белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік
болады. Өмірінше ұмытпайды» (Аймауытұлы, 1929).
Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде
қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген
өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы
артады.
Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық әдістерді
- сабақты белсенді оқуға, тілдік дағдыларын дамытуға ықпал ететін және
- оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін жас
- оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күш
жұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестікке
- жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың
алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату мақсатында жекелеген
29
- оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері
байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
Мұғалімнің сыныпта іске асыратын әдіс-тәсілдерінің барлығында оқушының мүддесін
ескеруі маңызды болып табылады, 5-сынып оқушысының қажеттіліктері жоғары сынып
оқушыларының қажеттіліктерінен ерекшеленетіні ескерілуі тиіс. 5-сынып оқушысы үшін
сынып ұжымында өзіндік орнын табу аса маңызды болып табылады, сондықтан олардың
қатысуымен оқушылар бірлесе орындайтын жұмыстарды, ойын түріндегі сабақтарды
көбірек ұйымдастыру керек, олар үшін ойын әрекеттерінің өзінен гөрі ойынның нәтижелері
маңыздырақ болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының қажеттіліктері мен
қызығушылықтары бұлардан өзгеше – қатарларының арасында танымал болу, олар үшін
өзіндік пікірін ұстану, өзінің маңыздылығын сезіну маңызды болып табылады. Оқытуда
жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік беретін деңгейлі оқыту жүйесіне көшу тиімді болып
табылады. Бұл жүйе оқушының өзінің білім деңгейін анықтай білуіне, өз бетінше
орындайтын жұмыс түрлерін белгілеуіне, теориялық материалды өз бетінше талдай біліп,
өз идеялары мен пікірлерін ұсынуына мүмкіндік береді.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейін аяқтаған оқушылар 5-9 және 10-11-
сыныптардың бағдарламаларын меңгеріп шығады. Олар мектеп шеңберіндегі жұмыстарда
өздеріне қосымша жауапкершілік алуға ұмтылып, өздеріне көшбасшылық рөл немесе
төменгі сынып оқушыларына жаттықтырушы болу ұсынылған жағдайда, мұндай
мүмкіндіктерді оң бағалайды. Берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылар
әртүрлі оқу тәсілдерін анағұрлым тиімді ету туралы терең ойларын ортаға салып, салмақты
пікір білдіре алады, өзіне және басқаларға деген сенімі артады. Мұғалім мен оқушылардың
арасында орнаған бұл ынтымақтастық 9-11-сыныптарда оқытудың анағұрлым табысты,
сенімді тәсілі болуы мүмкін.
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір
мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер
оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды
қолданады, бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау
деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын
таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға
ұмтылуына жақсы ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты
«сыртқы» уәж түріндегі мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұндай жолмен
ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі
уәжін төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері
байланыс салдарынан оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі
тиіс:
- тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
- тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
- тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті
деп сезіну;
- өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы
мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне
деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына
құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы,
оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және
т.б.).
Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда
мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің
жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы
мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген
30
факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің
ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының математикаға
қызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын
қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушыларды
оқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімнің
кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі кестеде (7-кесте) мұғалім
жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар
ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: