5.9 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары
Ағымдағы және келешек жоспарды ғылыми тұрғыдан негіздеу
кәсіпорынның
өткен
жылдардағы
қызметінің
нәтижесіне
терең
экономикалық талдау жүргізбей және келешекке негізделген болжауларсыз,
162
кәсіпорын экономикасының даму заңдылықтарын зерттеп алмай, орын алған
кемшіліктер мен қателіктерді анықтамай ғылыми тұрғыдан негізделген
жоспарды жасауға, басқару шешімінің ұтымды нұсқасын таңдап алуға
болмайды.
Қорларды үнемді пайдалану жоспары мен басқару шешімінің
орындалуын бақылау керек. Талдау тек фактілерді анықтау мен қол жеткен
нәтижелерді бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерді,
қателіктерді анықтап алу және экономикалық процестерге шұғыл түрде әсер
ету мақсатында да жүргізілуі тиіс. Сондықтан талдаудың шұғылдығы мен
әрекеттілігін арттыру қажет.
Объективті жэне субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың
шаруашылық қызметтің нәтижелеріне әсерін зерттеу.
Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді және ғылым мен практиканың
жетістіктерін үйрену негізінде кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін
арттыратын резервтерді іздестіру.
Кәсіпорын жұмысының жоспарды орындауы, экономикасының
дамуының қол жеткен деңгейі, қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалануы мен
оның өнімдер мен қызмет нарығындағы жағдайын тексеру бойынша
нәтижелерін бағалау. Объективті тексеру бизнес-процестерді басқару
жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Есепті кезеңнің соңында әрбір басшы өзінің бухгалтериясынан
кәсіпорын жұмысының қорытындысы бойынша қаржылық құжаттарды алып
отырады. Оларды айқын талдау басқару шешімін дұрыс қабылдауға
мүмкіндік береді. Төменде кәсіпорын жұмысын жақсарту бойынша бірқатар
ұсыныстар келтіріледі:
-біріншіден, қандай да болмасын қаржылық талдауды кәсіпорынның
қаржылық мониторингінен бастаған жөн. Кәсіпорынның өткен белгілі бір
кезеңдегі негізгі қаржылық сипатын, олардың тенденциясын анықтау
мақсатымен. Оның үстіне тенденция көрсеткіштердің мәніне қарағанда
маңыздырақ, өйткені бағытты, қозғалыс жылдамдығын сипаттайды және
белгіленген нәтижелерге жету қабілетін немесе қабілетсіздігін көрсетеді.
Қаржылық мониторингтің міндетіне қаржылық көрсеткіштерді анықтау
кіреді: белгілі бір кезеңдегі тұрақтылық, өтімділік, айналымдылық және т.б.
және олардың тенденциясы. Осы және басқа да көрсеткіштер бизнес пен
инвестиция әлеміндегі қатынас тілі болып табылады, сондықтан оларды білу
және түсіну қажет. Сондай-ақ алынған нәтижелерді, тұжырымдар мен
ұсыныстарды талдау керек.
Қаржылық мониторинг өткізу үшін мынадай құжаттар керек: баланс
(№1үлгі); Пайда мен зиян туралы есеп (№2үлгі); Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп (№3үлгі).
Тереңірек талдау үшін бухгалтерлік есептің қосымша құжаттары керек
болады. Көптеген жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаларға қарағанда өз
баланстарын жүргізбейді, өйткені оны қажет деп санамайды, сондықтан
өздерінің нақты жағдайын дұрыс бағалау мүмкіндігінен айырылады. Оны
олар, әдетте, «тірі» ақшамен, не болмаса өндірілген өнімнің көлемі мен
163
түрлері бойынша, немесе оны бәсекелесінен ерекшелендіре алатын басқа да
көрсеткіштер бойынша бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық мониторингін жүргізу керек болатын ең аз
мерзім бір жыл, ал талдау кезеңі бір тоқсаннан аспауы тиіс.
Екіншіден, баланс баптарының өзгерісін жалпы бағалау. Баланс
баптарының жалпы тенденциясының кезеңдер бойынша өзгеруі кәсіпорын
қызметінің нақты сипаттамасын бере алады. Қорытынды көрсеткіштерді
кезеңдер бойынша салыстыруды бір графикпен жүргізген дұрыс болады:
баланс валютасы; айналымнан тыс активтер; айналым активтер;
қаржыландырудың меншікті көздері; ұзақ мерзімді міндеттемелер; қысқа
мерзімді міндеттемелер.
Үшіншіден, талдауға қарап кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасын
беруге болады. Жоғарыда айтылған сипаттардың барлығы қалай болса да,
тек екі параметрмен ғана: активпен және кредиторлық қарызбен
байланысты. Мұнда актив ретінде баланс активіне кіретін баптардың жай
ұлғаюы ғана емес, сонымен қатар, ақша ағымын құруға қабілетті құралдар
жиынтығы түсіндіріледі.
Кәсіпорын үшін ең жақсы ара-қатынас активтің көбейюі, ал
кредиторлық қарыздың азаюы болып табылады. Тамаша жағдай, дегенмен
әрдайым осылай бола бермейді. Кәсіпорын тұрақты болып қала беруі
мүмкін, егер де актив көбейсе және осы кездегі оның өсу жылдамдығы
кредиторлық қарыздың өсу жылдамдығынан тезірек болса. Кәсіпорынның
тұрақты жұмыс істеуі мына вариант болған жағдайда мүмкін, активтің
азаюы кредиторлық қарызға қарағанда азырақ болса.
Ең нашар вариант - актив азаяды, ал кредиторлық қарыз өседі. Егер де
бұл тенденция болса, онда, осы екі параметрге - актив пен кредиторлық
қарызға тиімді әсер етуі бойынша басшылардың басқару тұтқалары
жетіспегенін білдіреді. Әдетте, мұндай құбылыс кенеттен пайда болмайды.
Әдетте, бұл басшылардың қаржылық талдаудың маңыздылығын түсінбеуі
салдарынан немесе қаржы тұрғысынан білімі таяз болып, соған байланысты
назарын басқа көрсеткіштерге аударуы салдарынан болады. Кәсіпорын
актив пен кредиторлық қарызды басқару құралдарын жетілдіру керек.
Төртіншіден, табыс пен шығындар туралы есептің шегіндегі қаржылық
коэффициенттерді талдау өте маңызды. Табыс пен шығындар туралы есепті
жалпы талдау, мысалы түскен ақша мен шығындар динамикасының қатаң
белгіленген тенденциясы жоқ екендігін және олардың әр кезеңде неше түрлі
өзгеріп отыратынын көрсетіп отыр. Кейбір кезеңдерде өсіп отырады, ал
кейде - төмендеп кететіні байқалады. Алайда, қаржылық сипаттың осы
кезеңдегі теріс тенденциясы жалғаса беруі мүмкін. Бұл кәсіпорын
басшысының өндірістік және өткізу қызметтерінің қаржылық сипатын
нығайта алмай отырғандығын көрсетеді.
Бесіншіден, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау –
кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен ағымдағы қызметі туралы
ақпарат бере алады. Басшылар «тірі» ақша көбейе бастаған кезде қателіктер
жібере бастайды. Дәл осындай кезеңдерде кэсіпорынның құлдырап қалуына
164
алып келетін шешімдер қабылданады. Тек ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есепті талдау ғана басшылардың ақша ағымын басқаруға
қабілеттілігі туралы айқын көріністі бере алады. Мұндағы кеңінен таралған
қателік - ұзақ мерзімді жоспардың және ағымдағы жылға жан-жақты
зерттелген жоспардың болмауы. Инвестициялық жоспардың болмауы
кәсіпорынды ақшаның жоқтығынан да бетер құлдыратады. Мұндай
құжаттарды жасағысы келмеген басшылар нарық әсерін өз пайдасына қарай
өзгертудің орнына өздерін соған тәуелді етеді. Мұндай жоспарлар ең
болмаса үшеу болуы тиіс. Біріншісі жағымсыз жағдайларға, екіншісі -
оптималды жағдайға, ал үшіншісі - ойдағы ең жақсы мақсаттарды жүзеге
асыруға есептеледі, және де бірінші жоспар екіншінің құрамдас бөлігі, ал
екінші - үшіншінің құрамдас бөлігі болуы керек. Бұл осындай жоспарлардың
өміршеңдігінің міндетті шарты.
Алтыншыдан, қаржылық талдаулар кәсіпорын басшыларының
күнделікті жұмысы болуы керек. Кәсіпорынға өзінің қаржылық жағдайын
жақсарту үшін, әртүрлі тізбектердің тиімділігін дәл анықтау және олардың
әрқайсысына жеке әсер ететін өзінің ағымдағы жұмысындағы тұтқаларды
білуі үшін оған бухгалтерлік есепке қосымша басқару есебіне көшу керек.
Кәсіпорында басқару есебін енгізу жыл ішіндегі оның қаржылық
жағдайының жақсаруына ықпалын тигізеді.
Кәсіпорынды дамытудағы ішкі факторлар: өндірістік факторлар (тиімді
маркетинг; ағымдағы шығындардың тиімді құрылымы; негізгі қорларды
пайдаланудың жоғарғы деңгейі; өнім (тауар) ассортиментінің қажетті
деңгейде
диверсификациялануы;
тиімді
өндірістік
менеджмент).
Инвестициялық факторлар (тиімді қор портфелі; құрылыс - монтаж
жұмыстарының төмен ұзақтылығы; тиімді инвестициялық менеджмент).
Қаржылық факторлар (тиімді қаржылық стратегия; активтердің тиімді
құрылымы (жоғары өтімділігі); қарыз капиталының, соның ішінде қысқа
мерзімді көздері үлесінің төмен болуы; дебиторлық қарыздың төмендеуі;
капитал құнының төмен болуы; тиімді қаржылық менеджмент).
Егер кәсіпорын зиян шексе, осыған орай мынадай ұсыныстар жасауға
болады: түскен түсімді көбейту үшін, ең алдымен алып-сататын тауарлар
санын көбейту; тауарлар сапасына мұқият болу керек; сатылатын тауарлар
ассортиментін кеңейту; өткізілетін өнімнің өзіндік құнын мейлінше азайту.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары: өндірістің техникалық деңгейін
көтеру; өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылығын
төмендету; басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру; технологиялық
процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту және т.б.
Сонымен қатар, серіктестіктерді дұрыс таңдау; тауарлы-материалдық
қорлардың қалдығын азайту; еңбек өнімділігін арттыру, нақты еңбекті
ұтымды пайдалану; ақша жұмсалуына, дебиторлық және кредиторлық қарыз
сомаларына бақылау жасау, әсіресе бұрын пайда болғандарға және ірі
сомаларына мұқият болу; кезең шығындарын азайту; жұмыстың
ұйымдастырылуын жақсарту; есептеу жүйесін жетілдіру; тауарды өткізуді
165
дұрыс ұйымдастыру; қосымша қаражат тарту; негізгі қорларды пайдалануды
жақсарту және т.б.
Дебиторлық қарыздың, әсіресе оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде
болуы айналымның бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады. Егер, мерзімі өтіп кеткен
сомалар бар болса, онда оларды қайтарып алу бойынша шұғыл шараларды
қарастыру қажет. Дебиторлық қарыздың пайда болуы есептеулер тәртібінің
бұзылуы нәтижесінде болады. Сондықтан кәсіпорын дебиторлық борыштың
уақытысында өтелуін үнемі бақылауында ұстауы жөн.
Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері
әсер етеді. Сондықтан, бухгалтер бұрын пайда болған кредиторлық
қарыздардың ірі сомасына, олардың пайда болу себептеріне назар аударуы
керек. Олар: сатып алушыларға қатысты ұйымның қате несиелік саясаты;
серіктестерді
дұрыс
таңдамау;
кейбір
тұтынушылардың
төлем
қабілеттілігінің болмауы немесе банкрот болуы; сату көлемінің өте жоғары
қарқында өсуі; өнімді өткізудегі қиындықтар; ақша қаражаттарының келіп
түсуіндегі қиындықтар және т.б.
Дебиторлық қарызды басқару үшін оны есепке алып, талдау (көлемі,
мерзімі, түрлері бойынша сыныптау) жасап тиісті шешім қабылдау керек.
Сонымен қатар, оларды төлемеу себептерін анықтау керек.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар: қызмет
көлемі, өнімге деген сұраныс, кәсіпорн қызметінің маусымдылығы, жалпы
экономикалық конъюнктура, саяси жағдай, ақша нарығының жағдайы,
банктік заңдардың жетілуі, меншікті капиталмен қамтамасыз етілуі,
дебиторлық қарыз көлемі және т.б.
Кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін: түскен түсімді көбейту;
сатылған тауарлардың өзіндік құнын төмендету; төлем тәртібіне бақылау
жасау; тауарлардың бәсекелестік қабілетін арттыру; дебиторлық қарызды
бақылау; алдын-ала төлеуді талап ету; ақшаның сақталуы және мақсатты
жұмсалуын тексеру; жолдағы ақшаларды тексеру, өнімді (жұмыс, қызмет)
сатудан түскен түсімнің толық кірістелуін тексеру; төлем тәртібінің
сақталғанын тексеру; банктегі есеп айырысу шотында ақшаны ең аз, қажетті
мөлшерде ғана сақтау керек.
Төлем қабілетсіздіктің себептері мыналар болуы мүмкін:
- өнімді өндіру және сату көлемінің төмендеуі, өзіндік құнының өсуі,
пайда сомасының азаюы және соның нәтижесі ретінде - кәсіпорынның
өзін-өзі қаржыландыруының меншікті көздерінің жетіспеуі;
- айналым капиталын дұрыс пайдаланбау: қаражаттарды дебиторлық
қарызға айналдыру, жоспардан тыс және уақытша қаржыландыру көзі
жоқ басқа да мақсаттағы қорларға салып жіберу;
- кәсіпорын клиенттерінің төлем қабілетсіздігі;
- салықты мерзімінде немесе толық төлемегені үшін айыппұл, салық салу
деңгейінің жоғарылылығы.
Төлем қабілеттілік көрсеткіштерінің өзгеру себебін анықтау үшін ақша
қаражаттарының кірісі мен шығысы бойынша жоспардың орындалуын
талдаудың маңызы зор. Ол үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
166
есеп деректерін бизнес-жоспардың қаржы бөлімінің деректерімен
салыстырады.
Ең алдымен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен
ақша қаражаттарының түсуі бойынша жоспардың орындалуын белгілеп
және жоспардан ауытқудың себебін анықтап алу керек. Ақша
қаражаттарының пайдаланылуына айрықша назар аудару қажет, өйткені
кәсіпорын бюджетінің табысты бөлігін орындаған күннің өзінде де ақша
қаражаттарын артық және ұтымды емес жұмсау қаржылық қиындықтарға
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық бюджетінің шығыс бөлігі әр бабы бойынша
дұрыс немесе бұрыс жұмсалған артық шығынның себебін анықтай отырып
талданады. Талдаудың қорытындысы бойынша кәсіпорынның келешектегі
төлем
қабілетінің
тұрақтылығын
қамтамасыз
ету
үшін
ақша
қаражаттарының кірісін жоспарланған түрде көбейту резервтері айқындалуы
тиіс.
Ағымдағы кезеңде ақшалай активтер сомасының көбеюі келесі негізгі
іс-шаралар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: қысқа мерзімді қаржылық
салымдар портфелін жою; дебиторлық қарыздың жалпы көлемін азайту
мақсатымен оны қайта қаржыландыру; дебиторлық қарыз айналымын
жылдамдату; тауарлы - материалдық қорлардың ағымдағы көлемін
мөлшерлеу; тауарлы - материалдық қорлардың маусымдық және сақтандыру
қорларының көлемін қысқарту.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау
және талдау, қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Талдаудың нәтижесінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі байқалды. Оған
әсер еткен факторлар: қызмет жасаушы (айналым) капиталдың
айналымының бәсеңдеуі, айналу кезеңінің ұзаруы, өткізілген өнімнің өзіндік
құнының өсуі, түскен түсімнің айтарлықтай өспеуі, шаруашылық
байланыстардың үзілуі, төлем тәртібінің бұзылуы, сұраныстың болмауы
немесе азаюы және т.б. Іскерлік белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын
сатудан түскен түсімді өсіріп, өзіндік құнды мейлінше азайтуға тырысуы
керек. Сонымен қатар, айналым капиталын бақылауға алып, жаңа
нарықтарды жаулап алу, тауар ассортиментін, тауар саясатын қайта қарауы
керек.
Кәсіпорынның дамуы дұрыс жоспарланған өткізу саясаты мен
инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу көмегімен болуы мүмкін.
Таурларды өткізу жүйесін таңдау ең маңызды шешімдердің бірі болып
табылады. Кәсіпорын үшін ең тиімдісі тікелей тұтынушыларға тауарларды
сату үшін жасақталған ветеринарлық дәріханалардың болуы және делдалдар
қызметін пайдалану болып табылады.
Өткізу каналын таңдау кезінде мынадай белгілерді есепке алу керек:
тұтынушылардың тапсырысын орындаудың кешенділігі, дер кезінде
орындалуы мен толықтығы; өткізу қызметінің пайдалы тиімді өсімінің
бірлігіне кеткен шекті шығындардың минимумы, ақауы бар тауарлардың
167
орнын толтыру мүмкіндігі және сервистің ұйымдастырылуы; каналдағы
әрбір қатысушының экономикалық пайдасы.
Тиімді құрылған өткізу каналы мынаны қамтамасыз етеді:
- өнімнің (тауардың) нарықта жылжуының үнемділігі;
- тұтынушыларға мақсатты әсер ету;
- бәсекелестік артықшылықтарды алу;
- өнімді тарату жүйесінің табыстылығы.
Кәсіпорынның өткізу қызметін тиімді басқару үшін мынадай іс-
шараларды орындау керек:
- сауда бюджетін құру, тауарлардың сату бағаларын анықтау;
- дебет-кредит талдауын тұрақты түрде жүзеге асыру;
-
айналым
мен
өткізу
бойынша
тұтынушылар
нарығының
құрылымындағы ауытқулар мен маусымды ескере отырып ақпараттарды
жинау және талдау;
- тауарды сатудың негізделуі;
- тұтынушылар қажеттілігін зерттеу;
- неғұрлым пайдалы жабдықтаушылар туралы, сонымен қатар тауардың
«өмірлік кезеңінің» сатылары туралы ақпараттарды жинау;
- баға саясатын үнемі жетілдіру.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму
дәрежесіне сәйкес болуы керек. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып
қалуларына болмайды. Кәсіпорындарды басқару икемді, әрқашан басты
мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін
ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де
практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму қарқынын
анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін
аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты -
қызметінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, пайда
табуды тұрақтандыру болып табылады.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір қағидаларға сүйенсе
және қажетті істі орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай
кәсіпорынның негізгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және
қолда бар өндірістік мүмкіндіктеріне, сұранысқа сай қызмет көрсету;
өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану; кәсіпорынның стратегиясы мен
тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды
өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті
ұйымдастыру және өндіріске кеңінен енгізу; ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерін іске асыру - бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және
материалдар, оның ішінде отын - энергия ресурстарын көптен-көп
пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа
технологиялық процестерді іске асыру болып табылады. Сондықтан негізгі
қорлардың тозуын азайту, оларды тиімді пайдалану жолымен, негізгі
168
көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті,
жабдықтау
жүктемесінің
коэффициентін
арттыруы
мүмкін;
бұл
көрсеткіштерді жақсарту ғылыми - техникалық прогресс, негізгі
қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып
қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты
жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады;
- өз қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың кәсібінің өсуін және
еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру,
еңбек ұжымдарына қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның сататын тауарларының бәсекеге жарамдылығын
қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау; баға саясатын икемді
жүргізу және басқа да қызметтерді іске асыру.
Кәсіпорын нарықтағы іс-әрекетінің негізгі бағытын жүзеге асыруы
керек - бұл өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары
неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге
қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің нарықтағы
үлесі артады. Ол үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті
және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді,
өнімнің өзіндік құнын азайту жолдарын қарастырады.
Шығындарды жүйелі түрде төмендету - кәсіпорынның жұмыс істеу
тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Ұлттық
экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің
мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
2. Өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
3. Экономикалық поцестерді мемлекет тарапынан реттеу.
4. Өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату.
Бұл бағыттың негізгі мақсаты - өндіріс өнімінің сапасын жақсарту,
тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан
да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын
жоғарылатуды көздейді. Ол үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған
маркетинг жүйесі болуы керек.
Кәсіпорын өз қызметін нарыктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл
бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты
зерттеп, соған сәйкес өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік
құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын
жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл нарыққа ғана емес, тек оның бір бөлігіне
нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорынның барлық фунциялары
жоспарланған стратегияны жүзеге асыруға және алдына қойған
мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |