Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет15/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
Эвристикалық әңгіме. 
Оқушылардың  логикалық  ойлау  дағдыларын  дамыту  үшін  оларға  өздері  талдау, 
салыстыру,  синтез  жасайтындай  жағдай  жасау  керек.  Мұны  сабақта  эвристикалық  әңгіме 
әдісін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Эвристикалық әңгіме –мұғалім дайын білімді 
өзі хабарлаудың орнына сұрақ қою арқылы оқушыларды жаңа түсініктер мен қорытындылар 
жасауға итермелейтін сұрақ-жауап түріндегі оқыту тәсілі. Бұл дұрыс қойылған сұрақтардың 
көмегімен  оқушыларды  өздерінің  білімі  және  бақылауының  негізінде  жоғары  деңгейде 
ойлауға тарту арқылы орындалады. Эвристикалық әңгіме әдісін қолдану мұғалімнің сабаққа 
тыңғылықты  дайындалуын  талап  етеді.  Мұндай  сабақтың  ерекше  белгісі  –  оқушылардың 
алдына шешуді қажет ететін проблеманың қойылуы. Ол үшін мұғалім оқушыларға бір-бірімен 
байланысты  тізбектелген  сұрақ  қояды.  Әрбір  сұрақ  кіші-гірім  проблеманы  білдіреді  және 
барлығы бірігіп, негізгі мәселені шешуге әкеледі.  
Проблемалық  жағдаят  туындату.  Оқушыларды  оқу  үдерісіне  тарту  және  олардың 
шығармашылық ойлау деңгейін жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі – сабақта проблемалық 
жағдай  туындату,  оның  мүмкін  шешімдерін  іздеу  және  оңтайлы  жауабын  табу  болып 
табылады. Оқушылар салыстыру, талдау, сәйкестендіру, жіктеу, бағалау,  жалпылама жасау 
сияқты  ойлау  сатыларынан  өтіп,  білімді  жаттанды  немесе  қайталау  арқылы  емес, 
шығармашылық жолмен игеруге мүмкіндік алады. Қарапайым жағдайда, мысалы, ақпаратты 
ұсыну  және  өлшеу  бірліктерін  үйреніп  білген  соң  оқушыларға  келесі  сұрақтарды  қоюға 
болады:  
-
  «Ақпараттың мөлшері бір биттен (bit, binary digit) кем болуы мүмкін бе?» 
-
  «Егер бір әріп немесе цифрды кодтау үшін бір байт (byte) мөлшер жады қажет болса, 
бір бит арқылы нені кодтауға болады?» 
Мұғалім  оқушылармен  пікір  алмасу  арқылы  талқылау  ұйымдастырып,  мәселенің 
шешімін табуға жетелейді. Бұл – оқушылардың ойлау дағдысын дамытатын тиімді тәсілдердің 
бірі.  Сабақта  қарама-қайшы  келетін  пікірлер  арқылы  қақтығыс  туындатып,  оны  кішкене 
бөліктерге  жіктеп  шешу  арқылы    нәтижеге  қол  жеткізу  оқу  үдерісін  тиімді  болуына  әсерін 
тигізеді.  Себебі  оқушының  дұрыс  жауапты  білмеуінің  өзі  оны  белсенділік  танытуға 
итермелеп, жаңа білімге ұмтылысын арттырады, танымдық үдерісті күшейтеді.  
Экскурсия.  Экскурсия  сабағы  оқу  әдісі  және  сабақты  ұйымдастыру  үлгісі  ретінде 
маңызды. Экскурсия оқу мектептен тыс, табиғи жағдайда немесе өндірістік нысандарға саяхат 
арқылы  жүзеге  асатын  оқыту  тәсілі  және  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  түрі  болып  табылады. 
«Компьютердің құрылғылары», «Компьютерлік желілер», т.б. тақырыптарды табысты игеру 
мақсатында  мамандандырылған  компьютерлік  көрмелерге,  өндірістік  есептеу  және  жаңа 
ақпараттық  технологиялар  орталықтарына  экскурсия  сабақтарын  ұйымдастыруға  болады. 
Мұндай сабақтар мекемелер мен өндірісті басқаруда информатиканың қолданылуын көзбен 
көріп,  теориялық  білімді  тәжірибемен  байланыстырумен  қатар  тәжірибелі  мамандардың 
жұмысымен жақын танысуға да мүмкіндік береді. Экскурсиядан кейін оқушыларға танысып-
білгендері  бойынша  таныстырылым  дайындау,  баяндама  жасау,  т.б.  түрінде  ой-түйіндеу 
тапсырмаларын беруге болады.  Мұндай сабақты қорыту сыныпта саяхаттан алған білімдері 
мен  орындаған  жұмыстарын  бағалауға  мүмкіндік  беретін  пікір  алмасу,  талқылау  түрінде 
болуы мүмкін. 
Кіріктірілген  сабақ  ұйымдастыру.  MS  Excel  ортасында  кіріктірілген  функцияларды 
қолданып есептеу және таблицалық процессордың графикалық мүмкіндіктері тақырыбындағы 
сабақтарда математика, физика, т.б. пәнімен байланыс ұйымдастырған ұтымды болады. Excel 
бағдарламасының  мол  мүмкіндігін  пайдаланып,  сызықтық,  квадраттық,  тригонометриялық, 
т.б.  функциялардың  мәндерін  есептеу  және  графиктерін  салу  функцияны  зерттеуге  және 
оқушылардың теориялық түсінігінің дұрыстығына дәлелді көз жеткізуіне қолайлы мүмкіндік 
береді.    


21 
Жоба әдісі. Информатика сабағында оқу үдерісін ұйымдастырудың жолдарының бірі – 
жоба  әдісі.  Бұл  әдіс  оқушылардың    қандай  да  бір  мәселені  өздігінен  зерделеп,  зерттеу 
нәтижесін  көпшілікке  таныстырып  жариялаудан  тұратын  оқу-танымдық  іс-әрекеттерінің 
жиынтығын  қамтиды.  Жоба  жұмысы  барысында  оқушылардың  коммуникативтік,  күрделі 
мәселелерді шешу жолындаға ізденушілік дағдылары  және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай 
білу қабілеттері дами түседі. Сонымен қатар бұл тәсіл пәнаралық байланысты нығайтып, екі 
немесе одан да көп сабақтар бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Жоба әдісін қолдану сабақта мұғалімнің қызметінің өзгеруіне де әкеп тірейді: мұғалім дайын 
білімді  берушіден  өз  оқушыларының  ізденістік,  зерттеушілік,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамыту арқылы танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады. Сабақ барысында немесе 
сабақтан тыс орындалатын жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың компьютерлік 
сауаттылығы  жетіліп,  ішкі  уәжі  арта  түседі.  Оқушылар  білімді  өздігінен  ізденіп,  оларды 
талдап, дамыту арқылы қорытынды жасап, жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды жүзеге 
асырады.  Жоба  әдісі  оқушылардың  өз  бетінше  ізденуіне  бағытталған;  жоба  жұмысын 
оқушылар  белгіленген  уақыт  аралығында  жеке,  жұппен  немесе  топпен  орындауы  мүмкін, 
сондықтан  ол  бірлескен  оқу  тәсілімен  толық  үндестік  табады.  Нәтижесінде  нақты 
программалық  өнім  ұсынатын  Информатика  сабағындағы  жоба  әдісі  әртүрлі  қолданабалы 
салаларда оқушылардың программалық жабдықтарды қолдану дағдыларын дамытуына және 
күрделі  мәселелерді  шешудің  тиімді  жолдарын  табуда  зерттеушілік,  шығармашылық 
қабілеттерінің артуына мүмкіндік береді. Осылайша, жоба әдісін қолдану информатика пәні 
бойынша оқу сапасының көтерілуіне әсерін тигізіп қана қоймай, пәнаралық байланысты  да 
орнатады  және  пәнді  оқыту  тиімділігін  жоғарылатады.  Жоба  тақырыптарын  анықтауда 
мұғалім  мен  оқушылардың  біліктілігі,  шығармашылығы  көрініс  табады,  мұғалім  өз  қалауы 
бойынша жобалық іс-әрекеттерге өткен тараулар бойынша тақырыптарды алуы да мүмкін. 
-
 
Жоба жұмыстарының түрлері: зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық 
жоба, рөлдік ойын жабасы, т.с.с. Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді  шағын (
бір сабақ, 
бір немесе бірнеше апта шегінде), орта мерзімді (бір немесе бірнеше ай көлемінде), ұзақ мерзімді 
жоба (жыл бойы) болуы мүмкін.  
Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар: 
-
  әртүрлі пәндік салалар бойынша кіріктірілген білімдерді және зерттеушілік ізденісті 
қажет ететін проблемалық мәселенің болуы;  
-
  күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;  
-
  оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттері;  
-
  жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы; 
-
  зерттеу әдістерінің қолданылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет