Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында – «Ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» деген болатын. Қазіргі кезде физика пәнін
оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын
дамытуда ӛз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор. Бұл
тапсырмаларды қалай ұйымдастыру керек, тарау бойынша тақырыпқа сай етіп деңгейлеп, саралап
таңдай білу ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бүгінгі таңдағы алда тұрған басты міндет –
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден, үйден отбасынан басталады.
Ӛйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық
Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани
ӛміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сӛздің ӛзін сӛзбе сӛз
аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік
экономиканың құрамдас бӛлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға кӛмек
беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру
ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған
Мәңгілік тәуелсіздігімізді кӛздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің
басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, ӛмірмен байланыстырып ӛтуінде, пәндік білімдеріне,
ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,
белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың ӛз бетінше шешім
32
Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе - күнгі тұрмыста
жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап
алуы керек.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы кӛрсеткіш
кӛрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен
алған білімдерінің қорытындысын ӛз мүмкіндіктерінде кӛрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер
мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады. ОЖСБ әсіресе,
ҰБТ-де ӛз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес.
Материалды механикалық түрде жаттау – білім алу және шығармашылық ойлауға зиян тигізеді.
Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық
ӛмірде ӛз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс.
Мақсатқа жету оқушының ӛзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы.
Физиканың ерекшелігі –ол қазіргі кездегі ауадай қажетті техникалық ғылымдардың негізі.
Физика сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды
практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің ӛмірлік
маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар
біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың
сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің
қалыптасуына мүмкіндік береді.
Физика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны
танудағы физиканың рӛлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде
қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Мектеп физика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – физиканың қолданбалы
мүмкіндіктерін ашу. Математикалық, химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу
барысында оқушылар физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен
қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді. Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін
немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің
материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын
есептерді айтамыз.
Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні ӛз үлесін қосып отырады. Соның ішінде физиканы
оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы ӛмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген
деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін, қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының
танымалы жеке пәндердің физиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.
Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен
іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті кӛлемдегі
білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады.
Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала ӛз заманының озық ӛнегесін санасына сіңіреді,
функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және ӛзі де пікір айтуға
үйренеді.
Физика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту мен жазу арқылы сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және басқа да белсенді педагогикалық
технологиялардың әдістерін кірістіре отырып, оқушыларды бір – бірімен пікірлесе білуге, ойларын
нақты, ашық жеткізе білуге , тұжырымдарын жасауға үйрету.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда - қатысымдық, рӛлдік
ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық ,
сұхбаттық, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар кешенді жүргізіліп отырса, онда білім -
білік, дағдыларды игерту нәтижелі болатыны және әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан кӛрінеріміз
анық.
•
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Достарыңызбен бөлісу: