмен рН
кӛрсеткіштеріне және т.б. факторларға тӛзімді клеткалық линияларды
сҧрыптап алу ҥшін жҥргізеді және белгілі мутациялары бар клеткаларды
арнайы селективтік ортада ӛсіреді.
Егер де белгілі бір затқа тӛзімді клеткаларды сҧрыптап алу қажет
болса, оларды сол зат қосылған ортаға егіп ӛсіреді. Ал енді нақтылы
стресс факторларға тӛзімді клеткаларды сҧрыптап алу мақсаты болса,
онда ішінде клеткалар ӛсіп жатқан ыдыстарды, дәл сондай жағдай
(мысалы, жоғары немесе тӛмен температура) әсер ететін жерге
25
орналастырады. Біраз уақыттан соң сол жағдайларға шыдамаған
клеткалардың кӛбі бӛліне алмай қҧриды, тек мутация немесе
эпигенетикалық ӛзгерістер арқасында сол факторға тӛзімді клеткалар
ғана тірі қалады. Мҧндай әдісті тура селекция деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: