• Ұсынылатын фильм
- Жүзгіштік
Қосымша сұрақтар
С5. Неліктен теңіз суы мен көл суында
жүзгіштік әртүрлі болады?
Теңіз суы көл суына қарағанда тығызырақ. Бұл
дененің теңіз суында жүзгіштігі үлкен екендігін
білдіреді, себебі оның ығыстырып шыққан су
массасы үлкен. Сол себепті кемелер көл суынан
теңіз суына өткенде жоғары жүзеді.
Қосымша сұрақтар
С3, Ауа қысымы дегеніміз не?
Жер беті оған түскен атмосфера салмағын ұстап тұруы қажет. Сол салмақ әсерінен бірлік ауданға әсер ететін
күш ауа қысымы деп аталады. Жер бетінде ауа қысымы шамамен 100 000 Па немесе 1 барға тең. Бұл әр
шаршы метрге 10 тоннамен бірдей. Сонымен қатар бұл өлшем 1 атмосфера ретінде танымал.
С4. Неліктен өрт кезінде газ баллондары қауіпті?
Газ баллондары сығылған газдан тұрады, сондықтан ол аз көлемде сақталуы мүмкін. Бұл оның қысымы үлкен
екенін, кейде атмосфералық қысымнан жүз есе үлкен екендігін білдіреді.
Өрт кезінде баллондағы газ температурасы артады, бұл оның алда қысымы артатындығын білдіреді.
Ақырында баллон үлкен қысымға шыдамай жарылуы мүмкін. Бұл баллонда жанғыш материал болған
жағдайда аса қауіпті. Егер ол өртте тұтанса үлкен жарылысқа алып келуі мүмкін. Сол себепті өрт сөндірушілер
газ баллоныментөрт кезінде аса мұқият болулары қажет.
Сұйықтықтағы денеге оның ығыстырып шығарған су салмағына тең жоғары бағытталған күш әсер етеді. Егер бұл
күш дененің салмағынан үлкен болса, онда ол жүзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |