Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет11/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep

Міндеттемелер  -  бұл  өткен  мәміленің  нөтижесі,  ол  жүзеге 
асқандықтан  қарызданушының  міндеттемесінің  пайда  болғанын,  белгілі-бір 
әрекеттің  кредитор  пайдасына  жасалатындығын  көрсетеді:  қарызды  төлеу 
немесе  одан  бас  тарту,  ал  кредитор  қарызданушыдан  өз  міндетемесін 
орындалуын  талап  етуге  құқығы  бар.  Міндеттеменің  осы  шақтағысы  мен 
болашақтағысының  жігін  ашу  қажет.  Субъекттің  болашақта  активтерді  алу 
ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған 
кезде  немесе  субъект  келісім-шарттық  қатынасқа  отырған  кезде  пайда 
болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі немесе басқа активті берген 
кезде  жойылуы  мүмкін.  Сондай-ақ  міндеттемеден  кредитордың  өзі  бас 
тартқан  кезде  ол  өтелген  болып  саналады  (сот  шешімі  бойынша  немесе 
іздестіру мерзімі өтіп кетсе). 
Меншік  капиталы  -  бұл  субъекттің  міндеттемесі  шегерілген  активі. 
Бухгалтерлік  есепте  ол  бірнеше  классқа  бөлінеді:  жарлық  капиталы, 
қосымша  төленген  капиталы,  резервтік  капитал,  таратылмаған  табыс. 
Қаржылық  есеп  беруді  пайдаланушылар  үшін  бұндай  бөліну  шаруашылық 


 
27 
қызметін  талдаған  кезде  қажет.  Егер  де  баланс  пассивінің  құрылымында 
меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық 
жағдайының тұрақтылығын көрсетеді. 
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-
шаруашылық  қызметінің  нәтижесі  (шығыс  пен  табыстың  айырмасы). 
Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады. 
Табыс  -  бұл  есепті  кезендегі  активтердің  өсуі  не  міндеттемелердің 
азаюы; шығыс - бұл есептік кезенде активтердің азаюы не міндеттемелердің 
көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы 
субъекттің  табысы  болып  табылмайды,  ал  субъект  иелеріне  меншік 
капиталын таратып беру - шығыс болып танылады. 
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне 
(өндірісіне)  қарап  табыс  пен  шығысты  бөліп  көрсетуіне  болады.  Мысалға, 
өнеркәсіп  өндірісі,  делдалдық  қызмет,  ауыл  шаруашылық қызметі  бойынша 
және  т.б.,  сондай-ақ  табыс  пен  шығысты  әдеттегі  қызметі  мен  төтенше 
жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша болуы мүмкін. 
Табыстар  -  бұл  субъекттің  негізгі  және  негізгі  емес  қызметінің 
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, 
қызметті  сатқаннан  алынған  табысы;  сондай-ақ  тауарлы-материалдық 
құндылықтардан,  жалға  беруден,  инвестициялық  қызметтерден  түсетін 
табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: 
негізгі  құралды,  материалдық  емес  активтерді,  бағалы  қағаздарды  (акция 
бойынша  табыс  жөне  пайыз  түріндегі  табыс)  сатқаннан  және  бағамдық 
айырмадан түскен табыстары жатады. 
Шығыстар  -  өнімді  өндірумен,  жұмысты  атқарумен,  қызметті 
көрсетумен  байланысты  шығындар,  негізгі  және  негізгі  емес  қызметтен 
шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, 
әдетте,  шығыс  (отток)  нысанын  қабылдайды  немесе  активтердің 
пайдалануын  көрсетеді  (ақша  қаражаттары,  материалдық  запастар,  негізгі 
құралдар  т.б.).  Зиян  экономикалық  олжаның  азайғанын  көрсетеді.  Зиян  өз 
табиғаты  бойынша  шығыстан  айтарлықтай  ерекшеленбейді  және  ол  жеке 
элемент болып та саналмайды. 
Қаржылық  есеп  берудің  элементтерін  тану  -  бұл  бухгалтерлік 
балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі 
туралы  есеп  берудің  бабы,  ал  ол  элементтерге  берілген  анықтамаларына 
сәйкес  келеді  және  мынадай  тану  тұжырымдамасын  (критериясын) 
канағаттандырады: 
-  кез-келген  болашақтағы  олжаның  осы  баптарда  көрініс  табу 
ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін; 
- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін. 
Қаржылық,  есеп  берудің  элементтерін  бағалау.  Бағалаудың 
көмегімен  олардың  құны  анықталуы  мүмкін,  соның  нәтижесінде  олар 
(активтер  мен  міндеттемелер)  танылады  және  қаржылық  есеп  беруге 
тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар: 
- бастапқы құны - активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген 


 
28 
және  олардың  алынған  бағасы  бойынша  көрініс  табады;  міндеттеме  келіп 
түскен  сомасы  бойынша  көрініс  табады,  түрлі  жағдайлардың  тоғысуының 
(салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады; 
-  ағымдағы  құны  -  активтер  есеп  берудегі  ақшалай  сомасы  бойынша 
көрініс  табады,  егер  де осы  немесе осыған  ұқсас  актив  алынса, онда  ол  сол 
сомадан  төленеді;  міндеттемелер  есеп  берудегі  дисконтталмаған  бағасы 
бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі
-  сату  кұны  -  активтер  өзінің  сатылған  құны  (ақша  қаражатының 
сомасы)  бойынша  көрініс  табуы  мүмкін;  міндеттемелер  өзінің  өтелген 
сомасы  бойынша  көрініс  табады,  демек  дисконтталмаған  сомасын  білдіреді 
және олардың өтелуін талап етеді; 
-  дисконтталған  құны  -  активтер  келешекте  келіп  түсетін  ақша 
қаражатының  дисконтталған  құнын  білдіреді,  ағымдағы  құны  бойынша 
көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі кызметінің барысыңда солайша топтап 
көрсетіледі (немесе қортындыланады); 
-  баланстық  құны  -  актив  пен  міндеттеме  баланстық  есеп  берілген 
күніндегі бағасы бойынша көрініс табады. 
Субъект  қаржылық  есеп  беруді  жасау  кезінде  активтер  мен 
міндеттемелерді  бағалау  үшін  бастапқы  құнын  негізге  алады  және  сонымен 
қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады. 
Енді біз қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі мен мазмұнын және 
соған тіркеме ретінде берілетін түсініктеме хаттамасын қарастырамыз. 
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны 
жасауға  дейін  есеп  регистріндегі  барлық  синтетикалық  шоттар  бойынша 
қалдық  пен  айналым  аналитикалық  есеп  мәліметтерімен  салыстырылады. 
Жылдың  басындағы  және  аяғындағы  баланстардың  деректерін  салыстыру 
үшін  жыл  басындағы  бекітілген  баланс  баптарының  номенклатурасы  жыл 
аяғындағы 
бекітілген 
баланс 
номенклатурасымен 
және 
бөлім 
топтамаларымен, 
әрбір 
баптарымен 
(егер 
баланс 
баптарының 
номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс. 
Баланс  Бас  кітапта  көрсетілген  шоттардың  қалдығының  негізінде 
жасалады.  Ол  міндеттеме,  меншік  капиталы,  активтер  деген  бөлімдерден 
тұрады.  Активтер  мен  міндеттемелер  өз  кезегінде  ұзақ  және  ағымдағы 
кезендерге жіктеледі. 
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің өзара есеп (зачет) 
жасалуы  рұқсат  етілмейді.  Баланстың  кейбір  баптары  басқа  баптарға 
енгізілмеуі  керек  немесе  бұрып  қоюға  болмайды  (мысалға,  дебиторлық 
қарызды кредиторлық қарызбен жабуға болмайды). 
Сонымен,  баланстағы  ағымдағы  активтер  мен  міндеттемелерді 
анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы 
зор,  сондай-ақ  пайдаланатындар  үшін  де  ол  өте  қажет  және  олардың  сол 
көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады. 
Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және 
ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында 
белгіленген  тәртіп  бойынша  түгендеудің  көмегімен  баланстың  барлық 


 
29 
баптары расталуы тиіс. 
 


 
30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет