154
5.8 Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау
Кәсіпорынның өнім өндіру жөніндегі жоспарды ойдағыдай орындауы,
басқа қажетті жағдайлармен қоса адам құрамының толық болуымен, оның
жоспарлық
қажеттілікке
сай
келуіне
байланысты.
Өнеркәсіптік
кәсіпорынның бүкіл қызметкерлері екі топқа бөлінеді: өнеркәсіптік
өндірістік және өндірістік емес. Өнеркәсіп өнімін дайындау процесіне
тікелей
қатысушылардың
өндірістік
жұмысшылар
ғана:
бұларға
жұмысшылар,
үйренуші-шәкірттер,
инженер-техник
қызметкерлер,
қызметшілер, күзет қызметкерлері жатады. Сондықтан еңбек жөніндегі
жоспардың орындалу көрсеткіштерін зерттеу кәсіпорындардың жұмыс
күшімен қамтамасыз етілуін талдаудан басталады: мұның өзі бүкіл кәсіпорын
бойынша, қызметкерлер топтары мен қызметкерлердің категориялары
бойынша іс жүзіндегі мәліметтерді жоспарлық көрсеткіштермен салыстыру
арқылы жүргізіледі.
Бұл орайда, аталған кәсіпорындағы ағымдағы бесжылдыққа жылдар
бойынша бекітіліп берілген жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы саны
жөніндегі лимиттің сақталуын тексеру қажет. Бұл үшін жоспар, сондай - ақ
өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы орташа
мерзімдік санын бекітіліп берілген лимитпен салыстыру қажет.
Еңбек пен еңбек ақыны талдау, басқарудың келесі мақсаттарына
бағытталған;
- жұмыс күшін жинауды ұйымдастыру;
- мамандарды дайындау;
- еңбекті ұйымдастырудың дұрыстығы;
- жұмыс күші уақытының балансын жоспарлау;
- еңбек күшінің нормалары және нормадан ауытқыған еңбек күшін
бақылау;
- еңбекақыны ұйымдастыру;
- еңбекақы жұйесі;
- еңбек өнімділігі және оларды ұлғайтудың қоры;
- еңбек өнімділігі және еңбек ақыны талдаудың деңгейі;
- еңбек ресурстарын талдаудың тиімділігі жатады.
Еңбек ресурстарын талдаудың қосымша бөлімдеріне: жұмыс күшінің құрамы
мен санын, жұмыс уақытын қолдануын талдау, еңбек өнімділігін талдау,
еңбек ақы көлемі және қордағы еңбек ақы шығындарын талдау, еңбек
өнімділігі деңгейінің еңбек ақыға қатынасын талдау, еңбектің тиімді
қолданылған қорларын және еңбек ақы қорын талдау жатады.
Талдаудың ақпараттық базасы – ол еңбектің бастапқы құжаттары
болып табылады. Келісім шарттар, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар,
жұмыс келісім - шартының тоқтатылуы, жеке карточкалар, еңбек уақытын
және еңбек ақы есебін қолданудың табелі, жұмысты орындаудың нарядтары,
нормалары, бағалануы қосымша парақтар, төлем ведомосі және тағы басқа
жатады.
155
Негізгі жоспарлы нормативтік құжаттар - бұл жұмыс күші балансы,
жұмыс уақытының балансы, еңбек өнімділігінің төмендеуінің жоспары,
еңбек ақы мен материалдық көмек қорының жоспары, яғни оларға жұмыс
күшіне деген сұранысының мәліметтері және оларды қамтамасыз ету,
нормаларды дайындау, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеру,
бағдарлама бойынша еңбек өнімділігін жақсарту, еңбек және еңбек ақы
бойынша нормативтері, категория бойынша еңбек ақыны төлеу қоры,
материалдық сыйақы сметасы жатады. Жалпы кәсіпорынның іс жүзіндегі
көрсеткіштерінің құрамына:
- еңбек және еңбек ақыны төлеу;
- өндіріс тиімділігін жоғарылатудың жоспарын орындау;
- өндірістің еңбек өнімділігі;
- жалпы қаржыландырылған ақшалай қоры туралы есеп берулер кіреді.
Кәсіпорын жұмысшыларының құрамын және санын талдау кезінде
қызметкерлердің орташа тізімдік саны туралы мәлімет қолданылады. Тізімге
тұрақты, мерзімдік және уақытша қабылданған жұмысшылар кіреді.
Тізімге кірмейтін жұмысшылар:
- осы кәсіпорын штатындағы мәліметтерге кірмейтін;
- жұмысқа бірлесу бойынша қабылданған және т.б.
Жұмысшылардың категория бойынша орташа тізімдік мәліметтерін
талдауға жатады:
Қызметкерлердің барлығы:
соның ішінде,
1.Өнеркәсіп өндірісінің қызметкерлері, мұның ішінен
2.жұмысшылар;
3.қызметкерлер.
Соның ішінде:
1.2,1 бастықтар;
1.2,2 мамандар;
1.2,3 басқада қызметкерлерге жататын жұмысшылар.
Кейбір материалдық салалардағы кәсіпорындарда негізгі және негізгі
емес қызметпен айналысатын қызметкерлер бөлініп шыққан. Өндірістік
кәсіпорындарда
өнеркәсіп
өндірісінің
жұмысшылары
және
осы
кәсіпорынның балансына кіретін өнеркәсіптік ұйымдардың қызметкерлері
жатады. Өнеркәсіп өндірісінің жұмысшыларының орташа тізімдік санын
талдаудың құрамы жылдық есеп беруде динамика түрінде көрсетіледі.
Жұмысшылар саны екіге бөлінеді:
- келіп жүргендер;
- тізімдік.
Келіп жүргендер саны, өнеркәсіп өндірісі және негізгі бөлімдер
бойынша анықталады. Өнеркәсіп өндірісінің жұмысшылар санының
қозғалысын былай анықтайды:
1. Жыл басындағы есеп беру бойынша құралғандар.
2. Барлық қабылданғандар, оның ішінде: ұйымдасқан жұмыс бойынша;
жоғары оқу орнын бітіргендерді бағыт бойынша бөлу.
156
3. Басқа кәсіпорыннан ауысып келгендер, яғни мекемелерден және
ұйымдардан, кәсіпорынның өзімен қабылданғандар.
4. Өнеркәсіптік емес ұйымдардан және басқада категория бойынша
қызметкерлерден ауысып келгендер.
5. Жұмыстан шыққандарға, оның ішінде басқа кәсіпорынға ауысқандар,
мекемелерге және ұйымдарға келісім - шарт мерзімінің аяқталуымен
байланысты оқуға ауысуымен, әскерге шақырылуымен байланысты және т.б.
6. Жалпы жылдың аяғындағы есеп беру бойынша қалғандар.
7. Жылдың басында жұмыс уақыты кезінде орнында болмағандар саны.
8. Тізім құрамында тұрғандар саны.
Категория бойынша жұмысшылар саны:
- жұмыс істейтіндер;
- қызметкерлер, олардан басшылар, мамандар, қызметкерлер шығады.
Жұмысшыларға жөндейтін, жолаушыларды тасымалдайтын және
материалдық құндылықтарды құру процесіне өзінің үлесін қосатын жеке
тұлғалар кіреді.
Басшыларға - кәсіпорынның басшыларының қызметкерлері және
олардың
құрылымдық
бөлімдерінің
жұмысшылары
жатқызылады.
Басшыларға
-
директорлар,
бастықтар,
меңгерушілер,
төрағалар,
командирлер, мамандар жатады.
Мамандарға, инженерлік – техникалық жұмысшылар, экономикамен
және басқада жұмыстармен айналысатындар, агрономдар, әкімшіліктер
кіреді.
Қызметкерлерге – құжаттарды дайындайтындар, есеп және бақылау,
шаруашылық қызмет көрсететін жұмысшылар жатқызылады.
Еңбек ресурстарына экономика саласындағы оның активті бөлігі
жатады. Олар кәсіпорын жұмыскерлері. Кәсіпорын жұмыскерлері
категорияларға бөлінеді. Еңбек ресурстарын талдаудың ақпарат көздері
болып №1Т «Еңбек туралы есеп», сонымен қатар еңбек туралы мәліметтерді
№2МП «Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері» нысандары
табылады.
Еңбек ресурстарын талдау бағыттары :
- еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау;
- еңбек өнімділігін талдау;
- еңбек уақытын талдау;
- еңбекақыны талдау.
Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері жұмыс күшін тиімді
пайдалануды көрсетеді:
Жұмысқа қабылдау коэффициенті
(33)
К
қабылдау
=
Қабылданған жұмыскерлер саны
Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны
Жұмыстан шығу коэффициенті
(34)
К
шығу
=
Жұмыстан шыққан жұмыскерлер саны
Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны
Достарыңызбен бөлісу: |