Дәлелдеу
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану оқу
бағдарламасының өзекті аспектісі болып табылады. Осы ойлау дағдыларын
қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу кез келген пікірталас
бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе математиканы оқытуда оның
маңызы өте зор, себебі онда берілген мәселенің бір шешімі болғанымен, тапсырманы
әртүрлі құралдар мен тәсілдер арқылы орындауға болады. Сондай-ақ бұл Қазақстан
23
Республикасындағы жаңартылған оқу бағдарламаларында басым болып табылатын
құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,
қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Сыныпта оқытуда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында
қалыптасатын және жүргізілетін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік
оқу (Alro & Skovsmose, 2002). Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде
түсінеді және бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас
білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен
келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. Дәлелдеудің үлгісі мен
күрделілігін сипаттау жөніндегі Тулминнің (Toulmin, 1958) жемісті жұмысы білім беру
саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды
бағамдауға ықпал етті (мысалы, Simon et al., 2006; Katchevich et al, 2013). Зерттеуге
негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен,
идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы
пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады (Goos, 2004).
Сыныптағы әңгіме түрлері мәселесі отандық әдебиетте де, шетелдік ғалымдардың
еңбектерінде де көптеп кездеседі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «оқытудың ең үздік тәсілі –
әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат
іздеушіге (оқудағы болса да) айналады» (Құдайбердіұлы Ш., 1991) деген болса, «мұғалім
балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен
түсіндіру керек» дейді Ы.Алтынсарин (Ы.Алтынсарин,1978). Л.И.Божович, В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин бастауыш сыныптарда балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан,
ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді. Егер
кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға
күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар, яғни жоғары сынып
оқушылары ұстаздың әрбір қимыл-қозғалысын, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-
кеңесіне өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына
өздерінше іштей сын көзімен қарайды (Божович Л.И., 1997; Давыдов В.В., 1986; Эльконин
Д.Б., 1989).
Сонымен қатар, Нил Мерсердің диалогтік әңгіме мен кері байланыстың
артықшылықтары тақырыбына арналған көптеген еңбектері бар (мысалы, Mercer, N. &
Hodgkinson, S., 2008).
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздері
көріп зерделеген көрнекі материалды қайталап сипаттау ұсынылады. Жаңартылған оқу
бағдарламасы бойынша оқытуда әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ
барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987;
Brown&Renshaw, 2000). Мұндай сабақтарда оқушы басқа оқушыларға тұжырымын өз
сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып,
проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың берген
түсініктемелеріне құрметпен қарап, оның құнды екенін түсінуі, проблеманы шешудің
осындай ерекше тәсілдері басқа оқушылардың проблеманы түсінуіне көмектесе
алатындығын мойындайды. Ұжымдық дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық өзара әрекетті
өрбітуге көмектесетін мықты педагогикалық құрал.
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» бойынша оқу бағдарламаларында
оқушылардың дәлелдеуді қолдану дағдылары (ақпарат дереккөздерін талдау, өздерінің
зерттеу нәтижелерін таныстыру және талқылау) сыныптан сыныпқа көшу шамасына қарай
күрделеніп отырады.
Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу. Поляның
(Polya, 1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл:
- шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу және
мағынасын түсіну;
24
- рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу;
- формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу;
- жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ жорамалдар жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім оларға тақырыпты
білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген
қате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана
алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін:
- елестету;
- салыстыру;
- түсіндіру және дәлел келтіру;
- мақұлдау.
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы
белгіленгеннен кейін, мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет,
диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы
«елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен
«салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең
оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате
пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және
«мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
Оқушыларға проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың Пиаже
сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте
сақтауы керек. Сондықтан орта буын және жоғары сынып оқушыларымен жұмыс
барысында мұғалімдер оқушыларды қызықтыратын проблемалық жағдаяттар туындату
арқылы оқытуды басшылыққа алуы керек. Бұл оқушыларды мәселенің шешімін табу үшін
өздігінен ізденуге, білімдерін жинақтап, шоғырландыруға, жұмысының нәтижесін бағалап,
өзінің жасаған қорытындыларына қуанып, шаттануына мүмкіндік береді. Мұнда мәселені
дұрыс қоюдың өзі маңызды. Мысалы, геометрия сабақтары математика курсындағы күрделі
салалардың бірі болып табылады, қарапайым түсінікті факторлардан мүлдем түсініксіз
ойша тұжырымдар арқылы айқын қорытынды шығару қажеттілігі көптеген оқушыларға
қиындық туғызады. Олар аксиомалар мен теоремалардың көптігінен қиналады. Мұндай
жағдайда қиындық туғызатын тақырыпты толық меңгергенше тақырыпқа бойлау арқылы
оқушыларды қорқыныш сезімінен арылту маңызды. Бұл оқушылардың ынтасы мен күш-
жігерін теоремаларды дәлелдеу мен есептерді шығару дағдыларын дамытуға жұмылдыруға
мүмкіндік береді.
«Математика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыларға ХХІ
ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу
үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан
ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым
жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге
дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасында проблемаларды шешу, бірлескен
зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударып, ойлау
дағдыларын дамытуды көздейді. Оқыту үдерісі тәжірибеге бағытталған және оқушының өз
білімдерін өмірде қолдана білуіне шоғырланған.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз
байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз
бетінше оқу дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын дамыту аса маңызды болып
табылады.
«Математика» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы оқушылардың
бұрын меңгерген білімі мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктерді
қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәндер бойынша оқу
бағдарламалары оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді:
25
- зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
- кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту;
- өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
- қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің
оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге
дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары
туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар
ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық
жұмыстарды жүргізу пәндерді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрри
(Kerry, 2011) тұжырымдағандай, пәнаралық байланысты қолдану білімнің өзара тығыз
байланыстылығы туралы Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудағы бұл
бағытты сындарлы оқыту теориясын жақтаушылар қолдайды, оқушылар бірлескен жұмыс
барысында пәнаралық проблемаларды талқылап, өзара пікір алмасады (Hayes, 2010).
Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша оқыту аспектілерін пайдалана алады немесе бір пән
басқа пәнді оқытуды жетілдіруге негіз бола алады. Пәндер бойынша білімді ықпалдастыру
оқушылар үшін оқу үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға
бағытталған. Орта буын және жоғары сынып оқушылары математиканы басқа пәндермен
байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді
модельдеуіне мүмкіндік береді (6-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |