6
1 ТАРАУ.
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН
МАҢЫЗЫ
1.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
Есеп беру деп кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді
түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру
процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды
тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы
ақпараттарды
беру
болып
табылады.
Қаржылық
есеп
берудің
пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар,
жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік
органдар және т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-
шаруашылық
қызметіне
сипаттама
беретін
белгілі
нысандарға
топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Шаруашылық ету жағдайларының
өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына
өзгереді.
Атап
айтқанда,
есеп
беру
Халықаралық
бухгалтерлік
стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің
қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде, оның мүлік және қаржы жағдайына
сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның
шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.
Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы
арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның
шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік
береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы - ресурстардың қолда барын,
орналастырылуын және пайдаланылуын, ұйымның қаржылық тұрақтылығын,
баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын
кешенді түсінік. Есеп беру - кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын,
шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс)
құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының
құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының
мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе
кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және
өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады.
7
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның
міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын
бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорынның өз
активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады.
Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді,
жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша
кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа
мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақды пассивтерді
анықтауға
болады.
Мұның
өзі
нарық
жағдайында,
бәсекелес
кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорыңдар үшін өте
маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің
рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын
анықтау кезінде өте маңызды болмақ.
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын, мекеме, филиалдардың,
өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да
құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді
қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін
қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік
нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері
қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын,
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп
беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға
міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе
әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік
деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1
қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан
құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды
тұлға құқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі
кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31
желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің
қарапайымдылығы
мен
түсініктілігі,
деректердің
шынайылығы;
жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік
көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есепті
көрсеткіштердің
өткен
жылдың
осындай
мерзіміндегі
есепті
көрсеткіштермен салыстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің толтырылуының дұрыстығына кәсіпорынның
(мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау
қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын
әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының
ақпараттарды
тұтыну
мұқтаждығын
қанағаттандырады.
Кейбір
8
пайдаланушылардың
өкілеттігі
болса,
қаржылық
есеп
беруде
көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылы есептеменің бір бөлігі болып табылады
және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық
есептемеге түсіндірме жазу, қосымша, кестелер және осы есеп беруге
негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге
оқылатын болады.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъекттің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы
ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық
шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін ішкі сыртқы пайдаланушылар
пайдаланады.
Сонымен қатар, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел
басқару үшін қажет және ол болашақ кезендерді жоспарлау мен болжау үшін
басты бастапқы база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің
нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен
қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің
сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді
сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас
бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес
жауап береді. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу . Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал
шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық . Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды
топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да
мақсат тұтпайды.
Түсініктілік . Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық . Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы
мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел
жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне
алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік . Қаржьлық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер
етуі мүмкін.
Дұрыстық . Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну . Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
9
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық . Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы
болғаны абзал.
Сақтық . Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру . Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы
тиіс. Акпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір
есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік . Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның
әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек,
өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін
анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау
мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы)
болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және
жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру
кәсіпорынның өндірістік жөне қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын
бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша
жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және
қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен
расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін
берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып
бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өндеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі.
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі
(баланс, қаржылық-щаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және т.б.).
Төртінші кезең. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
10
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау
жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан
мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы
баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады.
Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.
Жылдық
есептің
меншік
иелерінде
(қатысушыларында,
құрылтайшыларында)
немесе
құрылтай
құжаттарында
көрсетілген
мәліметтері
бойынша
тиісті
органдарға:
салық
инспекциясына
(кәсіпорынның тұрған жері бойынша), жергілікті қаржы органына,
мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың 22-наурызынан кешіктірмей береді.
Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде
салық
органдарының
келісімдері
бойынша
кәсіпорынның
иелері
(қатысушылары, кұрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін
оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа
қаладағы кәсіпорын үшін пошта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нөтижелерін, мүлік пен
қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі
пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда
жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген
жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл
үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда
өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер
енгізілуі мүмкін.
|