21
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерістері;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестік, оларды
таратудағы рационалдағы және пайдаланудағы тиімділігін зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және
несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде деьиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорының қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерінің, сондай-ақ
оладың дегейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық категориясын анықтау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп беру - экономикалық шешімдер қабылдау барысында
қолдаушылар үшін ұйымның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және
ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде ақпараттарды ұсыну. Сонымен қатар
қаржылық есеп беру ұйымның ресурстарын басқару бойынша басшылық
қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Ақпарат берумен қатар қаржылық есептегі мәліметтер ұйымның ақша
қаражаттарының қозғалысын болжамдауға, ақша ағымының қай қызметке
жататыын және пайда болу мерзімін анықтауға көмектеседі.
Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық
жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы
өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну больш табылады. Қаржылық есеп беру
экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық
ақпаратты езіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды
бейнелейді.
Қаржылық есеп беруде пайдалы ақпаратты жинақтайды:
- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялык
шешімдерді қабылдауға;
- субъектінің алдағы ақшалай тусімін бағалауға (ақшалай қаражат пен
олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент)
қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін
арналған - қаражатты өз шоты бойынша есептен шығару;
-субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен
байланысты бағалауға;
-басшы органдардың жұмысын бағалауға.
22
Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің
ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен
алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет,
мысалы, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына,
проценттерді төлей ала ма, кредиттерді жауьш, табысты бөле алатындығын
анықтайды.
Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және
өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.
Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның
қаржылық құрылымы, өтімділігін, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін
орта
өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.
Өтімділік, төлем қабілеттілігі - қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде
өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.
Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігі, пайдалылығы
туралы акпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді
бағалау үшін керек.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай
қаржыны алу кабілетін бағалаған кезде пайдалы.
Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашьшық
өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.
Түсініктеме жазбада (пояснительная записка) пайдаланушыларға
қаржылық есеп Заңдары жөніндегі қосымша мәліметтер болады.
Қаржылық есеп беру ұйымның көрсеткіштері туралы мәліметтерді
қамтиды:
- активтері
- міндетемелері
- меншікті капиталы
- кірістері мен шығыстары туралы
- ақша қаражатары қозғалыстары.
Қаржылық есептің толық комплектісі мына компоненттерді қамтиды:
1) № 1-Н «Бухгалтерлік баланс»
2) № 2-Н «Табыстар мен шығыстар туралы есеп беру»
3) № 3-Н «Ақшалы қаражаттар қозғалысы туралы есеп беру»
4) № 4-Н «Меншікті капиталдағы өзгерістер»
5) Есеп саясатының маңызды элементтеріне қысқаша түсініктеме берілген
түсініктеме ережелер және басқа да түсініктемелер.
Қаржылық есептен басқа ұйымдар пайдаланушыларға қаржы нәтижелері
мен қаржылық жағдайы туралы жалпы мәлімет беру қажет.Мысалы:
- қызмет нәтижесіне әсер еткен негізгі факторлар, сондай-ақ дивидендке
қатысты инвестициялық стратегия мен саясаты;
- қаржылындарудың стратегиясы мен негізгі көздері, тәуелділікті
басшылыққа алу;
- баланста құны көрсетілмеген ұйымның артықшылықтары мен ресурстары.
Бұдан басқа қосымша есеп берілу қажет. Мысалы, экология және
қоршаған ортға әсері зор саладағы қосымша құн туралы есеп беру.
23
Ұйымның қаржылық есеп беруі дұрыс әрі анық ұйымның қаржылық
нәтижесі, қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысын көрсетеді.
Есеп беруді дұрыс құру үшін:
- операциялар, басқа да жағдай және шарттары туралы ақпараттарды бағалау
анықтамалары мен критерияларымен ҚЕХС-на
сәйкес көрсету;
- есеп саясатын 8 (IAS) БЕХС-на сәйкес таңдау және қолдану;
- есеп саясатын қосып алғандағы ақпаратты сенімділік, салыстырмалық және
түсініктілікті түрде ұсыну;
Қаржылық есеп берудің дұрыстығы оның ҚЕХС-ның барлығына сай
құрылғанына байланысты. Оның ҚЕХС-на сай құрылғаны туралы
түсініктеме хатта анық та нақты айтылу керек.
Қаржылық есеп беру нысандарында бірдей мынадай көрсеткіштер
толтырылады:
- ұйым
аты және басқалай реквизиттер;
- қаржылық есеп жеке ұйымның немесе топтың нәтижесіне ие;
- баланс датасы немесе қаржылық есеп қамтитын кезең;
- есеп валютасы;
- қаржылық есеп берудегі келтірілген сандардың туралығы;
Қаржылық есеп кем дегенде жылына бір рет ұсынылады. «Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес әр жылдың 31 желтоқсаны баланстың міндетті кезеңі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: