Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет97/140
Дата19.05.2020
өлшемі1,88 Mb.
#69558
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   140
Байланысты:
дефектолог

underdevelopment 
A.K.Bekmagambetova
1
,G.B.Ibatova


a 4
th
 year student, major in 5V010500-defectology, KazNPU them Abaya 
2
Scientific advister: Master of educational sciences, National Scientific and Practical Center of special 
education, special teacher speech therapist 
Almaty, Kazakhstan 
In  the  article  there  are  the  questions  of  the  study  violations  of  the  sound  -  syllabic  structure  of  speech  in 
preschool children with General underdevelopment of speech in literature. 
Key words: sound - syllabic structure, assimilation of syllabic structure of a word. 
 
Өз  кезінде  И.А.Сикорский  осы  мәселеге  көлің  бөлген.    И.А.Сикорскийдің  мәліметтері 
қызықты, себебі бөлек дыбыстарды меңгеруіндегі қатынасына қарай  процессті өз бетімен сөздің 
буындық құрамын түсінуін айтып отыр [1]. 
А.И.Гвоздев  осы    еңбегінде  «Усвоение  ребенком  звуковой  стороны  русского   языка» 
қалыпты сөйлеу тілі дамыған балалардың сөздік құрамын меңгеруі мәселелерін қозғайды [2].  
Мектепте  оқитын  ересек  және  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  арасындағы  ең  көп 
тарағаны-дыбыстарды  айтудағы  ақаулықтар.  Бұл  топтағы  есту  қабілеті  дұрыс  балалар  жеке 
дыбыстарды,  бір  немесе  бірнеше  ызың  және  ысқырық,  ызың  және  аффрикаты  дыбыстарды 
мысалы, дұрыс айта алмайтындығы байқалады. 
Бұл  балалардың  сөйлеу  тілінің  дыбыстық  жағын  мұқият  тексерген  кезде  олардың 
кейбіреулерінің  дыбыстарды  айтуының,  сөздің  құрамындағы  буындық  ырғақтың,  дыбыстық 
түсінігінің  барлық  элементтерінің  жиынтығының  қалыптаспағандығын  көрсетті.  Бұл  сияқты 
ауытқулардың ерекшеліктері баланың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруіне әсерін тигізеді.[3] 
Сөздің буындық құрамымен және фонетикалық жағын толығымен меңгерудегі қатынасын 
Т.Г.Егоров  ескертіп  айтқан  [4].  Дыбыстың  сөзде  белгіленуіне  әсер  ететін  мәселені  талдай 
отырып,осы  автор  дыбыстық  ортамен,  сөздің  буындық  және  ритмикалық  құрылысын  атайды: 
балаға  сөздегі  екі  күрделі  дыбысты  ашық  буынды  екі  әріпті  немесе  бір  әріпті  катарды    белгілеу 
оңай болады және жабық үш әріпті буынды сөзді талдау қиынырақ және дауыссыз дыбыстары бар 
сөздер одан да киындау болып келеді. 
Қалыпты  сөйлеу  тілі  дамыған  баланы  Н.С.Жукованың  кестесі  бойынша  келесі  кезеңдерге 
бөліп қарастырған: 
•  1  жас,  3  ай  –  1жас,  8  ай  бала  көбіне  естіген  сөздегі  буынды  айтады  немесе  бірдей 
буындарды: га-га,ту-ту; 
•  1 жас, 8 ай – 1 жас, 10 ай буындарды тастап кетіп айтады: алақай (ақай); 
•  1 жас, 10 ай  - 2 жас, 1 ай әлі де буындарды тастап кету байқалады: тобус (автобус);  
•  2 жас,1 ай – 2 жас, 3 ай көп буынды сөздерде көбіне бастапқы буынды тастап кетеді: даһар 
(айдаһар) 
•  2 жас, 3 ай – 3 жас бұзылыс көп байқалмайды, көбіне естімеген сөздерде болмаса. 
Сөйлеу  тілі  бұзылысы  кезінде  берілген  жас  ерекшелік  бұзылыстары    3  жастан  кейін  де 
кетпейді, керісінше, анық көрінетін тұрақты сипаттама алады.  
Аномальді бала тілінің алғашқы сөздері келесі классификация бойынша бөлуге болады: 
•  Дұрыс айтатын сөздері: мама,бер; 
•  Фрагментті сөздер: ойшық (ойыншық); 
•  Бір затты немесе бір әрекетті білдіретін сөзде: би-би; 


81 
 
А.К.Макарова және Н.С. Четверушкина сөздің дыбыстық құрылымын келесі этаптарға бөледі 
[5]:  
•  Буындардың санының бұзылуы; 
•  Сөздегі буындардың қайталануының бұзылуы; 
•  Бір буында тұрып қалу
•  Сөздердің бөліктерін біреуіне біріктіру; 
•  Антиципация; 
•  Контоминация; 
•  Бір буында басқада қолдану; 
Сөздің буындық құрамы – сөздегі буындардың қатынасы және өзара байланысы.  
Баланың ауызша сөйлеу тілін түзету жұмысы дұрыс болуы үшін алдын-ала тиянақты түрде 
тексеру  керек.  Негізенен,  осы  балаларда  психикалық  функциялары  дұрыс  қалыптаспаған  болып 
шығады, соның ішінде:логикалық ойлауы, естіп және көріп қабылдау зейіні, жүйке жүйесінің тез 
шаршауына  байланысты  жұмыс  жасау  қабілетінің  төмен  болуы,  таныдық  белсенділігінің  төмен 
болуы байқалады. 
Сөздің дыбыстық буындық құрамын дамытуындағы бұзылыс баланың ауызша сөйлеу тілін 
қалыпты дамуына кедергі келтіреді(сөздік қорын молайтуға, түсініктерін меңгеруге) және қарым-
қатынасқа  түсу  кезінде  кедергі  келтіреді,  сонымен  қоса,  әлбетте,  дыбыстық  талдау  мен  сауат 
ашуды оқытуда бөгет болады. Сөздің буындық құрамы, бөлек дыбыстарды  меңгерумен  тікелей 
байланысты  емес.  Тіпті,  бөлек  дыбыстарды  дұрыс  айтқан  жағдайда  да,(бөлек  сөйлемде) 
дыбыстардан құралған сөздің буындық құрамы алыс және жақын болса да  бала дұрыс айтпайды. 
Дыбыстық  -  буындық  талдауының  бұзылуы  төмен  деңгейде  болса  да,  бұл  жағдайда 
қиыншылықтары кездеседі. Берілген сөздің бірінші немесе соңғы дауыссыз дыбыстарын ата деген 
тапсырманы  орындаған  кезде,  бала  көбінесе  буынды  ажыратып  айтады.  Сөздің  реверсі 
(алмастыруы) байқалады, мысалы шар деген сөзде бірінші дыбыс Р деп жауап береді. 
        Сөздің  буындық  құрамы  бойынша  салыстыру,  сөздегі  дыбыстың  санын  анықтау,  екінші, 
ұшінші, төртінші дыбысты атау қиынға түседі. 
Дауысты  дыбыстарды,  сонымен  қатар  сөзде  қатарынан  келген  бірнеше  дауыссыз 
дыбыстарды  тастап  кету,  сөздегі  дыбыстарды  ретімен  айтқан  кезде  сөз  реверстері  («бас»  деген 
сөзде – с, а, б) осы балаға тән қателері болып саналады. 
Сөздердің дыбыстық және буындық құрамы бұрмаланған кезде көптеген ізденулер пайда 
болады,  бала өзінің сөйлеуінің өнімділігіне сенімсіз, адекватты кинестезияларды іздейді: асық – 
«сық»,  «асыық»,  «аасық»  т.б.  Дыбыстарды  диффузды  түрде  ажырата  алмай  қабылдаудың 
арқасында  сөйлеген  кездегі  қателер  пайда  болады.  Бала  біртіндеп  өз  қателерін  түсіне  бастайды: 
«Жоқ, мен дұрыс айтпадым». 
Дыбыстардың  дұрыс  айпауын,  бұрмаланған  сөздерді  жазып  алады.  Құрылысы  бұзылған 
сөздер мен буындардың түзетілуі жеке дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарға қарағанда біраз 
қиындыққа  түседі  және  әжептеуір  ұзаққа  созылады.  Балада  бұндай  ақаулықтардың  жиі  болуы 
оның жалпы сөйлеу тілінің толық дамымағандығын көрсетеді. 
Кейде  бала  өзіне  таныс  сөздердің  барлығын  байланыссыз  айтуы  мүмкін  (логоррея), 
естігенін  сөзін  немесе  сөз  тіркесін  қайталайды;  бұрын    немесе  осы  сәтте  естіген  сөздерді 
қайталайды  —  эхолалия.  Мағынасын  түсіне  алмай,  бала  сөздермен,  сөз  тіркестерін  жаңғырық 
тәрізді  қайталайды.  Эхолалиялық  түрде  айтылған  сөздерін  бала  түсінбейді  және  есінде 
сақтамайды. 
Сөздерінде  екпін  қоюдағы  қателер,  дыбыстарды  дұрыс  айтпай  кету,    буындарды 
алмастыру,  бұрмалау  байқалады.  Көп  жағдайда  бұрмалау  мен  алмастыру    тұрақсыз  сипатта 
болады,  бала    сөзді  әрбір  жаңа  қайталауында бұрмалаудың  жаңа  түрін  айтуы  мүмкін.  Сөздердің 
эквиваленттері  (дыбыстық  кешендер)    заттармен  сәйкестене  бермейді.    Экспрессивті  сөйлеу 
тіліндегі  бұрмалаулар  өзінің  және  айналасындағылардың  сөйлеу  тілін  қабылдаудың 
жеткіліксіздігінен болады.  
Тексеру 
Тексеру  барысында  сөздің  буындық  құрамын    тексеруге  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Сөздің 
буындық құрамының бұзылуының төмендегідей түрлері кездеседі: 
- буын санының қысқарылуы (бапан-балапан); 
- буындарды жеңілдету (үтель-үстел); 


82 
 
- буын қосу (қарағаш–қарағағаш); 
- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал); 
- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ). 
Кейбір  балалардың  сөздің  буындық  құрылысының  бұзылатындығы  байқалады.    Бұндай 
балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады 
немесе  мүлдем  айтпай  түсіріп  қалдырады  немесе керісінше  артық  дыбыстарды  және  буындарды 
қосып  алады.  Мысалы,  “ескек”  сөзін  “екесек”  деп,  “кітап”  -  “каптап”,  “бұтақ”  -  “бақ”  деп 
өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің 
буындық  құрылысының  бұзылғандығын  көрсетеді.  Бұндай  жағдайлар  әсіресе  үндестігі  жағынан 
ұқсас  дыбыстардың қатар  келуінің  салдарынан  немесе қос  сөзден құрылған  күрделі  тіркестердің 
қиындығынан  жиі  болады.  Сондықтан  баланың  сөйлеу  тілін  тексерген  кезде  берілетін 
тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің 
басында,  ортасында,  соңында  дауыссыз  дыбыстардың  қатар  келіп  айтылуын  қиындататын 
құрылысы  әр  түрлі  буындардан  тұратын  сөздерден  іріктей  білу  қажет.  Бала  алдымен  бейнелі 
суреттегі  көрсетілген  оқиға  желісін  өз  сөзімен  өз  бетінше  айтып  береді,  сосын  айтқан  сөзін 
қайталайды.  Балаға  берілген  бейнелі  суретте  тексеруге  пайдаланатын  сөздер  көптеп  кездесетін 
болу  керек.  Мысалы,  кітап,  дәптер,  ескек,  милиционер,  шар,  бұтақ,  бала,  тарақ,  жапалақ,  теңіз, 
терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б. 
Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына 
сәйкес  құрастырылады.  Сонымен  қатар  сөйлеу  тілі  бұзылған  балаларға  сөздік-буындық  құрамы 
қолжетерлік,  қолайлы  болуын  ескеру  қажет.  Тексеру  қорытындысын  талдау  барысында  сөз 
қорында  қандай  лексикалық  топтардағы  сөздерді  қолданбайды,  алмастырады,  қандай  сөздерде 
қателер кездесетініне көңіл бөлу керек. 
Буындық талдау мен жинақтауын тексеру: 
1) Сөзді буындарға бөлу (шапалақтап, тақылдатып). Қолдың оң 
жақтан солға қарай және керісінше сол жақтан оңға қарай қимылымен 
буынға бөлу. Алақанмен аятыңғы иектің қозғалуын қадағалап, буынға 
бөлу. 
2) Сөздегі дауысты дыбыстарды табу (атау). Сөзде қанша дауы- 
сты дыбыс болса, сонша буын болады. 
3)  Дауысты  және  дауыссыз  дыбыстарды  ажырату  –  логопед  дыбыстарды  (дауысты, 
дауыссыз) айтқан кезінде балалар керекті дыбысты естігенде жалауша көтереді (сөздегі дауысты 
және дауыссыз дыбыстарды атау, дауыссыздарды айтқандағы кедергілерді түйсініп айту). 
Буындағы дауысты дыбысты атау: ах, ус, ма, да, кра, аст, зол. 
а) буындағы тек дауысты дыбысты ата
ә) буынның дауысты дыбысына сәйкес әріпті көтер; 
в) буындардың тек дауысты дыбыстарын жаз; 
г) берілген дауыстымен буын ойла. 
ғ) буындағы дауысты дыбыстың орнын тап және сәйкес әріпті 
көрсет. 
д) дауысты дыбыс 1-ші, 2-ші, 3-ші орында тұратын буындар айт.[6] 
Бастапқы кезде жеңіл тапсырмалар беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет