Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет21/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

Список использованной литературы: 

• 

Современные технологии в подготовке учителей для малокомплектных школ. Астана 2000 



• 

Дьяченко  В.К.  Методические  приемы,  используемые  на  коллективных  учебных  занятиях.  М., 

Просвещение, 1996 

• 

Теоретические основы развития школьного образования в Казахстане. Сб.ст., Астана, РИК, 1999 



• 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 



 

 

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру 

Мҧратова Ақбаян Мҧратқызы  

Теміртау қаласы № 2 ЖББОМ КММ  

бастауыш сынып мҧғалімі  

 

Бастауыш сынып оқушылар үшін ана тілі сабақтары ӛмірді, ондағы адамдық қарым-қатынастарды 



түсінуге  ашылған  терезе  іспеттес.  Мұнда  қайырымдылық,  адалдық,  бір-бірін  түсіне  білу,  парыз  және 

басқа  да  кӛптеген  түсініктердің  алғашқы  бастамаларының  негізі  қаланады.  Әрине,  осындай  маңызды 

ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса салмайды. Міне, сондықтан ана тілі пәні мұғалімдері 

сабақ  құрылымын  құруда  кӛркем  сӛздер  арқылы    тек  баланың  санасына  әсер  етуді  кӛздемей,  бірінші 

кезекте  баланың  сезіміне    әсер  етуге,  оларды жақсылыққа  қарай  итермелеуге  жағдай жасап, шығарма 

арқылы шынайы ӛмірге кӛпір салуға ұмтылуы тиіс.  

Ана тілі – баладан тек терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай, басқа да мектеп бағдарламаларын 

игерудің негізі болып табылатын пән.  

Оқушылар бастауыш мектепте-ақ шапшаң оқу мен түсініп оқуды, талдап оқуға қалыптасады. Оқу 

дағдысының қалыптасу кезеңі ұзақ уақытты қажет етеді. 

Сӛздерді  толық  сӛздермен  минутына  40  сӛзден  дауыстап  оқу  шапшаңдығы  мәтін  мазмұнын 

түсінуге  қол  жеткізбейді.  Мәтін  мазмұнына  бала  минутына  60  сӛзден  оқығанда  және  сӛздерді  толық 

оқуға қол жеткізгенде түсіне бастайды. Ал дыбыстап толық сӛздермен минутына 90 сӛзден оқыған бала 

оқыған мәтінінің мазмұнын толық және терең түсінуге қол жеткізеді. Міне, сондықтан мұғалімдер оқу 

техникасын,  яғни  белгілі  бір  уақытта    баланың  оқу  техникасы  бойынша  білім,  білік,  дағыдысын 

бақылауға алып отыруы тиіс.  

Оқу дағдысының қалыптасуын тексеруді жылына үш рет жүргізген тиімді: 

оқу жылының басында  



бірінші жарты жылдықтың аяғында  

екінші жарты жылдықтың соңында  



Осы үш кезең оқушының оқу дағдысындағы ӛзгерістердің деңгейін кӛруге мүмкіндік береді. Оқу 

жылы барысында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуы мен дамуын бақылап отыру мұғалімнен 

кӛп тер тӛгуді қажет етеді. Бұл жұмыста мұғалімнің басшылыққа алатыны - бағдарлама мен әр жарты 

жылдыққа арналған бағдарламалық талаптар. 

Д.Б.Элькониннің ұстанымдарына сүйенер болсақ, оқуға мынадай анықтама беруге болады: 



30 

 

Оқу – бұл жазылғанды түсіну мақсатында графикалық белгілердің кодын ашу, дыбыстық нысанға 



аудару. Басқа сӛзбен айтқанда, оқырман әріптердің графикалық бейнесіне қарап,  бір әріптің екіншісіне 

ықпал ету ережесін пайдаланады және жазылған мәтінді дыбыстап, оқиды. Бұл мәтін мазмұнын түсіну 

және жаңа ақпаратты меңгеру үшін жасалады.  

Оқу – бұл бірнеше сатылы үдеріс. Әрбір сатыда оқырман ӛз мәселелерін шешеді. Бірінші сатыда 

негізгі  күш  графикалық  белгілерді  (әріптерді)  тіл  заңдарына  сәйкес,  дыбыстық  нысанға  аударуға 

жұмсалады. Оқудың негізгі мақсаты –түсінуге екінші ретте ғана мән беріледі. Ол оқудың дұрыстығын 

бақылау  құралымен  байланыстырылады.  Сӛзді  дұрыс  оқысаң  –  түсінесің.  Оқып,  түсіне  алмасаң,онда 

дұрыс оқымадың. Бірінші кезең ӛтілді. Техникалық тұрғыдан ол ең оңайы. Ӛйткені, нақты ережелерді 

меңгерген  бала  оқуды  үйренеді.  Бұл  кезең  ұзақ  емес  (оқыту  әдістемесіне  байланысты  1  айдан  3  айға 

дейін). Бірақ, нағыз оқырман болу үшін оған әлі ұзақ жолды жүріп ӛту керек.  

Гете: « Бұл ақжарқын адамдар  оқуға үйрену үшін  қанша еңбек пен уақыт керек екенін түсінбейді 

де. Мен ӛзім бұған 80 жыл жұмсадым, сонда да мақсатқа толық жеттім деп айта алмаймын » 

Екінші  сатыда  түсіну  алдыңғы  қатарға  шығады.  Енді  балаға  сӛзді,  содан  соң  тыныс  белгісімен 

бӛлінген сӛйлемнің бӛлігін,толық сӛйлемді, еркін жолды және ең соңында барлық мәтінді толық кӛру, 

түсінуді үйрену қажет.  

      Оқу  техникасын  тексеру  кезінде  мұғалім  баланың  оқу  дағдысын,  түсініп  және  дұрыс  оқуын, 

оқу шапшаңдығын, мәнерлеп оқуын біртұтас алуы қажет.  

  Оқушының түсініп оқуын тексеру кезінде бәрінен бұрын мәтіннің толық мазмұнын, жекелеген 

сӛздердің,  сӛз  тіркестерінің,  сӛйлемдердің    мағынасын  түсінуіне    кӛңіл  бӛлу  қажет.    Бұл  жағдайда 

мұғалім мәтін соңынан «Мәтін не туралы?», «Басты кейіпкерлерді ата», «Мәтін бойынша ерекше қалған 

оқиғаны  баянда»  деген  сияқты  қысқа  кӛлемді  сұрақтармен  тексеруіне  болады,  алайда  кӛп  сұрақпен 

баланы шаршатуға да болмайды. 

Кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардың  мәнерлеп  оқу  дағдысының  қалыптасуының  басты 

кӛрсеткіші  -  әр оқу кезеңіне (жарты жылдық, жылдық)  байланысты оқу бағдарламасында бекітілген 

оқу  тәсілі.  Ең  тиімді  оқу  түрі  -    сӛздерді  толық  оқу,  бұл  әсіресе  3-4  сынып  оқушылары  үшін  аса 

маңызды. 

  Сабақ  барысында  оқушылардың  мәтінді  бірнеше  қайтара  оқуы  оқу  дағдыларының  жетілуіне 

мүмкіндік береді. Бұл іріктеп оқыту, рӛлдерге бӛліп оқу, хормен оқу, тізбектей оқу, іштей оқу, «кӛзбен 

оқу» сияқты әр түрлі оқу түрлері арқылы жүзеге асырылады. «Кӛзбен оқуды» мәтінмен ауызша жұмыс 

түрлері алдында (мазұндау, жоспар құру, тақырып қою т.б.) қолданған тиімді. 

  Оқу шапшаңдығы да оқу тәсіліне байланысты. Буындап оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір 

басқа  болса,  ал  тұтас  сӛздерді  оқитын  оқушылардың  шапшаңдығы  бір  басқа.  Оқу  дағдысын  тексеру 

кезінде  баланы  «тезірек  оқы»  деп  асықтыруға  болмайды.  Мұндай  асықтырудан  кейін  ол  1-2  сӛзді 

немесе  сӛйлемді  ғана  тез  оқуы  мүмкін,  алайда  қайтадан  сол  кезеңдегі  ӛзінің  қалыптасқан 

шапшаңдығына түседі.  

  Егер  оқу  дағдысы  оқу  жылының  басында  (10-15  қыркүйекте)  тексерілетін  болса,  оқу 

шапшаңдығының кӛрсеткіші ӛткен сыныптың соңындағы деңгейде болуы тиіс. 

  Оқу  дағдысын  тексеру  кезінде  оқушыны  жайдары  жүзбен  қабылдап,  қолайлы  жағдай  жасау 

оқушының мәтінді қалыпты жағдайда аспай-саспай түсініп оқуына, оқу сапасының артуына мүмкіндік 

береді.  Оқушы  тарапынан  жіберілген  қателіктер  оқу  материалының  мазмұнын  дӛрекі  бұрмалауға 

апармаған жағдайда мәтін оқылып біткеннен кейін түзетіледі.  

  Мәнерлеп  оқуын  бағалау  кезінде  сӛздің  анықтылығына,  нақытылығына,  кідірістің  сақталуына, 

логикалық  екпіннің  қойылуына,  тиісті  дауыс  ырғағына  келтіріп  оқи  білуіне,  диалогтардың  дұрыс 

оқылуына  мән  беру  керек.  Мәнерлеп  оқу  –  оқудың  ең  жоғарғы  түрі.    Оқушылардың  мәнерлеп  оқу 

дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сабақ үстінде тӛмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыруы 

тиіс: 


- мәтіндегі  (үзіндідегі)  қай  қатарларды  дауыстап,  қуанышты,  ал  қай  қатарларды  қалыпты 

жағдайда, жай, мұңды оқыр едің? Неге? 

- нағыз батырдың ӛзін қарсы алып тұрғандай болып оқуғы тырыс 

- тыңдармандарымыз  біздің  кейіпкерлеріміздің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  аңғаратындай 

дәрежеде оқуға, асықпай оқуға тырыс; 

- бірнеше сӛздерді топтап оқуға, әңгімедегі (аңыздағы, ӛлеңдегі) негізгі ойды беретін сӛйлемдерді 

дауыс ырғағымен  бӛліп оқуды үйрен және т.б. 

Бастауыш  мектепте  іштей  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  да  кӛзделеді.  Дауыстап  оқу  арқылы 

материалды оқушы ғана емес,  тыңдаушы  да  қабылдайды.  Іштей  үндемей  оқуға  тек  оқып жатқан бала 



31 

 

қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті жақсара түседі. Іштей оқу – бұл 



дауыс шығармай кӛзбен оқу. Сыбырлап және еріндерін жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға 

кӛшу кезеңінің кӛрінісі болып табылады және іштей оқуға жатпайды.  

Егер іштей оқу шапшаңдығы дауыстап оқу шапшаңдығынан аспаса, онда іштей оқу ӛз дәрежесінде 

қалыптаспаған деген сӛз.  Іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда 20-40 сӛзге дейін артық жүретіні белгілі, 

сондықтан оқудың бұл түрін қадағалап отырудың да маңызы зор. Мұндай тексеруді 2-сыныптан бастап 

жүргізген жӛн.  

Іштей  оқуға  кӛлемді,  мазмұны  жағынан  қызықты,  тілі  анық,  балаларға  онша  таныс  емес 

шығармаларды  оқытқан  абзал.  Іштей  оқуды  тексеру  әдісі  дауыстап  оқуды  тексеру  әдісімен  бірдей. 

Іштей  оқу  аяқталғаннан  кейін  оқушының  мәтіннің  негізгі  мазмұнын  қаншалықты  меңгергені 

тексеріледі. 

Әр  оқушының  оқу  дағдысы  жеке  тексеріледі.  Бұл  кезде  секундомер  пайдаланбаған  жӛн, 

минуттық тілі бар сағат пайдалану керек. Мұғалім оқыту барысында уақытты оқушыға білдірмей және 

сағатты  оқушы  оқуды  бастағаннан  кейін  белгілегені  жӛн,  ӛйткені  кӛптеген  оқушылар  оқуға 

дайындыққа кӛп уақыт жібереді, бірінші қатарын іздейді, зейінін тұрақтандырады, т.б. Тӛменгі нәтиже 

кӛрсетіп  жүрген  оқушылар  бойында  сенімділік  ұялатып,  кӛңілдерін  кӛтеріп,    кӛмек  кӛрсету  қажет, 

оқуына  жайдары  жүзбен  сипаттама  беріп,  жақсы  жақтарына  баса  кӛңіл  аудару  қажет,  содан  кейін 

кеткен  кемшіліктері  ескертіледі.  Әсіресе  психо-физиологиялық  кемшіліктері  бар  кекеш,  кӛзінің  кӛруі 

нашар,  шамадан  тыс  баяу  балалар  ерекше  бақылауда  болуы  тиіс.  Мұндай  оқушылардың  оқуын 

бақылауды  сабақ  барысында  жүргізуге  де  болады.  Оқу  дағдысын  тексеру  оқушыларға  таныс  емес 

мәтіндермен жүргізгені абзал. 

• 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет