Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: бастауыш
сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты
жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық аспектілері анықталып, бастауыш сынып
оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы таным
теориясы мен оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, дүниені
біртұтастық
тұрғыдан
шынайы
қабылдау
туралы
ой-пікірлердің
заңдылықтары жөнінде философиялық, психологиялық, педагогикалық
тұжырымдамалар негізге алынып, олардың қазіргі жағдайдағы қолдану
ерекшеліктері
пайдаланылды.
Сондай-ақ,
жаңартылған
білім
бағдарламасының мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға
байланысты бөлімдер мен оқулықтардың оқу материалдарын топтастыруға
негізделген ортақ тақырыптар жүйесімен оқытуда педагогиканың
жаңашылдық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға әдістемелік ұсыныстар
жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |