Оқушыларды уәждеу
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Алайда,
оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде
қарастырған орынды болар (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін
факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер Б.Ф. Скиннер (1953) ұсынған
бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-
құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты
(соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003).
Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен
туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды,
ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахат
алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін
ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады.
Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда,
ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін
мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып
мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай
алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде,
мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді
қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал. Мәселен, Деки (1971) оқушыларға басқатырғышты
шешуге өте қызықты жаттығу беріп, алдын ала кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін
сый алатынын айтады. Эксперимент өткізуші экспериментке қатысушыларға бұл
тапсырманы әрі қарай орындамай, пазл және өзге де кедергі келтіріп, көңілді бөлетін
нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындай
еркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманы
орындауға аз ғана уақыт бөлуді ұйғарып, ал марапат туралы білмегендер жұмыстарын
жалғастыра берген. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы уәждеуші фактордың болуы
оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті.
Осы бір негізгі жаңалық басқа да бірқатар зерттеулерде дәлелденді (Ryan and Deci,
2000). Білім беру саласы үшін мұның айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау
28
теориясына сәйкес (Ryan and Deci, 1985), жеке тұлға өзінің мүмкіндігінің жетпейтінін
немесе дербестігі шектеулі екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады.
Айта кетерлік жайт, керісінше болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзінің
құзыреттілігі жететінін сезетін оқушы ішкі уәжі мол екенін көрсете бермейді (Ryan and
Deci, 2000).
Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі факторлар
туралы зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E., 2001)
барысында да анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерінің
уәжіне ықпалы бар екеніне сенеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, оқушылардың білімге
құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті
өшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын
қолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға
ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады.
Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі
уәжге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан
- оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін үдеріс
деп санаған жағдайда;
- мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда;
- оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған
жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады.
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуде оқушылардың өздерін
қызықтыратын мәселелер бойынша тақырыпты зерттеуіне, жұптық және топтық
жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл оқушылардың шынайы
қызығушылығын туғызып, ішкі уәжін арттыратын ерекшелігі болып табылады.
Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып
табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді.
Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген уәжі мен
қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз
еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді,
Достарыңызбен бөлісу: |