бағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқа
авторлар (2003) мұндай тәсіл оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже
анықтап алу қажет. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылы
және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат
әр оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады.
- мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін
- мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға
- мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу
мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу
31
- мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре
қолданады;
- мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс
ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді
(OECD, 2005).
Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытумен
салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың танымдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалімдер «сыныпты
тыныштандырудың» (мұғалімнің сабақта тыныштық сақталуын қадағалауы, өзінің сөйлеуі)
орнына, оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқай алу, шешім қабылдау мен
тұжырымдау, түзете алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерін
қалыптастыруы және дамытулары керек (Hattie, 2012). Мұндай хабардарлық мұғалімдер
өздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралы
ойланып, ой елегінен өткізген жағдайда ғана дамитын болады. Сол себепті
тыңдаушылардың осындай ойлау дағдысын арттырып, оқу бағдарламасында көзделген
белсенді оқу тәсілдеріне жаттығып дағдылануы үшін, біліктілікті арттыру курсы аясында
ықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда қамтылатын белсенді оқу тәсілдері
тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп,
топтық жұмыс және ықшамсабақтар ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсілдерде оқу
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын
тәжірибелік идеялар қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: