2-кесте. «Алгебра» пәні бойынша бағдарлама мазмұны
№
Бөлім
Бөлімшелер
1
Сандар
1.1 Сандар мен шамалар туралы түсінік
1.2 Сандарға амал қолдану
2
Алгебра
2.1 Алгебралық өрнектер мен оларды түрлендіру
2.2 Теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері мен жиынтықтары
2.3 Тізбектер және олардың қосындысы
2.4 Тригонометрия
3
Статистика және
ықтималдық
теориясы
3.1 Жиындар теориясы мен логика элементтері
3.2 Комбинаторика негіздері
3.3 Ықтималдық теориясының негіздері
3.4 Статистика және дерек талдау
4
Математикалық
модельдеу
мен
талдау
4.1 Математикалық талдау бастауы
4.2 Математикалық модельдеу көмегімен есеп шығару
4.3Математикалық тіл және математикалық модель
7-сыныптың алгебра курсында өрнектерді түрлендіру мен бір белгісізі бар
теңдеулерді шешу туралы мәліметті жүйелендіру жалғастырылады. Жаңа сұрақтарға
ерекше көңіл бөлінеді: статистика элементтері, қос теңсіздіктерді жазу және оқу, тепе-
теңдік ұғымы, тепе-тең түрлендіру, бір белгісізі бар сызықтық теңдеу, мәндес теңдеулер.
Оқушылардың функционалды дайындығын қамтамасыздандырудың бастапқы кезеңі
болып табылатын функция ұғымы қалыптасады. Натурал көрсеткіштері бар дәрежені оқу
жалғастырылады.
,
,
(k
0) функцияларының қасиеттері және
олардың графиктерінің координаттық жазықтықта орналасу ерекшеліктері зерттеледі.
Көпмүшелермен жасалатын амалдар алгоритмдері – қосу, азайту, көбейтуге – басым көңіл
бөлінеді. Жалпы көбейткішті жақшаның сыртына шығару және топтастыру көмегімен
көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге ерекше көңіл бөлінеді. Көбейтіндіні көпмүшеге
түрлендіру, сондай-ақ көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін қысқартылған көбейту
формулаларын қолдану дағдылары қалыптасады. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
жүйелерін шешу бойынша алғашқы білім беріледі, ол қарастырылатын мәтіндік есептер
қатарын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Жасалып жатқан амалдарды пайымдау,
оларға қарапайым дәлел келтіру, оларды негіздеу біліктерін қалыптастыруға аса зейін
қойылады.
Бағдарламаға сәйкес алгебраны оқуға аптасына 3 сағат бөлінеді, ол оқу жылында 102
сағатты құрайды.
«Геометрия» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны 4 бөлімнен тұрады (3-
кесте).
3-кесте. «Геометрия» пәні бойынша бағдарлама мазмұны
Бөлім
1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік
2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы
3. Метрикалық қатыстар
4. Векторлар және түрлендірулер
7-сыныптың геометрия курсында геометриялық фигуралар туралы мәлімет
тереңдетіледі. Бастапқы кезеңде негізінен екі аспекті: геометриялық фигуралардың
(кесінділер мен бұрыштардың) теңдігі ұғымы және кесінділер мен бұрыштарды өлшеу
қасиеттері қарастырылады. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері басты орында. Берілген
үшбұрыштардың үш тиісті элементінің теңдігін көрсету және зерттелген белгілерге сілтеме
13
жасау білігі қалыптасады. Тиісті белгілерді пайдаланып, түзулердің параллельдігін
дәлелдеуге аса көңіл бөлінеді. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теорема
маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, ол шығарылатын есептердің санатын
айтарлықтай кеңейтеді. Жасалып жатқан амалдарды пайымдау, оларға қарапайым дәлел
келтіру, оларды негіздеу біліктерін қалыптастыруға аса зейін қойылады.
Бағдарламаға сәйкес геометрияны оқуға аптасына 2 сағат бөлінеді, ол оқу
жылында 68 сағатты құрайды
.
Математика бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты «Математика»,
«Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, соның ішінде басқа
пәндермен ықпалдастыру, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік
дәстүрлері негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Одан
бөлек, «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын
жоспарлау негізінде жататын маңызды қағидат спиральды оқу бағдарламасының түсінігі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |