Квалитология - сапа ғылымы. Квалиметрияның ғылым ретіндегі статустары Сапа үлкен ғылым саласы. Ол үш ғылым саласымен байланысты болып
келеді. Сондықтан сапаны зерттеуде олардың алатын орындары ерекше.
1. Квалитология - “qualitas” латын сөзі, “сапа” (квалитет) – жалпы сапа
туралы ғылым.
2. Квалметрия - “qualis” латын сөзі, “сапасы жөнінен қандай” (квали) –
сапаны бағалаудың сандық əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым
саласы.
3. Метрология - “metro” грек сөзі, “өлшем” (метро) – сапаны өлшеудің
əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым.
Квалиметрияның экономикалық, техника-экономикалық, жалпы ғылыми
жəне жүйелік статустары бар.
1. Экономикалық статус – сапаның категориясы мазмұны тұтынушылық
баға мен құнның политэкономикалық арақатынасына байланысты болып
келеді.
Квалиметрия обьектілер мен үрдістердің экономикалық қасиеттерін өлшеу
теориясы секілді өзіне эконометрика əдістерін кірістіреді.
2. Техника–экономикалық статус – обьектілер мен үрдістердің
экономикалық
жəне
техникалық
қасиеттерінің
кешенді
бағалауына
бағытталғанын белгілейді.
3. Жалпы ғылыми статус – сапа категориясының философиялық-
əдістемелік жəне ғылыми функциясымен анықталады. Сондықтан пəндік
квалиметрия (өнім, техника, еңбек, шешім, жоба, үрдіс жəне т.б).
4. Жүйелік статус – жүйелік теориясы ретінде анықталады. Бұл сапа
категориясының мынадай аспектілеріне байланысты:
• Құрылымдық;
• Динамикалық;
• Анықтылық;
• Реттілік.