Физика • КҮштер • Қысым 1 1-бөлім: Газ заңдары



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата22.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#70449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
kktwig-ysym

2-бөлім: Ығыстырушы күш


ФИЗИКА • КҮШТЕР • ҚЫСЫМ

4

Қосымша сұрақтар

С6. Суасты кемелері өздерінің жүзгіштігін қалай басқарады?

Суасты кемелері өздерінің жүзгіштігін балластық цистерна арқылы басқарады. Өздерінің толық тығыздығын 

үлкейту үшін суасты кемелері оларды сумен толтырады. Бейтарап жүзгіштік кезінде (оның тығыздығы оны 

қоршаған судың тығыздығымен бірдей болғанда, суасты кемесі не көтерілмейді және батпайды) суасты кемесі 

сүңгу ұшақтары арқылы сүңгиді немесе көтеріледі. Суасты кемесіндегі “жүзбе қанаттары” су өтімділігі арқылы 

оны төмен немесе жоғары итеретіндей етіп икемделуі мүмкін. Сығылған ауа арқылы цистернадағы су кез 

келген уақытта шығарылуы мүмкін. Бұл су кемесінің көтерілуіне алып келеді.

С7. Балықтар өздерінің жүзгіштігін қалай басқарады?

Кейбір балықтар суасты кемелері балластық цистерна қолданған секілді өздерінің жүзгіштігін басқаруы үшін 

торсылдақ атты газға толы мүшесін қолданады.

Торсылдақ проблемалары балықтың тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Сол себепті ауру аквариум балықтары 

кейде керісінше жүзетін болып көрінеді.

Барлық балықтар торсылдаққа ие емес, акулалар өздерінің жүзгіштігін бұл әдіспен басқармайды. Оның 

орнына, олар суасты кемелері сүңгу ұшақтарын қолданған секілді өздерінің жүзбе қанаттарын көтергіш ретінде 

қолданады. Бұл көтергіш күш олардың салмағын тепе теңдікте ұстауға және оларға суға батпастай жүзуге 

мүмкіндік береді. Алайда бұл олар жүзбесе, олар көтергіш күш түзбейтіндігін және бататындығын білдіреді.

• Тығыздық дегеніміз не?

Дене тығыздығы температураға байланысты өзгеруі мүмкін. 

Температура артқандықтан дене ұлғаяды, оның массасы сол күйінде 

қалады, бірақ алатын көлемі артады, сол себепті тығыздығы азаяды. 

Сонымен қатар қысым әсерімен денені сығып, сол арқылы дәл сол 

массаның аз көлем алуы есебінен тығыздық артуы да мүмкін.

Сұйықтар және қатты денелердің тығыздығы температура немесе 

сығылуға қатты тәуелді емес, ал газ тығыздығы өте оңай өзгеруі 

мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет