Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет7/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep

Толық тугендеу әдетте, жьлына бір рет жылдық есеп берудің алдында 
жасалады,  оның  мақсаты  кәсіпорынның  барлық  активтері  мен  пассивтерін 
баланста  дұрыс  көрсету  болып  табылады.  Мұндай  толық  түгендеу 
бақылаушы  органдардың  талабы  бойынша  да  жасалуы  мүмкін.  Ішінара 
түгендеу,  тек  қана  түгенделетін  объектілердің  кейбір  бөлігін  ғана  қамтуы 
мүмкін,  мысалға,  кәсіпорынның  кассасындағы  накты  ақша  қаражаты, 
кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б. 
Түгендеу  өз  сипатына  қарап  жоспарлы  және  кезектен  тыс  жүргізілуі 
мүмкін: 
- жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және 
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі; 
-  кезектен  тыс  -  бұл  кәсіпорын  басшысының  тапсырмасы  бойынша, 
бақылаушы  органдардың  талабы  бойынша  материалды  жауапты  тұлғаның 
ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.Онда оның кезектілігі, 
түгендеуді  жүргізудің  мерзімі,  түгендеу  комиссиясының  құрамы  және  т.б. 
қағидалар қарастырылады. 
Кәсіпорын  басшысы  түгендеу  жұмыстарын  жүргізу  тәртібін 
белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы 


 
17 
түгендеу санын, олардың күнін белгілейді. 
Түгендеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін  әрбір  кәсіпорында  тұрақты 
жұмыс  істеп  тұратын  комиссия  болады  жөне  оның  құрамын  кәсіпорын 
басшысы белгілейді. 
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы 
және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді 
тексеру,  кәсіпорынның  бухгалтерлік  қызметкерлерімен  бірге  түгендеу 
нәтижелерін  анықтауға  және  қайта  сұрыптауға  арналады;  сондай-ақ  кем 
шыққандарды  табиғи  кему  нормаларының  шегінде  есептен  шығаруға; 
тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды 
реттеуге,  есепке  алуды  жақсарту  және  олардың  сақталуын  бақылау 
мәселелері  жөнінде,  сондай-ақ  пайдаланылмайтының  мүлікті  сату  туралы 
ұсыныстар  әзірлеуге;  мүліктің  сақталуын  қамтамасыз  ету  жөніндегі 
шараларды  жүргізуге;  екі  түгендеу  аралығындағы  сақтау  және  қайта  өңдеу 
орындарындағы  тауарлы-материалдық  құндылықтарды  түгендеуге,  іріктеп 
түгендеудің  әдістемесі  бойынша  да  бақылау  жұмыстарын  жүргізуге 
бағытталады. 
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-
таражға  түскендерді,  бүркемелеу  мақсатымен  мүліктің  нақты  қалдығы 
туралы  немесе  артық  шыққан  тауарлар,  материалдар  және  басқа  да 
құндылықтар  туралы  жазбаға  біле  тұра  дұрыс  емес  деректерді  енгізбегені 
үшін  Қазақстан  Республикасының  Заңдарында  белгіленген  тәртіп  бойынша 
жауапкершілікке тартылады. 
Мүліктің  нақты  қолда  барын  тексеруді  бастағанға  дейін  түгендеу 
комиссиясы  кіріс-шығыс  құжаттарының  түгендеу  кезіндегі  соңғы  тізімдерін 
немесе  материалдық  құндылықтары  мен  ақшалай  қаражаттарын  есепке 
алады. 
Түгендеу  комиссиясының  нәтижесі  де  тексеріледі,  ол  үшін  ішінара 
бақылау  жұмыстары  жүргізіледі,  сол  бақылау  барысында  комиссияның 
мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады. 
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы 
бойынша  үлкен  кәсіпорындардың  сақтау  және  қайта  өңдеу  жұмыстары 
іріктеу әдісімен тексеріледі. 
Түгендеу  нәтижесі  бойынша  салыстыру  тізімдемесі  жасалынады, 
сосын  оның  деректері  бухгалтерлік  есептегі  деректерімен,  олардың 
арасындағы  айырмашылықтары  (ауытқулары)  көрсетіледі.  Түгендеу 
нәтижелерін  көрсету  үшін  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп кұжаттарының 
мынадай үлгілері қолданылады. 
Негізгі  құралдардың  түгендеу  жазбасы  жалға  алған  және  күнделікті 
жалға  бергендерді  қоса  есептегендегі  негізгі  қорлардың  нақты  қолда  барын 
көрсету үшін қолданылады. 
Түгендеу  кағазы  өндірісті  ұйымдастыру  ережелері  бойынша 
материалдық құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған 
жағдайларда  қолданылады.  Бұл  түгендеу  қағазы  саналған  құндылықтармен 


 
18 
бірге солардың тұрған орындарында сақталады. 
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған 
мүліктің  нақты  қолда  бары  мен  бухгалтерлік  есептегі  деректердің 
арасындағы  алшақтығы  белгілеу  тәртібі  бойынша  реттеледі.  Сортталу 
нәтижесінде  анықталған  кем  шыққандар  мен  артықтардың  өзара  есеп 
айырысуы  тек  ерекшелік  ретінде  ғана,  сол  тексеріліп  отырған  кезең  үшін, 
тексерген  комиссияның  жұмысын  бағалау  үшін  және  тауарлы-материалдық 
құндылықтардың  сапасы  мен  мөлшерін  анықтау  үшін  қажет  болуы  мүмкін. 
Сорттаудың  болғандығы  жөнінде  материалдық  жауапты  адамдар  түгендеу 
комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме береді. Сортталудың өзара есепке 
алынуы  туралы  ұсыныс  тұрақты  жұмыс  істейтін  түгендеу  комиссиясының 
қарауына  беріледі  және  оны  кәсіпорын  басшысы  түбегейлі  шешеді,  ал  ол 
ұсынылған  барлық  материалдарды  зерттегеннен  кейін,  есепке  алу  туралы 
тиісті  шешімдер  қабылданады.  Сортталуы  (пересортицасы)  бойынша 
олардың  артық  не  кем  шығуын  есепке  (зачетқа)  алғаннан  кейін,  жетпей 
қалған  құндылықтар  жауапты  адамдардың  жауапкершілігіне  жатқызылады. 
Егер  де  сортталу  кезінде  нақты  жауапты  адамдар  анықталмаса,  онда  оның 
сомасы  кем  шыққан  мүліктер  ретінде  қаралады  да  кәсіпорынның  зиянына 
жатқызылады.  Сортталу  салдарынан  анықталған  құн  айырмашылықтары 
материалдық  жауапты  адамдардың  кінәсінен  болмаса,  ол  түгендеу 
комиссиясының  хаттамаларында  бұл  аталған  айырмашылықтар  жауапты 
адамның  мойнына  қойылмау  себептерін  ашып  көрсетеді.  Есеп  айырысудың 
барлық  түрлерінің  түгенделуінде  өзіндік  ерекшеліктері  болуы  мүмкін. 
Бюджетпен,  сатып  алушымен,  жабдықтаушымен,  есеп  беретін  адамдармен, 
қызметкерлермен, 
депоненттермен 
және 
басқа 
дебиторлармен, 
кредиторлармен  есеп  айырысуды  түгендеу  есеп  айырысу  шоттарында 
есептелген  сомалардың  мұқият  негізделгендігіне  саяды.  Есеп  айырысу 
инкассо  тәртібімен  жүргізілмейтін  барлық  сатып  алушылардың  және  басқа 
дебиторлардың  мәліметтерінің  дұрыстығын  тексеру  үшін  кредиторлардың 
берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады. 
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын 
растауға немесе өздерінің толық келіспейтіндігі туралы хабарлама жасайды. 
Түгендеу  комиссиясы  құжаттарды  тексеру  жолымен,  сондай-ақ  банк 
мекемелерімен,  қаржы  және  салық  органдарымен,  кәсіпорынның  жеке 
баланстарға 
бөлінген 
құрылымдық 
бөлімшелерімен 
және 
бас 
кәсіпорындарымен  есеп  айырысудың  дәлме-дәлдігін  анықтайды.  Бұл  есеп 
айырысулар  бойынша  кәсіпорынның  балансында  реттелмеген  сомалар 
қалмауы  керек;  баланста  есепте  тұрған  кем  шыққан  және  тонауға 
байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен негізделгендігі; баланста 
есепте  тұрған  дебиторлық  және  кредиторлық  берешек  сомалары,  сондай-ақ 
дебиторлық  берешекті  өндіріп  алуға  қойған  талаптары  да  тексеріледі. 
Түгендеу  нәтижелері  актімен  хатталуы  тиіс.  Онда  түгенделген  шоттардың 
аттарын  атап,  сәйкес  келмейтін  дебиторлық  және  кредиторлық  берешектің, 
күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және дебиторлық 
берешектің  анықталған  сомаларын  көрсеткен  жөн.  Берешектің  көрсетілген 


 
19 
түрлері  бойынша  есеп  айырысуды  тугендеу  актісіне  анықтама  қоса  тіркелу 
керек,  онда  дебиторлардың  немесе  кредиторлардың  аттары  мен  мекен-
жайлары,  берешек  сомасы,  берешектің  не  үшін  есептелгені,  қай  уақыттан 
бері және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі. 
Талап  ету  мерзімі  өткен  дебиторлық  берешек  сомалары  бойынша 
анықтамада  бұл  мерзімнің  өтуіне  кінәлі  адамдар  көрсетіледі.  Талап  ету 
мерзімі  өткен  дебиторлық  берешек,  өңдіріліп  алынуы  неғайбыл  басқа  да 
қарыздар  кәсіпорын  басшысының  шешімімен  есептен  шығарылады  да, 
күдікті қағаздар бойынша резерв каражатының шотына немесе шаруашылық 
қызметінің нәтижелеріне жатқызылады. 
Түгендеу  және  басқадай  тексерістер  кезінде  анықталған  қолда  бар 
негізгі  кұралдардың,  материалдық  құндылықтардың  және  ақшалай 
қаражаттық бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте 
реттеледі: 
-  артық  немесе  кем  шыққан  кезде  олар  өзара  зачетқа  жатқызылады, 
бірақ зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды
-  артық  шыққан  негізгі  құралдар,  материалдық  құндылықтар  мен 
ақшалай  қаражат  кәсіпорынның  табысына  кірістеліп,  есепке  алынады, 
бұлардың артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады
-  құндылықтардың  кемуі  (жоғалуы)  белгіленген  тәртіпте  бекітілген 
нормалардың  шегінде  кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не  айналым 
шығындарына көшіріліп жазылады
-  материалдық  құндылықтардың,  ақшалай  қаражаттың  және  басқа 
мүліктің  кем  шыққандары,  сондай-ақ  табиғи  кемуі  нормаларынан  тыс 
ысырап болған жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі 
адамдар  анықталмаған  немесе  кінәлі  адамдардан  өндіріп  алуға  сот  тыйым 
салған жағдайларда кем шыққан мүліктер және ысыраптардан келген зияндар 
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады. 
Тұрақты  жұмыс  істейтін  түгендеу  (түгелдеу)  комиссиясының  қолда 
бар  құндылықтар  мен  бухгалтерлік  есеп  деректерінің  арасында  түгендеу 
кезінде  анықталған  алшақтықтарды  реттеу  туралы  ұсыныстары  айтылған 
хаттамасын  түгендеу  аяқталған  соң  кәсіпорын  басшысы  бекітеді.  Түгендеу 
нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық 
түгендеу бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады. 
Есеп  берер  алдында  үлкен  дайындық  жұмыстары  жүргізіледі. 
Бухгалтерия  цехтардан,  қоймалардан,  есеп  беретін  адамдардан  т.б. 
құжаттардың  толық  түскенін  (немесе  түспегенін)  тексеруді;  ай  ішіндегі 
немесе  жыл  ішіндегі  барлық  шығындарды  өндіріс  шығындарына  қосуды; 
негізгі  құралдардың  амортизациясын,  демалысқа  төленетін  резервін  және 
басқа  мақсаттарға  арналған  резервті,  материалдық  емес  активтердің  тозуын 
толық  есептеуді;  алдағы  кезеңдердегі  шығындарды  есептен  шығаруды; 
құндылықтардың  барлық  шоттары  мен  топтарында  есептік  баға  бойынша 
нақты  өзіндік  құнын,  орташа  КДШ  процентін  не  ауытқушылықтарын  (+,-) 
есептеп  шығаруды;  жұмсалған  материалдардың  нақты  өзіндік  құнын 
анықтап, оны өндірістік жөне басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі кажет. 


 
20 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет