5
іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кызметінің қаржы шаруашылық
тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.
Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жұмысына
экономикалық тұрғыдан дұрыс басқаруды талап етеді, бұл көбінесе оны
талдай білумен айқындалады. Кешенді түрде талдаудың көмегімен даму
тенденциясы анықталады, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары терең
және жүйелі түрде зерттеледі, бизнес-жоспарлар мен басқару шешімдері
негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады, өндіріс
тиімділігін арттыру резервтері, кәсіпорынның қызметінің нәтижелері
анықталады, оны дамытудың экономикалық стратегиясы жасалады.
Шаруашылық қызметке кешенді түрде талдау жүргізу - бұл бизнестегі
басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми негізі. Оларды негіздеу үшін
қазіргі және алда тұрған мәселелерді, өндірістік және қаржылык тәуекелдерді
анықтай және болжай білу керек, қабылданған шешімдердің ұйымның
тәуекелдік және табыс деңгейіне тигізетін әсерін анықтау керек.
Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлердің кешенді түрде
экономикалық талдау жасау әдісін игеруі олардың кәсіби дайындығының
құрамды бөлігі болып табылады.
Талдау техникасы мен технологиясын біле отырып, олар нарықтағы
жағдайдың өзгерістеріне оңай бейімделе алады және дұрыс жауап пен
шешімдер таба алатын болады. Осыған орай экономикалық талдаудың
негіздерін игере білу: шешім қабылдауға қатысатындарға да, оларды
қабылдау бойыша ұсыныстар беретіндерге де пайдалы болмақ.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір
нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз
бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару
деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы
мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің
қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: