«МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА» ЖӘНЕ «ГЕОМЕТРИЯ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie,
2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155
педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында
қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің
педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті.
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру
стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін
төмендетеді.
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылу
қажеттігінің мысалын Хименес-Александренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді
құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et
al, 2011 сілтемесі):
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері
ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы
тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және
оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай
алынғанын талдай білуі тиіс.
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту
кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту
тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын
көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы
алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол
ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай
үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау,
рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді
қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз
дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу орындауға мүмкіндік беру аса маңызды
болып табылады.
Бұл пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер сындарлы белсенді оқуға
негізделеді (Savery, J. R., & Duffy, T. M., 1994; Jonassen, D. H., & Rohrer-Murphy, L., 1999).
Бұл тәсіл қолданылған жағдайда оқушылар оқу барысында белсенді түрде
атсалысатындықтан, оның маңызын өздері анықтай алатын жағдайда болады. Мұғалім
енжар қалыпта отырған оқушыларға білім бергенімен салыстырғанда, бұл оқудың
анағұрлым пәрменді құралы болып табылады.
Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл оқу
бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті.
Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы
хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады (Tomlinson), ал бұл өз алдында
17
саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға
мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.
Топтағы (мектеп ішіндегі және мектептер арасындағы мұғалімдер топтары) бірлескен
жұмыс бөлінген таным қағидатына негізделеді (Nardi, 1992), оның ауқымында мұғалімдер
бір-бірімен білімімен және түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс істейді. Олар
түсініктеме беріп, болжамдарын ұсынады, осылайша әсіресе бірлескен сұрақ-жауап
кезінде өз түсінігін кеңейтеді. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс
ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл
мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге
көмектеседі. Мұғалімнің рөлі оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ету мақсатында
оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануда болып табылады. Оқу үдерісін
жандандыру үшін мұғалімдер ынталандырушы материалдарды ұсынып, оқушылардың
танымдық тұрғыдан дамуына ықпал ету үшін оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады.
Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын, оқушылар барынша жақсы нәтижелерге қол жеткізу
үшін өз бетінше әрекет етуге үйренуі керек.
Оқушыларға оқу жоспарындағы жаттығулар аясында көзделген оқу мақсаттарына
қол жеткізуге көмектесетін бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдалануда мұғалімдерге
біліктілікті арттыру курстары арқылы қолдау көрсетіледі. Критериалды бағалау моделі
оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша тәсілдерді
пайдаланады.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасында математикалық білім
математиканың тәжірибелік маңызы мен оның адамның ойлау қабілетінің дамуын
қалыптастырудағы мүмкіндіктері және шынайы өмірді танып-білудегі ғылыми әдістер
туралы ой-пікір қалыптастыруда ерекше орын алады.
«Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндері бойынша оқу бағдарламасының
мақсаты пәннің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы
адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы
оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептердің жоғары
сыныптарында математиканы оқу оқушылардың өздігінен білім алу қабілетіне қажет
болатын математиканың қосымша бөлімдерін (жазықтық теңдеуі, Виет теоремасының
жалпы түрі, дифференциал теңдеулер, функцияны екінші ретті туынды арқылы зерттеу)
меңгеруіне жағдай жасайды. Математика пәндерін оқытуда оқушылардың ойлау және
зерттеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Математиканы оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер:
- проблемалық оқыту;
- құндылықтарға бағдарланған тәсіл;
- жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл;
- белсенді оқу әдіс-тәсілдері;
- саралап оқыту;
- жеке, жұптық, топтық (шағын топтардағы) және жалпы сыныптық (тұтас) және
ұжымдық (құрамы ауысып отыратын жұптар) оқу жұмысын қоса алғанда, бүкіл сыныптың
жұмысын ұйымдастыру;
- өзара оқыту (сынып ішінде және сыныптар арасында);
- тәжірибелік және шығармашылық жұмыстар (түрлі геометриялық модельдердің
конструкторы сияқты материалдармен жұмыс істеу);
- ішінара ізденіс әдісі (іздеуді, қосымша материал қолдануды қажет ететін есептерді
шешу әдісі);
- зерттеу әдісі (мен не білемін, нені білгім келеді, не үйрендім);
- оқушылардың оқу жетістігіне жүйелі мониторинг жасау;
18
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану, математиканы
оқытуда АКТ қолдану төмендегідей көрініс табады:
жоба, зерттеу есептерін шығару, тапсырма құрастыру, ақпарат және пікір алмасу
(стандартты емес есептер, жобалар, «апта есебі») үшін сайт (блог) жасау;
математикалық есеп (геометриялық фигураларды құрастыру және тағы басқа.)
шығару барысы туралы бейнекөрініс жасау;
арнайы бағдарламалардың көмегімен бағалау тапсырмаларын құрастыру;
- графиктерді, геометриялық сызбаларды оқушылардың өз бетінше орындауы;
- оқушылардың ақпаратты іздеу және таңдаумен, дерек және құбылыстар арасындағы
байланыс пен айырмашылықты салыстыру және орнатумен байланысты жұмыстарды өз
бетінше орындау дағдыларын дамыту;
- математиканың әртүрлі тарауларын оқу барысында көрнекілікті қамтамасыз ету
(мысалы, геометрияны оқуда 1C математикалық конструктор, GeoGebra бағдарламалық
жасақтаманы қолдану);
- түрлі қосымшалардың көмегімен оқушылардың математикалық модельдеу
дағдыларын жетілдіру (мысалы, Excel, Acces қолданбалы бағдарламалар);
- оқушылардың өз бетінше білімін жетілдіру дағдыларын дамытуға ықпал ететін
электрондық ресурстарды қолданып оқыту;
- интернет-олимпиадаларға немесе қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу
арқылы оқушылардың математикалық қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін
дамыту;
- өзекті тақырыптар бойынша мектептен тыс диалогті жалғастыруға мүмкіндік беретін
онлайн режімінде немесе форумға қатысу арқылы математикалық дағдылар мен
математикалық тілді дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |