Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


 Ақша қаражаттарынның қозғалысын талдау



Pdf көрінісі
бет72/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep

5.7 Ақша қаражаттарынның қозғалысын талдау 
 
 
Ақшалай  қаражаттарды  басқару  қорлар  мен  дебиторлық  қарыздарды 
басқару  сияқты  өте  маңызды.  Ағымдағы  активтерді  басқару  өнері  есеп-
шоттарда  ағымдағы  жедел  жұмыстарға  қажетті  ақша  қаражаттарының 
сомасының  ең  аз  мөлшерін  ұстауында  жатыр.  Жақсы  басқарылатын 
кәсіпорынға  қажетті  ақша  қаражаттарының  сомасы  -  ақша  ағымдарының 
қысқа  мерзімді  теңгерімсіздікті  жабуға  арналған  сақтандыру  қоры.  Сома 
барлық алдыңғы кезектегі төлемдерді жүргізу үшін жететіндей болуы керек. 
Өйткені, ақша қаражаттары кассада немесе банктегі есеп айырысу шотында 
жатса,  табыс  әкелмейді.  Оларды  қолда  қауіпсіз  ең  аз  шамада  ұстау  керек. 
Ұзақ  уақыт  бойы  ақшаның  көп  қалуы  айналым  капиталын  дұрыс  қолдана 
білмеудің нәтижесі болуы мүмкін. 
Кез-келген  бизнес  капиталдан  басталады,  олар  өндірісті  бастау  үшін 
қорларға  айналады  (немесе  алып-сату  тауарларына).  Сонан  соң  тауар 
өндіріледі,  өткізу  сатысында  -  ақшаға  айналады.  Айналым  капиталдың 
айналуы негізгі шаруашылык операциялармен тікелей байланысты: 
-  сатып  алу  шикізаттардың,  материалдардың,  тауарлардың  және 
қарыздардың ұлғаюына алып келеді; 
-  өндіру  дебиторлық  қарыздардың  және  касса  мен  есеп  айырысу 
шоттарындағы ақша қаражаттарының өсуіне алып келеді. 


 
147 
Бұл  операциялар  көп  рет  қайталанады  және  ақшалай  түсімдер  мен 
ақшалай төлемдерге келіп тіреледі. 
Осылайша,  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  шикізатқа,  материалдарға 
(тауарларға) ақша төлеу мен дайын өнімді (тауарларды) сатқаннан ақшаның 
түсуі  арасындағы  кезеңді  қамтиды.  Бұл  кезеңнің  ұзақтығына  мыналар  әсер 
етеді:  кәсіпорынды  жабдықтаушылардың  несиелеу  кезеңі;  кәсіпорынның 
сатып  алушыларды  несиелеу  кезеңі;  шикізаттар  мен  материалдардың  қорда 
болу кезеңі; дайын өнімді өндіру мен қоймада сақтау кезеңі. 
Ақшалай 
қаражаттардың 
айналым 
кезеңін 
есептеу 
мысалын 
қарастырайық: 
Шикізаттардың кәсіпорын қоймасына түсуі - 10 қазан; 
Шикізаттарды қайта өңдеуге беру - 20 қазан; 
Жеткізіп берушілермен есеп айырысу ақшаның - 15 қазан; 
Дайын өнімді жөнелту - 27 қазан; 
Айналуы 
Сатып алушылардан ақшаның түсуі - 1 желтоқсан кезеңі. 
Ақша 
қаражаттарының 
айналу 
кезеңін 
шикізаттар 
бойынша 
жабдықтаушылармен  есеп  айырысқаннан  бастап  (15  қазан)  және  сатып 
алушылардан  дайын  өнім  үшін  ақшаның  түсуі  кезеңімен  (1  желтоқсан) 
анықтаймыз. Біздің мысалымызда осы кезең 1,5 айды құрайды. 
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау № 3 «Ақша қаражаттарының 
қозғалысы  туралы  есеп»  нысаны  деректері  және  бухгалтерлік  есеп 
(синтетикалық есеп-шоттар бойынша айналымдар) бойынша жүргізіледі. 
Банктегі  есеп  айырысу  шотында  жатқан  ақша  қалдықтарының  көбеюі 
немесе  азаюы  ақша  ағымының  теңгерімсіздік  деңгейімен  белгіленеді,  яғни 
ақшаның  түсуі  және  шығуымен.  Сонымен  қатар,  қаржылық  ресурстар 
ағымдарының кіруі мен шығуына жоспарлау мен бақылауды күшейту керек. 
Кәсіпорын  үшін  ең  бастысы  меншікті  айналым  қаражаттарының  көлемін 
оңтайлы қалыптастыру болып табылады. 
Ақшаның  түсуінің  ақшаның  шығуынан  асып  кетуі  еркін  ақшаның 
қалдығын  көбейтеді  және  керісінше  шығудың  түсуден  асып  кетуі  ақшаның 
жетіспеуіне  алып  келеді  және  несие  алу  қажеттілігін  ұлғайтады.  5-  суретте 
ішке қарай бағытталған жебелер ақша қаражаттарының түсуін, сыртқа қарай 
- шығуын көрсетеді. 
Ақша ағымдары жоспарланады, ол үшін 1 жылды айларға бөле отырып, 
ал  жедел  басқару  үшін  тоқсандарға  және  бес  күндерге  бөліп,  кірістер  мен 
шығыстар  жоспарлары  құрылады.  Егер,  біршама  уақыт  бойы  ақша 
қаражаттарының оң қалдықтары болжалмалса, онда оларды алдын ала тиімді 
пайдалану  жолдарын  қарастыру  керек.  Кейбір  кезде  қалдығы  ақшаның 
жетіспеушілігінен  пайда  болуы  мүмкін.  Онда  сырттан  қаражаттарды  тарту 
көздерін жоспарлау керек. 
 
 
 
 


 
148 
Жаңа акцияларды шығару 
 
Негізгі 
қорлар 
 
Қаржылық 
салымдар 
 
Жаңа заемдық 
капитал 
 
Жалақы төлеу 
 
Дебиторлық берешекті 
өтеу 
 
Банктік несие мен займдарды 
өтеу 
 
 
Қолма-қол 
есептессуге 
сату 
 
Несиелік  берешекті 
өтеу 
 
Мүлікті 
сату 
 
Дивидендтерді 
төлеу 
 
Қолма-қол 
төлемдер 
 
Салықта
р 
 
5-сурет. Ақша ағымдары 
 
Талдау процесінде банктегі ақша қалдықтарының қарқыны мен активінің 
осы  түрде  болу  кезеңін  зерттеу  қажет.  Капиталдың  қолдағы  ақша  түрінде 
болу кезеңі мына формуламен анықталады: 
 
Пдн= 
еркін ақшаның орташа қалдығы х 360_____________________________
(32) 
ақша қаражаттарының шоттары бойынша несиелік айналымдар сомасы  
 
Әрі  қарай  кәсіпорынның  мүліктік  жай-күйінде  қандай  сапалық 
өзгерістер  болғанын  зерттеу  қажет.  Кәсіпорын  мүліктерінің  жалпы 
құнындағы  негізгі  қүралдардың  нақты  құнының  (қалдық)  үлес  салмағының 
өзгеруіне  ерекше  назар  аударылады.  Өйткені  бұл  көрсеткіш  кәсіпорынның 
кәсіпкерлік  қызметінің  көлемін  анықтаудағы  басты  бағыт  болып  табылады. 
Кәсіпорын  мүліктерінің  жалпы  жинағындағы  негізгі  құралдардың  нақты 
құнының  коэффициентінің  мөлшері  баланс  активінің  барлық  сомасының  50 
пайызынан кем болмауы тиіс. 
Талдау  жүргізушінің  келесі  әрекеті  баланс  активінің  құрылу  көздерін 
талдау болып табылады (6-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
Ақша 
ағымдары 


 
149 
Кәсіпорын қаражаттарының 
көздері 
 
Меншікті капитал 
 
Қатыстырылған 
қаражаттар 
 
 
 
Қаржылық сипаттағы 
қаражаттар көздері (қарызға 
алған қаражаттар) 
 
Қаржылық емес 
сипаттағы ағымдағы 
кредиторлық қарыз 
 
 
 
Ұзақ мерзімді қарызға алынған 
қаражаттар (қарызға алынған 
капитал) 
 
Қысқа мерзімді 
несиелер мен қарыздар 
 
6-сурет.  Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  талдауға  қажетті 
қаражаттар көздерінің сыныпталуы. 
 
Ақша  қаражаттарының  ағымын  қызмет  түріне  байланысты  болу 
қолданушылардың 
есеп 
ақпаратына 
қоятын 
талаптарының 
айырмашылығымен байланысты. 
Кәсіпорын  қаржылық,  инвестициялық  және  ақшасыз  операцияларды 
жүзеге  асыруы  мүмкін.  Оларға:  материалдық  емес  активтерді  және  негізгі 
құралдарды  ұзақ  мерзімді  несиенің  есебінен  алу;  кредиторлық  қарыздарды 
кредиторға  акцияны  және  басқа  да  бағалы  қағаздарды  беру  жолымен  өтеу; 
басқа  кәсіпорынның  акцияларын  сатып  алынған  тауарларға  және  дайын 
өнімге айырбастау жолымен алу және тағы басқа жатады. 
Ақша  қозғалысы  туралы  есепті  құрастыру  үшін  келесі  ақпараттар 
келтірілген арнайы өңдеу кестелері қолданылады: 
-  өткен  және  есепті  жылдың  баланстары,  ол  әрбір  баптың  мәліметтерін 
салыстырып және ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді; 
-  өткен  және  есепті  жылдағы  кірістер  мен  шығыстар  туралы  есеп,  ол 
табыстар  мен  шығындардың  әрбір  бабының  мәліметтерін  салыстыруға, 
сонымен  қатар  есепті  жылдың  соңында  бөлінбеген  табысты  (зиянды) 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Мәліметтерді  салыстыру  нәтижесінде  ақша  қаражаттарының  келіп 
түсуін немесе шығуын көбейтетін, немесе азайтатын сомалар қандай қызмет 
түріне  (операциялық,  инвестициялық,  қаржылық)  жататынын  анықтауға 
болады.  Бұл  мәліметтер  өңделу  кестесінде  зерттеледі  және  есепке  қажетті 
өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. 


 
150 
Операциялық, 
инвестициялық, 
қаржылық 
қызметтегі 
ақша 
қаражаттарының  қозғалысын  көрсететін  бөлімдердің  әрқайсысы  нақты 
ағымдарды көрсетумен анықталады. 
Ұйымның  ақша  қаражатының  қозғалысы  экономикалық  шешімдер 
қабылдау үшін мына төмендегідей қызметтерге бөлінеді: 
а) операциялық қызмет; 
б) инвестициялық қызмет; 
в) қаржылық қызмет. 
Операциялық  қызметтен  түскен  ақша  қаражаттарының  қозғалысын 
тікелей  әдіс  бойынша  анықтаған  кезде,  олардың  қозғалысына  әсер  ететін 
факторлардың  мазмұны  ашылады,  яғни  ақшалай  және  ақшасыз  жасалған 
операцияларының ара жігі ашылады. 
Егер де операциялар өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртектес 
болып  келсе,  онда  олар  есеп  беруде  бір  бапқа  біріктірілуі  мүмкін.  Тікелей 
әдістің  негізінде  жасалған  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп 
беру нысаны келтіріледі. 
Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп  ҚЕХС-ң  талабына 
сәйкес  №7  «Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепте»  жүргізіледі. 
Бұл  ұйымның  кезең  ішіндегі  қаржы  кірісі  мен  қаржы  шығысы  туралы 
мәлімет беру үшін арналған. 
Бухгалтерлік  есептің  қалыптасқан  ортақ  негізінде  берілген  есепте 
компанияның  қаржылық  экономикалық  ресурстары  қамтылады.  Олардың 
қозғалысының түгелдігі мен тиімділігі жөніндегі мәлімет есепте болуы тиіс. 
Бұл  есеп  берудің  әлемдік  деңгейде  қажеттілігі  кәсіпорындардың  ішкі 
есептер даярлығы мен қарыздарды қайтару мүмкіндігін бағалау нәтижесінде 
туындаған. 
Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп  қаржылық  есептің  ең 
басты бөлігі. Мекемедегі қаржылық есепке ескертулер төмендегідей: 
- қаржылық есепті даярлау жөніндегі мәлімет; 
- ашу, ҚЕХС талабына сәйкес, бірақ ол қаржылық есепте көрсетілмеген; 

қаржылық  есепте  көрсетілмеген  қосымша  мәліметтер  мен 
анықтамалар. 
Жанама  әдіс  бойынша  операциялық  қызметтен  ақша  қозғалысын 
анықтау  салық  салуға  дейінгі  таза  кірісті  (залалды)  ақшалай  емес 
операцияларды,  операциялық  қызметтен,  сондай-ақ  инвестициялық  және 
қаржылық  қызметтен  ақша  қозғалысымен  байланысты  кірістер  мен 
шығыстар  баптары  бойынша  өткен  немесе  алдағы  кезеңге  есептелген,  не 
болмаса  қалдырылған  ақша  түсімі  нәтижесін  есепке  ала  отырып,  біртіндеп 
түзету арқылы орындалады. 
Инвестициялық қызметтен ақша қозғалысы төмендегідей: 
а)  жылжымайтын  мүлік,  ғимарат  пен  жабдықтарды,  материлдық  емес 
және басқа да ұзақ мерзімді сатудан ақшаның түсуі; 
б) басқадай кәсіпорындардың және бірігіп қызмет етуге қатысу үлесінің 
қарыздық немесе үлестік құралдарын сатудан ақшалай түсімдер; 
в) басқадай кәсіпорындарға берілген несиелердің қайтарылуы; 


 
151 
г) фьючерстік, форвардтық контрактілерден, опциондар мен своптардан 
ақшаның түсуі; 
д)  жылжымайтын  мүлік,  ғимарат  пен  жабдықтарды,  материлдық  емес 
және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін ақшаның жұмсалуы; 
е)  басқадай  кәсіпорындардың  және  біріккен  қызметке  қатысу  үлесінің 
қарыздық немесе үлестік құралдарын сатып алуға ақшаның төленуі; 
ж)  басқадай  кәсіпорындарға  аванстық  ақшалай-төлемдер  мен  несиенің 
берілуі; 
з)  фьючерстік  және  форвардтық  контрактілер,  опциондар және  своптар 
бойынша ақша төлемдер. 
Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысы: 
а) акциялар эмиссиясынан ақша түсімі; 
б) ұйымның акция ұстауларына ақшалай төлемдер; 
в)  қысқа  мерзімді және ұзақ  мерзімді  несиелер  алумен  және  облигация 
шығарумен байланысты ақшалай түсімдер; 
г) несиелерді өтеу; 
д) қаржылық жал бойынша жалгерлердің жалгерлік төлемдері. 
Ақша қаражаттарының ағымдарын басқару менеджер қызметінің негізгі 
бағыттарының бірі болып саналады.  
Қаржылық қызметте ақшалай қаражаттардың айналым уақытын есептеу, 
оны болжамдау, ақшалай қаражаттың оптималды деңгейін анықтау, ақшалай 
қаражаттар  бюджетін  құрастыру  жүргізіледі.  Ақшалай  қаражаттың 
маңыздылығы үш негізгі себептермен айқындалады: 
-  ескішілікке  негізделген,  ақшалай  қаражаттар  ағымды  операцияларды 
орындау  кезінде  пайдаланады,  себебі  түрлі  кіруші  және  шығушы  ақшалай 
ағымдар  арасында  уақыт  кеңістігі  болады,  кәсіпорын  тұрақты  түрде  бос 
ақшалай қаражатын есеп айырысу шотында ұстауға тиіс; 
-  икемділік,  себебі  кәсіпорын  қызметінде  қатаң  бейімділік  тәрізі  жоқ 
сондықтан  ақшалай  қаражаттар  тосыннан  пайда  болған  төлемдерді 
орындауға қажет; 
-  саудагершілік  -  ақшалай  қаражат  саудагершілік  ой  мен  де  қажет 
болады, себебі қайсы бір кезде ұтымды инвестиция жасау мүмкіндігі туады. 
Сонымен  қатар,  ақшалай  қаржы  қаражат  түріндегі  ресурстарын 
пайдаланбау белгілі жоғалтулармен  байланысты болады, шартты бір көлем 
ретінде,  оны  тиімді  инвестициялық  жобада  қатыспай  қалғандықтан  болған 
жоғалту  шамасы  деуге  болады.  Сондықтан  қай  кәсіпорын  болмасын  бір-
біріне  қарама-қайшы  жағдайды  ескеруі  жөн:  ол  ағымды  төлем  қабілетін 
көтермелеу және бос ақша қаражатын инвестицияға пайдаланатын қосымша 
кіріс  алу.  Сонымен,  ақшалай  ресурстарды  басқару  мәселелерінің  бірі  -  ол 
орташа ағымды қалдықты ықшамдау. 
Кәсіпорынның  ақшалай  қаражатының  нақтылығына  қарап,  оның 
қызметі пайдалы,   пайдасыз екенімен байланыстырады. Бірақ,  бұл тұжырым 
әрқашан  дұрыс  болып  шықпайды.  Соңғы  кездегі  болып  жатқан  жағдайлар 
кәсіпорындар  бір-біріне  төлемей  жатқанда  пайда  мен  ақшалай  қаражаттың 
абсолютті  байланысын  күмәнді  етеді.  Кейбір  кәсіпорындар  бухгалтерлік 


 
152 
есептің  мәліметтері  бойынша  табысты  болып  және  бір  мезгілде  айналым 
қаражатының  тапшылығын  көруіде  мүмкін,  ал  ол  жағдай  басқа 
контрагенттермен, 
қаржы 
органдарымен, 
қызметкерлермен 
қарым-
қатынастарға  әлеуметтік-экономикалық  дағдарыс  әкелуі  мүмкін  және  оның 
нәтижесінде күйреуге ұшырап банкрот болады. 
Ақшалай  қаражаттардың  талдауы  есеп  беру  мерзімінің  ақпарат 
негізінде  жүргізіледі.  Ақшалай  қаражаттардың  жылжуына  талдау  жүргізген 
кезде  кәсіпорынның  есеп  беру  кезіндегі  болған  ақша  қаражатының  ағымы 
мен  осы  кезеңдегі  кіріспен  байланысы  немесе  сәйкес  еместігін  түсіндіруге 
болады. 
Батыстағы 
есеп-аналитикалық 
тәжірибесінде 
осындай 
талдау 
жүргізудің  әдістемесі  жасалған  және  оның  талдауы  негізгі  үш  бағытта 
жүргізіледі: ағымды, инвестициялық және қаржылық қызмет. 
Қаржылық  есеп  берудің  7  «Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы 
есеп»  халықаралық  стандарты  бойынша  барлық  заңды  тұлғалар  (банк  пен 
бюджеттік мекемелерден басқа) ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы  есеп 
береді.  Ол  ақпарат  пайдаланушыларға  заңды  тұлғалардың  қаржы 
жағдайының  өзгерістерін  бағалауға  және  есеп  беру  мерзімінде  ақшалай 
қаражаттың  келіп  түсуі  мен  жаратылуы  жөнінде  ақпарат  береді,  оны 
операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша деп бөледі. 
Операциялық қызмет - бұл негізгі қызмет кәсіпорынның өнім өткізуден 
алынған  кірісі,  аванстар,  кредит  немесе  несие  проценттері,  дивиденттер, 
жабдықтаушылар шоты бойынша төлемдер салық төлеу, жалақы беру, аванс 
беру. 
Инвестициялық  қызмет  -  бұл  негізгі  құралдар  мен  материалдық  емес 
активтерді  алу  немесе  өткізумен  байланысты,  ақшалай  қаражаттың 
қозғалысы. 
Қаржылық  қызмет  -  бұл  қызмет  кезінде  меншікті  капиталдың  құрамы 
мен  көлемінде  өзгерістер  болады,  олар  акция  шығару,  құнды  қағаздар, 
банктен  несие  алу,  оларды  өтеу,  дивиденттер  төлеу  және  басқа  да 
операциялар 
нәтижесі. 
Операциялық  қызметке 
байланысты 
ақша 
қаражатының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістер арқылы анықтайды. 
Тікелей  әдіс  қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелері  туралы  есептің 
әрбір бабындағы түзетумен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда тауарларды алу, 
ағымдағы  шығыстар,  несиелерге  проценттер  мен  бюджетке  төленетін 
төлемдер  және  т.б.  бойынша  барлық  ақша  төлемдері  есептелетін  өнімдерді 
өткізуден  түскен  ақша  түсімдерінен  басталады.  Қорытындысында 
операциялық  қызметке  байланысты  ақша  қаражаттарының  қозғалысының 
сомасын шығарады. 
Жанама  әдіс  -  таза  табыс  немесе  шығын  ағымдағы  активтер  мен 
міндеттерге,  ақшалай  емес  операцияларды  өзгертуге,  сондай-ақ  өткен 
кезеңмен  салыстырғанда  инвестициялық  және  қаржылық  қызметтердің 
нәтижесі  болып  табылатын  табыстар  мен  шығындарға  түзетулер  енгізетін 
әдіс. 


 
153 
Кәсіпорынның 
операциялық 
қызмет 
нәтижесіндегі 
ақшалай 
қаражаттың  қозғалысын  тікелей  әдісті  қолдану  арқылы  көрсетеді,  мұнда 
ақшалай  түсімдер  мен  пайдаланылуының  негізгі  түрлері  ашылады.  Осы 
кәсіпорынның  2015-2016 жылдары ақшалай қаражатының қозғалысын келесі 
кестеде көрсетеміз. 
Кесте-41 
Кәсіпорынның ақшалай қаражатының қозғалысы 
(мың теңге) 
р/с 
Көрсеткіштер 
Іс жүзінде 
Ауытқу 
(+,-) 
2015ж. 
2016ж 





І 
Операциялық қызмет 
 
 
 
1. 
Ақшалай қаражаттардың түсімі: 
291064,2 
359560,7 
+68496,5 
1.1  қызмет өткізуден 
258073,7 
324264,4 
+66190,7 
1.2  басқада түсімдер 
32990,6 
35226,3 
+2305,7 
2. 
Ақшаның жұмсалуы: 
291048,0 
359976,0 
+68927,0 
2.1  жабдықтаушыларға төлемдер 
86809,2 
95984,1 
+9174,9 
2.2  еңбекақы төлеуге  
87898,2 
124194,4 
+36296,2 
2.3  бюджетке салықтар төлеуге 
104707,9 
103976,7 
-731,2 
2.4  басқада төлемдер 
11632,8 
35820,8 
+24188,0 
3. 
Операциялық 
қызметттің 
нәтижесі 
+16,2 
-415,3 
+37182,0 
5. 
Есеп беру мерзімінің басы 
401,4 
417,6 
+16,2 
6. 
Есеп беру мерзімінің соңы 
417,6 
2,3 
-415,3 
 
Кестедегі  мәліметтер  бойынша  ақшалай  қаражаттың  түсуі  көбейген. 
Түсу  көздерінің  басым  бөлігі  қызмет  өткізуден  түскен  түсім,  олар  2016 
жылдың  соңында  өткен  мерзіммен  салыстырғанда  көбейген.  Олардан  басқа 
түсімдер  басқада  қызмет  көрсетуден,  пайдаланбаған  есептегі  сомаларды 
қайтарудан, еңбекақы бойынша қайтарылған қарыздар, жабдықтаушылардан 
қайтарған сомалардан, зейнетақы қорынан қайтарудан құралған. Өткен есеп 
беру мерзімінде басқа түсімдер де өсті. 
Ақшалай қаражаттар түрлі мақсаттарға жұмсалады, оның ішінде ең көп 
көлемдегі бюджетке салықтар бойынша қарызын төлеу және еңбекақы төлеу. 
Кәсіпорын  одан  басқа  зейнетақы  қорына  төлемдер,  кәсіподақ  жарналарын 
аударады,  алимент  төлейді,  шаруашылық  қажетіне  ақшалай  қаражат 
жұмсайды, 
әлеуметтік 
көмек 
көрсетеді. 
Есеп 
беру 
тоқсанда 
жабдықтаушыларға  95984,1  мың  тг.  жұмсаған.  Осы  төлемдер  арасында, 
2016ж.  бюджетке  салықтар  төлеу  731,1  мың  тг.  азайды.  Жылдың  басында 
ақшалай қаражат 417,6 мың тг. болса, жыл соңында 2,3 мың тг. болып 415,3 
мың тг. азайды, себебі ақшалай қаражаттардың түсуі оларды жұмсаудан кем 
болды.  Бұл  жағдай  кәсіпорын  қызметін  дұрыс  сипаттамайды,  онда  ақшалай 
қаражаттың тапшылығы болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет