Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет10/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep

«Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік 
баланс  және  қаржылық  есептегі  негізгі  ашылулар»  деген  стандартында 
көрсетілгендей,  –  бұл  қолданушыны  заңды  тұлғаның  қаржылық  жағдайы 
және  оның  қызметінің  нәтижелері  мен  есепті  кезендегі  қаржылық 
жағдайында  болған  өзгерістер  туралы  пайдалы,  маңызды  әрі  дәл 
ақпараттармен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Баланс  –  есепті  жылдың 
басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды 
және маңызды қызметтер атқарады. 
-  Біріншіден,  баланс  меншік  иелерін  шаруашылық  субъектісінің  мүліктік 
жағдайымен  таныстырды  .  Осы  арқылы  олар  бұл  субъекті  нені  иеленді, 
материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын 
жақын  арада үшінші  жақ алдындағы өз  міндеттемелерін  ақтай  ала  ма,  соны 
білдіреді. 
-  Екіншіден,  басшылар  кәсіпорындар  жүйесіндегі  өз  орны,  таңдап  алынған 
стратегиялық  бағытының  дұрыстығы  туралы,  ресурстарды  пайдалану 
тиімділігінің салыстырмалы  сипаты  және  кәсіпорынды  басқару  бойынша әр 
түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. 
- Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы 
қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. 
Жоғарыда  айтқанымыздай,  қаржылық  есеп  берудің  құрамына 
бухгалтерлік  баланс,  шаруашылық-қаржылық  қызметінің  нәтижесі  туралы 
есеп беру, ақша  қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме 
хаттамасы (жазбасы) кіреді. 
Қаржылық  есеп  берудің  мақсаты  пайдаланушыларды  есептік  кезеңдегі 


 
24 
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және 
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. 
Бірақ  қаржылық  ақпараттарды  пайдаланушылар  кәсіпорынның  қызметі 
туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға: 
-  инвесторлар  -  жасаған  инвестициясының  тәуекелділік  дәрежесі 
олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; 
кәсіпорынға  салған  инвестициясын  сатудың  немесе  соған  сәйкес  активтерін 
сатып  алудың  немесе  өз  үлесін  сақтаудың  қажеттілігін  анықтау  үшін; 
кәсіпорынның  келешектегі  күтілетін  дивиденттерді  төлеу  қабілеттілігін 
анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді
-  кредитор  -  алған  қарызын  және  төленетін  пайызын  өтеу 
қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді
-  жабдықтаушылар  -  кредиторлық  қарызды  дер  кезінде  өтей  алатын 
қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді; 
-  сатып  алушы  -  кәсіпорын  қандай  кезеңде  өз  қызметін  жалғастыра 
алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді; 
-  қызметкерлер  -  кәсіпорынның  тұрақты  әрі  рентабельді  болғанына 
мүдделі,  өйткені  олар,  өзінің  еңбек  ақысын  және  басқа  жеңілдіктері  мен 
төлемін  алады,  ал  акционерлер  -  тұрақты  түрде  дивиденд  алып  тұруын 
көздейді; 
-    мемлекеттік  органдар  -  кәсіпорынның  тұрақты  әрі  рентабельді 
жұмыс  істегеніне  мүдделі,  өйткені  олар  солардың  көмегімен  экономикалық 
саясатты  (салық  шараларын  қоса  алғанда)  жүзеге  асырады,  сондай-ақ 
статистикалық мәліметтерді жинайды
-  жұртшылық  -  жұмыс  орнын  табу  мақсатында  қажетті  ақпараттарды 
елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі 
болып келеді. 
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, 
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын 
бағалауға,  кәсіпорынның  міндеттемесі  мен  ресурстарын  бағалауға  және 
олардың  басқарушы  органдарының  қызметіне  қажет  ақпараттармен 
қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді. 
Кәсіпорынның  қаржылық  есеп  беруін  әрқилы  пайдаланушылардың 
әртүрлі  мүдде  бойынша  пайдалануы  кәсіпорынның  сол  жалпы  талапқа  сай 
келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан 
олардың  негізгі  талабы  (басқа  жағдайлары  бірдей  болғанда)  кәсіпорыннан 
алған  меншік  капиталы  мен  басқа  инвестициясы  туралы  ақпараттар  оларды 
қанағаттандыруы тиіс. 
Бұл  ереже  барлық  пайдаланушылардың  мүддесіне  ортақ  әрі  сай 
келетін  ақпарат  болып  саналады.  Жалпы  алғанда,  пайдаланушылар  келесі 
ақпараттарға мүдделі болып келеді. Ол ақпарат 1-кестеде көрсетілген. 
Қаржылық  есеп  беру  өзара  байланысты,  өйткені  ондағы 
шаруашылықтың  бір  ғана  операциясы  әртүрлі  фактімен  көрініс  табады. 
Әрбір  есеп  беру  әртүрлі  ақпаратты  береді,  ал  оны  сол  немесе  басқаша 
күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланады. 


 
25 
 
 
 
1 - Кесте  
Есеп беру мәліметінің маңызы 
 
Есеп берудің мәліметтері 
Пайдалылығы 
Экономикалық ресурстары  
(активтер құрамы) 
Кәсіпорынның  табыс  алу  қабілетін 
бағалау  болашақта  болатын  ақша 
қаражаты 
Қаржылық 
құрылымы 
(кәсіпорынның  қарызы  мен  меншік 
капиталының ара қатынасы) 
Қарыз 
қаражатының 
келешекке 
қажеттілігін  бағалау  және  болашақта 
алынатын пайда мен ақша қаражатын 
мүдделі  тараптардың  арасына  тарату; 
кәсіпорынның  сырттан  инвестицияны 
тартудың  потенциалдық  икемділігін 
бағалау 
Өтемділік  пен  төлем  қабілеттілігінің 
коэффициенті 
Өз  міндеттемесіне  жауап  беретін 
кәсіпорынның  ұзақ  және  қысқа 
мерзімдегі 
қарыздарын 
төлеу 
қабілеттілігін бағалау 
Рентабельділік 
пен 
іскерлік 
белсенділігінің коэффициенті 
Кәсіпорынның 
ресурстарды 
пайдалану тиімділігін бағалау 
Қаржылық жағдайының өзгеруі 
Қаржылық, 
инвестициялық, 
оперативтік  қызметінің  нәтижесінде, 
кәсіпорынның  алған  ақша  ағының 
бағалау;  кәсіпорынның  келешектегі 
ақша қаражатына қажеттілігін болжау 
 
Қаржылық  есеп  пайдаланушылар  үшін  айқын,  түсінікті  болуы  және 
барлық  мәнді  ақпараттарды  ашуы  тиіс.  Қажет  болған  кезде  түсініктеме 
хаттамасында  (жазбасында)  баптардың  жіктемесі  мен  ақша  қаражаттары 
туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек. 
Қаржылық  есеп  беруде  занды  тұлғалардың  атауы,  тұрған  жері,  есеп 
беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, занды 
нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс. 
Қаржылық 
есеп 
беру 
өткен 
кезеңдердің 
мәліметтерімен 
салыстырылады.  Есеп  беру  Қазақстан  Республикасының  валютасында 
жасалады,  өлшем  бірлігі  -  мың  теңге.  Жылдық  есеп  берудің  есептік  кезеңі 
болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан кұрылған субъектілер 
үшін - занды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-
ші  желтоқсанына  дейін  саналады.  Меншік  иесінің  есеп  берудің  басқа  да 
кезендігін белгілеуге құқығыбар (жылына бір ретген кем болмауы керек). 
Қаржылық  есеп берудің  элементтері.  Қаржылық  есеп  беру  мәміленің 
және  басқа  да  оқиғаның  нәтижесін  классқа  топтастырып,  экономикалық 


 
26 
мазмұнына  сәйкес  көрсетіледі.  Экономикалық  мазмұн  қаржылық  есеп 
берудің элементтері болып табылады. 
Актив - бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығымен жеке мүліктік 
және мүліктік емес игілігі. 
Активтер  болашақта  жүзеге  асатын  экономикалық  олжа  ретінде 
көрсетіледі. 
Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, 
бірақ  ол  өздігінен  активтің  пайда  болуына  әкелмейді.  Актив  өнімді 
(жұмысты,  қызметті)  өндіру  үшін,  сондай-ақ  өндірісті  басқару  және  басқа 
мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге 
асатын  активтер:  өндірісте  және  күрделі  құрылыста  сатылуы  немесе  басқа 
активтерге  айырбасталуы,  кәсіпорынның  міндеттемесін  өтеу  үшін 
қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін. 
Активтердің  физикалық  нысаны  да  бар  болуы  мүмкін  (ғимараттар, 
қондырғылар,  машиналар  т.б.)  және  ондай  нысаны  болмауы  да  мүмкін 
(лицензия,  «ноу-хау»,  гудвилл  және  т.б.);  сондай-ақ  активтер  дебиторлық 
қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін. 
Шаруашылық  жүргізуші  активтерге  меншік  құқығы  болуы  да  және 
оның  болмауы  да  мүмкін  (жалға  берілген  мүліктер,  консигнацияға  немесе 
кайта өндеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорыннын, 
өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды 
пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен 
оларға  жұмсалған    шығыстардың  арасында  тікелей  байланыс  болады,  бірақ 
олар  уакыт  кеңістігінде  әр  уақытта  бір-бірімен  тұспа-тұс  келе  бермейді 
(мысалға,  аяқталмаған  құрылыс,  көп  жылдық  екпе  ағаштарын  егу  және 
негізгі  табынды  қалыптастыру).  Бұл  жағдайда  шығын  тек  болашақ  олжаны 
іздестіру  үшін  жасалғандығын  көрсетеді  (пайдалануға  берілген  объектіден, 
көп  жылдық  екпе  ағаштарын  пайдаланудан,  малды  өсіруден),  бірақ  бұл 
активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет